Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Ойлау – өте күрделі және жан-жақты психикалық іс-әрекет, оны сипаттау оңай емес. Адамдардың ойлау іс-әрекетінің айырмашылығы ойлаудың әртүрлі салаларында аңғарылады. Олардың ішінде бірден-бір маңыздыларына жататындар-ойлаудың мазмұндылығы, тереңдігі, тездігі, икемділігі, белсенділігі, сын тұрғысынан кеңдігі және т.б.

Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның терендігі жатады.

Ойлаудың тереңдігі ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.

Ойлаудың мазмұндылығы мен тереңдігі ойдың кеңдігімен де өлшенеді.

Ойлауы өте кең адамдарды біз кей жағдайларда ойлау диапозоны жан-жақты ойлы адам ретінде білеміз.

Ойлаудың кеңдігі адамның тәжірибесіне, біліміне және онымен байланысты қызығуына тәуелді.

Ойлау өз бетімен жұмыс істеу дәрежесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Ойлаудың дербестігі дегеніміз – адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігінде, икемділігінде, жеке сын тұрғысынан қарауында.

Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.

Ойдың икемділігі міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.

Сын тұрғысынан ойлау ақиқат және жалған ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. «Сыни ойлау»-бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.

Ойдың ұшқырлығы қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Басқаларында ойлау әрекет жай іске асады.

Ойдың ұшқырлығы әр түрлі факторларға байланысты:

Біріншіден, ойлау үшін қажетті материалды есте сақтау беріктігіне және қайта жаңғырту жылдамдығына, оның ішінде ассоциативтік үрдістердің жылдамдығына, сезімдердің, зейіннің, қызығудың жүйке жүйесінің жағдайларына байланысты.

Екіншіден, ойдың ұшқырлығы біліміне, логикалық формаларды меңгеру дәрежесіне, ойлау қызметінің жаттығуларына, ойлау дағдыларының даму дәрежесіне байланысты.

Үшіншіден, ойдың ұшқырлығы жоғарыдағы жағдайлармен қатар шешуге тиісті міндеттердің сипатына, мазмұнына және қиындық дәрежесіне байланысты.

Кейде адам бернеше жылдар бойы сарылады. Мысалы, И.П.Павлов шартты рефлексті алу үшін 20жылдан астам уақытын ғылыми зерттеу жұмысына арнады. Көптеген ұлы адамдар, ғұлама ғалымдар, Ньютон, Павлов ойларының ұшқырлығымен ерекшеленеді.

Психологияда төмендегідей қарапайым және шартты түрде ойлаудың түрлерін жіктеу кездеседі:

- көрнекілік-әрекеттік;

- көрнекілік-бейнелік;

- дерексіз ойлау.

Көрнекілік-әрекеттік ойлау. Тарихи даму барысында адамдар алдында тұрған міндеттер алғашында практикалық іс-әрекет түрінде танылып, кейін одан теориялық іс-әрекет бөлініп шықты. Мысалы, алғашында адамдар жер бөліктерін өлшеуді практикалық түрде үйренді. Содан кейін осы практикалық іс-әрекет пен жинақталған білімдердің негізінде бірте-бірте жеке теориялық ғылым-геометрия қалыптасты және дамыды. Практикалық және теориялық іс-әрекет бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Практикалық іс-әрекеттің дамуы нәтижесінде одан өз алдына дербес теориялық ойлау әрекеті бөлініп шықты.

Көрнекті психологтар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн , Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Г.Ковалев, Г.С.Костюк, А.В.Петровский, А.И.Божевич, И.С.Кон жеке тұлғалық теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты.

Психологтардың және педагогтардың көпшілгінің пікірлері бойынша, тұлғалық генетикалық детерминдтелген сапасы – жеке тұлғаның даму жағдайында және биологиялық табиғи мүмкіншіліктерде үлкен рөл атқарады. Бұл ретте, адам биологиясының, жануарлар биологиясынан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін, сондай-ақ адамға тән арнаулы адамдық қажеттілікпен жеке қасиеттер туа пайда болады. Оған қарым-қатынас қажеттілігі жатады және қажеттілік жеке тұлғаның өзі болып саналу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

А.Н.Леонтьев пен Л.И.Божович сияқты жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін мотивациялық деңгейге жатқызады. Оның теориясының тағы бір маңызды түсінігі; «Жекелей ойлаушылық» болып табылады. Ол адамның қарым-қатынас мақсатын, оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және оның мотивтік ерекшелігін туғызатын жайларды анықтады. Жеке тұлғаның іс-қимылының әр түрлілігімен көптігі оның биік сипатты екендігін және ірі тұлғалылығын көрсетеді.

Жеке тұлғаның даму формалары:

1. Морфологиялық даму.

2. Физиологиялық даму.

3. Психологиялық даму.

4. Әлеуметтік даму.

Жеке тұлғаның дамуы морфологиялық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік формалар да болады; осы формалар арқылы жүргізіледі. Организмнің пісіп-жетілуі бірдей емес. Морфологиялық – физиологиялық дамудағы дисгармония т.б. адамның жеке дамуындағы кемшілікке ұштасады.

«Адамның дамуының онтогенетикалық үрдісі және оны қалыптастыратын биологиялық және әлеуметтік» факторлар, өзара байланыс жасау арқылы, сыртқы әсердің тиімділігін қамтамасыз ете отырып, ішкі қолайлы жағдайларды жасайды. Бұл жағдайда адамның анатомия-физиологиялық талабы тек ашылып қана қоймай, арнаулы іс-қимыл механизмдері арқылы дамуын қамтамасыз ететін ейродинамикалық және сенсорлы-перцептикалық үрдістер адам бойында жасалып, пайда болады. енді олар адамға тән қажетті жүйелерді және жеке психикалық қасиеттерді жасай отырып, адамды белсенді әлеуметтік прогресс қайраткері және онтогенез процесі кезінде кейбір жеке жүйелер мен топтардың және олардың құрауыштарының пропорционалды дамитынын да естен шығаруға болмайды. Сөйтіп, кейбір жеке жүйелер мен олардың пайда болуы қызметіне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, жеке тұлға дамуының диагностикасы кезінде, барлық жүйелер мен олардың құрауыштарын, жеке тұтас құрылым ретінде қарастыратынмызды да ұдайы ескеріп отыруға тиіспіз.

Дамудың морфологиялық формасы – адамның сыртқы белгілерінің дамуы, оның құрылысындағы анатомиялық өзгерістер. Мына сипаттамаларда бойы, денесінің салмағы, сүйектің мықтылығы, бұлшық еттің жиырылуы және күшті, қанның қысымы, өкпенің көлемі т.б. бір-бірімен тығыз байланысты. Біреуінің қызметінің бұзылуы басқалардың да өзгеруіне әсер етеді. Бұл параметрлер организмнің жұмыс істеуін қызметін тездетеді, кейбір жағдайларда теңестіріледі. Адам денесінің ірілігі – биохимиялық жағдайлардың жылдамдауына әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда адамның басқалармен ара-қатынасы өзгереді, кейде оның мінезінің қалыптан тыс екендігін де байқауға болады. Дененің ірілігі кейбір жағдайда адамның тамақ немесе киім сияқы материалдық жағдайларының да жеткілікті болуы талап етеді.

Физиологиялық форма – тыныс, қан айналым, жүйке жүйесінің қызметінің өзгеруі. Физиология – адамның ағзасының қызметін оны қоршаған ортамен ұдайы қатынасын, оның өзгеруін бақылайтын ғылым.

Практикалық педагогика дене бітімі дамуының заңдылықтарына сүйенеді:

1. Адамның дене бітімінің  дамуы, балалық шақта жүйелі де  сапалы жүреді. Адам есейген сайын  даму баяулайды.

2. Даму бір кезеңде  жылдам жүрсе, енді бірде баяу  жүреді.

3. Адамның әрбір жеке органы өзінің даму заңдылығының жүйелілігі сақтайды; тұтас алғанда дене бөлігі бірдей және пропорцияоналды дамымайды.

Дамудың психикалық формасы – психикалық үрдістегі өзгерістер және оның өзгеруін бақылау, есте сақтау мен қабылдаудың ұзақтығы, мінез ойлау ерекшелігі, сөз қоры және сөз дамуының деңгейі, т.б.

Әлеуметтік даму формасы. Кең көлемде алғанда бұл форма экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани дамудың жиынтығын көрсетеді. Демек, бүкіл қоғамда болып жатқан өзгерістерді айқындайды. Тар шеңбер алып қарасақ, әлеуметтік дамуды, әлеуметтік өзгерістерді ғана қамтиды. Әлеуметтік даму заңдары әр түрлі арасындағы әлеуметтік даму мен олардың берік байланысын көрсетеді. Адамдар арасындағы жеке байланысты, кейбір келіспеушілікті әлеуметтік мүдделі және әр түрлі мақсаттарға бағытталған ортақ қызметті бейнелейді.

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қазіргі даму  психологиясындағы жасты кезеңдерге  бөлудің негізгі жүйесі және  оның ойлау қабілеттілігінің  қалыптасуына ықпалы 

 

Жас кезеңдері – әрбір адамның дамуының қажетті стадиясы. Жас кезеңдері әр түрлі жастағы адамдардың даму және жетілу ерекшеліктеріне негізделген. Сондай-ақ ол әлеуметтік немесе танымдық тәжірибенің қызметіне байланысты өзгеріп отырады.

Жас кезеңдерінің өзгерістері жас ерекшелігіне  байланысты. Демек, жас ерекшелігі анатомия-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерді бейнелейді. Жас ерекшелігінің мәні – адамның дене бітімінің дамуымен байланысты. Адамның бойы, салмағы, тістерінің шығуы, жыныстық жетілуі, тағы басқа биологиялық үрдістерде ауытқушылық болмаса, көпшілігі жас кезеңін өсіп қалыптасады. Көпшілік жағдайда адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланысты. ал жас кезеңдеріне байлнанысты даму психикалық тығыз байланысты. Ал жас кезеңдеріне байланысты даму психикалық деңгейге тәуелді болады. бұл аса бір өзгеріске ұшыратпаса да, биологиялық немесе әлеуметтік дамуда жас ерекшеліктің рухани динамикалық формасын пайда етеді. Бұл адам дамуы сатыларының жаратылыстық ерекшеліктерін және жас ерекшелік кезеңдерін даралап, анықтап береді.

Кәсіптік даму жасқа қарай әсер ету, жеке тұлғаның тәбиелік деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді. Бұл деңгей көптеген факторларға баланысты. Олардың ішінде, жас ерекшелігіне, қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінің айтарлықтай маңызы зор. Адамның жеке тұлғалық дамуын зерттей отырып, олардың қоғаммен байланысы және өзара қарым-қатынасын, тәрбие үрдісінде әр түрлі жастағы адамдардың талаптанушылығы мен ұмтылушылығын және сұранысының мәліметтерін пайдалану қажет. Жас кезеңдері проблемаларын көптеген ғалымдар әр түрлі сипатта қарастырды.

Өмір циклінің басқа да көптеген сатылары, стадиясы бар. Герентологияда төмендегідей көптеген белестер мен баспалдақтарға, фазаларға бөледі.

1. Жастық шақ 12-17жас

2. Ерте есею жасы 17-25 жас 

3. Есейгендік 25-29 жас

4. Кеш жетілу 50-75 жас

5. Кәрілік 75 жас.

Кейбір саталық дамуда жас фазасы жыныстық күйге байланысты. Сондай-ақ, халықаралық симпозиумда қабыладнған жас кезеңі төмендегідей:

1. Нәрестелік кезең

2. Бөбектік кезең (1-3 жас),

3. Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас),

4. Балалық шақтың екінші кезеңі (8-12 жас ұл бала үшін, 6,8-10 жас қыз бала үшін)

5. Ересек жас (13-16 жас ұл  бала үшін 9-15 жас қыз бала үшін)

6. Жастық шақ (17-21 ерлер  үшін, 16-20 жас қыз балалар үшін)

7. Орта кезең

- бірінші кезең (22-35 жас  ерлер үшін, 21-35 әйелдер үшін),

- екінші кезең (36-60 жас  ерлер үшін, 36-75 әйелдер үшін)

- қарт адамдар (61-75 ерлер  үшін, 55-75 әйелдер үшін),.

Кәрілік кезең 74-90 әйел мен ер адам үшін ұзақ өмір сүрушілер 74-90 жас.

Нәрестелік кезең – (1 жасқа дейін) жеке тұлғаның жан-жақты дамуының алғы шарты. Сүйек, ткань, бұлшық ет жүйесі онша жетіле қоймаған, жүректің қызметі жүйке жүйесінің қызметі толық қалыптаспаған. Жүрек соғысы бір ритмді емес, тыныс алуы үстірт. Мидың үлкен сыңары әлі толық жетілмеген. Оның қызметті орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері атқарады.

Нәрестеге керегі ауа, тамақ, жылу, ұйқы. Бұлар шартсыз рефлекстің әсерімен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаға бағдарлану, біртіндеп күрделенеді, түйсік, қабылдау, көру сияқты танымның негізгі үрдістері дами бастайды. Мүмкіндігінше баланың үлкендермен қарым-қатынас формасы пайда болады, дамиды. Бір жас соңында нәрестеге сөйлей бастайды.

Бөбектік кезең (1-3жас) – дамудың секіріс кезеңі. Баланың жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды. 1-3 жас арасында бөбектерде қоршаған ортамен күн өткен сайын, белсенді танысушылық қалыптасады. Үлкендердің ілтипатын жылы жүрегін сезініп, ойын арқылы түсіне бастайды. Екі жасқа толған баланың ерекшелігі – еңбектен жүруге талпынады. Тілі шыға бастайды. Тілі шығып, үлкендермен қарым-қатынас жасауы, баланың психикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Ойын баланың басты іс-қимылы. Сол арқылы ол өзінің психикалық дамуын қамтамасыз етеді. Ойын баланың басты іс-қимылы. Сол арқылы ол өзінің психикалық дамуын қамтамасыз етеді. Ойын баланың басты іс-қимылы. Сол арқылы ол өзінің психикалық дамуын қамтамасыз етеді. Ортаның әсерін қабылдай отырып, нақты қозғалысқа бейімділігін арттырады.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері