Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
Мазмұны
Кіріспе....................... | |
1 |
Мектеп жасына дейінгі балаларды
отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық
негіздері……………………………...………………. |
1.1 |
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке
тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..................... |
1.2 |
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................... |
1.3 |
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері................. |
2 |
Мектепке дейінгі
мекемелерде балаларды отансүйгіштікке
тәрбиелеудің әдістемелік негіздері..................... |
2.1 |
Балаларға экологиялық білім беру
арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің
әдістемелік ерекшеліктері ……………………………................... |
2.2 |
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері................ |
2.3 |
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке
тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................... |
2.4 |
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58 |
Қорытынды..................... | |
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................ |
Кіріспе
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.
Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық білім арқылы патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады. Патриоттық тәрбиенiң күре тамыры Күлтегiн, Тонiкөк, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда негізге орын алады.
Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, отанына деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда Аймауытов Ж., әл-Фараби, Байтұрсынов А., Баласағұн Ж., Бөкейханов Ә., Гумилев Л.Н, Досмұхамедов Х., Дулатов М., Қашқари М., Құдайбердиев Ш., Левшин А., Потанин Г.Н. т.б. мәдени мұралары шешуші рөл атқарады.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдiснамалық негiздерi философиялық ілімде Алтаев Ж., Айталы А., Гершунский Б.С., Есiм Ғ., Изотов М., Кiшiбеков Д., Қасабеков А., Нысанбаев Ә., Сәрсенбаев Н., т.б., тарих саласы бойынша Ахметова Л., Қасымбаев Ж., Қозыбаев М., Мыңжанұлы Қ., филологиялық еңбектерде Әуезов М., Дәуiтұлы С. Жолдасбеков М., Жұмадiлов Қ., Сейдiмбек А., т.б. еңбектерiнде зерделенген.
Қазақстанда бiлiм мен тәрбие iсiнiң даму мәселелерi, патриоттық тәрбиенің тарихи-педагогикалық қырлары Әлмұхамбетов Б.А., Бержанов Қ.Б., Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С.Қ., Құнантаева К.Қ., Сейдахметова т.б. еңбектерінде баяндалған.
Патриоттық тәрбие адамгершiлiк тәрбиенiң негізгі құрамдас бөлігі екені Iлиясова А.Н., Байсерке Л.А., Орынбасарова Э.А., Төлеубекова Р.К., т.б. еңбектерінде зерттелген.
Патриоттық тәрбие берудiң этникалық және ұлттық негiздерi Измайлов Э., Қалиев Ж.Қ., Қожахметова К.Ж., Құсайынов А.Қ., Наурызбай Ж., т.б. зерттеу еңбектерінде жүйеленіп берілген.
Зерттеу мәселесінің психологиялық негіздері Аймауытов Ж., Выготский С., Жарықбаев Қ., Жүкеш Қ., Мұқанов М., Оразбекова К., т.б. еңбектерінде зерделенген.
Жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-гимназияларда патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері, ұстанымдары, технологиялары Агапова И.А., Аронов А.А., Бекмұхамедов Б.М., т.б. еңбектерінде шешімін тапқан.
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында “Патриоттық тәрбие негізінен мемлекеттік білім беру мекемелерінде іске асырылады. Бірақ білім беру мекемелерінде тарихи аспектідегі бүгінгі күн шындығына негізделген және қазақстандықтардың ұлттық менталитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-дидактикалық, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігін атап өтуге тура келеді. Білім беру саласында демократиялық патриоттық дүниетанымды жүйелі түрде қалыптастыруда әлеуметтік технологияларды қолдана білетін әлеуеті-білікті мамандардың, гуманитарлық дамуы жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеудегі оңтайлы іс-тәжірибелердің жеткіліксіздігі патриоттық тәрбие берудің өзектілігін нақтылай түседі”, - деп атап көрсетеді.
Осы тұрғыдан алғанда қоғамның әлеуметтік даму жағдайында патриоттық тәрбие беруде қарама-қайшылықтар туындап отыр: отансүйгіштікке тәрбиелеуде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық патриотизм мен бүгiнгi қоғамдағы патриоттық тәрбиенiң өзара сабақтастығының болмауы; мектепке дейінгі мекемелерде балаларға білім беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты жүйеленген әдiстеменiң жоқтығы қарама-қайшылықты анық туғызады.
Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға бiлiм беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық тұрғыдан жүйеленбеуі және әдістеменің жоқтығы бiздiң мәселемізді айқындап, тақырыпты “Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары“ деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудi теориялық тұрғыда негiздеп, әдiстемесін жасау.
Зерттеудің объектiсi: мектепке дейінгі тәрбие.
Зерттеудің пәнi: мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Зерттеудің мiндеттерi:
теориялық негiздерiн анықтау;
Жетекшi идея: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу көпұлтты Қазақстан Республикасы үшiн қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.
Зерттеудiң теориялық негiздерi: Зерттеудiң жалпы әдiснамалық негiзi аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттілік, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік тұғырнама тұрғысынан қамтылды. Жеке тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру іс-әрекет, тұлға, құңдылықтар теориялары негізінде қарастырылады. “Бала құқықтары“ туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы алынды.
Зерттеудің әдiстерi: Философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, патриоттық тәрбие берудiң мүмкiндiгiн анықтау; балалардың шығармашылық жұмыстары мен әңгімелесу; мектепке дейінгі мекемелерде патриоттық тәрбие беруге байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеудің көздерi: Қазақстан Республикасы заңдары, нормативтi құжаттары, оқушы-жастарға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешендi бағдарламалар; этнопедагогикадағы жастарға патриоттық тәрбие беруге байланысты ауыз және жазба әдебиетiндегi мұралар (нақыл сөздер, дастан жырлар, мақал-мәтелдер, арнау сөздер, тасқа жазылған өсиет сөздер, өлең-күйлер); алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының патриоттық тәрбие беруге байланысты философиялық, тарихи, әдеби, педагогикалық- психологиялық ғылыми-зерттеу еңбектерi, тұжырымдары; бiлiм беру жүйесiндегi патриоттық тәрбие берудегi iс-тәжiрибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиешi-педагогтардың оқу-тәрбие үрдiсiндегi тәрбие жұмысындағы озат тәжiрибелері.
Зерттеудің кезеңдерi:
Бiрiншi кезең. Зерттеу тақырыбы бойынша философия, тарих, әдебиет, педагогика, психология салаларындағы еңбектерге, жалпыадамзаттық және отандық білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиенің даму ерекшелiгiне салыстырмалы талдаулар жүргiзiлдi.Талдау барысында зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері, ғылыми аппараты айқындалды. Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, патриоттық құндылықтар жүйесі және оны қалыптастырудың факторлары анықталды.
Екiншi кезең. Зерттеу мәселесіне байланысты мектепке дейінгі мекемелерде алдыңғы қатарлы тәрбиешілердің іс-тәжірибелері жинақталды. Мектеп жасына дейінгі балаларға бiлiм беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған әдiстемелiк кешен дайындалды.
Үшiншi кезең. Зерттеу болжамына сәйкес әдiстемелiк кешен негiзiнде мектепке дейінгі мекемелерде тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзіліп, эксперимент барысында дәлелденді.Зерттеу жұмысы қорытындыланып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары нәтижесі математикалық әдіспен өңделді.
Зерттеудің базасы: «Бәйтерек» МДБМ
Зерттеудiң жаңалығы мен теориялық мәні:
Практикалық мәндiлiгi: тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың барысында алынған нәтижелерді мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелерде, бастауыш мектептерде, тәрбиешілердің бiлiмiн жетiлдiруге арналған курстарда тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдiстемесiне байланысты жұмыстарда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң көкейкестiлiгi, зерттеудiң мақсаты, нысанасы, пәнi, мiндеттерi, жетекшi идеясы, әдiснамалық негiздерi, әдiстерi, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнi, дәйектілігі мен негiздiлiгi берiледi.
“Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері“ атты бiрiншi бөлімде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары талданып, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары көрсетілді. Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдары айқындалды.