Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

       Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:  «Қазақстандағы  экологиялық туризмнің дамуы»

( ЖШС «Deus  Travel»  компаниясының  материялдары  негізінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

   

бет

КІРІСПЕ

3

1.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТУРИЗМНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

7

1.1

Экологиялық туризім  туралы  түсінік  және  оның Қазақстанның дамуындағы  рөлі

7

1.2

Экотуризмнің  қазіргі  заманғы  туризм  жіктеуіндегі  алатын  орны

17

1.3

Қоғам дамуындағы  экологиялық  туризмнің  ролі

22

2.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

31

2.1

Экологиялық  туризм дамуының  алғышарттары

31

2.2

Табиғат пен  қоршаған  ортаны сақтаудағы  экологиялық  туризмнің  рөлі

37

2.3

Экологиялық  туризмді  ұйымдасттырудың  Қазақстандық  тәжрибесі (DEUS  TRAVEL  компаниясының  тәжрибесі  негізінде)

46

3.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 

53

3.1

Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының  ресурстық  потенциялының  сипаттамасы

53

3.2

Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру

59

3.3

Алматы облысындағы  экологиялық  туризмді  дамыту перспективалары

64

ҚОРЫТЫНДЫ

69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

74

ҚОСЫМША

 

 

                                                  

                                                     КІРІСПЕ

          Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік шаруашылықтың алдыңғы қатарлы салаларының арасында туризмнің пайда болуы оның қоршаған орта және тұрақты табиғаты пайдаланудың жетістіктерімен өзара қарым-қатынастарын үлестіру қажеттігін туындатады. Бірден-бір салада (ауыл шаруашылығын қоспағанда) өндірістің жетістігі қоршаған ортаның жағдайына байланысты деген тығыз тәуелділік жоқ.

          Бүкіл     әлемдегі     экологиялық     жағдайдың     күрт    өзгерісі  әлемдік  шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

         «Экотуризм» термині тұрақты даму терминімен бір уақытта пайда болды. Экологиялық туризм әдемі ландшафтарға, олардың жабайы өсімдіктер мен аңдарына, солжердің мәдени этнографиялық ерекшеліктеріне сүйсіну (рақат алу) мақсатында адамның шаруашылық қызметінің қолы тимеген әрі ласталмаған табиғи аудандарына саяхат жасауды білдіреді. Сонымен қатар, ол экологиялық жүйелердің тұтастығын бұзбай, жергілікті тұрғындар үшін табиғатты қорғау пайдалы болатындай экономикалық жағдайларды туындатады.

          Осылайша, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи түйінді сақтауын, жергілікті тұрғындардың мүдделерін қанағаттандыра отырып, белгілі бір пайда әкелуін көздейді.                                           

          Экотуризмнің ажырамас сипаттамасы болып экологиялық білім беру табылады. Ол екі аспекті қамтиды:

1) ақпараттық - экологиялық заңдылықтар,  аймақтақ мәдениет пен   табиғаты, т.б. туралы білім алу;

2)  этикалық - экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен

дәстүрлі мәдениетті түсіну және құрметтеу, оларды сақтау қажеттілігін түсіну.

          Тақырыптың өзектілігі былай түсіндіріледі, бүкіл әлемде экологиялық туризмнің кең танымал екендігіне қарамастан, біздің елде жалпы экотуризм дегеніміз не  оны қалай дамыту керек, ол қандай табыс әкелетіндін бәрі біле бермейді. Қоршаған табиғи ортаның үдемелі деградациясының қазіргі дәуіріндегі экологиялық -туризмнің басты міндеті - табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың теңдігіне қол жеткізу. Экотуризмді дамыту. - туристік қызмет барысында экожүйеге теріс әсерлерді азайтудың жалғыз әрі жетілдірілген болып табылады.

         Бүгінгі таңда экологиялық туризм әлемдік туристік саланың жаңа және қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады.

         Табиғатты пайдалану модельдерінің ауысуы экотуризмнің дамуымен байланысты, ол табиғат пен мәдениетті қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға себепші  болады.

         Бүгінгі күні, әсіресе Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы тиімділігі жоғары туризм индустриясын көру міндетін шешу кезінде экологиялық туризмді дамыту мәселелерін қарастыру өзекті болып табылады. Республикамыздың территориясының көп бөлігін туристік мақсатта пайдалану ауылшаруашылық немесе өнеркәсптік мақсатта пайдалануға қарағанда табысты көбірек береді.

         Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының дамуындағы экологиялық туризмнің ролін анықтау (Алматы облысы мысалында).

         Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:

1)  Экологиялық туризмнің қарастылып , қазіргі туризмді  жіктеудегі  экологиялық туризмнің орнын анықтау.

2) Қазіргі экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайын бағалау (Алматы облысы мысалында);

3) Алматы облысының экологиялық туризмнің негізгі проблемалары мен даму перспективаларын анықтау.

         Зерттеу объектісі - Алматы облысы экотуризмнің рекреациялық ресурстары, пәні - Алматы облысы экотуризмін дамыту үшін рекреациялық ресурстарды аудандарға бөлу.

                                         Қорғалатын жағдайлар:

 -   Туризм     индустриясының     перспективті     бағыты     ретінде экологиялық  туризмнің ролін анықтау;                               

-    Экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайын зерттеу оны Алматы облысының территориясында ұйымдастыру мүмкіндіктерін талдауға жол береді;    

-    Жиынтық туристік-ресурстық потенциалды бағалау мен аудандарға бөлу негізінде экологиялық туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының перспективті аудандарын бөліп көрсету.

        Жұмыстың практикалық мәні мынада: оның нәтижелері сәйкес министрлер мен ведомстваларға, экологиялық туризмді дамыту проблемалары мен айналысатын туристік ұйымдарға ұсынылуы мүмкін. Материалдар мен теориялық жағдайларды жоғарғы оқу орындарында «Экологиялық туризм», «Туризм және табиғатты қорғау» оқу курстарын оқытуда пайдалануға болады.

        Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

        Кіріспеден зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, практикалық пәні мен түсіндірілген.

        Бірінші тарау «Экологиялық туризімнің теориялық негіздері» бөлімді қамтиды, онда ел дамуының қазіргі кезеңіндегі экологиялық туризмнің ролі қарастырылады.

         Екінші тарау «Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының қазіргі жағдайы» (Алматы облысы мысалында ) біздің еліміздегі, әсіресе Алматы облысындағы экологиялық туризмнің дамыту мүмкіндіктрін бағалау мәселелерін қарастырады. Мұнда еліміздегі экотуризмді дамыту қажеттігі, оның бүгінгі күндегі мүмкіндіктері түсіндіріледі.

         Үшінші тарауда «Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары» ресурстық потенциалға сипаттама беріліп, экологиялық туризмді дамыту мақсатында оларды бағалау жүргізіледі жұмыс барысында карталар әзірленіп, олардың негізінде экологиялық туризмді дамыту үшін перспективті  аудандар айқындалды.

Қорытындыда автордың ұсыныстары мен негізгі түйіндер көрсетілген.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

                       

 

 

 

 

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1.    Экологиялық     туризм    туралы    түсінік    және    оның          Қазақстанның     дамуындағы   рөлі

           Қоршаған ортаның жағдайының нашарлауына байланысты әлемдік шаруашылық барлық сфераларында табиғи ресурстарды пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу жүргізуде. Олардың басты ерекшлігі - қоршаған ортаға деген зянды азайту.

           Туризм аясында түбірлі өзгерістер жүріп жатыр. Жыл сайын күшейіп келе жатқан турисік миграция табиғи ортаға қауіп төндіріп отыр. Бұл қауіптер танымал демалыс орталарында адамдардың шамадан тыс шоғырланудың нәтижесінде ландшафттардың жойылуынан, қоқыстар мен қалдықтардың жиналуынан, транспорт құралдарымен динамика тудыратын шудан көрінеді. Ауа мен судың ластануында туризмнің моторлануы үлкен орын алады. Экологиялық талаптарды есепке алмай жаппай туризмді дамыту табиғи кешендерді біртіндеп деградациялануына әкеледі.                                                                                                                   

Рекреациялық  территорялардың деграциялану себептерінің бірі болып туристік ұсыныстың туристік сұраныстан артта қалуы табылады яғни объектілердің түрлілігі мен саны жоспардаға рекреациялық саланың жеткілікті деңгейде дамымауы әдетке айналған және бұрыннан белгілі аудандарда демалушылардың шамадан көп шоғырлануына әкеледі. Осыған байланысты көптеген елдерде туристік ағымды жоспарлық территориялық ұйымдастыру жүзеге асырылады, бұл табиғи кешендердегі теңдікті қамтамасыз ететін туризмнің осындай түрін дамытуға себепші болады. Туризмнің бұл түрі «Экологиялық туризм» деген атқа ие болды.

            Туризмнің дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі экологиялық туризм ұғымы арқылы  түсіндіріледі.

             Біздің елде жалпы, экотуризм деген не, оны қалай дамыту керек және ол қандай табыс әкелетіндігін көбі біле бермейді. Қазіргі кезеңіндегі экологиялық туризмнің басты мақсаты - табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың тереңдігіне қол жеткізу.

          Алайда,   бүгінгі күнге дейін адам мен табиғит арасындағы өзар қарым-қатынастың тұрақты механизмдерін анықтаудың нақты критерйлері әлі табылған жоқ, сондықтан қоршаған ортаға қатысты қандай-да бір қызмет туралы сөз қозғағанда абай болып, оның салдарын зерттеп, қателіктерді тез анықтау керек.

          Экологиялық туризмнің атағының таралуы осы қызметтерге деген сұраныстың артуы мен табиғатты қорғау қажеттілігінің шиеленісуінің үйлесуі мен анықталады. Экожүйелерді сақтау қажеттігін ескере отырып, экотуризм алаңының   эколгиялық   теңдігін   ұстап   тұрудың   қайталанбас   мүмкіндіктерін  ұсынады.

         Туризмнің осы саласының қызмет сферасын түсіну үшін, ең алдымен оның анықтамасына қатысты нақтылықтармен қамтамасыз ету керек. Экологиялық туризмнің анықтамасы әлі де даму үстінде, ол табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға саяхаттауға және жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсарту жағдайларын қалыптастыруға арналған ұсыныстарды қамтиды. Экотуризмнің түрлі анықтамалары бар. Кейбір мәліметтер бойынша «экотуризм» термині 1987 жылы Hector Ceballo-Lascurain енгізіп, келесі анықтаманы ұсынады:

        Бұл әдемі ландшафттарға, оның жабайы аңдары мен өсімдіктері мен, басқа да мәдени ерекшеліктері мен сүйсінуге, тануға, таңдауға арналған объектілері бар қол тимеген және ласталмаған табиғи аудандарға қатысты саяхаттарды қамтиды.

        Кейін келе, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамы экотуризмнің өзгертілген анықтамасын ұсынады. Соған сәйкес, экологиялық туризм - жердің табиғи және мәдени - этнографиялық ерекшеліктерімен танысу мақсаттарында жақсы сақталған табиғи ортаға қатысты аудандарға саяхатты білдіреді. Бірақ ол экологиялық жүйелердің тұтастығын бұзбайды және жергілікті тұрғындар үшін табиғатты қорғау пайдалы болып табылатын экономикалық жағдайларды қалыптастырады. Біздің ойымызша, осы анықтама экотуризмнің мәнін толық аша түседі. Бірақ 1993 жылы  Экотуризм қоғамы ұсынған анықтаманың тағы бір нұсқасы бар: «Бұл қоршаған ортаны сақтайтын және жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсартатын салалары». Басқаша айтқанда, экотуризм - бұл табиғаттың сақталуына себепші болатын қозғалыс.[10]

          Экологиялық туризм мақсаттары әртүрлі ағымдарды қатиды: ғылыми зерттеуді жүргізуден бастап демалыс күндеріндегі қысқа мерзімді демалыстарға дейін. Кейбір экотуристік қайталанбас өсімдіктер қауымдастығы, мәселен, жаздағы гүлденген тундра немесе өлі табиғат объектілері (коньондар, үңгірлер және т.б.) қызықтырады. Басқалары өздерінің бос уақыттарын Мексика жағалауына жұмыртқалайтын теңіз тасбақалары мен қолтырауындарды бақылау мен өткізеді. Үшіншілері -ғаламның алыс жерлеріндегі құстар мен сүтқоректілердің санағын жүргізеді. Шығыс Африка мен Азиядағы ірі жыртқыштар мен тұяқтыларды бақылауға деген қызығушылық жоғары.                             

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы