Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Қазақ-табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер. Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ. Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін, өшпек өз алдына елдік көшіміз керуенін жалғастырып, ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар. Олар-Төле, Қазыбек, Әйтеке [12].
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады»деген ұлағатты сөз бар.
Бұлар-қазақтың әлем алдында ортақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар. Бұл үшеуі тұрғыдан, жақсыны жаман жараламайды, елімізді дау араламады. Өйткені, үшеуі жер бөліспеді, дау бөліспеді, жау бөліспеді, бәрін қазаққа ортақ санап, енші бөліспеді.
Шешендік өнердің қалаптасуында билердің орны айрықша. Билік жүйенің қалыптасуы, дамуы және тоқырауы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім. Билік жүйе жойылды. Бірақ шешендік өнер жойылған жоқ.
Қазақ шешендік өнерде сөз ойға тәуелді болады. Егер керісінше болса, айтайын деген ойдың мәні солғындайды. Ұлы Абайдың «Көңілдегі көрікті ой, ауыздан өңі қашады», - деуі содан. Демек, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсіп отырса ғана сөз әсерлі де тартымды, әрі қуатты болады, тыңдаушыны баурап алып, еріксіз мойындатады.
Қазақ шешендері сөздің осы екі жағын тең ұстаған. Би-шешендер ойдың логикалық қисынының бұлтармас тиянақтылығына баса назар аударған. Қаз дауысты Қазыбек, Төле би сияқты хас шешендер, ой байламын заттық қатынастардан емес, ойды оймен қузалау арқылы тудырған. «Ойды ой қозғайды»; «Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады»,-дейді халық. Бұл диалектикалық логикаға тән байлам. Қазақ шешені өзінің ой тұжырымын көркем сөзбен көркейіп, қарсыласын өз ойын мойындауға көндіреді немесе қарсыласының ойы ақиқатқа сәйкес болса, оны мойындайды: алғашқысы-жеңіс, соңғысы-жеңіліс [13].Сонда шешендік сөздің екі жағы бар екен: қисынды ой, көркем сөз. Қазақ би-шешендерінің шешендік сөздері мен тағылымдары жасөспірім тәрбиесінде алатын орны зор.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, «шыншыл, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз»дейді де, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Ата-бабамыздың-төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасына сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Көшпенді ата-балаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайыттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелілік принципіне ерекше мән берген.Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған [14].
Ілгеріде айтқандай Европа елдерінде шешендік өнер, шешендердің сөздері ертеден-ақ зерттеліп келеді. Ал біздің елімізде билердің, шешендердің сөздері көбінесе халық жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп келеді. Ертеректе мұндай сөздерді жинау ісімен Шоқан, Абай, Ыбырайлар айналысты. Шешендік өнерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеу ісі сонау бабамыз Әл-Фарабидің еңбегінен алса, кейінгі кезде Шоқан Уәлиханов, Құбанғали Халид, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Г.Ә.Мәметова, Б.Адамбаев, Р.Сыздықова, Ә.Нұрмаханова еңбектерінде өрісін тапқан.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың айтуынша ең парасатты тәжірбие-әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергелік ұқыптылықпен сұрыптаған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек.
Аумалы- төкпелі
талай замандарды бастан
Қазақ жерінде халықтың, өмірдің қорғаны, тіршіліктің, әділдіктің, әсемдіктің дем берушілері, халқының қамын, елінің болашағын ойлаған,қазақ халының бірлігін сақтаған, тәртіптің, имандылықтың, ізгіліктің қалыптасуына әсер еткен, жастарға тәлім-тәрбиені мирас етіп қалдырған сонау Шыңғыс хан тұсында жасаған атақты би- шешендері қиянат-зұлымдыққа қарсы білім-білігін кеңінен пайдаланған, қаншама қажыр- қайрат жұмсаған. Тағылымдылық мәні зор билердің үлгі-өнегесін,бүгінгі күні қоғамның талабына сай өскелен ұрпақты игілікті, парасатты, жігерлі, туған жерін, елін сүйетін, ана тілін құрметтейтін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалыптастыру мақсатында, оқу- тәрбие үрдесінде кеңінен пайдаланудың ролі зор.
Мәдени
мұралардың бірі шешендік сөз
өңерін жоғары бағалаған А.
Тіршіліктің болашағын болжап, қиялдан айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған қуаныш үстіне дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет ақарған.... Негізіңде, шешен-билер мемлекет тағдырың шешетің тұлғалар.
Билердің игі істері, көрсеткен үлгі-өнегесі тұнып тұрған тәрбиенің өзі.Көреген көсемдігімен, алғыр шешендігімен, даналығымен өз туған даласын жат жұртшылық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан Төле би халық арасында «Қарлығаш би», «Қарлығаш әулие»,-деп атанған аңыздың тәлім-тәрбиелік ықпалы өте зор.
Өскелең ұрпақтың бойында әлеуметтік моральдық-әдептілік түсініктерде, тілін дамытуға шешендік өнерге деген құштарлығын арттыруға үлкенді-кішінің өзара сыйластығын бейнелейтін, жоғары мәдениеттіліктің белгісін білдіретін тағылымдық мәні зор мына бір билердің кездесулері:
«Төле би тоқсан жасқа толған кезде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:
«-Қаз дауысты Қазыбегім келді
Бәрің түгел жиылыңдар», -дейді Төле би
Қаздауысты Қазыбекті «Ойы да, тілі де
жүйрік тұлпарым»,-деп атаған Төле би.
Міне, осындай ұшқыр ойымен,
қызыл тілдің күшімен жауға
қарсы
Құлдық ұрсаң дұшпанға.
Мына сені кім айтар?» деп толғайды Төле би.
Қазақ билері өз ұрпағын ата-баба рухында Төлебилеп, ата салтын
қастерлеуге , құйма құлақ жастарға сіңіруге , шыққан тегін жатқа бі-
луге баулып отырған .
«Балам атың кім? – дейді
деп жауап берген бала Қазыбек.
Халық аңызына қарағанда,Қазыбек би дарынды табандылығымен, тапқырлығымен, асқан ақылдылығымен ерекшеленген.
«Өмірде не жаман»- деген сұраққа жауап бере отырып , кейінгі жастарды жаман әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.
Халыққа ненің жаман екенін айқындап көрсетеді.
Төле бидің он түрлі жұмбағына мынадай әсерлі де, өнегелі сөздері арқылы дәл әрі ұлағатты жауап айтады.
-Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман,
-Екі дегеніміз- егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз- ұш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз- төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз- белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегеніміз-асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз-жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегеніміз-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз-тооқалы той, топырақты елімде бас көрсетсе сол жаман.
Он дегеніміз- оңалмас кәрілікке дауа болмас-дейді. Қазыбек би өз ақылына сүйеніп алды-артын ойлап қана жұмбақтың жауабын шеше білген. Ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсені шешуге болмайтындығын аңғартады, кейінгі ұрпақты ең алдымен ойлы, парасатты, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше бөлуіне тәрбиелейді [17].
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалаптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып отырған. Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шешендік толғаныстарды ұтымды пайдаланған. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, көшпенді халақ болса да, ғылым-білімді дәріптеп, ақыл-ой тәрбиесінің негізі-терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа жан-жақты ұғындырып отырған, әр отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтардың, түрлі аңыз-әңгімелер мен тақпақтардың, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез қатты ескерген. Сонымен жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, санамақтар баланың ақыл-ой тәрбиесінде алатын орны зор.Мысалы: бала жұмбақтарды шешу арқылы оның танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізу, белгілі тұжырым жасап, шешімге келу, тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқауға болады. Ал ертегілер баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестететін, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді.
Халықтың бір аңызында ұлы жүзбен кіші жүз өз ара келіспей дауласады. Сонда Қазыбек би билікті өз қолына алып, дауды өзі шешеді. Ол ұлы жүздің жесірін кіші жүз алып қашқанына, оған ашуланып ұлы жүздің кіші жүздің жылқысын айдап кеткеніне қатты мін айтып, екі жақты өзінің өнегелі сөздерімен татулыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шақыра отырып, кейінгі қазақ халқының ұрпақтарына бір-бірімен жауласпай, бауырмал, бірлікте болуын насихаттайды.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайрымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Адам баласы жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалаптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. М.Жұмабаев былай айтқан: «Адамда қалай да болса, қашан да болса, пайда келтіретін ой мен ісі-ізгілік. Ізгілікке ұмтыру, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» [18].
«Ырыс алды-ынтымақ», «Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақалдан қазақ халқының тату-тәтті, ынтымақты, берекелі, бірлікті екенін көруге болады. «Ақ, қарамыз, сарымыз-дос-бауырымыз бәріміз»деп халықты нәсілге, ру мен жүзге бөлмей, кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет. Жас ұрпақ әр кез «бауыр», «бауырым», «бауырластық» деген сөздердің мән-мағыналарын терең де жете түсінгені абзал. Өйткені, бауырмалдық халқымыз қастерлейтін құдіретті қасиет. Онсыз өмір жоқ, ол бар өмірдің тұздығы, жылу мен қуаты, сәні мен мәні.
Жақсы адамың бойында қандай адамгершілік қасиетінің болу керектігін уағыздай отырып, Төле бимен Қазыбектің «Жігіттің жақсысы қандай болады» сұрағанына Әйтеке би мынандай жауап айтқан.
«Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген»
«Дұрыс сөзге тоқтай білген»-деп, жасы үлкеннің сөзін әрдайым тыңдап оны сыйлап, құрметте одан үйрен деп айтады. Осыдан жастардың жадында «сіз» деген анайылық, «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіремейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді», «Құдай деген құр қалдырмайды» деген қағидаларды үнемі уағыздаған.
Әйтеке биден үлгі-өнегесінің, өсиетінің негізгі жақсылық ізгілік, имандылық, адам қасиеттері, ел бірлігі, халық тұтастығы.
Әйтеке мына бір сөзінде «Кеудеңде санаң болса, талап ізде, талапсыз мақсатың жетем деме» үлкен тәрбиелік мән жатыр. Ол келешек ұрпақты өзін-өзі тәрбиелеуге өзін-өзі шыңдауына үндейді » [19].
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы Абай тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.
Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, ұзақ уақыт бойына қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы қажет.
Өлең мен жырды рухани азық етіп өскен қазақ жастарының осы асыл қасиеттерін соңғы бірер ғасырда қазақ даласында өмір сүрген неміс, орыс, украин, поляк зиялы ғалымдары Г.Ф.Миллер, А.Левшин, В.Н. Татищев, Г. Н. Потанин көне т. б. көрегендікпен бағаланған.