Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Мұндай ұстаным бюджет қаражатын  пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді.

Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға  бюджеттік ресурстарды мемлекеттік  басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге  қол жеткізуде бюджет процесіне  барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.

Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер  үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын  бөлу мен пайдалануда кеңірек  тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу  мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.

Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары  мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады.

Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай  қағидаттарға негізделеді:

1) стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;

2) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;

3) корпоративтік басқару;

4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;

5) бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;

6) мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;

7) ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.

Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу  – бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік  саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін  нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.

Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы  бағалауға мүмкіндік береді.

Бюджет процесін реформалау қаржы  менеджментінің қағидаттарын енгізу алғышарттарын  жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендірілетін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік  органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктерге бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.

2009 жылдан бастап үш жылдық  бюджеттік жоспарлауға көшу іске  асырылды. 2009-2011 жылдарға арналған  республикалық бюджеттің жобасын  әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделіп қолданылуда. [27, б. 422]

Бюджет процесі тұрақтандырылады және сабақтастырылады, өйткені бюджетті қалыптастыру процесінің алғашқы нүктесі болып алдын-ала бекітілген шығыстар мен кірістердің болжамы болып табылады. Бюджет “жылжымалы негізде” қалыптастырылады, бұл ретте өткен жылғы болжам бір жылға алға жылжытылатын болады.

Елдің саяси жүйесіндегі және мемлекеттік  жоспарлаудағы өзгерістер (нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге), жоспарлаудың қазіргі жүйесіне жүргізілген талдауға және Дүниежүзілік Банктің инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарына орай инвестициялық жобаларды ісі асыруға, сондай-ақ Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға да және іске асыруға да тәсілдер жетілдірілетін болады. Тұтастай, инвестициялық жобаларды іріктеу және мониториг қағидаттары мен тетігі қайта қаралады.

Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды  іске асыру қажеттігі әзірленетін стратегиялық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаралатын болады.

Инвестициялық бағдарламалардың қымбаттау  проблемалары экономикалық сараптама  жүргізу сатысында уақтылы анықталатын  болады, бұл жобаларды іске асыруға арналған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауды қысқарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Кірістер саясаты 2009-2011 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Экономикалық мазмұны бойынша  салық жүйесі әртүрлі мемлекеттер  арасындағы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы, жекелеген салық төлеушілер арасындағы, аймақтар, муниципалдық құрылымдар, сонымен қатар, оған қатысушы кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалардың арасындағы мемлекет қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі күрделі өзара байланысқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасып, дамуы бірнеше кезеңге бөліп қарастырылады:

  1. 1-кезең- 1992-1995 ж.ж: Қазақстан Республикасының салық 
    жүйесінің «іргетасы» қаланды;
  2. 2-кезең - 1995-1999 ж.ж: Қазақстанның салық жүйесін жетілдірудің 
    кешенді шаралары жүргізілді;
  • 3-кезең- 1999-2001 ж.ж: Қазақстан Республикасының салықжүйесін 
    одан әрі жетілдіру жүмыстары іске асырылды;
  • 4-кезең - 2001 жылдан қазіргі кезге дейін: 2001 жылы 12 маусымда 
    Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қолданыстағы Салық Кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа  Салық кодексі қолданысқа енді. Оның негізгі өзгерістері Елбасының  2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында  аталған басымдылықтардан туындайды  және үш негізгі мақсаттық  критерийлерге негізделеді.

  1. экономиканың шикізаттық емес секторларының салықтық жүктемесін төмендету;
  2. әкімшілік кедергілерді төмендету;
  3. салықтық әкімшіліктендірудің тиімділігін арттыру. 

Жалпы салықтық жүктемені төмендету  мақсатында жаңа Салық кодексінде 3 жыл ішінде корпоративтік табыс салығы мөлшерін төмендету қарастырылған: 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 20%, 2013 жылдан бастап - 17,5%, 2014 жылдан бастап - 15%-ға дейін.  

 Жаңа Салық кодексі шағын және орта бизнес үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеу бойынша міндеттемесін жоюды да қарастырды. 

Қазақстан Республикасының аумақтық дамуын жүйелі ұйымдастырып реттеу тек  қана басталып келе жатқандықтан бюджетаралық қатынастарды қаржылық реттеу саласындағы ГФР тәжірибесі бізге пайдалы болуы мүмкін. Кейінгі кезде Қазақстан Республикасында бүкіл бюджеттік жүйенің шығындық өкілеттіктерін шектеуге негізделген әлемдік тәжірибеде қолданылатын мына қағидаттарды бөлудің қажеттілігі туып отыр:

А) аумақтық сәйкестік қағидаты. Батыс Европада «қызмет көрсетілу 
аймағына сәйкестік» қағидаты деп атайды. Оның мәні ведомствоға қарасты 
аумақ берілген қызметі түтынушылардың барлығын қамтитын билік деңгейіне бюджеттік қызметтер белгіленетіндігінде

Б)  бюджеттік қызметтер түрғындар мүддесіне іске асырылатын, аумақтық құрылымдарға ең жоғарғы мүмкін  жақындау  қағидаты     (субсидиялық қағидаты). Бұл көзқарас негізі жергілікті үкімет органдарының өздерінің аумақтарындағы түрғындардың бюджеттік қызметке деген қажеттігін жақсы білетіндігіне негізделген.

В)  масштаб тиімі қағидаты (мемлекеттік, жергілікті  өкілеттіктерді 
неғұрлым тиімді пайдалану)

Г)   өкілеттіктерге   бюджеттік   шығындардың   баламалық   қағидаты. 
Шығындарды шектеу биліктің әрбір деңгейіне  жүктелетін кызметтер және 
міндеттерге тәуелді.

Д)  биліктің сәйкес деңгейлеріне жүктелетін шығыс өкілеттіктерін іске 
асыруды бюджеттік ресурстармен қамтамасыз ету қағидаты.

Салықтар және инвестициялар бойынша  халықаралық орталықтың жариялынымында Қазақстан Республикасындағы салық  түсімдерінің болжауы жайы айтылған, онда болжауға да кірістерді анықтауға да мемлекеттік органдар тарапынан дұрыс көңіл бөлінбегені, салық салудағы болжамдардағы өзгерістерді бағалаудың жоқтығы, бұл мәселелерді шешудегі облыстық қаржы басқармаларының мүдделі еместігі жазылған. Сондықтан республиканың салық жүйесінің ұйымдық құрылымына салық түсімдерін болжау бойынша құрылымдар енгізу керек, өйткені салықтардың түсіміне жедел бақылауды салық қызметтері жүргізуде.

Бюджетке төлемдер түсімдерін болжау үш бір ізді кезеңнен тұрады:

  • соңғы 5 жылға аймақ экономикасының жағдайын талдау;
  • салық салынатын базаның салық түрлері бойынша есептеулерді құрастыру;
  • қаржы органдарымен келісушілік.

Есептеулер көрсеткендей салықтық әкімшілікті жетілдіру есебінен және салық заңдарының нормаларын жоғарылату арқылы салық түсімдері 5 жыл ішінде 60 – 75 млрд. теңгеге өсуі мүмкін.

Салықтардың есептелуіне талдаудан  келесі қорытынды жасауға болады, республикалық бюджетке аударымдарды қайта қарау қажет.

Кірістерді және олардан алымдарды  үлестірудің икемділігіне қол жеткізу үшін экономиканың кірістік бөліміндегі шығындар мен әлеуметтік тиімділіктердің шекті теңдігін ескеру қажет. Салық жүйесін ары қарай реформалау салық үрдістерін басқарудың ұйымдастырушылық және техникалық формаларын сәйкесінше өзгертуді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (2012.01.01. берілген өзгерістерімен және толтырумен)
  2. Құлпыбаев С. Қаржы: ЖОО арналған оқулық. - Алматы: 2007. – 668б.
  3. Жақыпбеков Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу: Оқу құралы. – Алматы: 2009. – 354б.
  4. Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег -М: Прогресс, 1978.-304 6.
  5. Ермекбаева Ж., Арзаева. М.Ж. Шет мемлекеттердің салықтары: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 153 бет .
  6. Худяков А.И.,Бродский. Г.М Теория налогооблажения /Учебное пособие ТОО изд. “Норма-К”. А.:2002 год.
  7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов -М: 1992 - 589 б.
  8. Твердохлебов В. Финансовые очерки. Выпуск 1. - Петроград, 1916. -125 б.
  9. Соколов А. Теория налогов - М: Соцэгиз 1928. - 198 б.
  10. Тривус А. Налоги как орудие экономической политики - Баку, 1925. -190 б
  11. Сейдахметова Ф.С. Налоги <span class="dash04

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері