Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Қабылдау тек тітіркендіргіштерге ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын субъектіге де қатысты. Басқаша айтқанда, қабылдау субъективті болады. Әрбір адам заттан нені көруге қажет етеді, соны көреді. Бұл жерде қабылдаудың нәтижесі ретінде зат пен бейненің объективті  негізінделген  сәйкессіздігі туындайды. Ол қандай да бір затты қабылдау кезінде өткен қабылдау ізінің белсенді  болуымен  анықталады.

Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым үрдіс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді. Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, тұтастай қабылдауға дейін жеткізуге болады.

Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу үрдісі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасына сәйкес, түйсік психсканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен баййланысты. Эволюциялық үрдістің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К.Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық үрдістердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н.Леонтьев, П.И.Зинченко, В.П.Зинченко, Т.П.Зинченко және т.б еңбектерде).

А.Н.Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде үрдістердің бір-біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым үрдіс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді. Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, тұтастай қабылдауға дейін жеткізуге болады. Қабылдау – қ оршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу үрдісі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасына сәйкес, түйсік психсканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен баййланысты. Эволюциялық үрдістің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К. К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық үрдістердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П.Зинченко және т.б еңбектерде).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде үрдістердің бір-біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Түсіктің модальдылығы бойынша жіктелуі кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: көру, есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодальды түйсіну де бар – синестезия.

Ч. Шерингтонның түйсікті жіктеуі де танымал , ол келесі түрлерге бөледі:

Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады;

Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді;

Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу үрдісін бейнелеу кезінде пайда блады.

Қабылдауды кез келген басқа психикалық феномен сияқты үрдіс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады.

Қабылдау жеке қасиеттерді бейнелейтін түйсікке қарағанда, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын тұтастай бейнелеп, шындықтың интегралды бейнесін құрады. Қабылдау қорытындысы – субьектінің сезім мүшелеріне тітіркендіргіштің тікелей әсер етуінен пайда болатын қоршаған әлемнің интегралды, тұтас бейнесі.

Заттардың, нақты құбылыстар немесе үрдістердің қасиеті ретінде қабылданбайтын түйсіктен айырмашылығы, қабылдау бізді қоршаған әлемдегі заттардың түрі ретінде рәсімделетін субьективті қатыстылық ретінде жүреді. Сонымен қатар, біз иллюзиямен жұмыс істегенде немесе қабылданатын қасиет салыстырмалы қарапайым болғанда, ол қарапайым түйсінуді шақырады (бұл жағдайда түйсік қандай да бір құбылысқа немесе обьектіге қатысты болып, олармен байланысады).

Түйсік біздің өзімізде болса, заттардың қабылданатын қасиеттері, олардың бейнелері кеңістікте орындарын табады. Бұл үрдіс қабылдауға тән болады және оның түйсіктен айырмашылығы жалпылау деп аталады.

Түйсіктің пайда болуының нәтижесі кейбір сезімдер (мысалы, жарықты, дауысты, аштыны, дауыстың жоғарылығын, тепе-теңдікті түйсіну) болып табылса, қабылдаудың нәтижесінде адамзат санасымен затқа, құбылысқа, процеске біріктірілетін әр түрлі түйсіктердің өзара байланысының кешенін қосатын бейнені қалыптастыру қабылдаудың түйсіктен тағы бір айырмашылығы болып табылады. Кейбір заттар қабылдану үшін бейнені зерттеуге, құруға, нақтылауға бағытталған қандай да бір қарама – қарсы белсенділік таныту керек.

Жеке түйсіктер арнайы анализаторларға «байланған» болады және түйсіктің пайда болуы үшін олардың рецепторларына стимулдың әсер етуі жеткілікті. Қабылдау үрдісінің нәтижесінде қалыптасатын бейне бірнеше анализаторлардың бірлескен жұмыстарының өзара әрекетін болжайды. Олардың қайсысының жұмысы белсенді болғанына сәйкес ақпарат соғұрлым көбірек өңделіп, қабылданатын обьектінің қасиеті туралы мәнді белгілер көп алынады және қабылданудың түрлерін бөледі. Соған сәйкес қабылдау көру, есту, сипап сезу деп бөлінеді. Төрт анализаторлар – көру, есту, тері және бұлшық ет – көбіне қабылдау үрдісінде негізгілер болып табылады.

Сонымен, қабылдау мағыналы (шешім қабылдау) және бүтін заттардан немесе бүтін құбылыс ретінде қабылданатын күрделілерден алынатын әртүрлі түйсіктердің белгіленген (сөйлеумен байланысты) синтезі ретінде қызмет атқарады. Бұл синтез белсенді бейнелеу барысында қалыптасатын зат немесе құбылыстың бейнесі ретінде жүреді.

Қабылдау өмір жағдайына байланысты өзгереді, яғни дамиды. А.В.Запорожец перцептивті әрекеттердің қалыптасуы оқытудың әсерімен бірнеше деңгейлерден өтеді деп есептейді:

I-деңгей – адекватты перцептивті бейне, балада материалдық заттармен тәжірибелік әрекет жолымен жүреді;

II-деңгей – сенсорлық үрдістер өз қозғаласының көмегімен орындалатын рецептивтік аппараттарды орындайтын өзінше перцептивтік әрекетке айналдырады. Балалар заттардың кеңістіктік қасиетін қол мен көздің бағдарланып – зерттеу қозғалысының көмегімен танысады;

III-деңгей – перцептивті әрекеттерді қысқарту үрдісімен басталады;

IY-деңгей – перцептивті үрдістер дәріптенеді яғни идеалды түрге айналады. Балалар тез және қандай да бір сыртқы қозғалыстың көмегінсіз – ақ қабылданатын обьектілердің белгілі бір қасиеттерін танып, осы қасиеттер негізінде оларды бір – бірінен айыра алу қабілілеттілігіне ие болады.

Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратады:

1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес – бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;

2) Қысқа мерзімді ес. Бұл жерде зейін аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өнделеді және талданады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау симболизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар.

3) Аралық (буферлік) ес – қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді ес арасындағы инстанция болып табылады. Бұл жерде ақпарат ұзақ мерзімді еске аудару мүмкіндігі келгенше сақталынады. Бүферлік ес тазалануы мен күн бойы жиналған ақпаратты категоризациялау ұйқы кезінде іске асады;

4) Ұзақ мерзімді ес ақпаратты сақтау көлемі мен уақыты бойынша шектелмеген. Бірақ ақпарат кейде дер кезінде шығарып алынбауы мүмкін. Ақпараттың қол жетімділігі сақтау ұйымдастыруымен анықталады. Ұзақ мерзімді есте ақпарат сақтаудың екі типі бар : ақпаратқа ерікті рұқсат (ақпарат үзіліссіз түрленеді) және ерікті рұқсатсыз (ақпарат айнымас күйінде сақталынады).

Ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру үрдістері бір-бірімен мүлдем сыйыспайды, әрі қарама-қайшы бағытталады. Жаңа ақпаратгың кең ағымы еске түсіруге кедергі жасайды, ал үлкен көлемді мәліметтерді еске түсіру қабылдау үрдісіне анағұрлым аз әсер етеді деп айтуға болады. Мәселен, адам ақпараттық вакум жағдайында естің, тіпті жалпы алғанда, ақылының да біршама айқындалуын сезінеді.

 

 

1.2. Ойлау –  күрделі танымдық психикалық  үрдіс ретінде және оған даму  формаларының әсері 

Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық үрдіс.

Ойлау – қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, тек ғана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс. Заттардың көптеген қасиеттерін адамдар сезім органдарының, яғни, көру, есту, сипап сезу, дәм және басқа сезімдердің көмегімен танып біледі. Бірақ елестетіп көрелікші, егер біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек заттарды түйсінумен және қабылдаумен тамамдалса, не болар еді, онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол өте нәзік және біздің көзімізге көрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың барлығы туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты), жұлдыздардың температурасын және көптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік.

Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де, жұлдыздардың температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің көзіміз көрмейді, құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл – ойлау.

Ойлаудың қандай ерекшеліктері сезім органдары арқылы мүмкін болмайтын салаларды тануға бізге мүмкіншілік береді? Осындай мысалды ғылым тарихынан қарастыратын болсақ: француз астрономы Леверье Уран планетасының қозғалысындағы ауытқуды бақылай келіп, оның себебін іздейді. Аспан денелерінің қозғалысы туралы мәліметтерді салыстыра және талдай келіп, ол Уран планетасының артында тағы да планета өмір сүреді деген қорытындыға келді, сол кезге дейін белгісіз планетаның тартылыс күші Уранның қозғалысындағы ауытқушылықтың себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Ол математикалық есептеулердің көмегімен бұл планетаның орналасқан орнын дәл көрсетіп берді, оны телескоппен бақылау мүмкін болмады. Леверьенің математикалық есептеулеріне негіздей отырып, басқа ғалым Галле 1846 жылы телескоптың көмегімен көрсетілген орнында Нептун деп аталатын жаңа планетаны тапты. Бұрынғы бақылауларда алынған мәліметтерді өңдеу негізінде астрономның ойлау іс-әрекеті аңғарылады, ол ой қорытындысы жолымен планетаның болғандығы туралы қорытындысы жасады. Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде, еңбек іс-әрекетінде өзінің бақылауларынан қорытынды жасау қажеттіліктерімен кездеседі. Жұмысшы моторлар мен механизмдердің үйреншікті дыбысының бұзылуы бойынша станоктың оған көрінбейтін ақауы туралы біледі және оны жөндеуге уақытында тоқтатады. Физик-ғалым ерекше пленкада қалдырылған іздер бойынша элементарлық бөлшектердің болғандығы туралы қорытынды жасайды.

Ойлау барлық жерде қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз. Ойлау – бұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады. Мысалы, бізге белгілі, егер жарық сәулелерін шыны призма арқылы жіберсе, онда бұл сәуле спектордың жеті түсіне бөлінеді, оларды біз қабылдаймыз (көзбен көреміз). Физикадан бұл сәулелерден, басқа да сәулелердің бары бізге белгілі, бұл сәулелер инфрақызыл және ультракүлгін деп аталады. Бұл сәулелерді сезім органдарымыз арқылы көре алмаймыз, қабылдау мүмкін емес. Олардың табиғаты ойлаудың көмегімен ашылған. Дүниеде көптеген құбылыстар кездеседі, біз оларды қабылдай, елестете алмаймыз, ал олар туралы ойлауға болады. Мысалы, елестету арқылы 1 секундына 300.000 км жылдамдықпен болатын қозғалысты білуге болмайды, ал ойлау арқылы біле аламыз (бұл жарықтың жылдамдығы). Осындай жылдамдықты сезім органдарымыз арқылы ажырату мүмкін емес, тек ойлау арқылы мүмкін.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері