Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа
Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.
КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША
Жоғарыда атап өткендей, «экотуризм», термині тұрмысқа жақында ғана енеді, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын пайда болды XIX ғасыр басында еуропалық жабайы өмірді көру мақсатында Африка мен Индияға саяхаттаған. Алғашқы ұйымдасқан американдық ондитологиялық турлар XX жүзжылдықтың бірінші жартысында орын алса, Еуропадағы алғашқы орнитологиялық сапалар 1961 жылы туындады. Бүгін де экотуризм әрбір елде бірдей деңгейде дамуда.
Экотуризмнің туристік қызметтің дербес түрі ретінде қалыптасуы мен бөлінуімен қатар, оның туризмнің басқа түрлері мен жақындасуы байқалады. Жаппай туристік қозғлыста табиғатқа деген ұмтылыс байқалады. Суға түсу демалысы, круиз, іскерлік сапарлар кезінде табиғи немесе ұлттық - этнографиялық парктерге, қорықтарға жиі барып тұруға болады. Экотуризмнің шекарасы айқын емес, сондықтан сипаттау өте қиын. Бірақ, туризммен байланысты құбылыстардң тұтас жиынтығынан экологиялық секторды бөліп алудың екі тәсілі бар[11].
Біріншісі туризмнің негізгі объектісі ретінде жабайы табиғаттың болуымен түсіндіріледі. Көптеген авторлар табиғит пен дәстүрлі мәдениет арасындағы шекараны жүргізудің күрделілігін атап өтеді, соңғысын табиғат пен бірге экотуризмнің объектілеріне енгізген. Осыған қарамастан бұл ұғымның мәні әліде толық ашыла түспеді. Табиғатта демалу мақсатындағы туризм өте кең таралған. Бұл әсіресе дамыған елдерге тән, онда экотуристік қызметтегрге деген үдемелі сұраныс тарихи-мәдени мұраларға бару, ауылды жердің табиғатында демалу есебінен қанағаттандырылады. Осыған байланысты мұндай туризм экологиялық қатарларда есептелік, табиғатты қорғау, дәстүрлер мен экономикалық дамуды экологиязациялауда оның мәні шешуші болып табылады. Мұндай туризмнің мысалы ретінде агротуризмді атауға болады.
Екінші тәсіл бірінші орынға экотуризмді қояды, зкотуризм дәстүрлі туризмге қарағанда табиғи ресурс сыйымдылығынсыз болып келетін,қолданылатын табиғи және басқа да ресурстардың деграциялануына әкелмейтін туризм. Бұл жағдайда «экологиялық» термині, «тұрақты» терминмен теңестіріледі, ал туризм объектілері табиғи, тіпті жасанды да болуы мүмкін.[13]
Осылайша, экологиялық туризмнің шекарасын нақтылау өте қиын. Табиғи бағытталған (объектілер бойынша) туризм ресурстарды тұрақты пайдалануды қалай болса солай жүргізу, қажетті басқару мен жоспарлаудың жоқтығына қарамастан дамуы мүмкін. Мұндай тәжірибе «экотуризм» терминінің беделін түсіреді. Туристік технологиялық тізбектің (транспорт, тұрмыстық қызмет көрсету және туризм объектілерімен танысу бойынша қызметтер) «тік интеграция» деп аталтын жағдайдағы қоршаған ортаға деген әсерді бағалау үшін осы үш буынды есепке алу керек. Мысалы, транспорттық қызметтерді табиғи бағытталған туризмге жатқызу оңай емес. Дәстүрлі түрде тұрақты деп есептелетін туризм болашақта жорамалданбаған теріс салдарға әкелуі мүмкін сол себепті жоғарыда аталған екі тәсілді үйлестііру керек 1 кестеде тұрақты дамудағы экотуризмнің ролін бағалау үшін «экологиялық» терминін түсіндіретін туризм көрсетілген.
Алынатын пайда ресурстарды жаңарту (сақтау) және өндіріс үрдісінің қоршаған ортға және ресурстардың сапасына теріс әсерін жою кезінде туризмнің тұрақтылығына қол жеткізуге болады. Әйтпесе ресурстардың деграциясынан құтылу мүмкін емес. Мұнда қоршаған орта мен ресурстар кең мағынасында түсіндіріліп, табиғи және антропогендік компоненттерді де қамтиды.
Экотуризмнің ажырамас сипаты - бұл экологиялық білім. Осы екі аспектті қамтиды:
1) ақпараттық - территориялық табиғат пен мәдениет, экологиялық заңдылықтар туралы білім алу;
1- кесте Экотуризм тұрақтылығын бағалау
Экотуризм объектілері Туризмнің тұрақтылығының градациялары |
Жабайы табиғат |
Жасанды табиғат |
Тұрақты |
Жағымды |
Жағымдылығы аздау |
Тұрақсыз |
Жағымдылығы аздау |
Мүлдем жағымсыз |
[7]
2) Этикалық - экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен дәстүрлі мәдениетін құрметтеу, оларды сақтау қажеттігін түсіну.
Осылайша, экологиялық туризмнің объектілері болып тірі және өлі табиғаттың түрлі көріністері, дәстүрлі мәдениет пен мәдени мұралар табылады. Экотуристердің ұсынатын негізі мақсаттары - объектілерді тану, табиғатта демалу, спорттық туризм. Бұл туризмнің танымдық және белсенді демалыспен байланысты элементтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Экологиялық туризм - соңғы он жылдықта бүкіл әлемде кең таралған, қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұған экотуризмді дамыту бойынша белгілі халықаралық ұйымдар; жабайы табиғаттың бүкіл әлемдік қоры (WWF), табиғат пен табиғат ресурстарын қорғаудың халықаралық одағы (JUCN) куә болады.
Сонымем қатар халықаралық және аймақтық деңгейде экотуризмді дамыту жөнінде конгресстер, семинарлар, симпозициялар өткізіліп, туризм түрлерінен экологиялық туризмді таңдаған фирмалар саны өсіп келеді.
Экотуризмнің беделінің өсуі тек қоршаған орта жағдайының нашарлауымен ғана емес, сонымен бірге адамның тіршілік ортасының жедел өзгеруімен, жүйке-психологиялық жүйкелері мен байлнысты болады.
Кейбір бағалаулар бойынша, әлемдік туризмнің тұтас нарығының 20%-ға жуығы экотуризмнің үлесіне тиеді екен.
Әдеттегі туризм мен экотуризмнің арасындағы айырмашылық неде?
Біріншіден, экотуризм бұл - табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге бару. Мұндай жерлерге қорықтар, ұлттық табиғи парктер және т.б. Қорғалатын табиғи территориялар жатады.
Екіншіден, экотуризм ең таза табиғат тұтынушысы болып табылады. Экотуристердің табиғатты эксплутациялау технологиясы мынадай: олар пайдалы ресурстардың көп бөлігін көру арқылы (табиғи көрікті жерлерді көру, пейзажға сүйсіну, өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау), есту арқылы (құстардың әнін, судың сылдырын, жапырақтардың сыбдырын), иіс сезу арқылы (ормандар мен шалғындардьң иісі), сезу арқылы (өзен суының салқындығы) алады. Осы себепке байланысты экотуризм әлемнің ерекше қорғалатын табиғи территориясы ООПТ шегінде табиғат - ресурстарын пайдаланудың жалғыз түріне айналды.
Үшіншіден, экотуризм ООПТ-дағы туристік тәртібін қатаң регламенттеп, тәртіптің аса қатаң ережлері (турист гид-аудармашымен бірге арнайы жолмен жүру керек, өсімдіктерді жұлмау керек, шуламауы тиіс және т.б.) айқындайды. Оларды орындау экологиялық туризмнің сәтті дамуының шарты боп табылады.
Төртіншіден, экотуризм ұлттық салт - дәстүрлерді жандандыруға себепші болатын ұлттық өнер түрлерін, қолөнерді дамыту арқылы, сонымен қатар қызмет көрсетуші персонал ретінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсарту мүмкіндігін береді. Мұның бәрі халыққа белгілі бір табыс әкелетін, оның әлеуметтік - экономикалық дамуына себепші болады.
Экотуризмнің жаппай туризмнен ерекшеленетін өзгешіліктер сияқты экотуристер де жаппай туристерден ерекшеленеді. Жаппай туристер жеке немесе ұйымдасқан түрде атақты жерлер, көп жағдайда өз елі шегінде саяхаттайды. Ал экотуристер адам көп өзгеріс енгізбеген жерлерге барады, олар шектелген қолайлылыққа және саяхаттың қарапайым шарттарына төзімдірек келеді.[6]
Бірқатар авторлар экотуристерді мүдделерінің деңгейіне байланысты топтастырады; Мысалы, Lindberg (1991 жыл) экотуристердің 4 тобын бөліп көрсетті:
- бірінші топқа табиғат өмірін зерттеумен айналысатын ғылыми зерттеушілер, білім мекемелерінің мүшелері жатады;
- екінші топты берілген жердің тарихын тану, жабайы табиғаттың өмірін бақылау мақсатында қорғалатын табиғи территоряларға сапар шегетін туристер құрайды;
- үшінші топқа ерекше саяхат жасау үшін табиғаттың алыс түкпірлеріне баратын адамдар жатады;
- төртінші топқа табиғатқа
баруды үлкен сапалардың
Экологиялық туризм кеңістік құбылыс ретінде түсіндріледі. Оның дамуы экологиялық маршруттар өтетін жерлердегі халық қоныстанған жерлердегі инфрақұрылымының жақсаруына, халықтың жұмысбастылығының өсуіне себепші болады. Нәтижесінде табиғатты қорғау қорының тұрақты көзіне айналады.
ООПТ-ң қолдауымен экотуризм табиғатты қорғауға үлкен үлес қосады, бұл ғаламдағы экологиялық теңдікті ұстап тұруда үлкен орын алады. Бірақ табиғи территорияларына тек өндірістің дамуы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге туризмнің қарқынды дамуына байланысты келушілердің қаптауы нәтижесінде ластану қаупі туындап отыр.
Қайталанбайтын үрдістерді туындататын экологиялық дағдарыс табиғи сұлулықтың тез жойылуына себепші болады. Руссо дұрыс айтқан: адамның қолы тигеннің бәрі өз құндылығын жоғалтады. Жабайы табиғаттың сұлулығы тек қорықтарда, ұлттық парктерде, қорғалатын ландшафттрда, аймақтық ландшафттық парктерде және т.б. қорғалатын аймақтарда қорғалатындай күн туады. Бұның сирек және жоғалуға жақын өсімдіктері мен жануарлары бар қайталанбас ландшафттарды қорғау міндеті қойылса, бүгінгі күні - экологиялық туризмді дамытуға негіз болатын, табиғи ландшафттардың рекреациялық, мәдени - тарихи қасиеттерін дамыту және қалпына келтіру міндеттері қойылған.
Сонымен бірге қатаң қорғалатын жерлерде сақталған табиғаттың бүкіл қайталанбас ерекшелігін адамдарға көрсетіп, соның мысалында адамдарды табиғатты мәпелеп ұстауға тәрбиелеу керек.
Қазіргі туризмнің барлық түрлерінің ішінде экологиялық туризм ғана жоғарыда аталған міндеттерді шешуге қабілетті. Туризмнің бағыттарының бірі бола отырып, экологиялық туризм қоршаған ортаға аса жақын. Сондықтан ол «адам-табиғат» жүйесіндегі дұрыс қатынастарды қалыптастырудың жалғыз байланыстырушы буыны болып табылады.
Мысалы: АҚШ-тың қорықтары мен ұлттық парктерінде келушілердің ландшафттық стетикалық түсінуін жақсарту үшін табиғатты түсіндірудің арнайы әдістемесін әзірледі. Оның көмегімен қорық немесе ұлттық парк қызметі келушілерге паріктің, оның табиғи және мәдени ортасының «тілін» аударып береді.
Экотуризм экологиялық білімі мен тәрбиесіне себепші болады.
Экотуризмдегі экологиялық білім беру және тәрбиелеу үрдісінің ерекшелігі: ол өнегелі ғибратты емес, ақпаратты, қоршаған ортадағы мінез - құлық нормаларын мәжбүрлі емес негізде құрылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экологиялық туризм сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануаларды қорғаумен байланысты.
Экологиялық туризмде экономикалық даму перспективалары бар екендігін атап өткен дұрыс. Туристік ағымның өсуі әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануда өз үлесін қосады: - ғаламның ресурстарын аса тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін үрдіс.
Экологиялық туризм адам мен табиғат арасындағы дұрыс қатынасты қалыптастыруга себепші болумен қатар туристерді қабылдаушы ел үшін шетелдік валюта түсімінің бір көзі болып табылады.
Экологиялық туризмнің географиясына келсек, ол дәстүрлі туризмнің географиясынан ерекшеленеді. Негізгі халықаралық туристік ағымдар дамыған елдерден дамушы елдерге бағытталады. Соңғысының туризм саласында экологиялық туризмнің үлесі жоғары, себебі Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде ішкі экотуризм кең таралған.
Экологиялық туризм табиғи объектілермен бірге, туристердің мүдделері шеңберіне мәдени және архитектуралық мұра объектілерін, тұрғындардың мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтиды.
Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп сипаттауға болады. Себебі экотуризм – бұл жақсы сақталса әрі табиғи жағдайы жақсы жерлерге тек табиғи, мәдени-тарихи жерлермен танысу үшін ғана емес, сонымен бірге қазіргі және болашақ ұрпақ үшін жақсы күйде сақтаумен байланысты сапарлар. Бұл экотуризмді туризмнің басқа түрлерінен өзгешелейтін басты ерекшелік.
Экологиялық туризм жаппай туризмге балама ретінде жиі қарастырылады, бүгін де ол бүкіл әлемде қандайда бір деңгейде дамып келе жатқан туристік қызметтің аса динамикалық және преспективті формасы болып табылады. Кейбір елдерде экотуризм экономиканың маңызды саласы бола отырып, туризмнің ірі секторы болып табылады, басқа елдерде бұл табиғатты қорғау құралы.
Біздің елде тек экологиялық туризмнің даму перспективалары туралы ғана айтуға болады Қазастанның биологиялық және ландшафттық түрлерге бай және жалпы әлемдік мәнге ие. Сондықтан осы табиғат ескерткіштерін сақтау үшін, мемлекеттік және мемлекеттік емес, қоғамдық, аймақтық, халықаралық ұйымдардың, ассоциациясының күш жігерін біріктіру керек.[15]
Республикамызда ООПТ мәртебесі жоқ, қатаң бақылаудағы үлкен ғылыми табиғат түзу мәніне ие бірқатар қайталанбас табиғат кешендері бар. Халыктың әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашарлауы нәтижесінде, экотуризмді дамыту мен биологиялық түрлілігін сақтау көзқарасы тұрғысынан құнды жерлерді шаруашылық қажеттіліктерге беру қаупі туындайды. Осыған байланысты Республикамызда «Батыс Тянь-Шаньның биотүрлілігін сақтау», «Экотуризмді дамыту мен биотүрлілікті сақтаудағы қоғамның рөлін күшейту» сияқты әртүрлі семинарлар өткізіледі. Мұнда бар актілерге өзгертулер мен түзетулер енгізіп, жаңа ұсыныстар қабылданады.
Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы