Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа
Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды
КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77
Талдау мен біріктіру – ойлаудың аса маңызды әдістері. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл талдау болады да кейіннен осы бөліктерге белгілі тәртіппен құратырсақ, біріктіру болады.
Талдау мен біріктірудің негізінде салыстыру деп аталатын ой әдістері пайда болады. Салыстыруда ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.
Салыстыру – бұл заттар мен олардың жеке элементтерінінің , белгілерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты белгілеу. Оқушының оқу жұмысында салыстыру әдісі үлкен роль атқарады.
Мәселен, көбейту мен бөлуді, үшбұрыш пен тікбұрыш, тоғай мен орманды, құл иеленушілік қоғам мен феодалдық қоғамды оқушы салыстыру арқылы терең түсініктер алады. Зерттеулер мынаны көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларын заттардың бір-бірімен ұқсастығын бірден айыра алады, ертеде біз салыстыру барысында қосымша затты берсек. Егер үй жануарлары салынған сиыр, қой және ит оқушылар сиыр мен қойдың көптеген ұқсас белгілерін табады.
Бала үшін салыстырудың қиындығы мынада:
Біріншіден, ол «салыстыру» дегеннің не екенін мүлде білмейді;
Екіншіден, осы операцияны оның алдына қойылған мәселені шешудің өрісі ретінде пайдалана алмайды.
Бұл балалардың жауабынан көрінеді. Мәселен, алма мен шарды салыстыруға бола ма?- «Жоқ, болмайды», деп жауап береді бала, алманы жеуге болады, ал кішкене шар домалап кетеді, ал басқа біреуі жібін бос қоя берсең , ұшып кетеді. Сұрақ басқаша қойылған кезде : апельсин мен алманы жақсылап қарап ал да, олардың немес ұқсайтындығын айт «олардың екеуі де домалақ, екеуінде жейге болады». «Ал енді айтшы, олар несімен бір-біріне ұқсайды, олардағы өзгешелік қандай?»- Апельсиннің қабығы – қалың, ал алманікі – нәзік, апельсин сап-сары, ал алма көк және әмді болып келеді.
Демек, балаларды дұрыс салыстыруды қолдануға үйретуге болады екен. Абстракциялау – ойлау әдістерінің ең күрделі түрі.
Заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да боса, бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды абстракциялау деп атайды. Мәселен, адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралыайтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады. Мұнда «түс» абстрактылы болып табылады. Немесе айталық күш сападан маңыздырақ дейміз, бірақ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның күші ме, жануардың, машинаның күші ме, жерге тартылу күші ме, ол жағын түсіндіріп жатпауымызға болады. Мұндай «күш» абстрактылы ұғым болып табылады.
Абстракцияға қарам-қарсы үрдіс – нақтылау. Егер, біз бір затты айтсақ немесе ол заттың нақты белгісін атап көрсетсек, мұнда нақтылау деп аталатын үрдіс болады. Мәселен, бөлмедегі түсқағаздың жасыл түсті екендігі туралы немесе жолдасымыздың дене күші мықты екені туралды пікірімізді айтамыз. Бұл жағдайдың екеуінде де абстракты ұғымдар туралы жоғарыда келтірілген сөздері мен («түс», «күші») айтылса да, біз бұл жерде нақты ұғымдар жөнінде айтып отырамыз. Теориялық материалды дәлелдеуде нақтылаудың мәні күшті.
Қорыту: адамда ұғым «қорыту» яғни ортақ қасиеттері бар заттарды құбылыстарды ойша біріктіру нәтижесінде байқалады. Мысалы: «металл» деген ұғымды ойлау , бұл демек темірдің, болаттың, шойынның, мыстың ортақ белгілерін бөліп алып қарап, олардың бір қорыта айтылатын сөзге «металға» біріктіру болып табылады.
Ойлауды негізгі формалары – зат пен құбылыстардың байқалмайтын ішкі сырын, олардың маңызын, мәнін ашып отыруға тәе меншікті жұмыс. Солай боса шындықты үстірт емес, тереңірек, жан-жақты белгілеу ойлау үрдісінде ұғым арқылы іске асып отырады.
Ұғым – ойдың шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейнелейтін формасы.
Мәселен, жақтаулардан құралған төрт аяғы бар затты көрсек бұл заттың не үшін жасалғанын түсінеміз. Бізде «үстел» деген ұғым туады. Ұғымда жеке, нақты белгілері, мысалы, үстелдің түсі, оның мөлшері, жәшіктерінің бар-жоғы есепке алынбауы керек.
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мысалы: «Орал қаласы»; Қ.Мырзалиев дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» жалпы ұғым болады, кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «жиналыс» (студенттер жиналысы), «кітапхана» (балалар кітапханасы), т.б.
Ұғымды бір сөзбен айтуға болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі тепе-тең деп есептеуге болмайды. Біріншіден, бір ұғымның өзін бірнеше сөзбен айтуға болады. Мәселен, «ұшақ», «аэроплан» деген сөздер бір затты білдіреді. Екіншіден, бір сөздің өзі бірнеше ұғымды білдіреді. Мәселен, «ат» деген сөз «міндетін аттты», «не құсты атып түсіру» мағынасын білдіреді.
Заттар мен құбылыстар туралы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды пікір формасында да береміз. Мәселен , студент сынақ тапсырды.Оқушы есепті шығара алған жоқ.
Пікір – дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлдады не теріске шығады. Пікірде көбінесе ұғымның мазмұны ашылады бір немесе бірнеше пікірден қорытынды жасауға болады. Мәселен , біз екі пікір айтсақ, 4-сынып оқушылары-бәрі озат, Иманов – осы мектептің 4-сынып оқушысы. Біз бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, қорытынды жасаймыз. Демек, Иманов – озат оқушы. Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс пікірді айта білуге тәрбиелеу – зор педагогикалық мәні бар іс.
Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындысы дегеніміз – бұл пікір туғызу әдісі, мұнда бірқатар жеке фактілердің негізінде қорытынды жасалынады, жалпы пікір айтылады. Мәселен, үй жануарлары деген ұғымды меңгерумен байланысты оқушы сиырдың, жылқының, қойдың пайдалы екенін түсінеді. Бұдан жалпы бардық үй жануарлары пайдалы деген ой қорытындысы жасалынады.
Мынадай мысал келтірейік, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз. Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан.
Дедуктивтік пікірлеу индуктивтік пікірлерге қарама-қарсы келеді. Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз – бұл пікір туғызу әдісі, мұнда жалпы ережеден жеке қорытынды жасалады. Мәселен, денелердің қызған уақытта үлкейіп, кеңейетін заңдылығын білдің арқасында темір жол салушылар екі рельтің арасында жік қалдырады. Ой қорытындылары дұрыс пікірлерге қатаң негізгделетін ойлау үрдісі – сөздік (логикалық) ойлау деп , ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым-логика деп аталады.
Ойлау – танымдық процестердің барлык жұмысының мұраты; ақпаратты өңдеудің ақырғы, үшінші деңгейі. Ойлау баска танымдық процестердің барлық бұрмалауларын түзетеді.
Ойлауды әдетте психологияда адамның болмысты, оның мәнді байланыстары және қатынастары мен қоса, жанама және жалпылай бейнелеуі ретінде анықтайды. Сондықтан ойлаудың басты қызметі адам санасындағы әлем суретін жүйеге келтіруден тұрады. Егер солай болса, адам ойлау субъектісі болады, бұл танымдық үрдіс оның қажеттіліктерімен алдын ала белгіленген, ал нақты адам дүниетанымы оның кажеттілікті-түрткілік сферасымен қамтамасыз етіледі.
Ойлауды үрдіс ретінде, ал ойды сол үрдістің нәтижесі ретінде қарастыру қажет.
Ойлау үрдісі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:
- ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;
- мәселелерді шешу.
Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсасемес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру нәтижесінде субъектің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйренуі үрдісі.
Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақ мерзімді естесақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.
Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:
I-шешім - «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың болмауымен сипатталатын «бастапқыдан түсінікті болу» жағдайы - ой жұмысы болмауының көрсеткіші;
II-шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұскалардың ыктималдығын бағалауды белгілейді;
III-болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы;
Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуелгі бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;
IV-мәселенің шешілуі, яғни сұрақка жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.
Ойлау үрдісінің аталған сатылары шығармашылық ойлау үрдісінің сатыларымен өте ұқсас:
- дайындалу;
- пісіп жетілу;
- шабыттану;
- шынайылығын тексеру.
Ойлау үрдісі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:
- салыстыру – ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
- талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен кұрамдас элементтерге бөлу;
- синтез – бөлшектерді тұтас кұрылымға біріктіру;
- абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;
- нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.
Ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінде қамтылады. Ойлау құралдары ретінде алдыңғы ойлау үрдісінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Ұғым мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілі жақсы дамығандарда ойлау қабілетінің болуы женінде елес қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.
Ұғымның ойлау құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мәнімен беріледі. Ішкі жағы жағдайлық болып табылатын, әрі адамның кажеттіліктеріне байланысты болатын мағынамен беріледі.
Ойлаудың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға болады. Ойлау үрдісі адамда қандай да бір міндеті шешу, қандай да бір түсінікке байланысты қиындықтарды жецу қажетгілігі пайда болған кезде басталады. Басқаша айтқанда, ойлау өрхашанда сұрақ қоюдан басталады.
Өзіне немесе баскаға - «ойланып көруге» ұсыныс жасау арқылы ойлаудың белсенді жұмысын шақыра алмайды. Адамның алдында шешімін табу үшін «ойлануы» қажет сұрақ тұруы керек және адам осы сұрақты шешу қажеттілігін сезінуі керек.
Сондықтан ойлайтын адамның бірінші белгісі – шынымен сұрағы бар жерді көре алуы қажет. Өзбетімен дербес ойлана алмайтын адам үшін ешқандай сұрақ болмайды, және барлығы өз-өзінен түсінікті болып көрінеді. Білімді кез-келген кеңейту бұрын айқын болған жерлерден жаңа мәселелерді ашуды білдіреді, сол арқылы ойланып, өз бетімен жұмыс жасауға итермелейді.
Сұрақты тек «көру» ғана жеткіліксіз. Бұл сұрақтың неге байланысты екендігін толық саналау қажет. Міндетті шешудегі сәттілік, ен алдымен, сұрақтың дұрыс құрылғандығына байланысты. Міндетті түсіну – бұл, ең алдымен, кейде аз емес ойлау жұмысын талап ететін дұрыс сұрақ қою дегенді білдіреді. Ол жасалғанда, міндетті шешу жолындағы алғашқы қадам жасалады.
Сұрақты саналағаннан кейін міндетті шешу үрдісі жүреді. Міндеттің сипатына байланысты шешу үрдісі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Міндеттерді шешу кезінде неғұрлым қарапайым және көп кездесетін ойлау үрдісі міндеттердің қалай шешілу керектігі мен болжамдарды тексеру туралы жорамалдарда, яғни, болжамды қалыптастыруда көрінеді.
Көп міндеттерді шешу кезінде нәтижесін анықтау үшін, мида қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыратын ақыл-ой эксперименті маңызды рөл ойнайды. Әр түрлі техникалық және конструктивті міндеттерді шешу кезінде ақыл-ой экспериментінің мәні орасан зор. Ойша эксперимент жасай алмаса, автомобильдің бұзылған жерлерін жөндеу мүмкін емес. Компьютер ойындарында да ақыл-ой эксперименті маңызды рөлге ие. Ақыл-ой экспериментін жүзеге асыру қиял мен ойлаудың бірлескен іс-әрекетін болжайды: бір жағынан, жағдайды өзіне мүмкін боларлықтай нақты және көрнекі етіп ұсыну, екінші жағынан — осы жағдайдан шығу керек нәтиже туралы ой қорытындысын жасау керек.
Кез-келген міндетті сәтті шешудің шарты қажетті білімнің болуы болып табылады. Бірақ тек жалғыз білімнің болуы ғана жеткіліксіз. Білімді қажет сәтте жинақтап, икемдеп оны қолдана алуы кажет. Автомобильдің негізгі тетіктерінің жұмыс істеу принципін жақсы білуге болады, сонымен қатар біздің мысалымызда берілген міндеттерді шешуде өте әлсіз болуы мүмкін.
Білім мен оларды нақты міндеттер шешуде қолдана алу – ойдың продуктивті жұмысы мен интеллектіні дамытудың қажетті , алғышарттары.
Ойлау мен сөйлеудің өзара байланыс мәселесі психологиялық галым мен практиканың негізгі мәселелерінің бірі.
Біріншіден, адам сөйлеудің көмегімен өз ойларын бір-біріне жеткізеді. Сөйлеу адамдар арасындағы қатынастың құралы.
Екіншіден, адамдар сөйлеудің көмегімен ойланады. Сонымен, сөйлеу ойлау формасы болып табылады. Егер адам: «Сіз қай тілде ойланасыз?» деп сұраса ол ешқандай таң қалмастан: «қазақ тілінде», «орыс тілінде», «өзбек тілінде» және т.б. деп жауап береді.
Екі-үш тілді өте жақсы меңгерген адам осы тілдердің ішіндегі бірде бірінші тілмен, екіншіде тағы бір тілмен ойлана алады. Біз сөздермен ойланамыз. Қарым-қатынас құралы қызметін атқару үшін, сөйлеу басқа адамдардың көруі мен естуіне қолайлы қандай да бір сыртқы түсінікке ие болуы керек. Сырткы сөйлеуге қарағанда ойлаудың көмегімен болатын ішкі дауыссыз сөйлеу үрдісінің айырмашылығы ішкі сөйлеу деп аталады.
Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері