Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

Жалпы алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады.

Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және жекелік  қиыншылықтары күрт өседі. Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады.

Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану деңгейі өседі. Олардың  өзіне деген бағасы төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды.

Бұндай қасиеттердің көріну бағыттары психология ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие.

Мектеп тәжірибесінде  ең көп кездесетін жағдай – оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі төмендегіше көрінеді.

Айталық, ақыл-ойы басқа  балаларға қарағанда жоғары, сабаққа  үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Ендігі кезекте осындай  балалардың қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін қарастырып кетейік.

Педагогикалық тәжирібе және психологиялық зерттеулер жалпы  білім беретін мектептерде - оқу  барысында арнайы бапты талап  ететін оқушылар едәуір кездесетіндігін  көрсетеді. Денсаулығына, физиологиялық  және психикалық функцияларының дамуына байланысты норма мен патология арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу үлгерімі төмен, артта қалған, әлеуметтік дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив) оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта қалған балаларға ұқсас болып келеді. Ақыл-ойы енжарлықтың себебі көптеген әртүрлі жағдайда олардың дамуындағы ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін. Сондықтан ақыл-ойы енжар оқушылар ерекше зерттеуді қажет етеді.

Ақыл-ойы енжар феномені бірқатар еңбектерде корсетіледі. Л. И. Божович, К. Маркова, М. В. Матюхина, Н. А. Менчинская, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес.

Дегенменде бұл мәселеге ең алғаш Л. С. Славина зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде ақыл-ойы енжар балалар төмендегіше сипатталады деп көрсетеді.

1. Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған.

2. Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас құрады.

3. Шындыққа танымдық қатынастың болмауы.

В. С. Юркевич танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне талдау жасай отырып, "ақыл-ой жалқаулық" ұғымына сипаттама береді, яғни ақыл-ой енжарлығы - білуге құмарлықтың балада болмау нәтижесі деп көрсетеді. Көптеген зерттеулерде нашар оқитын оқушылар сипаттамасына ұқсас ақыл-ойы енжар көрінуін түсіндіреді. Дегенмен, "ақыл-ойы енжар" термині жиі қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің себебіне түседі.

Осыған байланысты ақыл-ойы  енжар болуының табиғаты зерттеуден тыс қала береді, бірінші кезекке оқуда қиыншылықты жеңу міндеттері қойылады. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжар - негізгі мәселе ретінде Л. С. Славина жұмыстарынан кейін зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл параграф ақыл-ойы енжар типтері мен себептерін қарастыруға арналады. Мұнда ақыл-ойы енжар деп отырған ұғым ақыл-ойы әрекетінің төмен деңгейі болып табылады. Ал мұның негізі көбіне ақыл-ой ептілігінің жеткілікті дәрежеде көрінетін тәрбие ерекшеліктерінде, ақыл-ой күшіне негативті қатынас құруға, ақыл-ой тапсырмаларын орындау кезінде басқа жолдардың әсер етуіне байланысты. Ақыл-ойы енжарлығы бас миының органикалық өзгерістерден туындайтын дефектологиялық сипатта көрсетілмейді. Аталмыш мәселеге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжарлығының 2 түрі кездесетіндігін көрсетеміз:

1. Ақыл-ой әрекетінің операциялы (тәсілдік) - техникалық механизмінің бұзылуы салдары ретінде ақыл-ойы енжарлығы;

2. Жеке адам сферасының мотивациялық қажеттілігінің дамуының негативті тенденциясының көрінуі ретінде ақыл-ой енжарлығы;

Ақыл-ой енжарлығының көрінуі  кеңдігіне орай жалпы және жеке (таңдамалы) ақыл-ойы енжарлығы деп бөлуге болады.

Жеке ақыл-ой енжарлығы - оқу пәні мен іс-әрекет түрлерінің таңдамалы қатынасында көрінеді.

Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын қарастырып көрелік.

Зерттеу бастауыш сынып  оқушыларымен жүргізілді: ақыл-ой енжарлығының бастапқы тамыры - мектеп жасына дейінгі  кезеңде басталатын болса да, бастауыш мектеп жасында ақыл-ой енжарлығы айқын көрінеді. Бастауыш мектеп кезеңінің жас ерекшелік тенденциясы бойынша оқушының танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл әсер ақыл-ой енжарлығын не көрсетпей жіберуі,не ақыл-ой енжарлығын айқын көрсетіп жіберуі мүмкін.

Зерттеу жұмысында ақыл-ойы енжар мотивациялық сипаттамасы адамның мотивациялық қажеттілік сферасының негативті қалыптасу факторы ретінде көрсетіледі - бұл танымдық, оқу және жеке адамның өзінің ақыл-ой әрекетінің негізгі компоненттеріне, мазмұнына әсер етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

1. Ақыл-ой енжарлығының көрсеткіштерін нақтылау;

2. Ақыл-ой енжарлығының әртүрлі сипаты бойынша оқушыларды анықтау және топтарына сипаттама беру;

Эксперименталдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы 41 мектепте жүргізілген екен.

1 кезеңде 27 баладан тұратын экспериментті осыған дейінгі белгілі ақыл-ой енжар белгілері бойынша ақыл-ой енжарлар психологиясы сипаттамасы мен таңдау критерийлері анықталды. Бақылау тобында 18 бала іріктелді, бұларда 1 топтағы балаларға сәйкес таңдалды. 2 кезеңде әрбір оқушының түрлі эксперименттік әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі, кешенді зерттеу жүргізілген.

Бірінші кезеңде жүргізілген  тәжірибесінде ақыл-ойы енжар  балалардың психологиясына сипаттама  беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Осы зерттеулерден шығатын  ой - балалардың топтан тыс болуының бір себебі - олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі, сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық қатынасы болып табылады.

 

1 Бөлімнің  қорытындысы

 

"Әлеуметтік изоляция", "оқшаулану", "ұялшақтық" "бөлектену" - жалғыздық сезімін басынан өткізетін адамның күйін сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.

Сондықтан 1 бөлімде біз балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселесін теориялық зерттеу барысында зерттеу мәселесіндегі терминдерге жан-жақты талдау жасауға тырыстық.

Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек  біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші  тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету - біздің диплом жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мектеп тәжірибесінде  ең көп кездесетін жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Айталық, ақыл-ойы басқа  балаларға қарағанда жоғары, сабаққа  үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Бірінші тарауда айтылған тағы бір жайт - қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама беру болып табылады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Қорыта келе берілген бағыттардан алынған эмпирикалық  материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды  тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың  өзара конфликттерін түгелдей болдырмау  мүмкін емес. Конфликттерді алдын  алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

 

2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН

АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін теориялық

зерттеу

Қазіргі кезде бұл проблемалар көкейкесті болғанымен, әлеуметтік изоляцияның себептерін анықтайтын эксперименттік зерттеулер өте аз.

Дегенмен, психологиялық  әдебиеттер негізінде баланың ұжымнан изоляциялану себептерін көрсететін көптеген теориялық зерттеулер кездеседі. Енді соның бірқатарына тоқталайық.

Бұл мәселеге қатысты К. Рубиннің басшылығымен (Канада) американ психологтарының және олардың батыс - европалық әріптестерінің осы салада жүргізген зерттеулері балалардың әлеуметтік изоляцияға үшырауларының себептерін түсінуге жол ашады.

Психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі -көпшілікпен қарым-қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң болып келеді.

Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналадағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзе алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.

Баланың ұжымнан изоляциялану себебін түсіндіретін тағы бір теория - бауырбасу теориясы.

Бауырбасу баланың алғашқы  әлеуметтену ошағы болып табылатын - жанұядағы ең басты мүшесі анасымен қарым-қатынасына, оның тәрбие жағдайына, әлпештеу мен мейріміне байланысты туындайды.

Жағдайлардың түрліше болуына қарай бауырбасуды бірнеше типке бөлуге болады.

В типі - сезімтал, және мейрімді аналардан өзіне-өзі сенімді, қорқыныш сезімі жоқ балалар өседі.

С типі - іс-әрекетінде немқұрайлық, белгісіздік танытатын аналардың  балалары тұрақсыздық кернеуі сипаттағы қарым-қатынаста болады. Мұндай бауырбасу қауіпті - амбивалентті деп аталады.

А типі - сезімсіздік танытып, суық, шектеулі қарым-қатынас жасайтын аналардың балалары қарым-қатынаста  алшақтық, өзіне-өзі сенімсіздік  танытады. Бұл жағдайда балада қауіптенушілік сезімімен сипатталатын «тұрақсыз бауырбасу» пайда болады. Бұл теорияға сәйкес ерте балалық шақта пайда болатын бауырбасу сапасы оның кейінгі танымдық-коммуникативтік және эмоционалдық қабілеттерінің дамуын анықтайды.

Бауырбасу теориясының  негізгі қағидалары б.з. 70-80 жылдары М.Эйнсворт пен Дж.Боулидің еңбектерінде зерттелген. Қазіргі уақытта бұл теория кеңінен зерттеліп, оның бірнеше салалары анықталды. Соның бірін авторлар былай сипаттайды: бұл теория тек бауырбасуды зерттеумен шектелмейді, бүкіл онтогенезді қамтиды. Ерте балалық шақтағы бауырбасудың сапасымен оның кейінгі өміріндегі қарым-қатынастың дұрыстығы арасындағы байланысты анықтайды. Зерттеулер көрсеткендей әр түрлі типтегі қарым-қатынас та әр түрлі болады соған сәйкес бала мінез-құлқындағы «қорғанушылық механизмдерінде» бірнеше түрі жұмыс істейтін амалдар пайда болады. Бұл механизм барлық типтегі балаларға тән оның маңыздысына тоқталайық, яғни А - типтегі балалар тобына. Мектеп алды жасында балада үнемі шектен тыс бақылаудың және әрекетіне үнемі араласудың нәтижесінде алшақтау сезімі туады. Осындай алшақтау келесідей реакцияларға ауысады; психологиялық тұйықтық, салқындық, оқшауланушылық, алыстау. Бұл жағдайда бала үлкенмен қарым-қатынасқа түседі, бірақ жақындықты қажет етпейді. Бұл топта бала да ата-ана да өздерін жақсы сезінеді. Балада эмоционалдық құндылықтар қалыптаспайды.

Бұл теория клиникалық және психикалық ауытқулар саласында ерекше орынға ие. Егер де бауыр басу типтеріндегі балаларда дұрыс емес даму жүрсе, онда ол психологиялық патологияға (ауытқушылыққа) әкеп соғады. Бала мінез-құлқында түрлі ауытқушылықтар ерекше байқалады. П.Криттенденнің зерттеулеріне сүйенсек, мұндай ауытқушылықтар көбіне А - типтегі балаларда кездеседі.

Олар қоғамнан изоляцияланады (оқшауланады). Бұл оқшаулану шеттелгендікке, кейде сексуалдық бейбастыққа әкеп соғады. Бұндай симптомдар бала жеткіншектік жасқа келгенде байқалады. Ең ауыр жағдай- мінез-құлқында жоғарыда аталып өткен әлеуметтік изоляцияның нәтижесі, өзін-өзі өлімге кесуге (суицид) әкелетіні болып отыр.

Информация о работе Карым-катынас