Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

        Сонымен қатар, Алматы облысында экотуризмді дамыту үшін жарамды және өзінің табиғи - реакциялық потенциялы бойынша қайталанбас, адам қолы тимеген шаруашылық қызмет территориялары бар.

         Экотуризмді дамыту мәселесімен айналысатын мекемелер экологиялық маршруттарды құру жобаларын әзірлеп, Қазақстанның ұлттық парктері мен қорықтарында экотуризмді ұйымдастыру мүккіндіктеріне қатысты жұмыстарды орындайды. Мысалы, экологиялық орталық «ООПТ-дағы экологиялық туризмді дамытуды ақпаратпен қамтамасыз ету», «ООПТ желісін дамыту» қайталанбас табиғи объектілерін әлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу үшін ұлттық кадастрды құру»; Ғаламдық экологиялық қор «Батыс Тянь-Шаньдағы шекаралық диотирлерді сақтау» жобасының дайындық фазасын жүзеге асырада; «Экопроект»ЖШС «Жетісудің туристік рекреациялық ресурстарыньщ картасын» эзірледі. Осы аталған жұмыстар қорғалатын табиғи территорияладаа экологиялық туризмді дамытуды көздейді.

           Бірақ Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы әлі бастапқы кезеңде, оның себептері әлеуметтік - экономикалық қиындықтармен материалды техникалық құралдарының жетіспеуімен, ООПТ жүйеміздің ерекшелігімен түсіндіріледі.

        Экотуризмнің басты міндеттері:                       

- экологиялық білім беру, табиғатпен қатынас мәдениетін көтеру, табиғи ортадағы экологиялық мінез -. құлық нормаларын әзірлеу, әрбір адамды табиғаттың тағдырына деген жеке жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу;

-  адамның  рухани және физикалық күшін қалпына келтіру;

- табиғатгы қорғау, табиғи ортаға деген зиянды азайту;

- мемлекет пен жеке аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуына қолдау көрсету.

          Көптеген шет мемлекеттердің экологиялық туризмді дамытуда тәжірибесі мол болуына қарамастан Алматы облысында бүгінгі күнге дейін экотуризмді дамытудың халықаралық тәжірибесі жоқ. Біздің ойымызша, егер Алматы облысындағы, сондай-ақ тұтас елдегі экологиялық туризмді дамытуға халықаралық ұйымдар қолдау көрсетсе, онда бұл проблеманы шешуге болады.

         Ұлттық парк территориясында қоршаған ортаны қорғауда экскурсияларды ұйымдастыру мен экологиялық  білім беру үлкен маңызға ие. Ұлттық паркке келген туристерді парктің функцияларымен, ол нені қорғайды, не үшін қызмет етеді, шекарасы қандай, сонымен қатар парк территориясындағы тәртіп ережелерімен таныстыру керек. Табиғи парктердегі тәртіп ережелерін қамтитын нақты әзірленген ақпараттық бағдарлама парк зонасы шегінде экологиялық туризмді дамытудың басты элементі болып табылады.  Әдетте туризмнің кез келген түрі қоршаған табиғи ортаға теріс әсер етеді.    Экологиялық   туризм         жағдайында    бұл    әсерлер    табиғи    парк территориясындағы жабдықталған маршруттардың болу есебінен минимумға түсіріледі. Келушілердің мүдделеріне сәйкес мұндай маршруттардың ұзақтығы мен мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін.[7]

        Экотуризм объектісі ретінде ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланудан түсетін табыстың жартысы келесі аталғандарға міндетті түрде, бөлінуі керек:

- ООПТ территориясын күтіп ұстауға;

- экотуризм  инфрақүрылымын,  маршруттық  жолдардың  жабдықтарын қатысу орталықтарын дамытуға;                                                     

- табиғи  ескерткіштер мен табиғи ортаны қалпына келтруге;

- білім беру қызметіне гидтарды дайындауға.

            Биологиялық түрді сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі мынадан көрінеді: экотуристер барған жердің қорғаушысы болып өздері табылады. Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, экотуристер өздері барған жердің табиғтын қорғау үшін барлық күш - жігері мен уақытын жұмсауға әрқашан дайын. Көптеген туристік ұйымдар баспа, радио, теледидар, ғылымдар мен экологтарды шақыруды қаржы құралдары іздеуді ұйымдастыра отырып, туристер баратын жерлердің экологиялық теңдік жағдайын ұстап отырады. Нәтижесінде экотуристер осындай туристік сапарлар кезінде өз достарын, жанұя мүшелерін көндіре отырып, табиғи ортаны сақтауға қолдау  көрсетеді. Егер қолдау отандық туристер тарапынан шыққанда, онда мұндай қолдаудың біздің ел үшін маңызы зор болатын еді.

Кейбір экотуристер (көбінесе ауқатты адамдар) қорық жерлерін аралағаннан кейін, белгілі бір қаржылық құралдар бөле отырып, табиғи түрлердің Американың көптеген елдерінде, сонымен қатар Африканың кейбір елдерінде табағатты қорғаудың меншіктік қызметі сынақтан өтуде.

          Жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасын сақтау бүкіл әлемде көптеген   жер   меншік   табиғи   қорықтардың   құрылуына   әкеледі.   Экология көзқарасы тарапынан  мұндай қорықтардың маңызы зор, себебі олар әлемдегі табиғи ресурстарды сақтау ісіне қосымша үлес қосады. Мысалы, Африканың көптеген елдерінде келесі жағдай кең таралған: ранно иелері өз жерінің жартысын ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне, ал қалған бөлігі жабайы табиғатты сақтау және оны көрсетуге арнайды.[15]

            Біздің  ойымызша экология мен туризмнің үйлесімділігі  туралы, нақтырақ ООПТ жерінде туризмнің дамуы туралы сұрақ  туындауы мүмкін.қорғалатын жерлердің басты мақсаты — биологиялық түрлерді сақтау, ал туризмнің кез-келген түрінің дамуы ООПТ-ң міндеттеріне қайшы келуі мүмкін. Сондықтан ОӨПТ жеріндегі туризмге рұқсат беру туралы шешім мемелекеттің деңгейде қабыллдану керек. Мұндай жағдайда ООПТ-ң біреуінде табиғатты қорғау сипатзалады, яғни экотуризмді ұйымдастыруға болады, сәйкесінше туристер үшін барлық жағдайлар жасалып, туристердің осы қорықтар мен табиғат ескерткіштеріне бару ниетіне белсенді қолдау көрсетілуі керек. Басқа ООПТ туристер үшін мүлдем жабық болуы мүмін.

          Қорғалатын табиғи территорияларды басқарудың тиімді құралды болып зоналау -табылады. Әдетте зоналу үрдісі ООПТ-ң қызмет ету жобасына енгізіледі, қорықтың немесе ұлттық парктің басшылығы олардың жұмысының жүру барысына бақылау жасай алады. Зоналардың көмегімен кез келген тәртіп бұзушылықты немесе жабайы табиғатқа күшпен енуді минимумға әкелетіндей етіп туризмді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, адамның кез-келген күшпен енуі табиғатқа теріс әсер ететін көбею немесе осал жерлерде туризм мүлдем қабыл алмайды. Қабылдалатын және тұрақты туризм зонаның биологиялық қасиеттеріне, табиғи түрлердің осалдығына, экономикалық және адам ресурстарын байланысты болуы мүмкін. Сонымен бірге мамандар баратын жердің туризімнің ауыртпалықтарына қарсы тұру қабілетін бағалау керек. Бұл келісушілердің санын есепке алуға, қажет болған жағдайда туристік ағынды тоқтауға мүмкіндік береді.

          Ал осылайша, экономикалық және табиғат қорғау қызметтерінің түрі ретінде экологиялық қызметтің үлкен потенциялы сәйкес мемелекеттік басқару мен реттеу жағдайында ғана жүзеге асыруға болады. Экотуризім жабайы табғатты сақтаудан қаржылық және ұйымдық пайда әкелу үшін, табиғат объектілерін эксплутациялу   құнын   және   туристерге  көрсетілген   қызметтердің   құнын  көрсететін бағалау саясаты болуы керек.

- туристердің баратын  жері табиғаттың қызықты компонентерінің  болуымен сипатталу керек, яғни келушілерді тартуға қабілетті және қайталанбас болуы керек;           

- қорғалатын территориялардың басшылығы ООПТ жерінде тұрақты туризмді енгізу мен әзірлеуде заңды өкілеттікке ие болу керек;

- адамдардың төлем қабілеттігін, мөлшері экотуризмді пайдалану шағындарынада тәуелді болатын салықтарды жинауды ескеретін баға белгілеу   саясатын әзірлеу керек.

            Нәтижесінде барлық келіп түскен ақша құралдары қорғалатын табиғи жерлер мен елдердегі барлық биотүрлерді сақтау қажеттіліктеріне  бөлінуі қажет.[16]

            Экотуризм мен табиғи ортаны қорғау арасындағы байланыс екі жақ үшін бірдей пайда әкеледі. Экотурзмді ұйымдастыруда жергілікті халыктың қажеттіліктерін ұмытпау керек. Ерекше қорғалатын табиғи жерлердің өзі зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, Кениядағы Амбасельдік ұлттық паркті салуда жергілікті малшылыр  өздерінің дәстүрлі жайылымдарынан ығыстырған. Массаилар қарсылығын көрсету мақсатында табиғи парктің жануарларын жоя бастаған.      

           Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті түрғындар туристік жобаларға еліктесе, онда ағаштарды жөнсіз кесу мен браконьерлік сияқты тәртіп бұзушылықтар қысқарады. Мұндай елігулер тек садақа мен қайырымдылық көмектері, сондай-ақ туристік табыстан қаржыландырылатын әлеуметтік қызметтерді, аурухана, мектептерді, азық - түлік жабдықтау түрінде болмауы тиіс. Жергілікті халықтың экотуристік қызметке белсенді қатысуының өзі де маңызды.      

           Экологиялық туризмнің тұрақты дамуға көшуі екі себеп бойынша жаппай туризмге балама болып табылады.

           Бірінші себеп - жаппай туризмге қарағанда экологиялық туризмнің табиғи экожүйелерге қарағанда теріс әсері азырақ келеді. Табиғи ортаның ластануы жаппай туризмге қарағанда экологиялық туризмге қатты әсер етеді, себебі экотуризм қол тимеген табиғи ортаға тәуелдірек келеді. Экотуризм экологиялық таза аймақтарда жақсы дамиды. Егер сәтті жоспарлау басқару, қаржыландыру қолданса, онда қоршаған ортаға деген теріс  әсерлер минимумға жеткізіледі.  

         Екінші себеп - адамның аз өзгеріске ұшыраған-жерлерін экологиялық қызметке беру нәтижесінде табиғат байлықтардың сақтауын қамтамасыз етеді. Мысалы, Кенияда табиғатты қорғау мақсатында, экотуризмді дамыту үшін елдің бүкіл территориясының 7,5% алынды.

         Биологиялық түрлерді сақтау проблемаларын шеше отырып, экологиялық туризм туристерді табиғатқа деген аялы қатынасқа тәрбиелеуге себепші болады. Мұндай жағдайда экологиялық туризм адамның табиғатпен қатынасының және теріс мысалдарын көрсетуі тиіс. Экотуристер экологиялық маршруттар бойымен қозғала отырып, қоршаған ортаның объектілерімен, үрдістерімен, құбылыстармен танысады, ал гид - жол көрсетушілер туристердің назарын маршрут бойы бақылауға болатын антропогендік факторлардың әртүрлі көріністеріне аударады. Сол кезде туристер адамның табиғатқа деген әсерлердің нәтижелерін бағалауға тырысады.

         Экологиялық туризмнің барлық артықшылықтарына қарамастан оның дамуының белгілі бір теріс салдары де болады. Мысалы, туристердің көбі мексиканың тынық мұхиттың жағалауына түнгі жағаға жұмыртқа салатын теңіз тасбақаларын көруге барады. Бір жағынан, экотуризм жергілікті халақты тасбақа мен оның жұмыртқаларына көзі түскен браконьерлерге айналуын болғызбайтын тиімді әдіс.екінші жағынан, жағалаудағы қонақ үйлердің жарықтары тасбақалардың бағыттарын жоғалтып, уақытына жұмыртқаламауына әкеледі. Кана аралдарында көптеген туристер гринд кииетін көру үшін жиналады. Алайда олардың жеде|і моторолы қайықтарының қозғалысы киттердің тереңіне ұмтылып,  су астына қөп болуына әкеледі. Биологтардың ойынша, бұл олардың денсаулықтары үшін зиян.[5]

          Қазақстанда экологиялық туризмнің теріс әсері онша проблема тудырмайды, тек туризмнің жабайы аңдардың тіршілік ету ортасының осал жерлеріндегі салдары туралы ғана айтуға болады. Бірақ осы салдар жеткілікті түрде сезіледі. Мысалы, кейбір сирек құстардың (фламинго, орақтүмсық және т.б.) ұяларына барудың салдарын болжау мүмкін емес. Орнитолог - әуесқойлар оларды ұяда суретке түсіру мақсатымен, оларға жақындай түседі. Бүгінгі күнде жануарлардың  көптеген түрлері адам мен оның тіршілік ортасы арасындағы бұзылуларға болатын нашар жағдайда өмір сүреді. Бұның бәрі біздің елдегі экологиялық туризмнің болашақтағы дамуы туралы ойлануға мүмкіндігінше теріс әсерлерді болдырмауға мәжбүрлейді.

       Қоршаған орта және оның дамуы жөніндегі Бүкіл әлемдік комиссия экологиялық туризмді тұрақты дамудың Ұзақ мерзімді бағдарламасынаң басымды бағыттарының   бірі ретінде атап өтті.

         

 

 

 

 

2.3.    Экологиялық  туризмді ұйымдастырудың қазақстандық тәжрибесі.

 

       «Deus  Travel»   компаниясының   жалпы сипаттамасы . Туристік қызметтер нарығында «Deus  Тravel»  компаниясы  туристік қызметін  атқарады,  яғни турларды  жинақтайды, отандық  және шетелдік  контрактермен  шарттар  жасасады, турдың  бағасын  белгілейді,  турлар  бағдарламасын  құрып, оларды тұтынушыларға  өткізеді.

        Туркомпанияның  негізгі стратегиялық  мақсаты – шетелдік  туристерді  елімізде  қабылдау  және  еліміздің азаматтарының шетелде демалуына жағдай  жасау болып табылады.

         «Deus Travel» компаниясы  -  құрылымдық  формасы  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болып табылады  және  Қазақыстан  Республикасының Азаматтық  кодексі  мен  1995  жылдың  2  мамырында  шыққан  заңдық  күші  бар. «Шаруашылық  серіктестіктер  туралы»  Қ.Р. Президентінің  жарлығына, 28  сәуірде  жарық  көрген  Қ.Р. «Жауапкершілігі  шектеулі  және  қосымша  жауапкершілігі  бар серіктестіктер  туралы» Заңына  сәйкес  2005 жылдың  25 қаңтарында  құрылған.

           «Deus Travel»  компаниясының  стратегиялық  тұрғыдағы  дамуының  жоғарғы  қарқынын  қамтамасыз  ету, туркомпанияның  бәсеке қаблеттілігін жоғарлату, ұжымды  басқару, туркомпанияның  қаржы-эканомиялық  қызметін  бақылау,  барлық  бөлімшелер  қызметін  ұйымдастыру сияқты  қызметтерді атқарады.

           «Deus  Travel» компаниясының  құрылымында алты  бөлімше  бар. Барлық  бөлімшелердің  қызметі  бір-бірімен  байланысты   және  бөлімшелер  арасында  ақпараттың  алмасуына  мүмкіндік  тудырады.


             3-сурет «Deus Travel» компаниясының  құрылымы

     

           Қазақстан   Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министірлігі  орман  және аңшылық  шаруашылығы комитетінің  «Көлсай  көлдері»  мемлекеттік  ұлттық  табиғй   паркі,  мемлекеттік  мекемесі  Қазақстан  Республикасы    Үкіметінің  2007жылғы  7  ақпандағы   №88  Қаулысы бойынша құрылды. Ал оның  негізгі мақсатына тоқталар  болсақ,  Алматы  облысындағы биалогиялық, ғылыми,  тарихи-мәдени  және рекрециялық құндылығы бар және  республикалық маңызы  бар санаттағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи  кешендерімен  нысандарын, экологиялық  ағарту,  ғылыми,  туристік  және рекриациялық  мақсаттарды  пайдалануға  арналған  ерекше  мәртебесі  бар  табиғи  аумақты  қорғауға. «Көлсай  көлдері», Қазақстан  бойынша «Көкшетау», «Бурабай», «Баянауыл», «Қарқаралы», «Қотанқарағай», «Іле  Алатауы», «Сайрамнан» кейінгі  оныншы,  ал  облысымыз  бойынша  «Шарын», «Алтынемелден» кейінгі  үшінші ерекше  мәртебесі  бар  таббиғи аймаққа жатады.

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы