Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
«Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығы» атты екінші тарауда: қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелер мен шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы және шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы – жаңылтпаш мәселелері талданды.
«Шешендік өнердің психолого-педагогикалық негіздері» тарауында шешендік өнердің психологиялық аспектісі мен шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы және сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз сөйлеуге психологиялық дайындық жолдары қамтылып, оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер рөлін анықтап,дамыту мәселелері көрсетлді.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері,қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік
«Шешендік өнер» ұғымының мағынасын түсіну, шешендік өнердің әлеуметтік құбылыс ретіндегі негізгі ерекшеліктерін түсіну.
Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері» деп айшықтап, меншіктеп атауымыздың мәні бар. Шешендік өнер Европа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, арнайы зерттеліп келеді.
Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы. Демек, барлығының тізгінін өз қолына алған, барша өнердің қасиет-күшін жинақтаған деуге болады- деп Платон айтқан [5].
Шешен сөзінің дәлелдігін-оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады-деп Квинтилиан айтқан екен.
Шешендік өнер- адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.
Көне дәуірде б.з.д. Ү-ІҮ-ғасырларда Грециядан басталып, Румде б.з.д. бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскен шешендік өнерінің гүлдену кезеңдерінің тарихы әлемге әйгілі. Өйткені, сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Румде шешендік өнері өркендеп қана қойған жоқ, шешендік өнері туралы ғылымның –риториканың да негізі қаланды. Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені, саяси қайраткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты. Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып, жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады [6].
Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп бізде бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек, артық айтқандық емес.
Шешендік –ғасырлар бойы халымыздың бірге жасап келе жатқан дәстүрлі өнер. Ата-бабаларымыз көне замандарда шешендікті екінің біріне қона бермейтін қасиет, дарын санап, ер деп бағалап, оны күнделікті тәрбие арқылы ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Мұның дәлелі « Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Өнер алды-қызыл тіл» сияқты ертеден бері елге етене жақын ой оралымдары. Сонымен қатар, бұл ұлттық ұғым-түсінік ежелгі грек пен рим дәуіріндегідей шешендік өнерді арнайы оқытпаса да халқымыз көркем сөздің өмірдегі орны мен қызметіне ерекше мән беретіндігінің белгісі [7].
Алайда, халықтық тәрбиенің тереңінен тартар күрең тамыры іспеттес өнер жеке пән қатарында кейінге дейін оқытылмай келгені өкінішті-ақ. Шешендік сөздерді орта мектептер мен жоғары оқу орындарында арнаулы курс есебінде оқыту соңғы жылдары ғана қолға алына бастағаны байқалады.
Еліміз қанша дүрбелең кезеңді басынан кешірсе де тіліміздің қаймағы бұзылмай, саф қалпында сақталуы кестелі сөзді айырықша бағалануының арқасында болса керекті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»деп келген халық қай дәуірде де ойы ұшқыр, тілі орамды болашақ ұрпақты тәрбиелеуді негізгі нысана еткен. Бүгіндігей тәуелсіздік туын тіккен заманда талай-талай ғасырлар бойында ұлтымыздың ой-санасына ұялаған осынау ұлы өнерді қайта тірілтіп, жандандыру қажет.
Қазақ шешен-билерінің импровизациялық қабілет-қарымы шешендік өнердің ең жоғары биігіне шыққан дауге болады. Әрине, қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізінде жүздіру, ынта-ықыласын арттыру-шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістермен, білім қорын үнемі жаңартып, толықтырып, еселеп көбейтіп отыруымен және шапшаң жүйеге келтіріп, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді.
Шешендер мен шешендік мектеп туралы тың ой пікірлерін Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сияқты уытты сөздің иелерінен қалған мұраларды алға тартып, тілге тиек етеді. Шешендік сөздегі амал-тәсілдерге арнайы тоқталып саралаған. Шешендік өнер мен ақындықтың арғы негізі бір, қашаннан аралас-құралас егіз екені ескеріліп, кейінірек жеке жанр болып қалаптасқанына дәлел ретінде мысыл келтіріп, баян етеді.
Көне дәуір ескертіштеріндегі даналық сөз оралымдарынан, тіл кестелерінің халқымыздың мақал-мәтелдерімен ұштасып жатқандығын ашып көрсеткен. Атап айтқанда, М. Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік», А. Игунекидің «Ақиқат сыйы», С. Сарайдың «Гүлстан» дастаны, «Орхон жазу ескерткіштері», «Күлтегін» жазуындағы қанатты сөздердің мақал-мәтелдердің сабақтастығымен сыр тартады [8].
ХІ ғасырдың көрнекті ақыны, аты мәшүһүр ғалам, белгілі қоғам қайраткері Жүсір Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанынан сол кездегі өмірдің көріністері мен түркі халықтарының танымын, ойлау жүйесін, мәдениеті мен әдебиеті, тіл кестелерін танып біретініміз атап көрсетілсе, Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметі» бастан аяқ үлгі-өнеге, ақыл-насихат екендігі, қыпшақ, оғыз тайпаларының өз тілінде алғаш рет мұсылман дініндегі әділдік, адамгершілікке, имандылыққа бастайтын қағида-шарттарды насихаттаушы және осы игі дәстүрдің тек поэзиямызда қанат жайып, етек алуына негіз болған құнды шығарма деп баға береді.
Түркі халықтарында ортақ кейіпкер Қожа Насыр Әпенді туралы тарихи мағлұматтар келтіріп, оның тапқырлығы мен алғыр-білгірлігі жайындағы әңгімелердің тәрбиелік, көркемдік мәнінің түп қазығына тоқталады. Алдар Көсеге байланысты әңгімелердің де ел арасына кең таралу сырына, оның өзіндік ерекшелігіне талдау жасаған. Сол сияқты Жиренше мен Қарашаш, Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би, Ақтайлақ би, Сырым Датұлы, Бала би, Досбол Қорлыбайұлы өмірлерінен мәлімет дерек беріп, олардың ел арасындағы дау мен билікке араласқан отауызды, орақ тілді болғандығын мысалдармен дәлелдейді. Осынау қоғам талабынан тауып , жалғасын тауып келе жатқан шешендік сөздер арқылы алғырлық пеен білгірлікті, сөзді кестелеп, көркем сөйлеуді болашақ ұрпақ бойына сіңіруге әбден болатынына көз жеткізген [9].
Дау-таластарды шешуде билердің алғырлық-тапқырлықпен қолма-қол суырып салып айтқан көркем де көсем, өнегелі ойларынан тұратын шешендік сөздердің жас буынды тәрбиелеудегі атқаратын маңызы зор.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі, сен қалдың!
(М.Жұмабаев)
Ата-бабамыз ой тереңдігін, ғылым білімін көкірегіне тоқталып, салт-дәстүріне, тіршілік болмысына арқау етіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткені-тіліміз ғана. Біздің тіліміз-сан ғасырлық тарихы бар, қалыптасқан тілдік үрдісі бар бай тілдердің бірі. Сол мол мұраны бізге жеткізушілер-ойшылдар, ақын жыраулар, ділмар шешендер мен дана билер, қара қылды қақ жарған әділ қазылар мен дәуірінің кемеңгерлері [10].
Өткір тілмен айтылған салмақты, терең ойға, ділмар данышпанды-лықпен айтылған үкім сөзге қаулы-қарарсыз-ақ тоқтап, «бас кеспес болса да тіл кеспес жоқ» болып, шешелмеген бағы артық» немесе «Ерді екінің бірі туады, шешенді мыңның бірі туады»деп шешендік өнерді тапқан да артық бақ санап, жоғары бағалаған.
Шешендік өнерін қазақ мүддесіне, парасаттылық пен әділдік жолына пайдалана білген шешендерді жастарға, кейінгі ұрпаққа үлгі еткен. Ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен шешендік өнеріміз осы кезеңге дейін жоғары оқу орындарына пән ретінде оқытылмағаны белгілі. Осы шешендік сөз өнеріміз жаңа уақыт талабына сай ғылым, өнер, оқу пән ретінде қалаптастыру кезеңінде.
Шешендік өнер көбінесе педагогика, психология, логика, филосфия, лингвистика, құқықтану ғылымдарымен тығыз байланысты болғандықтан, осы ғылым салаларынан риторикаға қатысты зерттеулер өріс алуда.
Мысалы: әдебиетші Б.Ә. Шканованың «Шешендік өнердің жанр ерекшелігі», философ Қ.Ш.Бейсеновтың «Қазақ топырағындағы қалаптасқан ғақлатты ой кешу үрдістері», заңгер А.С.Қосжановтың «Сырым Датыұлын әрі шешен, әрі би ретінде зерттеу», т.б. сияқты әр саладан зерттелген диссертациялар жарық көруде [11].
Шешендік өнерді жоғары оқу орындарында оқытудағы мақсат-халқымыздың әлеуметтік әдеби-эстетикалық қажетін әлденеше ғасырлар бойы келген халық даналығының үлгі нұсқаларын оқып үйрену, шешендік өнердің сырын ашып, табиғатын түсіну, оларды практикалық іс-дағдыларда қолдана білу.
Демек, ой асылы, ғылым білімін тіліне дарытып, салт-дәстүріне, тіршілік болмысына арқау етіп келген рухани байлықтық мәйегі- шешендік өнеріміздің оқу-тәрбие процесінің жаңа талап, мақсат-мұратына сай игілігімізге айналдырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне, мектеп мұғалімдерін дайындау ісіне пайдалана білу басты міндет болып отыр.
Әр халық өзіне тән тұрмыс- тіршілігі, әдет-ғұрыпы, салты болатыны мәлім. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасалды. Қоғам ілгері дамыған сайын, халықтың тұрмысы-салты, таным-түсінігі де өзгеріп отырады,бірақ із-түссіз жоғалып кетеді, халықтың рухани мәдениетінде, әдебиетінде ізін жоғалтып кейде,халыққа жүгінетініміз де сонда.
Осы тұрғыдан алғанда, қазаққа шешендік өнерінің де бастау көзі, қайнары тым әріде жатқандығын және халқымыздың рухани мұраларының көбімен қанаттаса, қатар өріліп, дамып жетілгенін көреміз. Демек, шешендік сөздерді әдебиеттің бір жанры деп қарасақ, оның әдебиетіміздің басқа жанрларымен сабақтастығын, өзектестігін естен шығармауымыз керек.
Шешендік сөздерде мақал-мәтелдердің жиі қолдалынатыны белгілі. Мақал – халықтың дүниетанымына негізделген ой түйіні. Мақалдардың түрлері, тақырыбы, мазмұны баршаға мәлім.
Ақындар, би-шешендер тіліміздің осы қасиетін шебер пайдаланған.Өз ішінде ұйқасып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін бір ырғаққа бағындырса, өлең тармақтарына айналады. Қазақтың қара сөзінің өзінің ырғақты, ұйқасымды болып келетіні де осыдан.
Қазақта қара сөздің өзін тақпақтап сөйлейтін айыр көмей, жезтаңдай шешендер болған.Шешендік сөздер мейлі ол қара сөз болсын,, мейлі тақпақ болсын – бәрі де ұйқасымды, ырғақты болып келеді.Бұл жағынан алғанда олар мақалдарға өте ұқсас. Оның үстіне мақалдар ой түйіні болғандықтан, сөйлеушінің, шешеннің айтайын деген ойымен қабысып келіп, әрі көркемдік құрал қызметін атқарады, әрі ойдың дәлелі, тұжырымды дәйегі, нақты аргументі, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылады. Сондықтан билер, шешендер өз сөздерінде халық даналығының асылы осы мақалдарды орында әрі жиі қолданған.
Ал мәтелдер туралы мынаны айтуға болады. Мәтел – бейнелі сөзбен берілген ой түйіні. Мақалға ұқсастығы, міне осында. Ал айырмашылығы – мақал екі мүшелі болып келеді: Бірі – себеп, екіншісі –оның салдары. Мысалы: Ексең – орарсың. Мәтелде заттың, құбылыстың негізгі сипаты немесе мәні бейнелі сөзбен түйінделеді, яғни сипаттау түрінде болады: «тайға таңба басқандай», «бесенеден белгілі», «құрыққа сырық жалғап», «жауды аяған жаралы қалады», «көппен көрген ұлы той»,т.б.
Мәтелдер де мақал сияқты ұйқасқа құрылады. Сондықтан би, шешендер бұларды да аса ұтымды пайдалана білген. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» деген содан қалған.Демек, сөз өнерін, шешендік өнер жолын қуған адамдар халықтың алуан түрлі мақал – мәтелдерін көп біліп, жасынан жадына тоқып, оларды орайы келген жерде орынды пайдаланып, ұтымды қолдана білген. Басқаша айтқанда, халықтың даналық ойының осы бір бастауы, қайнар көзі болып табылады. Қазақ мақал-мәтелдерінің өзі есте жоқ ескі заманда өмір сүрген, аты-жөні ұмытылған данагөй шешендердің қысқа да нұсқа сөздері, афоризмдер болуы мүмкін.
Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгілді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазананы киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар.