Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады. Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар, ережелер мен принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала мені білетін нақтылы фактілерді: байланыстарды, қатынастарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады. Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болатындықтан, қызанақты да ұрық тұқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай алатындығын жақсы дәлелдейді.

 

 

ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

2.1. Бастауыш сынып  оқушыларының ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері

 

«Хайуанаттар ойлай ма? Кішкентай балалар ше? Адам қай уақыттан бастап ойлайды?» Бұл  сұрақтарды ересек адамдар қояды. Бірақ бұларға жауап  беру тіптен оңай емес, өйткені ойлау өте сан түрлі де күрделі (формаларда көрінеді. Сондықтан ең алдымен ойлау дегеніміз не және оның неден байқалатынын  анықтап  алған  жөн.

Психологтардың бала сауатты байланыстырып сөйлеуді 8-10 жастан кейін ғана меңгеретіндіктен, оның логикалық ойлау қабілеті тек осы жаста ғана жетіледі деген қорытындысы. Демек, бала 10 жасқа  дейін  логикалық  (немесе сөз арқылы, сөзбен) ойлауға қабілетсіз деп саналады: сенсомоторлық операциялар сатысында тұрып (ол өзіне көрнекі түрдегі берілген заттармен кейбір практикалық іс-әрекетті ғана орындап алады), ол логикаға дейінгі ойлауға  қабілетті. Бала ойлауының алғашқы формаларын оның практикалық іс-әрекетімен байланыстыруға ұмтылу біздін ғасырдың жиырмасыншы  жылдарында неміс психологы В.Кёлердің маймылдарға жасаған тамаша тәжірибелерінің әсерінен  кейін  ерекше  күшейді.

Авторлардың бірқатары В.Кёлер анықтаған шимпанзенің белгілі бір міндеттерді орындау ерекшеліктерін (таяқшаларға, кедергілерді жоюға байланысты міндеттер және т.б.) баланың ақыл-ой әрекетіне тікелей ауыстырды. Маймылдардын жоғары түрлеріңің практикалық ойлауы мен бала ойлауының алғашқы формасы арасындағы принципті айырмашылықты білмей, неміс психологы К.Бюллер балалық шақтың 5-6 жасқа дёйінгі барлық кезеңін «шимпанзе кейіпті жас» деп атады.

Алайда совет психологтарының, ең алдымен Н.Н.Ладыгина-Котстың зерттеулері, маймыл мен жас баланың  ақыл-ой әрекеттері арасындағы едәуір және мәнді айырмашылықтарды  айқын ашып көрсетті. Зерттеулер  ойлау мен практикалық іс-әрекеттің,  ойлау  мен тілдің, ойлау  мен  сезімдік  бейненің  арасында  аса күрделі, құбылмалы және сан алуан қатынастардың  барын көрсетті. Бұл қатынастар балалардың жасының есеюінің әр  түрлі сатыларында өзгеріп отырады және баланың сол сәтте орындайтын жұмысының мазмұнымен тікелей байланысты  болады. Бұл қатынастар мұғалім пайдаланып жүрген  баланы  оқыту тәсілдеріне, жаттығуларға  байланысты да өзгеріп отырады.

Шынында да, кішкентай бала үшін мәселені шешудің бірінші құралы оның практикалық іс-әрекеті болып табылады. Ол көрнекі етіп берілгеп  нақты  бір міндетті шеше алады: өзінен алыс тұрған затты алу, бөліктерден тұтас картинаны құрастыру, «бүлінген» ойыншықтың (экспериментшінің еркімен) себебін  табу. Бала шешу үрдісінде өзіне берілген  затпен  тікелей  әрекет жасайды Осылайша, мәселен, 3-5 жастағы  бала кенеттен пропеллері (қалағы) айналмай қалған ойыншықты немесе серіппе темірмен жабылған қорапшаны қолына алғанда, оған ұсынылған тапсырманы шешудің жолдары мен құралдарын ойластырудан  бастамайды. Бұл әзірге кішкентай баланың қолынан келмейді. Ол бірден әрекетке кіріседі: бірдеңені тартады,, жұлқиды, айналдырады, сілкиді, тарсылдатады... Калаған нәтижеге  өте алмаған соң, ол  ересек  адамдардан көмек  сұрайды немесе әрі қарай әрекет етуден мүлде бас тартады.  Тәжірибелердің бірінде бес жасар балаға ұштары әр түрлі таяқшалар арасынан  алыста  жатқан  кәмпитті  тартып алуға болатын біреуін таңдап алу ұсынылды. Бірақ бала таяқщаларға көңіл аудармай, ол тартымды алдауышқа жету үшін жоғары секірді, біресе бір қолын, біресе екінші - қолын созды. Эксперимент жасаушы әуелі ойланып алу  керектігіне  ескерткенде, «ойлау керек емес, алу керек» деген наразы жауапты есітті. Мұндай ойлау психологияда көрнекі-әсерлі немесе практикалық ойлау деген атқа ие болды. Мұның мәнісі шешілуге тиіс мәселенің көрнекі түрде берілуінде және қолмен, яғни практикалық (физикалық) – әрекетпен  шешілуінде.

Кішкентай баланың ойлауының тапсырманы көрнекі-әсерлі шешу сатысынан  көрінетін ең бір маңызды ерекшеліктерінің бірі — сөз арқылы, сөзбен  ойлауы, бұл оның  ең ақылды маймылдың ойлауынан түбірлі артықшылығы.  Бала  сөзбен  құрастырылған тапсырманы ересек адамнан да қабылдауы мүмкін (құлаққа естілетін және түсінікті сөз негізінде), сондай-ақ ол баланың өз тарапынан ұсынылуы да ықтимал. Бұдан  келіп-кетер ештеңе жоқ. Ең бастысы, тілді қатыстырумен ойлау үрдісі арнайы  адамдық  сипатқа  ие  болады.

Сөз арқылы белгілі бір мәселе қойылады, сөзді ересек адам мәселені  шешу жолдарын  көрсету мен ұғындыру үшін  пайдаланады. Бала сөзбен  білдірілген  ересектердің құптауын, кінәраттауын, мақтауын және  басқа да бағаларын естеді. Сөйлеуде оның қателіктерімен жетістіктері байқалады. Алайда бұл маңызды сапалық ерекшеліктермен сипатталады:

Біріншіден, бала ойлауының дамуындағы ең төменгі саты – көрнекі-әсерлі ойлау екендігі жайлы жалпы ережені теріске шығармайды.

Екіншіден, ерекше атап ететін жайт, логикалық (сөзбен) ойлаудың неғұрлым жоғары формаларының дамуы «қолмен ойлауды» жоймайды. Ерекше  жәңе қиын міндеттерді  шешу кезінде тіпті мектеп оқушылары да практикалық шешу жолдарына қайтып оралады. Оқыту үрдісінде шешудің  осы  әдістеріне  мұғалім де жүгініп отырады. Балалар ойша бір санды бір санға қосуды немесе, тіпті белгілі бір заттардың көрнекі берілген санына сүйене отырып, одан тиісті санды алып тастауды үйренбестен бұрын, бұған дейін кішкентай оқушылар, мысалдар мен есептерді шешуде  сандармен, санақпен (санаумен) пайдалана білудің жалпы әдісін игеру үшін, практикалық жолмен 5 жалаушаға 3 жалаушаны  қосады, 4 сәбізден 2 сәбізді алады (әрі жылжытады) немесе басқа  да практикалық іс-әрекетті  (мысалы,  өлшеу)  орындайды.

Қимылға байланысты берілген мысалды шешу үшін, II-III сыныптың оқушысы жолды, яғни екі нүктенің аралығын елестетуі керек. Ол үшін мұғалім көрнекілікті пайдаланады (чертеж, схема), ал балалар (бастапқы кезде) әр түрлі фигураларды әрі-бері қозғау жолымен аралықтардың  арақатынасы, уақыт пен қозғалыстың жылдамдығы туралы түсінік алады. Тек сонан соң ғана мұндай мысалдар ойша (ойда) орындалатын,  болады.

«Қол арқылы ойлау» тіпті ересек адамдар мен жас өспірімдер жаңа тапсырманы бірден ауызша – ойша (ойда) шешеалмаған жағдайда да «қорда» қалады. Практикалық  іс-әрекеттің аса зор маңызы бала заттарға  тікелей әсер ете отырып,  олардың  қасиеттсрін  ашатындығында, белгілерін анықтап, ең бастысы, оған бұрын белгісіз болып келген заттар мен құбылыстар арасындағы, сондай-ақ әр зат пен құбылыстың өз ішіндегі байланыстарды анықтайтындығында. Бұл байланыстар жасырындылықтан көрнекілікке айналады. Олай болса, баланың бүкіл танымдық әрекеті, сонымен бірге алған білімдері де неғұрлым терең, өзара байланысты және саналы болмақ. Танымның мұндай жолы әсіресе бастауыш сыныптарда табиғат құбылыстарын тәжірибелер арқылы зерттеп  білуде, математиканы,  қол еңбегін  (еңбек, сабағын) оқып үйренуде  және балаларға  ұсынылып  отырған  сабақ  мазмұнын  түсініп білудің (алғашқы) жолы ретінде практикалық іс-әрекетті пайдалануға болатын барлық оқу пәндері үшін аса тиімді.

П.Я.Гальперин негізін салған «ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» концепциясы, практикалық іс-әрекет адам ойлауының барлық жоғары формаларының даму үрдісіндегі алғашқы баспалдақ (саты) деген түсінікке құрылған. Бірінші кезеңде бала мәселені шешу үшін сыртқы материалдық әрекеттерді қолданады. Екіншіде – бұл әрекеттер тек елестетіледі  де, бала  оларды  сөзбен  айтады (басында дауыстап, сонан соң  іштей). Тек сонғы, үшінші кезеңде сыртқы заттық әрекет «жинақталып»,  ішкі  жоспарға  енеді. Кең құлашты материалдық әрекеттің жинақы ақыл-ойлық модельге айналуының әрбір кезеңі үшін берілген мысалдың шарттары мен мазмұнындағы оқушыға бағыт-бағдардың белгілі бір түрі тән. Жоғары деңгейдегі мұндай бағдарға мәселелердің берілген түрі үшін өте маңызды жалпылама сипаттағы тану белгілері жатады (олар заңдар мен ұғымдарда көрсетілген).

Сөйлеудің дамуы мен тәжірибенің жинақталуына орай бала бейнелі ойлауға көшеді. Алғашқы кезеңдерде ойлаудың бұл жоғарырақ түрі бастауыш мектеп оқушысында төменгі түрдің бірсыпыра көп белгілерін сақтайды. Бұл ең алдымен бала жасайтын бейнелердің нақтылылығынан байқалады. Мысалы, мұғалім I сынып оқушыларына жуырда оқылған «Қаскыр мен Қозы» мысалын  әңгімелеп беруді ұсынды. Кішкене Света бұл тапсырманы  орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол қозыға жаны қатты ашығандықтан, оны зұлым, қорқынышты касқырдың қалай жеп қойғанын  әңгімелеп  бергісі келмейді. Кішкентай қыз бала ертегі кейіпкерін  кәдімгі  тірі  қозы  деп  қабылдайды.

Адамдардың есімдері мен жануарлар аттары бас әріппен жазылатынын Коля жақсы біледі, ол алайда Саша деген ұлбала мен Оля Деген қыздың есімдерін кіші әріппен жазды, өйткені олар (балалар)  әлі кішкентай ғой, ал  «папа»  және «мама» деген сөздерді ол бас әріппен жазды.

Бала ойлауының жарқын бейнелілігі, сонымен бірге нақтылығы ең алдымен, баланың  өмір тәжірибесінің аздығымен  түсіндіріледі. Ол әр сөзге байланысты ересек адам тәрізді өзі қолданатын жалпылама түсінік-ұғымдарға енгізіп отыратын заттар тобын емес, өзі бұрын кездестірген, нақты бір затты ғана елестете алады. Бала әлі ештеңені жалпылай  алмайды ғой. Ой көрнекі бірегей бейнені, онымен біртектес барша заттарға тән белгілерімен ала отырып, өзі бұрын қабылдаған, нақты осы затқа (мысалы, батырға, өзенге, сұңқарға, буржуйға) тән жеке ерекшеліктерді  де пайдаланады. Осылайша, 5-7 жастағы балалар экраннан  кепка киген фашисті бірінші рет  көргеннен кейін, сондай бас кйім  киген кез келген  адамды фашист деп атай бастаған.

Күшті де ер жүрек алып Добрыня Никитич туралы қысқа әңгімені тыңдағаннан  кейін, балалар жаралы жолдасын ұрыс даласынан арқалап алып шыққан партизанды алып ер деп атады, ал өз  жауаптарын ол (партизан) өте күшті және ер жүрек болғандықтан деп түсіндірді. Бала – ойлауының  мұндай  нақтылылығы  оның астарлы сөзді қабылдауынан анық  байқалады. Сөзбен  сөз тіркестерінің көркем шығармада қолданылатын ауыспалы мағынасын, аллегорияны, мақалды, метафораны ұғыну  әуелгі кезде 7-8 жасар бала үшін тіптен мүмкін емес. Ол нақты тұтас  бейнелерді,  оларда түйінделген ойды, идеяны түсінбестен қолданады.

«Тас жүрек» – демек,  оның жүрегі тастан жаралған. «Алтын қолдар» – алтынмен қапталған. «Теңіз мыңдаған күміс күлкілерімен күнге күле қарады», «бұл дұрыс жазылмаған, теңіздің аузы тіпті де жоқ болса, ол қалай күле алады».

«Көңілді де қанатты жел жер астынан соғады, бұл бір күшті   желдеткіш, салкын леппен ұрады» (пауза). «Бұл жерде кімді кім ұратыны түсініксіз».

Бала ойлауының мұндай  нақтылылығы, балалардың  тек қана мысалдар, мақалдар немесе жұмбақтардың мағынасын ұғынуынан ғана айқын көрініп қоймайды. Арифметикалык есепті шығаруда I сынып оқушылары  оның тексін шындық деп  қабылдайды. Сондықтан да оқушыны берілген сандармен орындайтын амалдан гөрі, есептің сюжеттік жағы кебірек толғанды-рады. Мысалы: «Мамасы 5 алма сатып алды. Өзіне 3 алма қалдырды. Қалғанын ұлына берді. Ол ұлына қанша алма берді?»

Мамасы алмаларды неге бұлай  дұрыс белмегеніне оқушы ренішті-ақ. Әр мұғалім мұндай мысалдарды ондап және жүздеп келтіре алады. Олардың бәрі бастауыш мектеп жасындағы балалар әлі жалпыланған образдармен  емес, өз тәжірибесінде таныс сөз «мықтап» байланысып калған жекелегең заттардың белгілі бір көмескі елестерімен пайдаланатындығын айтады. Мұндай  нақты  бейнелерден шегініп, олардың  идеясын саралау, ұғыну әзірге балалардың қолынан келмейді. Әрине, оларды астарлы сөзді ұғынуға ешкім де үйреткен жоқ қой.

2. Сөздік (логикалық) ойлау. Логикалық ойлау ең алдымен  ойлау үрдісінің нақ өз барысында байқалады. Практикалық  ойлаудан  логикалық ойлаудың ерекшелігі – логикалық ойлау тек қана сөз арқылы жүзеге асады. Адам қажетті байланыстарды ойша таразылауы, талдауы және белгілеуі тиіс, өзіне берілген нақты міндетке бұрыннан білетін қолайлы ережелерді, әдіс, әрекеттерді  таңдап алуы және қолдануы керек. Ол ізделіп отырған байланыстарды салыстыруы және бекітуі, ұқсас  заттарды айыра  білуі және әр түрлілерді топтай білуі тиіс, ал осының  бәрін тек қана ақыл-ой әрекеті арқылы орындауы тиіс. Бала ақыл-ой жұмысының осы бір аса күрделі формасын игеріп кеткенше, оның – бірсыпыра қателесуі бүтіндей табиғи нәрсе. Бұл (қателесу) кішкентай балалардың  ойлауына өте тән. Мұндай ерекшеліктер балалардың  байымдауынан, олардың ұғымдарды калай пайдалануынан және  баланың  логикалық ойлаудың  кей  операцияларын игеру үрдісінен анық байқалады. Алайда бұл тіпті 4-5 жасар балалардың кейде өздері түсінген нәрсе жайлы аса дәл және дұрыс пікір айтуларына бөгет  жасамайды.

3. Ұғымдарды меңгеру. Ұғымдар  әрбір адамның бойындағы рухани  байлығы болып табылатын және  оған қызмет ететін білімінің  едәуір белігін  құрайды. Бұл ұғымдар – тұрмыстық  (демалыс, семья, қолайлылық, жайлы жағдай, жанжал, қуаныш), грамматикалық (жұрнақтар, сөйлемдер, синтаксис), арифметиқалық (сан, көбейгіш, теңдік), адамгершілік (қайырымдылық, ерлік, батылдық, Отан сүйгіштік) және көптеген басқа ұғымдар болуы мүмкін. Ұғымдар дегеніміз – мәнді белгілерінің ортақтығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың, сапалардың  тұтас бір тобы туралы жалпыланған білім. Осылай, «өсімдіктер»  ұғымына  алып емен мен үлбіреген нәзік  ландыш, папоротник пен балдырлар тәрізді әр түрлі заттар кіреді. Бұл әр түрлі заттардың  бір топқа бірігетін себебі олардың әрқайсысының бойында барлық  өсімдіктерге тән, ортақ маңызды белгілер бар. Олардың бәрі – тірі организмдер, олар өседі, тыныс алады, көбейеді.

Зерттеушілерді екі мәселе қызықтырды. Біріншіден, баланың ұғымдары ересек адамның ұғымдарынан несімен ерекшеленеді, яғни олардың өзіндік ерекшелігі неде? Екіншіден, ғалымдар балада кажетті ұғымдарды оқу жұмысында қалай қалыптастыруға болатындығын айқындауға тырысты. Біз бұл зерттеулердің кейбір жалпы түйіндеріне ғана тоқталамыз.

Психологтардың анықтауы бойынша, балалардың ұғымдарды меңгеруі тәжірибе жинақтауынан, яғни әр түрлі фактілермен танысуынан басталады. Мәселен, «етістік» ұғымын меңгеру үшін оқушыларға затпен қимылды білдіретін сөздердіқ бірқатары беріледі. Мұғалім балалардың бұрын алған, кім? немесе не? - деген сұрақтарға жауап беретін және заттарды білдіретін сөздердің зат есімдер деп аталатындығы туралы, біліміне сүйенеді. Оқушылар тақтаға жазылған сөздер арасынан оларды табады. Олардың әрқайсысын талдай отырып және мұғалім әдейі қойған сұрақтар тізбегіне жауап қайтара отырып, балалар жалпыланған бір-қорытындыға келеді. Олар зат есімдер арасында басқа да әр түрлі сөздердің барлығын аңғарады: «жүгіреді», «ұйықтайды», «тұрады», «отырады» және т.б. Олар іс-қимылды білдіреді де, етістіктер тобына жатады, не істеп отыр?, не істеді? Деген сұрауларға жауап береді.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері