Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

 

7-кестеде көрсетілген  соңғы төрт жылғы статистикалық  деректерде акциз салығының облыстар  бойынша бюджетке түсу көлемінің  өсіп отырғандығын байқауға болады. Атап айтқанда, Алматы облысында  2008 жылы 9 964 млн. тг. құраса, 2011 жылы 18 871 млн. тг. құраған, яғни акциз салығы түсімінің екі есеге өскендігін көрсетеді.

2011 жылы ОҚО-да салықтық түсімдер 43 650 млн. тг. құрады. Соның ішінде акциз салығының үлесі 7 316 млн. тг.. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 1,4 %-ға артық (В қосымшасы).

Ал, Павлодар облысында 2011 жылы салықтық түсімдер 45 471 млн. тг. құраса, оның ішінде акциздерден түскен түсімдер 7 087 млн. тг. құраған. Осы жыл бойынша Атырау облысында жалпы бюджетке салықтық түсімдер 99 903 млн. тг. болса, оның ішінде акциз салығынан 3 530 млн. тг. түскен. Ақтөбе облысы бойынша жалпы бюджетке салықтардан түсімдер көлемі 54 189 млн. тг. құраса, акциздер 2 541 млн.тг. құраған [15, 17].

Жалпы, 2011 жылы басқа облыстарда да акциз салығы бойынша бюджетке түсімдер өткен жылдармен салыстырғанда жоғары көлемде түскен. Сонымен, республика бойынша мұндай оң нәтиженің байқалуы салық заңдылықтарының нарық талаптарына сәйкес уақытылы жетілдіріліп отырғандығымен, сонымен қатар акциз салығы бойынша жеңілдіктердің қарастырылғанымен түсіндіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн  тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары


Нарықтық қатынастары  дамыған елдерде салықтар экономика  мен әлеуметтік жағдайын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңеюіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді  жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі  экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің  негізгі белгілерінің бірі болып  қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының  салықтың мәдениетінің бар болып  саналатындығы баршаға мәлім. Сол себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі есепке алып отыруы керек. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асыру бойынша кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз заңдар толық іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет көздері қысқарылуда. Әсіресе жергілікті бюджет жетістіксіздігіне трансферттік жабу бюджет көздерін молайту емес керісінше тұтынушы психологиясын туғызуда.

Келесі мәселе жалпы  ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда  болған субъектілік негізгі қорлардың (жеке меншіктегі құрылыс үй шаруашылығы, шаруашылық басқа да субъектілер) салық салымы мен алымында жете бағаланды.

Салық жүйесінің функциялануы  құқықтық базасының бақылауды жүзеге асыруға және оның тиімділігіне әсер етеді. Салықтық құқық бұзушылықты  талдау негізінен төменгі жағдайларда заң бұзушылықтар жиі кездеседі:

  • акциз салығын салым айналуын анықтауды;
  • салық органдарына есеп бермейтін тіркеуде жоқ, шот-фактуралары мен реквизиті жоқ жеткізушілердің қосылған құн салығын есепке жатқызуда;
  • акциз салығын бойынша жеңілдіктерді дұрыс қолданбау;
  • айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуде.

Жалпы, салық төлеушілердің  елеулі бөлігі өздерінің салық міндеттемелерін  есептеуі және де салық органдарына  шағымданудағы өтініштер жасауы қисынсыз. Себебі салық төлеушілер салықтың төлемдік мөлшерін барынша төмендетуге тырысады. Сондықтан салық алынатын объекті алдымен әрқашанда тексерілуі тиіс. Салық төлеушілер өз мүддесінің пайдасына жасау үшін әрқашанда даулы мәселелерді туғызады, немесе салық мөлшеріндегі сыбағалы сыбайластықтарға да жол берілуі мүмкін. Осыған орай салық органдарының алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуі қажеттілігін бағалау құқықтық құзыретін күшейтудегі әртүрлі экономикалық талдау әдістерін бақылау процестерін күшейтуге қолдана білу мен құқықтық шараларды салық мәдениетін арттырып жетілуіне талап етеді.

Қазіргі уақытта Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық және оңалтушы басқарушылардың борышкердің мүлкін өткізген кезде Салық кодексінде айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік постылар белгілеу арқылы акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу-әкету уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдары – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.

Таңбалауды акцизделетін тауарлар өндірушілер мен импорттаушылар, конкурстық және оңалтушы басқарушылар борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде жүзеге асырады. Сондай-ақ, келесі тауарлар акциздік таңбалармен міндетті таңбалануға жатпайды:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

2) Қазақстан Республикасы аумағына «бажсыз сауда дүкені», «кеден қоймасы» кедендік режимдерінде әкелінетін;

3) кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және  уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама немесе көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акциздік әкелу нормалары шегінде Қазақстан Республикасының аумағына жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдары.

Сонымен қатар есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.

Жоғарыда көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен аспайтындай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 653-бабына сәйкес:

1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өткізу пункттері арқылы акцизделетін тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;

4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;

5) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Жалпы, Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады. Жекелеген жағдайларда акциздік постылар алкоголь өнімін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылады.

Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.

Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы келесілерге бақылауды жүзеге асырады:

1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;

2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;

3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне, босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;

4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;

4-1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері босатылған кезде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;

5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;

6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына.

Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;

2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.

Сонымен бірге, акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

Жалпы, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде кеден одағы шеңберінде өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық және кеден органдары жүзеге асырады.

Экономиканы мемлекет тарапынан  реттеудің негізгі құралдарының бірі – салықтар болып табылады. Қаржы жүйесінде салықтардың  экономикалық категория ретіндегі  маңыздылығы – ол мемлекеттің  өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол – салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады.

Осыған байланысты, макроэкономикалық  жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасында  жанама салықтар белгілі бір деңгейде ішкі экономикалық саясаттың мақсатына  қарай отандық өндірушілер үшін жағымды жағдайлармен қамтамасыз етуді көздейді. Соның ішінде акциз салығының басты бағыты әлсіз өндірушілерді нарықтан ысырып шығару және артық өндірудегі дағдарыстың алдын алу болып табылады. Бұл іс-жүзінде акциздің адвалорлық ставкаларын және тұрлаулы акциз ставкаларын белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сортты тауарға жоғарғы акцизді салу арқылы мемлекет тауар өндірушіні сапалы өнім өндіруге ынталандырады. Мысалы, Германияда бағасы төмен бензиннен жоғары акциз алынады, сондай-ақ төменгі сортты темекілерге де акциздің жоғарғы ставкасы белгіленген. Нәтижесінде акциз арқылы мемлекет өндіріс құрылымының өзгеруіне ғана емес, тұтыну сипатына да әсер ете      алады.

Бұдан басқа сапалы өнім өндірісін ынталандыру акциздің тұрлаулы ставкаларын белгілеу арқылы да жүзеге асырылады. Өндірушілер үшін өнім бірлігінен тұрлаулы акциз салығын төлеу тұтыну қасиеттері, дизайні жоғары, сапалы әрі бағалы өнім өндіруге ынталандырады. Ал тұтынушы үшін тұрлаулы ставканың белгіленуі сапалы бағалы өнімдерге бағаның қолайлығын яғни осы тауарларды сатып алу мүмкіндігін өсуін білдіреді. Өйткені бұл жағдайда акциз салығының сомасы тауарлардың бағасына, оған кеткен шығындар мөлшеріне байланыссыз болады.

Тауар бағасы төмендеген жағдайда бюджетке акциз салығы есебіне  түсетін түсім көлемі азаймайды, салықтан жалтару жағдайларына жол берілмеген. Бірақ егер баға жоғарласа акциз салығының түсімі сол қалпында қалады.

Кейбір тауар түрлерінің өндіріс рентабельділігіне әсер ету – акциздің реттеуші функциясының тағы бір бағыты болып табылады. Алкоголь, темекі, сияқты өнімдердің өндірісі көптеген елдерде аз шығындар мен жоғары нарық бағаларының әсерінен рентабельділігі жоғары әрі табысты өндіріс салаларына жатады.

Информация о работе Акциз салығы