Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

        Жақында ғана пайда болған экологиялық туризм тұрақты дамуға  өту кезінде, болашақта приоритетті бағыттардың біріне айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.    Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны.

         Туристік саяхаттар - бұл адамның белгілі  бар қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі. Адамның қоршаған ортасын тану үрдісі саяхаттармен тұрақты байланыста болатындығын атап өту керек.

          Қозғалыс - туризмге тән қасиет. Сонау ерте заманның өзінде саудалық байланысты орнату қажеттігі адамдарды бейтаныс жерлерге саяхаттауға итермелейді. Мұндай саяхаттар сауданың дамуы, қатар қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, адамдардың қоршаған әлемі туралы танымының кеңейуіне ықпал етеді. Үлкен масштабтағы әлемдік шаруашылық байланыстардың белсендендірілген халықтың қозғалысын ұлғайтып, туризмнің, дамуының жеделдеуіне себепші болады.

          Миллиондаған адамдар жаңа жерлерді көру, табиғаттың сұлулығына тамсану, таудың таза ауасымен немесе орман ауасымен демалыу, ұлттармен қатынасын байыту, қалаларды, мәдениет пен өнердің көп ғасырлық ескерткіштерін көру мақсатында саяхаттайды. Бүгінгі әлемде белгілі бір деңгейде туризмде билік етпейтін ел жоқ. Жыл сайын 4 милиардтан астам адам өзінің кем дегенде 5-6 күндік уақытын өзінің тұрғылықты жерінен тыс өткізеді. Осы санның жартысынан көбі демалу мақсатында, ширегінен көп - ерекшелік мақсатта, 5 - 6% -халықаралық конгерестер, симпозиумдарға қатысушылар, 10-15% - өздерінің туған - туыстарына бару мақсатында саяхаттайды.

        Осылайша, туризм қазіргі адамның тұрмысына тығыз әсер етеді. Қоғамның өмірінің әлеуіметтік және экономикалық жағдайына әсер ете отырып, ол одан әрі күрделі және көпқырлы құбылысқа айнала түседі. Сондықтан осы зерттеу кешенді жан – жақты тәсілдерді талап етеді. Бүгін де онымен географтар, экологтар, экономистер, социологтар, архитекторлар, дәрігерлер және білімнің басқа салаларының мамандары айналысуда. Дегенмен, туризм - бұл көп жағдайда кеңістік құбылыс, ол кеңістік көріністегі табиғи және әлеуметтік үрдістерді қарастыратын географиямен тығыз байланысты.

        «Туризм» ұғымы кең мағыналы әрі сыйымды  болып табылады. Әдебиеттерде оның түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Үлкен кеңістік энциклопедиясында туризмге келесі анықтама берілген: «Бұл бос уақыттағы саяхат «сапар белсенді демалыстың бір түрі». 1963 жылы Халықаралық туризм мен сапарлар бойынша. БҰҰ-нің Римдегі конференциясында Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының (БТҰ) танымал анықтама қабылданды. Соған сәйкес: «Туризм - бұл адамдардың өздерінің тұрғылықты жерінен сауықтыру, бос уақыттағы мүшелерді қанағаттандыру немесе кәсіби іскерлік мақсатта уақытша кетудің барлық  формаларының орта атауы».                     

         Туризмнің атағы тек оның демалыстың барлық түрлерінің ішіндегі  ең әмбебаптылығымен ғана емес, оның адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру   мүмкіндігін беруімен түсіндіріледі. Бұл дегеніміз, туризмнің мемлекеттік және экономикалық көзқарастар тұрғысынан маңызы зор, ел экономикасының дамуына оң ықпал етеді.

         Қазіргі  әлемде туризм әр түрлі елдер арасындағы мәдени алмасу жұмысында оң орын алады. Оны дамыту өнеркәсіп  дамыған, дамушы елдердегі маңызды әлеуметтік - экономикалық проблемеларды шешуге себепші болады. Әсерлердің импорты мен экспорты халықтың жұмысбастылығының басты көзі болып табылады. Әлем көшбасшылары туризмнің дамуын XX ғасыр стратегиялық және экономикалық жоспарда приоритеті жоғары деп есептейді. Әлемдік эканомиканың бірден - бір саласы туризм сияқты тұрақты емес.[22]

        Әлемнің  көптеген елдерінде ол мемлекеттің ұлттық табысының деңгейі мен құрылымына, оның төлем балансына маңызды ықпал етеді. Туризм - бұл туристік фирма үшін де, мемлекет үшін де табысты бизнес, мемлекет оның дамуына өз саясаты арқылы себепші болады.

        Туризмге деген қызығушылық кеңірек масштабта арта бастады.

         БҰҰ-ң жорамалы бойынша халықаралық туристік сапалар саны 2000 жылы  -   миллионды  құрап, 2010 жылы - 1 миллиард, ал 2020 жылы - 1 миллиард 600 миллионға жетеді дейді.

        Халықаралық туризмнің дамуының жобаланған динамикасы туризмнің атағының одар әрі өсе түсетіндігіне куә болады. Қазіргі туризмнің жаңа әрі қарқынды дамушы бағыттарының бірі болып экотуризм табылады.

         Экотуризм, туристік қызметтің дәстүрлі түрлеріне қарағанда келесі белгілермен сипатталады:

- экотризмнің негізгі объектілері ретінде қайталанбас табиғи көрікті жерлердің болуымен;

- туристік индустриясының жоспарлы дамыту негізінде табиғи және мәдени потенциялының сарқылмай пайдалануымен;

- экотуризмнің басты міндеттерінің бірі болып табылатын экологиялық ойлауды қалыптастыру және экологиялық білімді ұйымдастыру.

        Бүгінгі туризм әртүрлі формалар мен қатынастарда байқалып, оны жіктеудің қажеттігін туындатады.

        Туризмді жіктеу туризм индустриясын жоспарлау мен территориялық ұйымдастыруда үлкен мәнге ие.

        Жіктеудің мәні: әртүрлі типтері бойынша  келу туризмі, шығу туризмі, ішкі туризм  түрлерін бөліп көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте 2005-2006 жылдар аралығындағы  туризм типтері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны *

Қызмет көрсетілген

субъектілер атаулары

 

Барлығы

(мың.адам)

                       Соның   ішінде

Келу туризмі

(мың.адам)

Шығу туризмі

(мың.адам)

Ішкі 

туризм

(мың.адам)

Барлығы

10999,8

4291,0

3915,0

2793,8

Туристік фирмалар

292,7

31,3

154,9

106,5

Жеке кәсіпкерлер

62,3

1,9

15,2

45,2

Орналастыру объектілері

1034,2

219,7

-

814,5

Санаторлық-курорттық  мекемелер

165,9

55,3

-

110,6

Мәдениет мекемелері

2330,8

776,9

-

1553,9




       16- әдебиет көзі бойынша есептелген

 

        Туризмді келесі көрсеткіштер бойынша жіктеуге болады: қозғалыс әдістері, мақсаттары, ұйымдастыру сипаты, сапардың мерзімі мен ұзақтығы, қатысушылардың жасы мен әлеуметтік топтар, туристік ағындардың қарқындылығы, қаржыландыру көзі, сапардың қашықтығы, маршруттарда туристерді орңаластыру әдістері және т.б.

        Туризмнің түрлері мен типтері алуысыу түрлері. Олар бірқатар факторларға байланысты, әсіресе:

а)   бос уақытың болуы және ұзақтығы;

б)  адамдардың жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, рухани даму деңгейі, жеке талғамдары мен материалдық жағдайы;

в) табиғат жағдайдың әртүрлілігі мен маусымдығы;

г) орын алмастыру құралдарының болуы.

        Туризмің әрбір түрлі өзіндік қажеттіліктерімен сипатталып, осы қажеттіліктерді қанағатандыру үшін қызметтердің белгілі бір жиынын қамтиды.       

        Туристік ағымның сипаты мен мақсаты бағыты көзқарасы тұрғысынан туризмді келесі класстарға бөледі:

1. Ішкі туризм (түрлерімен) - жергілікті, аймақтық және аймақаралық - бұл азаматтардың шекарадан тыс шықпай, өз елінің ішінде сяхаттауы.

2. Халықаралық (шетелдік) туризм (түрлерімен) - континентшілік, континент аралық және жер шарын айнала саяхаттау - бұл азаматтардың өз елі шекарасынан тыс, бір елден басқа елге саяхаттауы. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсатпен басқа елге келуі. Мұндай бөліну халықаралық туризмнің тағы басқа екі түрімен - шығу және кіру - байланысты, олар туристік ағымның бағытына байланысты ажыратылады. Бір турист бір уақытта кіруші және шығушы болып жіктелуі мүмкін емес Туристің саяхаттау мақсатында тастап кететін өз елі мен оның келетін елі ажыратылады. Бірінші жағдайда - шығу, екінші жағдайда - кіру туризмі туралы сөз қозғалды.

           Қазіргі туризмде жіктеуде саяхаттың мақсаты маңызды орын алады, ол өз кезінде туристік материалдың мүмкіндіктерімен, оның денсаулық жағдайымен, жасымен, кәсібімен, мәдени деңгейімен анықталады. Алайда, саяхаттай отырып, турист өз алдына бірқатар мақсаттар қояды. Бірақ туристің жеке қажеттіліктеріне сәйкес, олардың біреуі басым болады.

          Қазіргі туризмді жіктеу туристік шаруашылықты территориялық ұйымдастыру оның туристік қызметтің жеке түрлеріне деген сұранысын анықтау және т.б. бірқатар проблемаларды шешіп, солардың негізінде туризмнің материалдық техникалық базасының даму жоспарын әзірлейді.

          Қазіргі туризмді жіктеуде экологиялық туризм экскурсиялық туризм шегінде қарастырылады. Ал экскурсиялық туризм - бұл табиғи, тарихи – мәдени көрікті жерлермен танысу мақсатындағы сапарлар, ол экологиялық туризмге де тән.               

            Жоғарыда атап өткеніміздей, экологиялық туризм. - бұл табиғи күйінде жақсы сақталған жерлерге саяхаттау, бірақ басты назардың объектісі болып жабайы табғат табылатын сапарлардың жеке категориясын бөліп көрсету мүмкін емес.

               Сондықтан көптеген авторлар экотуризмді өзінің мүдделері мен қаржылық қолдануында жергілікті халықтың мәдениетін, архитектурасын дәстүрлерін қамтиды, табиғатқа бағытталған туризм түрінде қарастырады. Осыған байланысты экологиялық туризмнің бірінші түрін бөліп көрсетеді: табиғи, жасыл, агротуризм. Фототехника мен фототехнологияның кең дамуы фототуристердің қажеттігін қанағаттандырады. Саяхаттардың осыған ұқсас барлық түрлерін келесі  аталған жағдайларға экологиялық туризм ретінде қарастырсақ қателеспейтін шығармыз.    

- жабайы табиғат объектісінің басымдығы және оларға ұқыпты қарау;

- табиғи  экожүйелердің тереңдігін сақтау үшін туризмнен түсетін табысты міндетті пайдалану бағытын қолдау[17].

 

1.3.     Қоғам  дамуындағы экологиялық туризмнің рөлі.

         Экологиялық туризм қоршаған ортаға жақын туризм секторы болғандықтан, экотуризм табиғи әлемге сырттай қарауға негізделгендігі туралы анық сеніммен айтуға болады. Мұндай туристік өнімдер биологиялық түрлері көп әрі қоршаған ортасы бұзылмаған ұлттық парктері, мемелкеттік және меншік қорықтары бар өзінің ұлттық мәдениетін сақтаған халқы бар оңтүстік жарты шардың елдерінде шоғырланған. Бұл Оңтүстік Америка және Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдер. Солтүстік жарты шардың елдері экотуристермен жабдықтайтын нарықтарға ие. Оларға Солтүстік Америка, және Еуропа елдері жатады.

         Тұрақты дамуға өту кезінде экотуризм туризмнің басқа да түрлеріне қарағанда экономикалық теңдікті қмтамасыз етеді.

Әлемнің макроаймақтарының қоршаған ортасымен экономикалық даму деңгейі әр түрлі болуына байланысты, дамушы және дамыған елдерге тұрақты дамуға өтудің өзіндік ерекшеліктері тән.

          Дамушы елдерде тұрақтылықты алғы шарты болып экономикалық даму табылады. Мұндағы табиғи территориялар аудандардың көп бөлігі табиғи күйінде сақталған немесе дамыған елдерге қарағанда антропгендік жерлерге аз   ұшыраған.      

          Әсіресе  тиімділігі аз ауыл шаруашылығының қарқынды шаруашылық қызметімен қамтылған территориялар көп өзгеріске ұшырайды. Осы елдердің экономикалык дамуы ғана қоршаған ортаға деген антропогендік ауыртпалықтарды төмендетіп, ғаламның экологиялық балансын ұстап тұру үшін маңызды табиғи жерлер мен бүкіл әлемдік мұра болып табылатын дәстүрлі мәдениетті сақтауға көмектеседі. Адами және әлеуметтік капиталдың өсуі – демалушы елорда экономикалық тәуелділіктен босататын шарттардың бірі бұларсыз экономикалық даму мүмкін емес.

          Дамыған елдер өзінің экономикалық қуатына, кейін келе қоршаған ортаның өзгерісі себебінен адам дамуының жоғарға деңгейіне қол жеткізеді. Бұл елдерде адам қолы тимеген жерлердің аз ғана үлесі сақталды. Табиғи ортаның өзгерісі ең алдымен сапалы тұрмыс деңгейінен экономикалық молшылықтың артуынан көрінеді. Сондықтан ландшафттарды қалпына келтіру, мүмкіндігінше оларды қолдау үлкен маңызға ие. Бұл ауылды жерлердің дамуына тікелей тәуелді болады.

           Осылайша, дамушы елдер табиғи капиталға ие болғанмен, олардың тұрмыс халін жақсарту мақсатында пайдаланудың тиімділігі  төмен. Дамыған елдер адами және әлеуметтік капиталға бай, ал қоршаған ортадағы тапшылықты дамушы елдердегі белсенді экотуристік қызметпен толықтырады. Дамыған елдердеп табиғи орта дамушы елдерге қарағанда тұрақтылғы төмен болып келеді. Керісінше дамыған елдерде әлеуметтік орта жоғары тұрақтылыққа ие[9].

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы