Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 12:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда психология және педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негіздері
1.1Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалау мәселелерінің зерттелуі.....................................................................5-13
1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.........................................................................................................14- 23
1.3Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау................24- 30
2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық өзгешектерінің мәні
2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері.........................................................................................................31-35
2.2 Мотивация және белсенді оқыту – бағалаудың негізі ретінде.............36-41
2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны..................................................................................................................42-45
3Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу..............................................................................................................46-73
Қорытынды....................................................................................................74 -77
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны2356.docx

— 237.64 Кб (Скачать файл)

        Оқушылардың  танымдық қызығушылығын оятудың  бірден бір тәсілі- оқушыларға  үйреншікті жағдайда күтпеген, жаңа, маңызды материалды көрсету. Жаңа  материал- оған деген қызығушылықтың  тууының маңызды белгісі. Алайда  жаңа материал оқушылардағы бар  бұрынғы біліммен сабақтасып  келуі әрі соңғы негіздеуі  тиіс.оқушының  оқуға деген қатынасының  бірнеше теріс , неқұрайлы (немесе  нейтралды) оң не  жақсы (аморфті,  мүшеленбеген), оң (тұлғалық , жауапкершілік,  әрекеттік). Мұғалім ең бастысы  оқушының оқуға деген қатынасының  сипатын  тіркейді. Оқушының оқуға  деген теріс қатынасына мынандай  сипаттамалар тән: мотивінің жұпындылығы  мен тарлығы , танымды мотивтері  нәтижеге деген қызығушылық пен  жоққа шығарылады ; мақсат қою  мен қиыншылықты жеңу қабілеті  қалыптаспаған; оқу әрекеті қалаптаспаған. [58.30]

         Іс - әрекетке болатын атаулының  бәрін мотив дейміз. Бұл баланың  қажеті мен мүддесі, құштарлығы  мен эмоциясы болуы да мүмкін. Баланың үлкенднр әрекеті туралы  түсінігі болады . Оның ұғымынша  ересектер күшті, ақылды, қолдарынан  бәрі де келеді. Олар баланың  көз алдында оның келешекте  жүзеге асыра алатын арман  – мұратының бірі ретінде есептейді  . Бала атаулы үлкендерге еліктеп  өссе, кіші ментеп жасындағы балалардың  аса қызығушылықпен қарайды, өйткені  олар епті, батыл, әрі ешкімге  тәуелсіз . Кіші ментеп жасындағы  балалардың өздері сияқты бола  алмайды . Ең таяу кездегі болмаса  да, келешектен өз мүмкіндігінің  айнасы көретін оларға үлкен  мейіріммен қарайды.

Баланың жеке басының дамуында үлкендермен және өзге балалармен жақсы  қарым – қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым  – қатынасы қажет. Ең бірінші қажеттілік. Сондықтан да үлкендердің құптауына, еркелетуіне басқа балалардың көңілінен  шығуға лайықты болу тілегі бала мінез  – құлқының басты мотивтерінің  бірі болып саналады. [58.33]

Үлкендермен жақсы қарым- қатынаста болуға ұмтылу да бала мінезінің  сипатын айқындайды. Егер әңгіме кіші мектеп жасындағы баланың басқан және достық қарым- қатынастағы баласы туралы болса,онда бала ол жөнінде өзіндік  пікір білдіріп, іс- әрекетін өзінше бағалай алады. Өзіне таныс құрбы- құрдастары мұның мінез- құлық нормаларына  қайшы келетін бірденені айтпақшы немесе іске асырмақшы болса, онда ол оларға қарсылық білдіре алады.

Оқу мотивациясына дайын  болмаудың себептері:

  1. Балаға ортаның тәрбиелік сипатының жетіспеушілігі;
  2. Соматикалық дамудың жетіспеушілігі;
  3. Мінездің невротикалық дамуы;
  4. Жоғарғы нерв жүйесінің ерте зақымдалуы;
  5. Интеллектінің олигофренияға дейінгі формасында дамуы; [58.41]

Баланың мектепте алғашқы  кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік- психологиялық бейімделу мезгілі  болып табылады. Баланың барлық өмір әрекетінің жаңа жағдайына табысты  түрде бірдей бейімделмейді. Психолог М. Чуткинаның зерттеуі бойынша, ол баланың  мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті:

  1. Бейімділіктің жоғарғы деңгейі, 1 сынып оқушысының мектепке деген қарым- қатынасы жағымды: қойылған талаптарды дәлме- дәл қабылдайды; оқу материалдарын жеңіл меңгереді; күрделі есептерді шығарады; мұғалімнің түсіндіргенін, берілген тапсырманы ешкімнің бақылауынсыз- ақ орындайды; өздік оқу жұмыстарына үлкен қызығушылықпен қарайды; барлық сабақтарға дайындалады; қоғамдық жұмыстарды қуана- қуана және адал орындайды; сыныпта белгілі бір ұнамды статустық орны бар.
  2. Бейімділіктің орта деңгейі, 1сынып оқушысының мектепке деген қарым- қатынасы жағымды; оның қатысуы кері күйзелісті шақырмайды; егерде мұғалім оқу материалын нақты және көрнекілік пайдалану арқылы баяндаса, онда оны түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді; типтік есептерді өз бетімен шығарады; үлкендердің нұсқауын, тапсырмаларын орындағанда мұқият, бірақ үлкендердың бақылауымен жасалынады; өзі қатты қызыққан іске ғана зейінін тоқтата алады; сабаққа дайындалады және әрқашан үй тапсырмасын орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарымен достасады.
  3. Бейімділіктің төмен  деңгейі, 1сынып оқушысының мектепке деген қарым- қатынасы жағымсыз; денсаулығына жиі шағымданады; көңіл- күйі түсінкуі; мұғалімнің түсіндірген материалын көріністі түрде меңгереді;оқулықтармен өздік жұмыс жасау қиынға соғады; сабаққа жүйелі түрде дайындалмайды; оған үнемі бақылау жасап отыру керек; мұғалімдер мен ата- аналар тарапынан ескертулер мен жүйелі түрде көмектер қажет; қоғамдық жұмыстарды ынтасыз, пассивті, бақылаудың көмегімен жасайды; жақын достары жоқ, сыныптастарының жартысының ғана аты- жөнін біледі.

Баланы мектепке бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар- жанұя  жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс  жолда болмауы, үлкендермен қарым- қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата- анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы- құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылау отбасынан шығуы, отбасында үнемі кикілжіңдердің орын алуы т.б. [63.12]

      Л.С. Выготский  суреттеуі бойынша бұл кезеңді  жоғалу жасы деп атады. Негізгі  белгілері бала қиқарланады, ересек  адамға бағынғысы келмейді. Бұрын  ересек адамның айтқанын екетпейтін  бала енді өзіне қарым- қатынас  талабын жоғарлатады. Бала тәртіптің  бір формасын жоғалтып, екінші  форманы әлі меңгермеген. Негізгі қажеттілік- өзін- өзі силату. Әрбір бала өзін ересек, өз бетімен шешім қабылдайтын жеке тұлға ретінде қабылдатқысы келеді.

           «Оқуға дайындық» түсінігі: дене  дайындығы және баланың физиологиялық  толысуы, арнайы және психологиялық  дайындығы.

           Ғылымда әлі күнге дейін   «оқуға дайындық» немесе «мектеп  толымдылығы» деген нақты және  бірлескен түсінік жоқтың қасы. А. Анастази (1982), пікірінше, мектеп  толымдылығы мектеп бағдарламасын  меңгеруде жеке тұлға қажетті  іскерлік, білім мен қабілетті  меңгеруге байланыстырады. И. Швацер (1978) мектеп толымдылығын кеңірек  қарастырады. Мектеп жасындағы  баланың мектепке оқытуға өзінң  қатынасына байланысты белгілі  бір деңгейге жету деп қарастырады.  Бұл екі түсінікте баланың  психикалық функцияларының сапалық  дамуы туралы толық мағлұмат  бермейді. Л.И. Божович (1968) мектепке  дайындықты бірнеше өзімен-өзі  байланысқан  психикалық функциялармен  бірлікте қарастырады. Бұл бірліктің  дамуы мектепте ұйымдасқан оқытудың  тиімді деңгейлерінің дамуына  жағдай жасайды. Оқуға дайындық  ақыл-ойдың дамуы, танымдық қызығулар,  тәртіптің ырықты регуляциясы  мен қабілеттіліктен тұрады. Баланың  ырықты тәртібі әсіресе,  танымдық  процестерді меңгеру кезінде  байқалады, себебі оқу үрдісінде  мұғалім және құрбы-құрдастарға  деген қарым- қатынас негізгі  болып табылады.[10.80]

         Мектепке және оқу мотивациясына  бейімделуі. Мектеп өмірі мектеп жасына дейінгі өмірден принципиалды айырмашылықтармен ажыратылады. Қазіргі зерттеулерде баланың мектепке бейімделу үрдісін өте тар мағынада қарастырады. Негізінен бұл проблеманы оқу әрекетін меңгерумен байланыстырады. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен кіші м ектеп жасына өту кезеңі- бұл балада өмірінің бетбұрыс кезеңі болып табылады. Баланың алдында танымайтын, өзінің заңдары мен принциптері бар ерекше өмірі бар. Осы жағдайда бала тез арада барлық жаңалықты меңгеріп, бейімделе алу қажет. Мектепке бару өте жауапты қадам. Егер бала балабақшаға бармаған жағдайда мектепке бейімделу өте күрделі болады. Баланың мектеп талаптарына бейімделуі көптеген психикалық шиеленісті қажет етеді. Балабақшада болған балалар оқушы рөлін қабылдауға даяр болады. Мектеп өмірінің принципиалды ерекшеліктері:

  • Нақты және айқын мектеп екпіні: сабақ (45 минут) және үзіліс уақыты(5минуттан 10 минут аралығы), бұл екпінді бұзуға мүмкін емес;
  • әртүрлі мектеп екпінінде әртүрлі тәртіп ерекшеліктері: нақтыланған және сабақ барысында регламинттелған, үзіліс кезіндегі спонтандылық;
  • сабақ барысындағы әлеуметтік-рольдік қатынастар. Оқушының рольдік позициясын қалыптастыру- мектепке бейімделудің тиімді элементі;
  • мектеп өміріне қажетті шарттарды орындау;
  • мектеп жүйесіндегі бағалауды қабылдау; [17.402]

Кіші мектеп жасындағы  балалардың оқу мотивациясына дайындығының әртүрлілігінің психофизиологиялық ерекшеліктері.

Осыдан жоғарыда аталып өткендей, балалардың оқу мотивациясына дайын  болмауының бірден - бір себебі, үлкен  жартышаралардың, соның ішінде маңдай бөлігінің қажетті түрде жетілмеуінен болады. Физиологтардың бағалауларынша, 7 жасар балалардың физиологиялық  дамуы біржарым жасты құрайды, 8 жасар  балада алты айға сәйкес келеді. Аталған  мектеп жасына дейінгі баланың биологиялық  жас айырмашылығы үш жылға тән. Ретардирлі мектеп жасына дейінгі бала мектепке дайын болмайды да, акселират бала оқу бағдарламасын меңгеруге  дайын болады.    Алайда, көптеген мектеп жасына дейінгі балалар мен  оқушыларды альфа- ритм тұрақсыз және төменгі жиілікті көрсетеді. Бұл  нейроналды жүйенің пісіп жетілмегендігінің  көрсеткіші болып табылады. Бұл ретрадивті балалар  мидың жарты шарлардың  пісіп жетілмеуімен альфа- ритмнің  тұрақсыздығы 1 сыныптағы балалардың  дамуын тежеу мен сабаққа үлгермеуін туғызады. Мидың үлкен жарты шарлары  сенсорлы операциялардың дамуына да әсерін тигізеді. 7 жаста мидың проекциялық  функционалды жүйесі қалыптасады. Ол көру және акустикалық тітіркендіргіштердің әртүрлі белгілерін қабылдауға сезімділіктің  негізі болып табылады. Оқу мотивациясын меңгеру барысында, нейроналды реакциялардың  жоғары икмділігі және өзінің белсенділігінің  мүмкіншілігінің жоғарлылығы нәтижесінде  сенсорлы процестар мидың маңдай бөлігімен бақылана бастайды. Информациялық  ағымда эмоционалды - мәнді стимулдар анықталады. Сондықтан, 7-8 жас информациялық процестер негізінде - танымдық әрекеттердің субъективті мәнді сензитивтік кезең болып есептелінеді. Бұл мидың үлкен жарты шарлардың интенсивті пісіп жетілуінің нәтижесі және мидың проекциясымен қоса, ассоциативті дамудың нейроналды жүйенің жедел дамуының стимулы болады. 7-8 жасар балалардың қабылдау жүйесінің немесе мидың қалыпты жетілуіне қарамастан, оларда шектелу болады. Мақсатты оқыту үрдісі нәтижесінде, балаларда есту және көру механизмдерінің жедел түрде дамуы қалыптасады. [33.5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны

 

Оқыту процесі адамның  іс-әрекеті мен шындық танымдық әрекеттерінің  бірлігі арқылы орындалады. Ал, танымдық әрекеттердің ар түрінің өзіндік  ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған  мектептік оқытуда, жалпы кез-келген оқытуда құрылады да, күрделі психологиялық  білім бола отырып, оқыту үрдісінің  өзімен қоса өрбіп отырады.

Оқыту мен дамудың бірлігі  жайлы атақты ғалымдар Э.Торндайк, Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин мен Л.С. Выготскийлер өз тұжырымдамаларын ұсынады.

Американ психологы Э.Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп есептейді, Ж.Пиаженің пікірінше, оқыту дамудан кейін сүреді де, баланы оқыт, оқытпа психиканың дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізеді. Бұл пікірден үшінші бір тұжырымдама  туындайды. [34.96]

Л.С. Выготскийдің көзқарасына  сай, "оқыту өзінің артынан дамуды алып жүреді және бала психикасы тек  оқыту арқылы қалыптасады, оқыту  тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне лайықтап дәл ықшамдай әрі аз да болса алға қарай оздырып жүргізу  керек. Сонда ғана оқыту ісі баланың  акыл-ой өрісін алға қарай сүйрейтін  болады". Қалыптастырып дамытушы эксперимент кез-келген нақты жағдайда бір басты міндетті шешеді, яғни арнайы ұйымдастырылған әрекетте сыналушы қалай және не нәрсеге бағдарланады.

Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі баға объективті қасиеттерді  танып білудің негізінде беріледі және өз алдына бағалау танымы болып  табылады.

ХІХғасырдың ІІ-ші жартысындағы қазақ ғұламаларының бірі, ұлы  ойшыл педагог-ғалым - Ы.Алтынсариннің  көтерген философиялық мәселелерінің  бірі оның тамаша әдістемелік пікірлерімен жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, әрі тәжірибелі, И-пікірі озық мұғалім еді. [44.408]

"Оқушыларды бағалағанда  - деп жазды Ы. Алтынсарин, - оларды  іске қатысы жоқ сөздеріне  қарап емес, олардың егістерінің  бетіне шыққан жемістеріне, яғни  оқушылардың оқуды меңгерулеріне  қарап бағалау қажет".

Соңда осы меңгеру, білімді  игеру оқушылардың танымдық әрекеттерінің  қаншалықты, ұйымдасқандықтарына байланысты.

Сондықтан да, біздер, танымдық әрекеттердің негізінде білімнің бағалануының психологиялық ерекшеліктерін қарастырып отырмыз. Оқушының сабақ үстінде  танымдық іс-әрекетін бағалаудағы басты - білім берудің түрлі тиімді жолдарын қарастырып, оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыру.

Оқытуды нәтижелі ұйымдастыруға  оқулықтағы берілген жаттығулардың  түрлерімен жұмыс жасау, жаттығуларға қосымша материалдарды тиімді пайдалана  білу, грамматикалық материалдарды  меңгерту бағытында жүргізілетін түрлі  танымдық жұмыстың түрлерін сапалы орындау  да жатады. [45.18]

Осы бағытта білімді анықтау, байыту және жүйелеу, бір жағынан, теориялық  ілім-білімді практикалық іс-әрекетте пайдалануда қолданылып жұмсалса, екінші жағынан, түрлі заңдар мен ережелерді іс-жүзінде сапалы қолдануға мүмкіндік  беретін болады.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу