Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 12:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда психология және педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негіздері
1.1Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалау мәселелерінің зерттелуі.....................................................................5-13
1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.........................................................................................................14- 23
1.3Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау................24- 30
2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық өзгешектерінің мәні
2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері.........................................................................................................31-35
2.2 Мотивация және белсенді оқыту – бағалаудың негізі ретінде.............36-41
2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны..................................................................................................................42-45
3Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу..............................................................................................................46-73
Қорытынды....................................................................................................74 -77
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны2356.docx

— 237.64 Кб (Скачать файл)

Кәсiби педагогикалық іс-әрекет жемiсi, немесе оның нәтижесi балалардың тәрбиелiлiгi болып табылады. Балалардың тәрбиелiлiгiнiң деңгейi қаншалықты жоғары болса, педагогтiң кәсiбилiгiнiң бағасы соғұрлым жоғары болады. Алайда мәселенiң  мұндай қойылуы әдiлетсiз көрiнуi мүмкiн, өйткенi педагог алдына келген балалардың өзiнiң мектепке дейiнгi өмiрiнiң  нәтижесi ретiндегi тәрбиелiлiгiнiң деңгейi әртүрлi болады: бiр топта – ақылды, мейiрiмдi, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта – дамымаған, агрессивтi, күтiм көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арќауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесi де әртүрлi болады.[26.424]

Мұндай қарама-қайшылықтан  шығудың жолы – тәрбиелiк процестi бағалау өлшемдерiнiң үшiншi тобын  енгiзу – балалардың өзгеру мөлшерлерi, “қандай болды” және “қалай өзгердi”, даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бiр бiрiмен емес, тек  оларды өткендегiсi мен осы шақтағы  тәрбиесімен салыстырса ғана кәсiби әдiлеттiлiк сақталады.

Тәрбие нәтижелерiн бағалау  мәселесiнде оларды өлшеу амал-тәсiлдерiн iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiн бағалау  негiзi ретiнде жеке тұлғаның белгiлi бiр түрпішініңде көрiнген қандай да бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер  тобын алу керек. Бұл қасиеттердiң  даму деңгейiн, белгiлi мағынада, баланың  тәрбиелiлiгiнiң көрсеткiшi деп есептеуге болады.[42.96]

Тәрбиелiк жұмыс нәтижелерiн  бағалаудың негiзгi әдiстерi ретiнде  бақылап қарауды, әңгiме-сұқбатты, оқушылардың  әртүрлi құбылыстарға қатынасы бойынша  тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге  болады.

Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн  арнайы диагностикалық әдiстер арқылы бiлуге болады. Осындай амал-тәсiлдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдiстер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенiн және мөлшерiн) анықтайды, өйткенi олардың барлығы баланы “ерiктi таңдау” орнына қояды және бұл  таңдау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтiрiктi, әсемдiк пен ұсқынсыздықты  ажырата алады.[42.100]

Әңгiме-сұқбат арқылы тәрбиелiлiктiң  кейбiр көрсеткiштерiн келтіруге  болады. Әңгiме-сұқбат жеке-жеке әрбiр  оқушымен, сондай-ақ топппен де жүргiзiледi. Әңгiме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкiн. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тiкелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде  айқындайтын фактiлердi анықтауға  бағытталады. Ашық сұрақтар ерiктi жауапты  керек етедi. Жабық сұрақтарда жауаптардың  бiрнеше варианттары болуы мүмкiн, олардың арасынан ең лайықты дегенiн  таңдап алу керек.

Әңгiме-сұқбат өткiзу үшiн  ең алдымен сұрақтардың тiзiмiн  жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелiлiкте  орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушiнiң  алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiне сай болуы ќажет.

Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн  бақылап қарауға болады. Олар баланың  сыртқы көрiнiсi, мимикалық және пластикалық  бейнесi, тiлi мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мiнез-құлқы, сайлаушылық  іс-әрекетi, әлеуметтiк құбылыстарға жауап беруi, оның қоршаған ортамен  ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық тұрғыдан сапалылығы.

Бақылау,  объективтi және кiрiстiрiлген болуы мүмкiн. Кiрiстiрiлген бақылау  – бақылаушының өзi сырттай  да, iштей де бақылап зерттейтiн процестерiнiң  қатысушысы болып келетiн зерттеу  әдiсi. Субъективтi бақылау – сырттай  бақылау зерттеу, онда бақылаушының бақылау зерттеген жағдайына  қатысы болмайды. [50.510]

Бақылау, объектiсi үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бақыланатын объектi өзiнiң бақыланып  жатқанын бiлмесе, онда бұл жасырын бақылау деп аталады. Егер бақылау объектiсi оны бiлетiн болса, онда бұл ашық бақылау деп аталады.

Бақылау үздiксiз және дискреттi болуы мүмкiн. Үздiксiз бақылау  кезiнде зерттеушi әрдайым объектiнiң  қасында болып, оның мiнез-құлқын зерттейдi. Дискреттi бақылауда зерттеушi объектiнiң  мiнез-құлқын белгiлi бiр уақыт аралығында ғана, яғни әр түрлі уаќытта зерттейдi. [50.512]

Бақылау өткiзудiң белгiлi бiр тәртiбi бар:

  1. Бақылаудың мақсатын, мiндеттерiн және объектiсiн анықтау.
  2. Бақыланатын құбылыстың негiзгi параметрлерiн анықтау (бақыланатын құбылыстың көрiну дәрежесiн қандай параметрлерi арқылы анықтауға болады).
  3. Бақылаудың кестесін жасау. Ол бақылау объектiсiнiң саны мен бақылауға бөлiнген уақыт мөлшерiне қарай өзгерiп тұрады. Егер бiр оқушының мiнез-құлқын бiрнеше сабақ бойы бақылау керек болса, онда оның кестесі былай болады:

Бақылаудың өлшемдерi

1 сабақ

2 сабақ

3 сабақ

1 көрсеткiш

     

2 көрсеткiш

     

3 көрсеткiш

     

 

Ал егер бiрнеше оқушыны  бiр сабақ iшiнде бақылап зерттеу  керек болса, онда кесте өзгередi:

Бақылаудың өлшемдерi

1 оқушы

2 оқушы

3 оқушы

1 көрсеткiш

     

2 көрсеткiш

     

3 көрсеткiш

     

 

  1. Бақылау нәтижесiне талдау жасау (нәтижелер бақылау кестесінде белгiленедi).

Тәрбиелiлiктi бағалау мәселесi әлi де жете тексерiлмеген және одан әрi зерттеудi керек етедi. Алайда, терең  зерттелген педагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиенi жоғары кәсiби түрде ұйымдастыру өте қиын екенi белгiлi. [50.514]

1 бөлім бойынша  тұжырым:

Бұл тарауда жалпы оқыту  процесіндегі негізгі нәтиже - білім  сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалык  талаптар қатары анықталады. Ол талаптар білім сапасының көрсеткіштерін анықтайтын көзқарас, қатынастарды білдіреді. Ол көзқарастар тобы төмендегідей:

1. Білім мен оқу шеберлігі  құрамы мен мазмұнына негізделген қарым-қатынас (Г.И.Батурина, Б.П.Есипов, М.И.Зарецкий, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин).

2. Білімнің меңгерілгендігі  жөніндегі деңгейлерді бөліп  алуға негізделген қарым-қатынас  (В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, Ю.В.Павлов, В.И. Травинский).

3. Қосындылық бағалау  негізіндегі бірнеше алғашқы  бөлінген көрсеткіштердің жүзеге  асуы арқылы білім сапасын  анықтайтын қарым-қатынас (М.А. Бантова, Э.А. Красновский, И.И. Кулибаба, Л. Каған т.б).

Бұл авторлар қарастырған  оқыту мазмұнына қатысты қарым-қатынастың 1-ші, яғни "заттық-мазмұнды" тобын  білім сапасының толықтығы, жалпыламалығы, жүйелілігі, дүниетанымдық бағытылығы сияқты көрсеткіштер қатары құрайды

Ал, "мазмұнды-әрекеттік" екінші қарым-қатынас тобын авторлар пікірінше, анық, сенімді "мазмұңды-тұлғалық" сапалардың үшінші тобына оқытудың тікелей  әсер етуінен қалыптасатын бастауыш мектеп оқушылары ойлауларының тұрақтылығы, икемділігі, тереңдігін құрайтын ақыл-ой әрекетінің қасиеттері кіреді.

Оқушылардың білімдерінің сипаттамасы  осы үш топ көрсеткіштерінің қосындысы (комбинациясы) негізінде беріледі.

Және бұл тарауда білім  сапасына деген талаптардың Қазақстандағы  даму жайы да сөз болады.

Әйгілі психолог Ш.А.Амонашвили, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанскийлердің білім  бағасы жайлы ой-пікірлері сөз  болады.

Зерттеуші Н.А.Батуриннің айтуынша, бағалау дегеніміз формальды-логикалық  нәтиже.

Жүйелі бағалау жайындағы  психологиялық талдау психолог-ғалым  С.М.Жақыповтың зерттеуінше оқытушы  мен оқушының танымдық іс-әрекеттерінің  бірлескен жағдайында ғана жүзеге асады. Және бұл тарауда мотивация мен  оқытудың белсенді әдістері танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы бағалаудың негізі ретінде қарастырылады. Мотивация  жайлы жазылған С.Л.Дусавицкий, Н.Ф. Талызина, А.К.Марковалар еңбектері  жайлы да мағлұмат беріледі.

И.В.Ривинаның оқу-танымдық әрекеттердің жүйелілігін анықтауға  бағытталған құнды теориялары сөз  болады. С.М. Жақыповтың оқыту процесіндегі біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет туралы теорияны біздер толық басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқу  шыларымен бірлескен тығыз танымдық іс-әрекет етіп және белсенді оқыту  әдістерін тиімді қолданған жағдайда, әрі олардың ынта-мотивтеріне  әсер еткенде ғана бағалауды дұрыс  әрі тиімді қолдануға болатындығына  көз жеткіздік. Сонда ғана оқыту  процесінде жоғары нәтижелілікке, үлгерімді  арттыруға қол жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық  өзгешеліктердің мәні

2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері

 

     Оқыту- динамикалық   процесс. Оның сапасын үнемі  жетілдіріп отыру -өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным  әрекетінің сапасын, дәрежесін  есепке алу, тексеру және бағалаудың  білім, білік, дағдының нәтижесін  арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір  талабына сай жетілдіріп отыру  қажет міндеттерінің өзекті мәселелерінің  бірі.

   Күні бүгінге дейін  оқыту саласында қолданылып  жүрген  білім, білік және дағдыны тексеру  мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап,  белгілеуде барлық жағдайда обьективтік  тұрғыда қамтамасыз етпейді. Сонымен  бұндай жүйенің ерекшелігі оқытушының  педагогикалық әрекеті мен оқушылардың  оқу әрекетінің сапасын жақсартуға  мүмкіндік туғызады, оқу процесінің  барлық кезеңдерінде олардың  білім, білік, дағды нәтижелерін  тексеру, бақылау және бағалаудың  тиімділігін арттырады. 

   Тест –оқытудың  белгілі бір бөлігін меңгеру  дәрежесін өлшеуге бағытталған  тапсырмалар жиынтығы. Бақылауда  рейтинг –тестік жүйесін қолдану  ерекшелігі, оқу материалдары логикалық  тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе  тарау болып саналатын модульдерге  біріктіріледі

    Білімді  меңгерту  қандай жолдарымен немесе  тәсілдерімен  іске асса да, оқыту әдістерін  таңдау  негізінен,  білім берудің  мазмұны сияқты,  оқытудың жалпы   мақсаттары және міндеттеріне  сәйкес анықталады. Оқу процесінде  білім берудің көздеріне  қолданылатын  әдістер: 

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация  және демонстрация.

Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық,  графикалық,  әр түрлі  жаттығу жұмыстары.

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс  ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет.  Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың  таным белсенділігін арттыруға / зейін, қабылдау, ойлау, т.б.  процестерін/ байланысты да әрекет жасайды. Сонымен  қатар мұғалім дәрісбаянға дайындалу  кезеңінде оның барысында мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар  аударады.  Оқушылардың өздігінен  жаңа білімдерді қабылдау, сныпта алған  білімдерін бекіту, біліктілік пен  дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып  табылады. Кітап-білімнің сарқылмас  қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек  ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу  жұмыстарын орындап, мұғалімнің  басқаруымен  сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады. Оқушылар оқулықтарымен және басқа да оқу кітаптарымен жұмыс  істей отырып, белгілі білім жүйелерін  меңгереді, өздерінің көзқарастарын  қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен  жұмыс істей білуге дағдыланады. Негізі кітаппен жұмыс істей алу  өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен ерік- жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандандырып, оның білімін деңгейін,  дүниетанымын арттырады.  Қоғамға, өмірге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы. Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарына толығымен сақтамайды.  Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.

    Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқушылардың білімін жетілдіруде оқыту әдістерінің тиімділігінің арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Негізгі сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында бірліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын  арттыру үшін сабақтың  құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» -деп Ж.Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.  Сонымен қатар сабақтың сапасын арттыру яғни жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға және қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асрыу пайдалы. Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі- оның түрлері мен құрылымы.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу