Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Адам адам болып жарытылғаннан  соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты  өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін  дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу  істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында  оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты  баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс  жолға қою арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.

Қазіргі кезде мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектеп психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектеп сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі мектеп алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Диплом жұмысының мақсаты: Әртүрлі жас кезеңінде балалардың топтан оқшаулану себептерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңінде ұжымнан оқшауланған балалар.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасындағы оқшаулану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары.

Зерттеудің  негізгі жорамалы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп жас кезеңінде балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты туындайды.

Зерттеу мақсаты  мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер:

• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және изоляциялану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.

• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың изоляциялануын эмпирикалық зерттеу.

• Баланың ұжымнан изоляциялану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.

• Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

• Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Л.С.Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А.С.Макаренконың "жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады" қағидасы, О.Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер - біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Топтағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата-аналарға арналған сауалнамалар, Басса Даркидің эмоциялық әдістемесі, Люшер тесті, балалар мен ата-аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды.

Диплом жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының  теориялық және практикалық құндылығы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасындағы оқушылардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және мектеп қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, ұжымнан изоляциялану себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектеп психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.

Зерттеу жұмысының базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 3 8 орта мектептің мектепке даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Бітіру жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 81 бет.

1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ОҚШАУЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау

"Әлеуметтік изоляция", "оқшаулану", "ұялшақтық" -жалғыздыққа душар болған адамның жағдайын сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі - семантикалық жағынан жақын түсініктер.

Психология ғылымында  осы бағыттағы зерттеу жұмыстары  жоқтың қасы. Дегенмен қарым-қатынас  мәселесіне байланысты анықталатын қарым-қатынасында өзгешелігі бар екенін сипаттайтын түсініктер кездеседі.

Түсіндірмелі сөздіктерде "изоляция" ұғымы медициналық және құқықтық терминологиялық мағынада түсіндіріледі. "Изоляция" - термині ауру адамды немесе қылмыскерді әлеуметтік ортадан мүлдем бөлектеп тастаумен сипатталынады.

К.Рубиннің ойынша «Әлеуметтік  изоляция», «Әлеуметтік оқшаулану», «Тұйықтық», «Тежелгіштік», «Ұяңдық» сияқты терминдер шындыққа келгенде, әртүрлі феномендерді белгілейді. К.Рубин өз еңбектерінде «Әлеуметтік изоляция» терминін «Әлеуметтік оқшаулану» терминімен алмастырады. «Әлеуметтік оқшалану» термині зерттеуші топ үшін жалғыздықты сипаттайтын әртүрлі формаларды жалпылаушы ретінде көрсетеді.

Т. Гутеил және Р. Шейдер еңбектерінде изоляция ұғымын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Олардың айтуы бойынша адамдардағы бостандықты шектеу - әрдайым үлкен жауапкершілікті іс. Тәрбие саласында баланың қандайда бір теріс қасиетіне байланысты өз бөлмесіне қамап қою, яғни бір өзін болдыру жазасы қолданылады. Көптеген балалар мұны қатаң сөгіс, жазалау деп қабылдамайды. Дегенмен кейбір балалар өзін мен қажетсіз адаммын, маған бәрі теріс қарайды деп сезінеді.

Медицина саласында  изоляция ұғымы емдеу әдісі ретінде өз алдына, медикаментоздық емдеу мен психотерапияда қолданылады. Адам сырқаттанған кезде оны сыртқы қозу әсерлерінен қорғау мақсатында бөлмеде жалғыз ұстайды.

Изоляциялаудың негізгі  әдісі - ауру адамды жеке, арнайы бөлмеде ұстау. Оның өзінің заңдық талаптары мен ережелері бар. Мысалы, әрбір 1-2 сағатта 10-20 минуттан бөлменің есігін ашып қойып ауру адамға күтім әрекеттері жасалады.

Медицина тәжірибесінде  изоляторды құрудың төмендегідей принциптерін көрсетуге болады:

1. Изоляциялану ауру адамға қауіпсіздік жағдайда болуы керек.

2. Мықтылық, яғни изолятор ауру адамның агрессиялы әрекетіне әсер етпеуі керек.

Күшті психоз немесе жеке адам өзін-өзі тастап жіберуінің айқын  көрінуі кезінде, былайша айтқанда адам оқшауланған жағдайда, ол адам тітіркендіргіштерге өте сезімтал болып келеді. Психотиптік кезде, алаңдаушылық, құлап қалу қорқынышы, қозғыш болып келеді. Кейде ауру адам қозғыш болатыны соншалық, өз әрекетін басқара алмайды, айналасындағы жағдайларға саналы реакция білдіре алмайды. Ал мұның барлығы қорқыныштың ең жоғары деңгейін тудырады. Ауру адамдың палатада уақытша аз уақыт болсада жалғыз болуы, яғни айналасындағылардан шектелуі - қауіпсіздік, сенімділік сезімін тудырады.

Информация о работе Карым-катынас