Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

       Сонымен   қатар облыстың  қай  бұрышына  барсақта  өзіндік  табиғаты  әсем, жері  құнарлы , орман-тоғай, суға  бай жерлері көптеп  саналады.

       Жалпы   Көлсай  көлінің  аты өткен  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  тұсында  таныла  бастады.  Оның   ең бірінші  ашылуына  атсалысқан  және  себепкер  болған  сол  кездегі  мемлекет  басшысы   Дінмұхамеед  Қонаев еді. 

Көлсай  көліне  алғаш 1968  жылы чех  форелінің   шабақтарын  жіберген, ол  тез  арада  көбейіп  ,  ұсақ  балықтарды  жойып  жіберді. Оның жергілікті  суға  бейімделгені  соншалық  1972 жылы салмағы 12  келіге  дейін жетіпті. Осыдан  кейін  бастауын  мұздықтардан алып  жатқан  Көлсай  көлі  ерекше  назарға  алына  бастады.

          «Көлсай  көлдеріне»  Қайыңды, Саты, Өріктінің басындағы көлдермен қатар Көлсайдың үш  көлі  кіреді. Бұл солтүстіктен – оңтүстікке  дейін 100 шақырымдай  жерді алып  жатыр. Ұлттық  парктың қазіргі жер көлемі -161 мың 45 гектар. Мұның ішінде  босалқы жер - 96 мың 330 гектар , орман  қоры - 64   мың 715 гектар қалғаны сулы  жерлер.

           Бүгінгі  күні дүние  жүзі  бойынша ұлттық  табыс табудың  басты  көзі-туризмді  дамыту  болып  отыр. Ол үшін  бізге ең  бірінші  ифрақұрылымды  жақсарту  керек. Туристердің  қабылдауға  жан-жақтылы  жағдай туғызу  қажет.  Осы  бағытта  республикалық  бюджеттен  жол  жөндеуге  8-9 миллиард  теңгеге  жуық  ақша бөлінген . Мысалы, «Жібек  жолы» компаниясы бірнеше жылдан  бері  осы жерде туризмді  дамыту   мақсатында жұмыс істеп келеді . Оның  жақсы  жағы да , кемшілігіде  бар. Себебі, бұл  туризм –ғылыми  негізінде  жүйелі  жасалған  туризм  емес, жабайы  туризм  болды. Демалушылар әртүрлі жолмен  келеді, олардың  артында небір тазармаған  жерлер қалды. Біздің  негізгі мақсат, алдымын қоқыстан  орман – тоғайлар  мен су  жидектерін   тазарту.[16]

        Сонымен  қатар,  көптеген  жағдайларда клиенттермен  жұмыс істеу қағидалары  дегеніміз -  ақыл-ой  парасаттылық  болып табылады , алайда  көптеген  жағдайларда осы жұмыстың   клиенттің бизнесіне әкелетін  (теріс және оң ) әсері мен салдарлары жеткілікті  түсіндірілмейді.  Кім болсада- шағын қонақ  үйінің    қожайыны , гид, аспазшы, жүргізуші  немесе  басшы  барлығыда  экотуризм  бизнесінің өкілдері  болып табылады. Сондықтан да бұл   семинардың  мақсаты – клиенттер мен тиімді  жұмыс істеудің  қағидаларын талдап  шығып,  жақсы қызмет  көрсету  жөнінде практикалық ұсыныстар  жасау  болып  табылады.

 

                 

3- кесте «Саты» ауылдық аймағындағы  тренингтің бағдарламасы

     Уақыты

Тақырыбы

14.00-14.20

Келу, тіркелу, қатысушылармен  танысу

Тренингтің  мақсаттары  мен  міндеттері

14.20-15.00

 Қонақжайлық  негіздері:

        - Негізгі  түсініктер

        - Қонақжайлықтың  құрамдас бөліктері 

         (тұру,тамақтану, көлік, ойын-сауық) 

        - Клиенттерді  бөлу

15.00-15.45

Қызмет  көрсету негіздері:

        - Клиенттермен  жұмыс істеу негіздері

        - Біздің қонақтарымыз және олардың  күткендері

        - Жақсы қызмет көрсетудің 10 қағидасы

        - Жақсы және жаман  қызмет

        - Қиын жағдайларды шешу

        - Клиенттердің пікірімен ойлары  

15.45-16.00

Кофе – брейк

16.00-17.30

Топпен  талқылау:

         - Клиент деген кім?

         - Қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен әдістері   

17.30-18.00

Бірнеше кеңес:

         - Жұмыстағы салмақтылық

         - Қарым-қатынас

         - Көмекке даярлық

         - Дипломатия 

    18.00

Талқылау. Сұрақтарға жауап  беру. Тренингке баға

беру бойынша сауалнама жүргізу. Қорытынды




    

  

4-кесте. «Deus Travel»  компаниясының «Саты»  ауылы аймағындағы клиенттердің  жұмыс істеу барысындағы 2006  жылғы табыс көрсеткіштері

  

 

Аты-жөні

 

 

Туристер

саны

(ад / күн)

             Тапқан   табыс

Тұр-

атын

орын

Тамақ-тану

Қазақ үйден

(25)%

Бар-

лығы 

Жансуанов  Ділдә

46

36300

41400

3356

81056

Амиров  Есжан

37

29550

33300

1773

64623

Баймырза-ұлы  Сейсенбай

47

37350

42300

3356

103006

Үмбеталиев Қайрат

20

15000

18000

1928

34928

Темиров  Төлеппек

41

32250

36900

3356

72506

Мырқасымов  Жанғали

26

20400

23400

1928

45728

Темирхан

22

33000

19800

1928

52800

Қазақ – үй  лагері

(Байсуанов  Бақтыбек)

47

17625

42300

0

59925

Барлығы

286

221475

257400

17625

520572




        Ұлттық  парктің  және  бір  бағыты  шеттен  инвесторлар  тарту.  Бұл  тек  ұлттық  парктің  мүдесі  үшін  емес  ауданның  бюджетін көтеругеде  үлкен  септігін  тигізетін  болады.  Үкіметтің  арнайы  қаулысы бойынша  ендігі  жерде ұлттық  парктің аумағына  кіретіндер 0,2 пайыз, яғни, бір айлық есеп көрсеткіші бойынша 218 теңге көлемінде ақы төлеп кіреді Түскен қаржы салық органдары арқылы мемлекеттік бюджетке кетеді . Басқа қызметтер белгілі  тариф , калкулация бойынша  іске асырылады. 

        Сонымен қатар ұлтттық парктер де  қорықтар сияқты сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және көбейту, сондай-ақ табиғи құндылығы жоғары ландшафтарды сақтап қалуға бағыт алып жұмыстар атқарады. Алайда қорықтардан айырмашылығы көп жағдайда оларда арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілмейді. Екінші принцип бойынша айтылатын нәрсе-ұлттық паріктер, әсіресе табиғи бағытта құрылған ұлттық  паріктер үлкен аумақтарды қамтиды. Сондықтан табиғатты қорғау жинағынан да , туристік мақсаттар бойынша да ұлттық паріктер әр түрлі табиғи ландшафтарда болғаны дұрыс . 

 

5-кесте. 2005-2006 жылғы мемлекеттік табиғи қорықтардың жануарлар мен өсімдіктер әлемі[12]

 

 

Табиғи қорықтар атауы

                              Түрлер  саны

аңдар

құстар

өсімдіктер

балықтар

«Қорғалжын мемлекеттік  табиғиқорығы»

41

319

350

14

«Алматы мемлекеттік  табиғи қорығы»

39

170

965

-

«Алакөл мемлекеттік  табиғи қорығы»

16

137

246

17

«Батыс-Алтай мемлекеттік  табиғи қорығы

52

129

824

2

«Марқакөл мемлекеттік табиғиқорығы»

58

260

935

6

«Наурыз мемлекеттік  табиғи қорығы»

44

280

687

10

«Барсакелмес мемлекеттік  табиғи қорығы»

23

175

256

3

«Үстірт мемлекеттік  табиғи қорығы»

27

111

261

5

«Ақсу-Жабағлы мемлекеттік  табиғи қорығы»

52

267

1312

5


 

 

6-кесте. 2005-2006 жылғы мемлекеттік табиғи ұлттық парктердегі жануарлар мен өсімдіктер[13].

Табиғи ұлттық парктер  атауы 

                       Түрлер саны

аңдар

құстар

өсімдіктер

балықтар

«Бурабай мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

32

223

757

15

«Көкшетау мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

47

216

800

22

«Іле-Алатау мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі 

47

148

1870

8

«Алтын-Емел мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

41

155

1800

30

«Чарын- каньоны мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

24

111

56

10

«Катон-Қарағай мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

65

284

1000

30

«Қарқаралы мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

40

114

124

8

«Баянауыл мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі»

14

54

438

8


 

         Жоғарыда айтылғандай кешенді  ұлттық паркің ,мысалы, Алматы облысының   Іле өзенінің атырауында құруға болады, өйткені бұл жер табиғатын қорғауды қажетететін экологиялық дағдарыс алдындағы жер, екіншіден әр түрлі ландшафтар- тоғайлар, көлдер, шөлейттер кездеседі

        Сонымен қатар бұл жерде ұлттық парк құру біріншіден табиғи ортаны сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан туристік топтарды тартуды қамтамасыз етуі тиіс.

 

3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3.1.  Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы  Алматы облысының  ресурстық потенциялының сипаттамасы

      

           Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. 1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған облысының қосылуына байланысты оның ауданы екі есе өсіп, 224 мың шаршы щақырымды құрайды. Облыстың халқының саны - 1700 мың адам (Алматы қаласын қоспағанда).

         Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан. Ол шығысында Қытаймен, Қырғызстан Республикасымен, оңтүстік батысында - Жамбыл облысымен, солтүстік шығысында - Шығыс Қазақстан облысымен шектеседі.

        Облысы территориясының оңтүстіғінде Тянь-Шань тау жүйесі, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы және оның жалғасы Кетмен жотасы, ал шығысына Жоңғар Алтауы орналасқан. Облыстың солтүстігін оңтүстік Балқаштың шөлді жазықтығы алып жатыр. Мұндай географиялық жағдайы оның табиғатының әртүрлілігін көрсетеді: рельеф, климат, топырақ - өсімдік, жабайы жануарлар әлемі. Алматы облысының территориясында мұздықтардан бастап шөлдерге дейін барлық ландшафттар бар. Облыстың солтүстігінде әлемнің ерекше көлдерінің бірі - Балқаш орналасқан, оның бір бөлігі - тұзды, екінші бөлігі  - тұщы.

          Алматы  облысының климаты континентті, бұл оның Еуразия материгінің тереңінде, ашық теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасуымен түсіндіріледі.

          Жер асты және жер бетіндегі су бірқалыпты бөлінбеген.

           Ірі өзендерге жататындар: Іле, Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Тентек және т.б.

Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Үлкен Алматы көлі;

Су қоймалары:  Қапшағай, Бартоғай, Құрты.

          Туристік- рекреациялық ресурстар өзінде табиғи және антропогендік (мәдени) ландщафттарды үйлестіреді.[14]

          Табиғи рекреациялық ресурстар - бұл белгілі бір уақыт аралығында адамның белгілі бір континентін сауықтыру мен демалысын ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар рекреациялық қызмет үшін қолайлы қасиеттерге ие табиғат құбылыстар мен табиғи геожүйелер.               

          Антропогенді рекреациялық ресурстар  бұл мәдени - табиғи объектілер (ескерткіштер, мұражайлар және т.с.с.) мен құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т.с.с).

           Мәдени - тарихи ресурстарға архитектура, тарихи және археологиялық ескерткіштері жердің этнографиялық ерекшеліктер, экологиялық туризм көзқарасы тұрғысынан қызығушылық тудыратын халық мәдениеті элементтері.

          Туризмнің негізгі ұғымдарының бірі болып жердің немесе объектінің «туристік тартымдылығы» табылады. Қандай да бір жердің тартымдылығы қолайлы тариғи жағдай мен тарихи көрікті жерлермен ғана емес, сонымен - бірге дамыған туристік шаруашылықтың (туризм инфрақұрылымы) болуымен анықталады.  

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы