Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру отансүйгіштік қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, әнұран,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, отансүйгіштік және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, отансүйгіштік сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.
Адамның жаны, ақыл-ойы мен патриоттық сана-сезімдер бірлескен жағдайда ғана отансүйгіштік мәселесі туындаған проблемаларды шешуге ұмтылады және өз өмірін рухани жағынан толықтырып отырады. Отансүйгіштік ұғымының мәнін түсіну үшін, ең алдымен, осы патриотизм идеяларын тарихи-педагогикалық тұрғыда қарастыру қажет. Ежелгі руна (“құпия”) жазуымен тасқа жазылған шығармалар: “Күлтегін”, “Білге қаған”, “Ежелгі Руно”, “Тоныкөк” жырлары халықты бірлікке шақырып, жастарды ерлікке тәрбиелейді.
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки және т.б.) мен ХҮ-ХІХ ғ. өмір сүрген ақын- жыраулар (Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шалкиіз жырау т.б.) шығармаларында көшпенділер болмысы мен дүниетанымы, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты туған адам, қоғам, табиғат, өмір, ерлік тақырыбы кеңінен орын алғандығын, ғұлама ағартушылардың (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.) еңбектерінен патриоттық тәрбие проблемасына қазақ қоғамының барлық даму кезеңдерінде аса мән берілгендігін көреміз [13].
Ш.Уалиханов [14] түркі тілдес халықтардың балаларды отансүйгіштікке баулитын аңыз-әңгіме, ертегі-дастандары, эпостық жырлары мен нақыл сөздерін жинаған, ұқсастықтарын іздеген. Оның жинаған фольклорлық шығармалары, халқымыздың салт-дәстүр мен әдет-ғұрып үлгілері отансүйгіштікке тәрбиелейді. Жалпы Ш.Уалиханов қалдырған ғылыми еңбектері зерттелініп отырған мәселені шешуде маңызы зор.
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік ыстық сезімді Алаш Орда қайраткерлері А.Байтұрсынов [15], М.Дулатов [16], М.Жұмабаев [17], Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай және т.б. нақтылы істер атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білген [18].
Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемалары мен патриоттық тәрбие мәселелерін бірқатар ғалымдар (А.Айталы, М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, К.Меңлібаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин және т.б.) жан- жақты талдап, айтарлықтай еңбек сіңірген [19,20,21].
Патриотизм адамның Отанға адал қызмет етуі мен шын берілгендігінде, мәдениеті мен дәстүрін, тілін мақтан етуі мен сүйіспеншілігінде, Отанының құдіретін, өзінің рухани байланысын, қажеттігін сезінетін, елін қорғауға дайындығын танытатын қасиеті ретінде айқындалады.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу алдымен жастардың сана-сезіміне, одан соң іс-әрекетін ұйымдастыруға ықпал етуден басталатыны белгілі. Осы мәселені тарихи-педагогикалық тұрғыда зерттеудің маңызы зор.
”Патриотизм“ (гректің patris – Отан) адамның Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігі сөзінен шыққан. Ол Отанға сүйіспеншілікті, өз халқына берілгендік, ана тіліне құрметпен қарау, Отан мүдделеріне қамқорлық жасау, Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауды білдіретін жиынтық ұғым.
Ал “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясында: “Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі” – деп көрсетілген .
Педагогикалық сөздікте ”…патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …пролетарлық интернационализммен берік байланысқан” – деп көрсетілген [22].
Профессор А.Айталы өзінің «Ұлттану» атты монографиясында: ұлтжандылық, ұлттық патриотизм ұғымына берген анықтамасында: «Ұлтжандылық» деген еңбекқор, іскерлік, ізденгіш сияқты ұлттық мұралар жолындағы абзал ой, парасат. Ұлтжандылық адамзаттық мұраттармен шендесіп жатыр. Кейбір ғалымдар оны адамға туа біткен биологиялық, тұқым қуалайтын ырықсыз сезімнен іздейді»,- деп өзінің ой-пікірін білдіреді. Яғни, ұлтжандылық бауырмал, ұлт болашағына қамқоршы және сүйіспеншілік пен қарайтын әрбір жеке тұлғада болатын қасиет деп түсіндіреміз [23].
Сонымен адам бойында
ұлтжандылық қасиет
Ұлттық патриотизм елін қорғауға даярлығы, туған жеріне, өз ұлтына, тіліне, табиғатына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік ұғымымен байланысты болса, жалпыұлттық патриотизм түрлі ұлт өкілдерінің тұрғылықты жерін, елін мақтан тұтуы, Отанына сүйіспеншілікпен қызмет етуін білдіреді.
Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде “қазақстандық патриотизм” ұғымы кеңінен қолданыс тауып келеді. Мұның өзі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келетін көп ұлтты еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады..Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші- ұлттық-этностық, екінші- жалпыадамзаттық және үшінші- әлеуметтік. Ұлттық- этностық дегеніміз- ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік. Патриоттық сана отандық атрибуттардың жалпы санада бейнеленуінің нәтижесінде қалыптасады. Отан деген ұғымға белгілі бір жеке адамның, адам топтарының, жалпы халықтың ден қоюшылығы мен қажетсінуі тұрғысынан қарағандағы шынайы маңызы бар қоғамдық тұрмыстың элементтері кіреді.
Патриоттық сана дегеніміз – Отанға деген ізгілікті қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен көзқарастардың, Отанды қорғау мен дамытуға бағытталған адамдардың, әлеуметтік не ұлттық топтардың сезімдері мен көңіл-күйлерінің басқарылатын күрделі жүйесі.
Патриоттық сана ұлттық, жалпыадамзаттық көзқарастар тұрғысынан қарағанда Отанның бейнесі болып табылатын құнды элементтердің жиынтығын береді.Тұтастай алғанда патриоттық сана деген Отан мен өткеннің игілікті дәстүрлері түсінігінің адамдар санасында құндылық түрінде бейнеленуінің нәтижесі болып табылады [24].
Патриотизм ұғымына
берілген анықтамалар мен
Ғылыми педагогикалық, философиялық, әлеуметтік әдебиеттерге талдау жасау арқылы «отансүйгіштік» ұғымы туған жерге, мәдениеті мен дәстүріне, халқына сүйіспеншілік сезімі мен Отанына махаббаты арқылы танылатын тарихи категория ретінде көреміз. Зерттеулерді жан-жақты талдау негізінде патриоттық тәрбие уақыт пен кеңістікте дамитын жүйе ретінде, кешенді тәсіл жүйесі бар, өз тарихы мен кезеңдері, өзіне тән заңмен белгіленетін қалыптасу, даму процестерін құрайтыны айқындалды.
Бүлдіршіндердің отансүйгіштік тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы- ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, қоршаған ортасын сыйлай білетін, қарым-қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, патриоттық рух пен адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, патриоттық сана- сезімдерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін патриоттық тәрбие үдерісін ұйымдастыруды кешенді түрде қарау қажеттілігіне баса назар аудару.
Бүгінгі таңда көп тараған тұжырымдамаға сәйкес тәрбие үдерісі бір- бірімен өзара тығыз байланысты дамып отыратын тәрбиелік жағдайлар мен тәрбиелік істердің тізбегі ретінде қарастырылады, әрқайсысы алдыңғысының нәтижесі ескеріліп құрастырылатын жүйелі, көпқұрылымды қызмет, іс-әрекет, қарым- қатынас.
Байқап қарасақ, қазіргі кез - патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ. Ел тәуелсіздігінде еркіндікте туып-өскен ұрпақ ержетті. Қазіргі жастар ел сенімін, ата-ана үмітін ақтап жүр ме? Бүгінгідей жаһандану кезеңі мен қоғамның аласапыран шағында адам баласын патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке тәрбиелеу өте маңызды екені рас.
Әлбетте, қазақ халық педагогикасында
баланың отансүйгіштік тәрбиесіндегі
озық дәстүрлерін білім беру жүйесінде
пайдалануда біздің зерттеу барысында
қол жеткізген ғылыми нәтижелерімізбен
шектеліп қалуға болмайды.
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары
Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауда. Ата-баба мұралары негізінде тәлім-тәрбие барысында мектепке дейінгі мекемелерде балаларды елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрғандығы белгілі.
Бұл міндеттер мектепке дейінгі мекемелерде балаларды, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің генезисін қарастыру қажеттігін көрсетті. Осындай қасиеттердің тарихи генезисі (‘genesis’ грек тілінен – «шығу тегі» дегенді білдіреді) жеке мемлекеттердің құрылуымен және нығаюымен, олардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресімен байланысты танылады. Ұлттық елжандылыққа тәрбиелеудің генезисін тану үшін орта ғасырлық және кейінгі ұлы ойшылдар мен ғұламалардың, қазақ зиялыларының, кейінгі ақын-жазушылардың еңбектеріне шолу жасау қажеттілік көрсетеді, себебі қазақ халқының ерлік дәстүрінің қалыптасуында олардың ықпалы зор болды [25].
«Отансүйгіштік» ұғымын анықтау оны «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «отаншылдық», «ұлтжандылық», “ұлтшылдық” ұғымдарымен салыстыра қарастыруды қажет етеді. Бұл ұғымдардың мән-мазмұны кеңестік ғылыми-педагогикалық еңбектерде «советтік патриотизм» тұрғысынан қарастырылады.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы қазақстандық
саяси, экономикалық және әлеуметтік
өзгерістер білім, тәрбие беру
ісінде де келелі өзгерістерге
әкеліп соқтырды. «Советтік патриотизм»
ұғымын қолдану жаңа
Қоғамдық, саяси әлеуметтік, педагогикалық, шығармашылық еңбектер мен тәжірибелік жұмыстарды зерделеу, елжанды адамды төмендегідей қасиеттермен даралап көрсетуге мүмкіндік туғызды: елжанды адам дүниетанымдық сапалық белгілермен дараланады; елжандылық даралық қасиеттерге қоғамдық-саяси қарымдылық, саяси көрегенділік, отансүйгіштік, өркениеттілік, принципшілдік, кемшілікке төзбеушілік сияқты қасиеттер жатады; адамгершілік мінез-құлық сапалық белгілері: білімдарлық, зиялылық, хабардарлық, жаңашылдық, жоғары мәдени дүниетаным, ұқсай білуге іңкәрлік, өзіндік сыншылдық; ерік-күш сапалық белгілері: ыждақаттылық, ұқыптылық, қарымдылық; тұлғалық эмоционалды-динамикалық сапалық белгілері: көтеріңкі көңіл күй адамы, қызуқандылық, сезімталдық; іс-әрекет үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: өнертапқыштық, өзбетінше әрекетшілдік, қарымдылық, көркемдік талғампаздылық, көпшілдік, сабақтастықты ұстану, бөгдеге ұқсамаушылық, кәсіби біліктілік, ұқыптылық, тәлімгершілдік; белсенділік белгілері: ынташылдық, іскерлік, қабілет, қайрат-қажырлылық, энтузиазм, кәсіпкерлік; мінез-құлық сапалық белгілері: ұйымдастырушылық, байқампаздылық, тапқырлық, мақсатшылдық, байсалдылық, шектен аспау, сарыуайымсыздық, елгезектілік, қарапайымдылық, іңкәршілдік; адамдарға қатысты көзқарасындағы белгілері: тілтапқыштық, ұжымшылдық, беделдік, мәмлегершілдік, әдепшілдік, ымырасыздық, демократшылдық; адамдармен қатынас жасау үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: елгезектілік, мейірбандылық, орнықтылық, кішіпейілділік, төзімшіл, бір сөзде тұрушы, қол ұшын беруге дайын, ұқыптылық, зейінділік; адамдармен қарым-қатынас жасаудағы сапалық көріністер: тәрбиелілік, талапшылдық, қайырымдылық, міндеткерлік, назаршылдық; өзіне сын көзбен қарау сапалық көріністері: өзін-өзі орнықты ұстау, қарапайымды, өзіндік сын адамы [27].
Мәселен, Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясында «Патриотизм» - Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі»-, деп анықтама берілген [28].
Бүгінгі таңда, отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың жоғарыда аталған ұғымдарға әр қырынан берілген анықтамалары бар. Солардың арасынан біздің зерттеу мақсатымызбен үндес қазақстандық ғалымдардың мына төмендегідей анықтамалары да кездеседі [29].
Мысалы, Р.А.Жаңабаеваның [30] пікірінше: «Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және басқа да компонеттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым. Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады», - деп тұжырымдаса.