Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 12:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда психология және педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негіздері
1.1Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалау мәселелерінің зерттелуі.....................................................................5-13
1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.........................................................................................................14- 23
1.3Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау................24- 30
2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық өзгешектерінің мәні
2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері.........................................................................................................31-35
2.2 Мотивация және белсенді оқыту – бағалаудың негізі ретінде.............36-41
2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны..................................................................................................................42-45
3Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу..............................................................................................................46-73
Қорытынды....................................................................................................74 -77
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны2356.docx

— 237.64 Кб (Скачать файл)

     Бүкіл  әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер,  өзгеріп отырған өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Осыған байланысты мемлекетімізде  білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазастан Республикасының  2015 жылға  дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. назарбаевтың «Қазақстан экономикалық,  әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге мән беріліп отыр. Яғни мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру  жүйесіне  де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті.

     Ел болашағы-білімді ұрпақта. Ұрпақ білімді болуы қажет.  Теориялық білімі терең, ол білімнің қолданбалылығы, біліктілігі, білімнің құзыреттілігін көтеру-ұстаздың басты міндеті. Сондықтан да білім беру курстарынан уақтылы өту, ғылыми жаңалықтардан хабардар болу, ақпараттарымен жұмыс істеу, пәндік баспасөзге жазылу, күнделікті сабаққа дайындалуды мұғалім борышым деп білуі керек. [3. 218]

Оқу процесіндегі қадағалау  әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық  тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрін  атауға болады: алдын-ала,  ағымдық, мерзімдік тақырыптық, қорытынды  және өтілген материал ізімен.

   Оқушыларды жан-жақты дамыту ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен бірліктер жүйесі.  Білім беру  мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек»  сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, бірліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек.  Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын  ағымдағы  және  болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да  мақсаттарын ескереді. Оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. Оқушылардың білім сапасын жетілдіруде Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп тлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді. Оқу  мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте  сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке  байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша  оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.  Сонымен қатар оқушылардың білімін жетілдіру  мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Білім берудің  мазмұны оқу жоспарлардыңда, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарында, электрондық оқу құралдарында нақтыланады. Сондай-ақ оқушылардың білім сапасын жетілдіруде оқу  жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

  • аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар ббілімдеріне, бірліктер мен  дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың  түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат.
  • Пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен  тақырыптар,
  • Негізгі  дүниетанымдық  сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі,
  • әр тақырыпқа  қажетті сабақ мөлшері
  • пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар,
  • әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі,
  • ұсынылған әдебиеттер.

Сонымен оқу жоспарының негізінде  әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі  бөлім және әдістемелік аппаратынан  тұрады.  Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың  өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта құралады. 1990 жылы қабылданған «Білім туралы»  заңға байланысты білім  беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Педагогика  ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтқан. Ал Г.И. Щукина- күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын  білдіреді.

   Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылатын және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй таптсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

   Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

  Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) –бұл субьективтік факторларды болдырмауды көздейді.

    Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдеріне бақылау жүргізеді.

   Жан-жақтылықта- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

   Дифференциалдық қатынас- әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педаогоикалық әдеп сақтауын талап етеді.

   Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады.

 «5» бағасы- оқу материалын  толық, дәл логикалық, бірізділікпен  айтылған жауапқа қойылады.

 «4» бағасы- оқу материалын  толық біледі, бірақ болар-болмас  кемшілігі бар жауапқа қойылады.

 «3» -жауабы негізінен  дұрыс, бірақ толық емес, білімінде  кейбір проблемалар еске алынбаған  жауапқа қойылады.

 «2» бағасы –оқушы  жауабында қателер, білімінде  елеулі кемшіліктер бар жауапқа  қойылады.

 «1» бағасы –тексерілген  оқу материалы бойынша білімі  жоқ, толып жатқан өрескел қателер  үшін қойылады.

   Емтихан –оқушылардың білімін қорытынды тексерудің барлық  және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1994 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

     Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

     [3. 214]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Мотивация және  белсенді оқыту - бағалаудың негізі  ретінде

 

Мектеп  өміріне бейімделу  кезінде кіші мектеп жасындағы балалар  үлкен қиындықты бастан кешіреді. Өйткені ол жаңа ережелерді меңгеруге , оқуға , құрбы- құрдастарымен араласуға  тиісті. Балдырған өте тез шаршайды. Оның қалыпты  қуанышты  көңіл-күйін  басқа жай күй басады. Оның тула бойын енді мазасыздыққа толы ала  құйын көңіл –күй билейді , яғни бұл – психикалық жайсыз күйді  бастаған кешу деген сөз . Дені сау  адамдар арасында ең көп таралған психикалық жай –күй- невротизм. Оның психикалық ауру – неврозға ауысуы мүмкін.

Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы -  баланың қоршаған дүниені біртіндеп  біліп, өзінің адам алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның  әсерінен бала белгілі бір қылық  көрсетеді. Екінші жағы – сезім мен  еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің  ықпалдығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне  тәуелділігін қамтамасыз етеді.

   Бастауыш мектеп жасындағы балалар мектеп табалдырығын аттасымен оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттын бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу мотивациясы болады. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады.Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен  және жолдастарымен сенімді қарым- қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу мотивациясының қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс- әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады. [39.244]

          Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс- әрекет түрі- оқу іс- әрекеті болып келеді. Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттасымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

         Бірінші сынып оқушысында мектепке  келу мотиві кездесенді. Бұл мотив  оқу мотивіне тең келмейді, себебі  баланың мектепке келуі танымдық  сәттіліктен басқа, оран алу  (әлеуметтік жағдайын жоғарлату)  яғни оқушы болу, ересектікке  ұмтылу құрбыларымен қатар белгілі  бір әлеуметтік ролдерді орындаудан  қатыспау қажеттілігін қанағаттандыру  мақсаты ретінде оқу, оқушы  ролін орындау үшін мектепке  бару болып келеді. Осы қажеттіліктердің  арақатынасы жайлы Л.И.Божович   былай дейді: «Алғашқы баланың  мектепке келуге итермелейтін негізгі мотиві жаңа ортаның мүшесі болу, жаңа ересектеу құрбыларының болу тілегі болып келеді». Кіші мектеп жасындағы балалар үлкен аға және апайларының оқу құралдарына қызғанышпен және қызыға қарайды, осы оқу құралдары қашан өзінде болар екен деп армандайды. Тіпті мектеп жасына дейінгі баланың оқушы болу тілегі оқушы және мектеп болып ойнауға ұмтылуы ретінде көрінуі мүмкін. Дегенмен, педагог және психологтардың жүргізілген бақылауының нәтижесі бойынша балалар ең алдымен оқуға ынтасы бар екендігін, және осы тілегін жүзеге асыру жолы мектепке бару екендігін айтады. Балалармен әңгімелесу барысында оқу мен мектепке келу арасында сәйкестікті анықтауға тырыстық. Алынған жауаптар бойынша мектепке келудің негізгі мотиві мектептің сыртқы атрибуттарына қызығу емес, ал, оқу, білім алуға құштарлығы  екенін көрсетті. Сонымен қатар ата- аналардың қоятын талаптарын да ескеруіміз қажет. [40.128]

  1. оқу әрекеті жүзеге асатын білім беру жүйесімен, білім беру мекемесінде;
  2. білім беру процесін ұйымдастыруда.
  3. оқушылардың субъектілік ерекшеліктерімен (жасы, жынысы, ақыл- ойының дамуы, қабілеті, тартымдылық деңгейі, өзіндік баға оның оқушылармен өзара қарым- қатынасы және тағы басқалар).
  4. педагогтың субъектілік ерекшеліктерімен және ең бастысы оның оқушыға, жұмысына деген қатынас жүйесімен.
  5. оқу пәнінің ерекешелігімен анықталады.

             Оқу мотивациясы, басқа түрлері  сияқты жүйелі болып келеді. Ол  бағыттылығымен, тұрақтылығымен және  бірізділігімен сипатталады. 

            Күнделікті тұрмыстық және де  кәсіби педагогикалық қарым- қатынаста  «қызығушылық»  термині оқу  мотивациясының синонимі ретінде  қолданылады. Бұған дәлел ретінде  мынандай сөздерді келтіруге  болады: «оның оқуға деген қызығушылығы  жоқ», «танымдық қызығушылығын дамыту  керек» және тағы сол сияқты. Бұндай аралас түсініктер мынаған  байланысты, [49.143]

  1. оқу теориясында қызығушық мотивациялық  аймақтың ең біріншіден, оқу теориясында қызығушылық мотивациялық аймақтың ең бірінші зерттейтін объектісі болған (И.Гербарт);
  2. қызығушылықтың өзі- күрделі бір жақты емес құбылыс     
  3. А.К. Маркова бойынша оқу деген  қызығушылық кең,  жоспарланған, нәтижелі, мазмұнды, оқу- танымдық және жаңарушы болуы мүмкін.

Оқушылардың оқу мазмұнына  және оқу әрекетінің  өзіне деген  қызығушылығын тудыру үшін қажетті  жағдай бұл- оқу барысында өзбетінше  ойлау қабілетін көрсетуіне мүмкіндік  жасау. Оқыту әдісін неғұрлым белсендірек  болса, соғұрлым оқушыларды онымен қызықтыру  жеңілірек болады. Оқуға деген  тұрақты қызығушылықты тәрбиелеудің негізгі тәсілі- оқушылардан қойылған міндетті шешу үшін белсенді ізденпаздық  әрекетті талап ететіндей сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану.

      Оқуға деген  қызығушылықты қалыптастыруда проблемалық  жағдай туғызу үлкен роль атқарады, қиыншылықпен кездескенде оқушылар  оны өздерінде бар білім қорымен  шеше алмайды, сондықтан қиыншылықпен  кездескенде олар міндетті түрде жаңа білім алуларына немесе ескі тәсілді жаңа жағдайда қолдану іскерлігіне көздері жетеді. Ойлауды қажет ететін жұмыстар ғана қызықты, ал оны талап етпейтін жеңіл материалдар қызығушылық тудырмайды. Оқу өректігінде қиыншылықты жеңу- оған деген қызығушылықтың пайды болуының басты жағдайы. Егер қиыншылықтарға күші жететіндей әрі оны жеңе алмайтындай болса ғана оқу материалдары мен оқу тапсырмаларының қиын болуы оған деген қызығушылықтың артуына әкеледі, ал егер керісінше болса, онда қызығушылық тез жойылады. [57.431]

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу