Шешендік өнер психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89

Вложенные файлы: 1 файл

шешендк онер.doc

— 735.00 Кб (Скачать файл)

Қазбек шешен «Балаға ақыл» дейтін сөзінде адам өмір бойы жадында ұстауға тиіс ақыл-кеңес айтады.

«Бар дүниені шашпа,

Жоқ дүниені қума.

Шашқан шет болар,

Қуған ит болар».

Шешен балаға бар дүниені шашу-парықсыздық, жоқ дүниені қуу-құр әурешілік. Бар дүниені ұқыптап ұстау кісіліктің ісі екенін айтады. Сондай-ақ, шешен  баланы:

«Үлкен алдында іліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

        Сызылып сойлегеннен сөзің үзілмейді» деп әдептілікке, кішіпейілділікке үйретеді.

«…Ұрының қасында жүрме,

Өтірікшінің қасында тұрма.

Ежелгі жаумен достаспа,

Ескі доспен ұстаспа…»-деп оны жаман әрекеттерден де сақтандырады. Жалпы, адамгершілік мәселесі-ірі әлеуметтік мәселелердің бірі. Қазбек шешен бұл жайында айрықша айтып, шешендік өнерінің өзегіне айналдырған.  

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу-бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Шешендік сөздері арқылы балалардың ақыл-ой  жақсы дамиды.  Баланың қабілетін жан-жақты жетілдіру үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән берген. Сөз бастаған шешенді қыр ойдың тұтқасы деп санаған. Мысалы: «Аяз би» ертегісіндегі өмірде көрген-білгеннен терең топшылау жасай білген ақыл-парасаты мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісінднгі өзінің ақылды, білгірлік істерімен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның залымдығын даналығымен әшкерлеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары Қарашашты мысал етуге болады. Халық өз ертегілері мен аңыздарында, шешендік сөздерінде жастарды солардай ақылды, парасатты, ойлы болуға баулиды. Сонымен қатар осы шешендік сөздері арқылы отаншылдыққа тәрбиелеуге болады. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады [23].

 Халық баласын азамат  етіп шығаруға ерекше мән берген. Азаматтық халық ұғымында ең  алдымен халықтың мұңын ойлау, Қамбарға ұқсап алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырдың тіршілігі үшін өмір сүру, яғни өз мүддесіне көпшілік мүддесін бағындыру, Абай айтқандай әкесінің ұлы болмай халықтың ұлы болу. Халық үшін қажет болсын отқа түсіп, оққа ұшу, оның бірлігі мен тірлігіне сызат келтірмеу, халық, ел үшін еңбек ету секілді өлшемдерімен анықталады. Сондықтан да, азаматқа қойылатын талап та жоғары болған: «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі». «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», «Жан сақтама, ар сақта», «Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер, ер басына күн туса етігімен су кешер» секілді моральдық-этикалық нормаларды қалыптастырған [23].

Үлкендер жас балалардың аузына түкіргендей етіп өте жас күнінен-ақ балаға осы қасиеттерді егуге тырысқан, мұны басты парызым деп есептеген Тоқсандағы Төле би сәлем бере барған тоғыз жасар Жетеске:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің сапасы бол.

Бір елдің атасы болма

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала,

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала

Өзіңе өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!-дейді. 

Халқымыз елі үшін күрескен ерлерін үнемі естен шығармай, жадында сақтай, олардың ерлігі мен үлгісін жырға қосып, ауыздан-ауызға беру арқылы жастардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырған.

Жастар үшін мәселенің маңыздылығын тағы да еске салғандай осы ғасырдың басында халқымыздың заңғар ақыны және үлкен тәрбиешісі Мағжан да:

Ашуы жауған қардай, шөккен жардай.

Қарт қыран қанжығалы қарт Бөгенбай

Бөкеннің жасжолбарыс жеткіншегі-

Аузынан жалын шашқан жасаң Жантай-деп  айтқан. Осы мысалдан біздің әдебиетте ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу қалыптасқан және бұл ешқашан үзіліссіз атадан балаға беріліп келгенін дәлелдейді.

            Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда.

 

 

 

 

1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту  және жетілдіру

 

Басқару саласы мен іскерлік әлемде өздерінің кәсіби білімдерімен қатар жақсы сөйлеп, адамдарды сендіріп, өз көзқарасына бас идіретін, өзін және өзінің идеяларын жарнамалай алатын адамдардың табысқа жететіндігі белгілі.

Сондықтан да әр түрлі дәрежедегі мамандар үшін шешендік өнердің негіздерін меңгеру аса маңызды міндет. Шешеннің шеберлігі оның шешен сөйлеу әдістері мен сөздік құралдарды таңдап ала білуі мен олардың орынды-орынсыздығын талдай алуында, оларды тыңдаушылардың эмоционалды — еріктік және аңыл-ой мүмкіншіліктеріне сәйкес қолдана білуінде.

Қарапайым, жатық, жақсы сөйлейтін адамдардан шешеннің айырмасы - ол қандай жағдайда, тыңдаушылардың қандай тобы үшін, қандай мақсатта шешендік өнер қолдану қажеттігін ажырата алуында. Сонымен, шешен сөзінің әсерлілігі ең алдымен оның сөйлеу дағдылары мен біліктіліктерінің даму дәрежесіне байланысты. Дағды дегеніміз - адамның кез келген әрекетті жақсы атқаруы. Қалыптасқан дағдылардан адамның біліктілігі шығады.

  Көпшілік алдында сөйлеу үшін төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:

- сөзді өздігінен дайындау;

-дайындалған материалдарды түсінікті, әрі дәлелді түрде тыңдаушыларға жеткізу;

- тыңдаушылардың сұрағына жауап  беру;

- аудиториямен байланыс орнату  және оны сөз аяғына дейін  сақтау;

- техникалық көрнекі құрал-жабдықтарды  пайдалану, т.б.

 Мұның барлығы өзінде мынандай дағдыларды қалыптастырғанда ғана мүмкін:

- әдебиетті іріктеп алу;

- іріктелген әдебиетті оқу;

- жоспар жасау;

- сөз мәтінін жазу;

- аудитория алдында өзін-өзі ұстай алу;

- уақытты бақылай алу.

Сөйлеуші осы аталған дағдылар мен біліктіліктің кейбіреулерін меңгермеген жағдайда оның тыңдаушылармен қатынасы онша әсерлі болып шықпайды. Айталық, сіз мәтінді жақсы құрасыз, бірақ оны аудитория алдында қарапайым, түсінікті тілмен баяндай алмайсыз. Немесе сізге аудиторияның назарын өзіңізге аударудың сәті түсті, бірақ сөз берілген уақыт ішінде сөзіңіздің басты мәселелерін баяндап үлгере алмадыңыз. Мүмкін сіз тыңдаушылардың сұрақтарына дәл жауап бере алмай, сасатын шығарсыз. Сөз жоқ, осының барлығы да көпшілікке арналған сөздің құнын кетіреді.

Көпшілікке арналған сөз сөйлеуші өз сөзінің тақырыбын, мән-мазмұнын жақсы білгенде ғана сәтті болады. Егер шешен өз тақырыбын жақсы білетін болса, тыңдаушыларға қызғылықты фактілер айтып, бұл саладағы жаңа фактілерді келтірсе, аудитория тарапынан болған сұрақтардың барлығына ұтымды, дұрыс жауап бере алса, онда оның сөзіне тыңдаушылар құлақ асады.

Шешен жан-жақты білімді, көп оқыған, ғылым, әдебиет, өнер, техника, спорт, т.б. салалардан мол хабардар болуы қажет.

Шешен сөздің құраушысы ғана емес, сонымен бірге орындаушысы да. Сондықтан мазмұны қызық сөз дайындау жеткіліксіз, сонымен бірге оны айту, яғни шешендік өнердің әдістемесін меңгеру керек. Бұл жерде дауыс қарқындылығы, интонация, сөз екпіні мен ырғағы, кідіріс, бет, қол қимылдары (ым, ишара), өзін-өзі ұстау, мінез-құлық - барлығы да маңызды. Аудиторияны өзінің сыпайы мінезімен, еенгіштік пейілімен, жағымды дауысымен, сыпайы күлкісімен, тағы басқа да тәсілдермен өзіне қарата алған шешеннің сөзі сәтті, табысты шығады, керісінше, шешеннің өзіне-өзі сенбеушілік, жалтақ мінезі, жағымсыз бір сарынды дауысы оның өзін де, сөзін де аудиторияның қабылдамауына себеп болады.

Шешеннің жеке басының ерекшеліктері.

Әрбір шешеннің өзіне тән ерекшеліктері болады, олар сөзінің стилінен, сөйлеу кейпінен көрінеді. Сондықтанда шешендік өнердің теоретиктері ерте заманнанақ шешендердің әр түрлі топтарын ажырата білген. Кейбір шешендер тыңдаушыларды ойының анықтығы, тереңдігі, күштілігімен, дөлелдей алу, талдай алу шеберлігімен үйіріп алса, екіншілері сөздерінің мәнерлілігімен, сезімділігімен, екпінділігімен, бейнелілігімен баурайды.

      Осыған байланысты қазіргі шешендік өнері жөніндегі әдебиеттерде шешендерді мынандай топтарға бөлу қабылданған.

     Шешендік өнердің басты құралы ретінде ойлау, талдау, баяндау логикасын қолданатын шешендер.

   Тыңдаушыларға өзінің эмоционалдығымен (сезімталдығымен) әсер етуші шешендер.

Бірақ, әрбір сөз әрі логикалы (қисынды), әрі эмоционалды (сезімді) болуы керек. Егер шешен үлкен шабытпен, жігерлі сөйлесе, бірақ сөзі мағынасыз болса, ондай шешен тыңдаушыларды тез жалықтырады. Әрі тыңдаушылардың алғашқы әсері сейіліп, «мынауыңда құрғақ айқай мен жалған шабыттан басқа ештеңе де жоқ екен ғой» деген пікірге келеді.

Шабытсыз, бейтарап дауыспен сөйлеген шешендер ұмытылады. Егер шешен интонацияның зор мүмкіндіктерін пайдаланбаса, сөз екпінін өзгертіп отырмаса, қай жерінде кідіріс жасау керектігін алдынала ойластырмаса, тыңдаушыларға оның да сөзі жағымды әсер қалдырмайды.

Шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алу біліктілігін шатастырмау керек. Егер шешендік адамға табиғат берген дарын болса, көпшілік алдында сөйлей алу біліктілігі күнделікті тәжірибе, жүйелі жаттығулар нәтижесінде қалыптасады. Шынында да талаптанған, алдына мақсат етіп қойып, соған жету үшін тер төгіп, еңбектенген адам жақсы шешен болып шығады. Табиғаттың берген дарыны тынымсыз еңбек, жігерлілік нәтижесінде табысқа жетуге жол ашады.

Ежелгі Грекияның атақты шешені Демосфен болған. Оның атағының әлемге жайылғаны сонша Демосфен деген ат шешен деген сөздің синонимына айналып кетті. Демосфен бозбала кезіндеақ логограф болып жүмыс істеп, қорғау қажет адамдардың сөзін жазып беріп жүрді. Шешен болуды армандап, шешендік өнерді меңгеруге шындап кірісті. Дауысын мығымдап, қолдарын дұрыс сермеуге, тыңдаушылар алдында дұрыс тұруға, ым мен ишараны меңгеруге жаттыгу үшін ол жер астынан өзіне бөлме жасап алып, күні-түні сонда жаттығуға кірісті. Ол кейде шашының жартысын қырып тастап, екі-үш айдай жұртқа көрінбестен жаттығуларын жалғастыра берді. Табиғатынан Демосфеннің дауысы өлсіз бо-латын, оның үстіне тілі кекеш, иықтары қозғалақдап тұратын. Дикциясын қатайтып, дауысын күшті, әрі анық ету үшін ол теңіз жағасына барып, аузына ұсақ тастарды толтырып алып, оларды түсірместен бірнеше сарат бойына есінде қалған ақындардың өлеңдерін жатқа айтқан, дауысымен теңіз толқындарының шуын басуға тырысқан. Жүгіріп бара жатып та, тауға көтерілгенде де ол сөздерді айтуын доғармаған.

Бірнеше жол өлең шумақтарын, үзақ сөз тіркестерін демін алмай айтуға жаттыққан. Қылышты төбеге асып, иығы әрбір қозғалған сайын қылыштың ұшы қадалатындай етіп қою арқылы ол тағы бір кемістігінен құтылған.

Біраз уақыт өткен соң ол шешен ретінде өмір сахнасына шығатын кез келді деп есептеді. Бірақ оның бірінші тәжірибесі аса сәтсіз аяқталды. Демосфен өзінің бірінші сөзін айтуға кіріскенде халық оны мазақтап, айқайшу шығарып, оның сөзіне қанағаттанбағанын білдіреді, Демосфен сөзін аяқтай алмай қалады.

Сосын ол өзінің досы атақты актер Сатирдің басшылығымен дикциямен, дауыс қоюмен, сөйлеу мәнерін жақсартумен айналысады. Тек орасан күш-қайрат жұмсап, ерінбей еңбек етудің арқасында Демосфен замандастарына таныла бастайды.

Әрбір кездесуді, әңгімелесуді Демосфен шешендік өнер жолындағы жаттығу деп санады. Жалғыз қалса, ол дереу жер астына түсіп, барлық әңгімені қайталап, өз баяндауына реттілік беруге, сенімді дәлелдер мен дөйектер келтіруге тырысты. Демосфен өзінің замандастары басқа да атақты шешендерден үйренді, олардың сөзін аса зейін қойып тыңдап, олардың ойының қозғалысын бақылап, жетістіктері мен кемшіліктерін байқауға ұмтылды. Ол өзінің ойына келген немесе басқалар айтқан сәтті сөздерді есіне сақтап, өз сөздерінде қолданып отырды, белгілі бір тіркестердің бірнеше нұсқаларын ойлап тапты, оларға өзгерістер енгізіп, пысықтап өңдеді, сөйтіп олардың ең жақсы, ең дөл нұсқаларын алып отырды.

Жанжақты білімді, аса дарынды және өмір бойы сөз өнерін шыңдай түскен шешен Цицерон болды.

Жасөспірім кезінен бастап ол ғылымның барлық саласынан аса құмарлықпен білім алуға кірісті. Еңбекқорлығы мен табиғи талантының арқасында Цицерон өз қатарларының арасында абырой атаққа жетіп, көшеде кездескенде оған ең құрметті орынды ұсынатын болған. Тіпті әке-шешесі Цицеронның тамаша табыстарын көзімен көру үшін мектепке келіп, сабаққа қатысатын болған.

Мектепті бітіргеннен кейін де Цицерон өз білімін толықтыра береді. Әр түрлі ғылымдарды оқып, философиялық мектептермен танысып, грек тілін үйренеді. Ол өзінің шешендік өнерін қылыш қайрағандай ұштай береді. Өздігінен көп жұмыс істейді, басқа да шешендерді тыңдайды, комик актер Роеций мен трагик Эзоптан сабақ алады. Цицеронның сотта қорғаушы ретінде сөйлеген сөзі тыңдаушыларға бірден ұнайды.

Плутарх айтады: бір күні римдіктердің тілін білмейтін афиналық шепінен Аполлоний Цицероннан грек тілінде сөйлеуді өтінеді. Цицерон Аполлоний оның сөзін тыңдап, кемшіліктерін көрсетер деген оймен бірден келісімін береді. Цицерон сөзін бітіргенде, отырғандардың барлығы да таң қалып, бірімен бірі жарыса шешенді мақтай бастайды. Тек Аполлоний ғана ештеңе айтпай, ұзақ ойға кеткендей, үнсіз қалады.

Кенет Цицеронның мұңайып отырғанын байқап, үн қосады: "Цицерон мен сені мақтаймын, сенің өнеріңе таң-тамашамын, бірақ мен Грекия үшін қынжыламын: жалғыз мақтанышымыз — білімділік пен шешендік сенің кінәңнән римдіктерге ауып барады" [24].

Информация о работе Шешендік өнер психологиясы