Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас). Баланың бұл жастағы дамуын, оның қоршаған ортамен қатынасының күрделене түскенін, балаға қойылатын талаптың арта түскендігімен айқындалады. Балаларда сүйек бұлшық ет жүйесі бекиді. Қозғалыс кординациясы жақсарады. Ми қабығының реттеуші күші арта түседі. Мектепке дейінгілер импульсивтік қасиетін нығайтып, мінезі тұрақтала бастайды. Оларда баланың психологиялық қозу мен физиологиялық қозушылығын теңей алады. 7 жастағы баланың миы орташа алғанда 1350 г болады. Күрделі ойындар ойнауға тырысады. Біртіндеп сюжеттік және бағыныңқы ойындар пайда бола бастайды. Олар онымен ойнауға кіріседі. Ойын үрдісінде, элементарлық еңбек үрдісінің формалары мен арнаулы сабақтың : жапсыру, сызу, конструкциялау түс арқылы, қабылдау түсінігі кеңи түседі, психикалық үрдістер баланың өзінің еркіне беріледі. Тыңдау тұрақтанады және ұзақ мерзімді қамтиды. Балаларда өздерінің іс-қимылын белгілі бір бағдарламаға сәйкес жоспарлау және оны ұйымдастыру қабілеттілігі дами түседі.

Ересек кезең (11-15жас) балалықтан өту кезеңі. Дене, мінез, ақыл-ой эстетикалық, еңбек тәрбиесінің дамуы және жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі болып табылады. Орагндардың диспропорциясы арта түседі, жыныстық пісіп жетілу кезеңі басталады.

Жасөспірім шақ – өтпелі кезең болып есептеледі. Бұл кезең балалықтан үлкендер қатарына көшу, балалықтан толысу, кезеңіне өту. Бұл ретте, ересек бала – жартылай жас, жартылай бала қатарында болады.

Бұл кезеңде дененің өсуі жылдамдайды. Бұлшық ет аппараттары жетіледі. Физиологиялық жетілу – жыныстық пісіп жетілу кезеңі. Мұнда жыныс бездерінің қызметі қалыптаса бастайды.

Бұл кезеңде қалыптасу және дамудың интенсивті кезеңі басталады:

А) мінез-құлқы,

Б) өзіндік сана,

В) үлкендік сезім,

Г) қарым-қатынас, сөйлеу, ойлау, жүру, түйсіну, т.б.

Бала өзінің ішкі дүниесіндегі әрекетін сыртпен, қоршаған ортамен байланыстырады. Бұл кезде балаға үлкендердің ұдайы қамқорлығы, көмегі керек.

Атақты балалар психологі Д.Б. Эльконин өзінің жасты кезеңдерге бөлу жүйесінде негізгі екі принципті атап өтеді:

1) жетекші іс-әрекет принципі;

2) әр кезеңде пайда  болатын жаңа психикалық құрылымдар.

Көрнекті психолог баланың дүниеге келу сәтінен бастап оның орта мектепті бітіруіне дейінгі аралықты алты кезеңге бөледі.(№2 кесте)

Кесте № 2  Д.Б.Элькониннің жасты кезеңдерге бөлу жүйесі.

 

Кезең

Жетекші іс-әрекет

Жаңа психикалық құрылымдар

1

2

3

1. Нәрестелік кезең

(0-1 жасқа дейін)

Эмоциялық қарым-қатынас

«Жадырау» комплексі

2. Ерте сәбилік кезең

(1-3 жасқа дейін)

Заттық іс-әрекет

Бала психикасының сензитивтілігі

3. Мектепке дейінгі кезең

(3-7 жасқа дейін)

Рольдік ойын

Ырықсыз және ырықты психикалық функциялардың қалыптасуы

4. Бастауыш мектеп оқушылары

(7-11 жасқа дейін)

Оқу

Ырықты психикалық функциялардың қарқынды дамуы

5. Жеткіншектік кезең

(11-14 жасқа дейін)

Қарым-қатынас

«Ересектік» сезім, жеткіншектің өзіндік «Менінің» қалыптасуы

6. Жоғары сынып оқушылары

(14-18 жасқа дейін)

Оқу және оқу-кәсіби іс-әрекет

Дүниетанымының қалыптасуы және болашақ мамандықты таңдауы


 

Жастық шақ кезеңі (15-18 жас). Дене жағынан адамның жетілуі аяқталып, өсу баяулайды. Бұлшық еттер күші толысады. Қан қысымы мөлшерге сай қалыптасады. Ішкі секеция бездерінің жұмысы қалыптасады. Жыныстық жетілудің алғашқы кезеңі аяқталады. Қолқа бездерінің жұмысы уақытша әлсірейді. Үлкен мидың жұмысы жақсарады. Жалпы организм толысады.

Бұл жаста ортаға көзқарас өзгереді, толысады, сенім артады. Өзіне-өзі ұстау, болжау, мінез ерекшеліктері пайда бола бастайды. Өз-өзіне деген сенімділік, саналылық қалыптаса бастайды. Болашаққа асқан үмітпен қарайды, жарқын ойлау қабілеті дамиды. Мақсатқа ұмтылу, ықылас, ерік қасиеттері тұрақтылыққа ұштасады. Ойын жоғары дәрежеде жинақтау, қорыту, абстракциялау арқылы ортаға теориялық және сын көзбен қараушылық көзқарасы бағыт алады.

Жастық шақтың екінші кезеңі жастардың үлкен адамдар қатарына қосылуының соңғы кезеңі, өсу аяқталған кезең т.б. Бұл кезеңде сүйектің қатаюы жалғасады. Ол 24-25 жаста аяқталады. Сондай-ақ бұл уақытта орталық жүйке жүйесінің дамуы аяқталады. Екінші сигнал жүйесі дамиды, жетіледі. Қан айналымы, оның қысымы, жүректің соғуы қалыптасады. Ол үлкендердің нормасымен сәйкес келеді.

Бұл жастың тағы бір ерекшелігі тканьдар мен органдардың жұмысы жақсарады. Сүйектердің, бұлшық еттердің күші артады. Бұл жастағылардың жалпы жұмыс қабілеті үлкендермен теңеседі.

Бұл жастағы мінездің қалыптасуы саналы мотивтердің күшеюі. Сондай-ақ мұнда жоғары сыныптарда мақсаткерлік, шешімділік, тұрақтылық өзіндік ерекшеліктер толысады. Адамгершілік сапалары қалыптасады: мақсат, өмірлік салт-сана, сенімділік, көрегендік, ақылдылық, т.б.

Бұл жастың маңыздылығы мен жауаптылығын ескере отырып, К.Д.Ушинский былай деп жазды, адам өмірінің 16 жастан 22-23 жас кезеңі шешуші кеезң деп айтамыз. Өйткені, бұл жаста адам өмірінің барлық кезеңі басталады. Бұлар болашақ өмір жолының бастауы, қайнар бұлағы болып есептеледі. Бұл жаста осылардың барлығын адам бойына енгізу, қамтамасыз ету негізгі мақсат болса керек.

Мектептегі кезең (7-10 жас) – жеке тұлға дамуының қарама-қарсы және едәуір күрделі кезеңі. Бала 1 – сыныпта өзінің дене бітімі және психикалық сапасына сәйкес мектепке дейінгі кезеңдегідей болса, ал 4 сыныпта өсу, белгілері айқындалып, белгілі бола бастайды. Бұл кезде оған тек объекті емес, тәрбиенің әсерлі субъектісі ретінде қарау керек.

Бұл жас денесі өсуінің біркелкі де тұрақты кезеңі. Бойының өсуінің және салмағының артуы, бұлшық еттің күші және төзімділігі. Өкпенің сыйымдылығы біркелкі болады және пропорционалды түрде қалыптасады. Жүрек бұлшық еттерінің  қанмен қамтамасыз етуі жақсарады, осының нәтижесінде жүрек төзімділігі артады, үлкен мида қажетті қан айналып үлгіреді. Сөйтіп, оның қызметі жақсара түседі.

Баланың ең басты іс-қимылы оқу қабілетін талап етеді. Іс-қимылдың әр түрлі және сапалы түрі қарастырылған жөн. Сөйтіп мектептегі кезеңде жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасу үрдісі жүреді.

Атақты американдық психолог, психоаналитик Эрик Эриксон индивидтің дүниеге келу сәтінен бастап оның өмірінің соңына дейінгі уақытты сегіз фазаға (кезеңге) бөледі де, (№3 кесте) тұлға дамуының позитивті және негативті жақтарына ерекше мән береді.

Кесте -2. Э.Эриксонның жасты кезеңдерге бөлу жүйесі

 

+ эгоиденттіліктің қорытынды  формасы,                                                                8-кезең

«өзін және өмірді қабылдау», ақылгөйлік,                                                кеш ересектік кезең

толыққанды өмір, өткен өмірге байыппен                                                  60 жастан кейін

баға беру, оған қанағаттану, қоғамға пайдалы

өмір сүргенін сезіну, жақындап қалған

ажалды салқынқандылықпен күту.

- өмірден түңілу, ызалану, өмірдің босқа 

өткеніне өкіну, уақыттың жылдам өтіп кеткеніне

мазасыздану, өзіне және өзгеге сенімін жоғалту,

егер мүмкіндік болса, өмірді қайтадан бастау,

келе жатқан өлімнен қорқу.

+ шығармашылық, сүйікті жұмыс, балаларды          7- кезең

тәрбиелеу, балаларға қамқор болу, өмірге қанағаттану,                  орта ересектік кезең

жемісті қызмет атқару, отбасындағы жағымды                                40, 45-60 жасқа дейін

психологиялық ахуал.

- рухани азғындық, тоқырау, кері кету, эгоизм

және эгоцентризм, жұмысының өнбеуі, ерте рухани

мүгедектік

+ жақындық, интимдік сезімі, адамдармен                                                    6-кезең

бірігу, махаббат және қызмет, бауырмалдылық,                            ерте  ересектік кезең

өзгелерге қол ұшын беру, өмірге бала әкелу, оларды                     20-40,45 жасқа дейін

тәрбиелеу, жеке өміріне қанағаттанушылық.

- оқшаулану, жалғыздық, жөнсіз, орынсыз мінез

достарының болмауы, психикалық ауытқулардың алғашқы

симптомдары.

+эгоиденттіліктің бүтін  формасы, өзіндік «менін» табу,                                         5-кезең

өзіне сену, адамдар арқылы өзін мойындау, мамандық                                        жыныстық

таңдау, кім боламын? өзін түрлі рөлдерде сынап көру,                                            толысу,                

                                                                                                                                 жеткіншектік,

оқу, құрдастарына бағына да білу, лидер бола да білу.                                       жасөспірімдік      

- иденттілік диффузиясы, уайым, жалғыздық, өзіндік                                                кезең

«менін» таба алмау, адамдардың қабылдамауы, «рөлдердің                                    11-20 жас

шатысуы», өткен мен келешекті айқындай алмау, өзін-өзі                                       аралығы

тану, бірақ өзгені елемеу, жыныстық рөлдің анық еместігі,

мораль нормаларын дұрыс қабылдамау.

+ өз-өзіне сенімділік, жетістік, еңбекқорлық,                                                             4-кезең

борыш, табыстарға ұмтылу, танымдық және                                                       орта балалық

 коммуникативтік дағдылардың  қарқынды дамуы.        кезең

- толымсыздық, өз күшіне  сенбеу, өзінің кемтарлығын сезіну,                             5-11 жас

күрделі тапсырманы орындаудан бас тарту, құлдық                                               аралығы

психология, конформдық тәртіп, еңбек дағдыларының

нашар дамуы.

+жоспарлылық, мақсатқа бағыттылық,                                                                      3-кезең

белсенділік, пысықтық, өзбеттілік, ашық қиял,                                                    ерте балалық

ересектерге еліктеу, қалыптық жыныстық                                                                 кезең

рөлге ену.                                                                                                                         3-5 жас

- инерттілік, еліктеушілік, кінә, еріншектік,                                                                аралығы

кертартпалық, инициативаның болмауы,

көреалмаушылықтың асқынған түрі, дұрыс

жыныстық рөлдің болмауы.

+жекелік, өзбеттілік, жинақтылық,                                                                              2-кезең

өзіне сенімділік, дербестік.                                                                                 кеш нәрестелік

- күдік, ұялу, басқаларға  тәуелділік, бала өзінің          1-3 жас

дәрменсіз, сал екенін сезінеді, тілі анық емес,         аралығы

өзінің кемтарлығын жасырады.

+өзгелерге сену, оптимизм, өмірге құштарлық,                                                          1-кезең

адамдарға деген сенімділік, өзара сүйіспеншілік,                                             ерте нәрестелік

ана мен баланың бірін-бірі қабылдауы, баланың                                                         кезең  

қарым-қатынасқа деген қажеттілігін                                                                            0-1 жас

қанағаттандыру.

-өзгелерге сенбеу, пессимизм, өлімге ұмтылу,

анасының мейіріміне қанағаттанбаушылық,

сенімсіздік, баланы елемеу, мойындамау,

сүйіспеншіліктің болмауы, мейірімсіздік,

нәрестені ерте емшектен шығару,

эмоционалдық шектеушілік.


 

Мұғалім оқушыларға білім беру арқылы олардың ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіреді, әрі ойлауын да дамытады. Бірақ, әзірше бастауыш сыныптан бастап-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету керек. Мұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетімен істейтін болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірден-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.

Ойлауды дамытуда оқудың алғашқы жылынан  бастап-ақ ашық жүзінде еркін және арнаулы тақырыпқа жазылатын шығармалар , есеп құрастыру, оның оңай жолын тауып шығару сықылды шығармашылық еңбектің маңызы зор. Балалар мектептен тыс кезінде көптеген хабарлар мен таныс болуы қажет (радио, теледидар, кино, жанұядағы әңгіме, кітаптар алып отырған біздің кезімізде). Мұғалім тіпті төменгі сынып оқушыларына сабақ өткізгенде, оқулықта жазылғандармен ғана шектеліп қана қоймауы керек. Кейде рас, дамыған заманымызда ғылым мен техниканың біздің өмірімізге не әкелетінін балалар дұрыс ұғынып түсінетіндей етіп, әңгіме өткізген де жақсы, білім молайған сайын адам ақыл-ойы дамитындығын есте ұстау керек.

Ойлау – ой әрекеті үрдісінде дамитындығын ұмытуға болмайды және балаларды логикалы сын көзбен қарай отырып ойлауға үйрету қажет. Оларды атқарған жұмысына өздігінен бқылау жасап, баға бере білу керек. Неге? Неліктен? Деген сұраққа жауап талап еткенде, мұғалім балаларды өз пікірлерін бір негізге сүйеніп, оны іс жүзінде тексеруде дұрыстығын дәлелдеп немесе өз пікірлерінің қате екенін мойындауға үйреткен жөн.

Бастауыш сыныптың өзінде-ақ балалар мұғалімге ғана сұрақ қоймай, өзіне де сұрақ қоюға үйреніп, оған өздігінен жауап беруге тырысып содан соң ойының дұрыстығын іс жүзінде не мұғаліммен әңгімелескенде тексере білудің мәні зор.

А.Н.Леонтьев адамзат ойлауының жоғарғы түрінің сипатын, әлеуметтік тәжірибенің, оның дамуының мүмкіншілігін атай келіп, былай деп жазды: «Адамның ойлауы қоғамнан тыс, тілден тыс, жинақталған адамзат білімінен тыс және олардан қалыптасқан ойлау іс-әрекетінің тәсілдерінен тыс өмір сүруі мүмкін емес.... Жекелеген адам тілді, ұғымдарды логиканы ғана меңгере отырып, ойлау субьектісі болып табылады». Ал ойлаудың тұжырымдамасын ұсынғанда, ол бойынша арасында ұқсастық қатынастар болатындығын дәлелдеді. Ішкі ойлау іс-әрекеті тек сыртқы, практикалық іс-әрекетінің туындысы болып қана қоймай, сондай құрылымға ие болады.

Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы балаларды оқыту және ақыл-ой дамуымен байланысты көптеген практикалық міндеттерді шешуге көмектесті. Оның негізінде оқытудың әртүрлі теориялары қалыптасты, атап айтқанда П.Я.Гальпериннің, Л.В.Занковтың, В.В.Давыдовтың теориялары. Олардың бәрі ойлауды дамыту теориялары деп қарастыруға болады.

Біздің елімізде оқыту үрдісінде практикалық түрде кеңінен еңгізілген теориялардың бірі – П.Я.Гальпериннің «Ақыл-ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру» теориясы Л.С.Выготскийдің белгілі қағидаларына және А.Н.Леонтьевтің ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы зерттеулеріне негізделеді. Бұл теориялардың мәні мынада: ішкі материалдық әрекеттер бірте-бірте ішкі ақыл-ой әрекетіне айналады (интериоризацияланады).

П.Я.Гальперин балалар интелектісін қалыптастыру теориясын талдады, ол теория оқыту психологиясының ғылыми тұрғыдан негізделген практикалық теориялардың бірі ретінде практикалық жағынан кеңінен қолдау тапты.

Оқыту және дамыту проблемасын талдауға Л.С.Выготский ерекше үлес қосты. Л.С.Выготскийдің және оның ғылыми мектебі қызметкерлерінің жалпы теориялық қағидаларымен зерттеулері оқыту дамуда жаңаның қалыптасуының қайнар көзі бола отырып, дамумен бірлікте оқыту дамудан озып отыруы қажет деген қорытындыға келеді.

Л.С.Выготский баланың ақыл-ой дамуының екі деңгейін – актуалды даму деңгейі және жақын арадағы даму аймағы, атап көрсетті. Ескі көзқарастан айырмашылығы, жақын арадағы даму аймағы туралы ілім қарама-қарсы қағиданы ұсынуға мүмкіншілік береді, тек ол дамудан ілгерілеп, алға озып отырса сондай оқыту жақсы болады. Оқытудың маңызды белгісі болып табылатын оқыту дамудың таяу арадағы аймағын жасайды, демек, баланы өмірге шақырады, дамуды, көптеген ішкі үрдістерін талпындырады және қозғалысқа келтіреді. Сонымен қатар сөйлеу мен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен, көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бұл түрі жануарларда болады). Кішкентай балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын қозғалыстар, ишара, мимика.

Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі кезеңі анық байқалады.

Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің ойынша да бұл кезеңде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиында түбірлі өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу-интеллектуалдық, ал ойлау-сөздік болады деген.

Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып табылатын баланың өзіндік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып табылады және сондай тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді. Әрбір интеллектуалдық міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді ойлаудың құралы ретінді пайдаланады. Практикалық тұрғыдан бала үшін сөздің мағынасы түсінікті болады. Бұл деректер тек қана ұғымдарды меңгерудің және ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табылады. Одан әрі бұл үрдіс, тереңдей отырып, біршама ұзақ мерзімге дейін, жеткіншек жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш іске асады. Бұл кезеңді Ж.Пиаже формалдық операциялардың дәуіріне жатқызған болатын, демек, ол жеткіншек жастағы кезең 11-12-ден 14-15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Ұғымдық ойлаудың дамуының бүкіл кезеңі адамның өмірінде шамамен 10 жылдай уақытты алады екен. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланысты. Ойдың тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері