Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Қазіргі жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, өз еліне, жеріне тәуелді етуді, ұлт ішіндегі бірлікке, ынтымақтастыққа, ел тарихына сезімтал жүрекпен қарауға сонау XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ билерінің даналық, кемеңгерлік, елшілік, тапқырлық қасиеттерінің тәрбиелік құндылығы зор.
Қазіргі кезде педагогика ғылым негізгі мәселері Отандыққа тәрбиелеу, табиғи дарындылыққа қабілеттілікті,қасиетті жан-жақты зерттеп әрі қарай дамыту,сонымен бірге мәселердің бірі ұлттық тәрбиені қалыптастыру,ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу.
Бұл-кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірбиесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махабатты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді түйіндерінен көруге болады. Мысалы: М.Әуезов: «Отан, анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ» десе, Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң-Отан қымбат... туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» деп келетін аталы сөздерін еске аларсың.
Ұлттық мәдениетті «шешендік арнау, толғау сөздерін» қазіргі қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолдану, тіл мәдениетіне, еліне деген құштарлығын арттырып, ұшқыр қиялды, сана-сезімі, ой- өрісін өсіруге, рухани байлығын дамыта түсуіне әсер ету әбден мүмкін:
Жалпы білім беретін мектептер – жанынан шешендік өнерді дамытуға үйірмелер ұйымдастыру, факультатифтік курс бағдарламасын жасау билердің асыл қасиеттерін ойшыл, кеменгер, ақылшы, ел басқарған тұлға екеніне сипаттама бере отырып, билер сөзінің ерекшелігін оқушыларға жете меңгеру, танымдық-тәрбиелік мәнін тәрбие сағаттарында айтып түсіндіру.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған, ойын-сауықты көп айтылатын тағы бір сөз ұстарту амалы – жаңылтпаш.Жаңылтпаш бұл дұрыс сөйлеуге үйретеді. Шешендік өнердің қалыптасуында мұның атқарар қызметі айрықша. Өйткені шешен адамның сөзі – мүлтіксіз, айқын, анық болу керек. Сөйлеп отырған адамның тілі шолжың, мүкісті не кекеш болса, оны жұрт түсінбейді, тыңдамайды, біраздан соң келеке қылуы мүмкін. Сондықтан шешеннің әрбір сөзі айқын, анық болуы керек.Ол сөйлегенде кекештенбеуі, тұтықпауы тиіс, даусы ашық, сөздің мазмұнына қарай өзгеріске бейім ырғақты, жағымды болу қажет. Сөз өнерін өнердің ең асылы деп бағалаған халқымыз өнер алды қызыл тіл дегенде сөздің мән-маңызына, көркемдігіне, айту мәнеріне, дауыс ырғағына, дауыстың тембріне айрықша мән берген. Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай деп шешеннің дауысын да ерекше ескерген.Ал сөйлеу тілінің жетілуінде, тіл мүкістігінен арылуда дауыс ырғағын қалыптастыруда жаңылтпаш айтып жаттығудың мәні зор.
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай кім томағалайды.
Немесе:
Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені құдаламады,
Мен оны құдаламадым,
- деген сияқты айтылуы қиын, тіл
бұрайтын сөздерді тез-тез
Бүгінгі рухани өмірімізге енген өзгерістерге, қоғамның талабын сай өскелең жас ұрпақты игілікті,жігерлі, туған жерін, елім сүетін, ана тілін құрметтейтін, ата – баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалаптастыру мақсатында ұлтық және жалпы адамзатық мәдени мұралар негізінде тәрбиелеуге бетбұрыс жасалуда. Сол мәдени мұралардың бірі – қазақ билерінің тағылымдық мәні зор шешендік арнау, толғау сөздері.
Қазақ педагогикасының қалыптасып дамуына қазақ билерінің шешендік арнаулары, толғалары, қазақ елін көркейтуге бар қайрат – қажырып жұмсаған билердің үлгі - өнгесі орасан зор рол атқарады.
Елім деп, жерім деп қызғыштай қорғаған батырлар да, билер де аз емес. Билердің игі істері, көрсеткен үлгі - өнегесі өзі басқарған елге көп тәрбие береді. Көреген көсімдігімен алғыр шешендігімен, даналығымен туған даласын жат жұрттық басқыншалардан қорғау белсене қатысқан Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би», - деп атанған аңыздың тәлім тәрбиелік ықпалы өте зор.
Өскелен ұрпақтың бойында әлеуметтік моральдық - әдептілік түсініктерды, тілін дамытуға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыруда үлкенді – кішінің өзара сыйластығын бенелейтын, жоғары мәдениеттіліктің белгісі білдіретін тарылымдық ролі зор міна бір билердің кездесулері: «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз даусты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылар, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме – дүкен құрып отырғанда:
- Қаз дауысты Қазыбегім кеді.
Бәрің түгел жиналыңдар», - дейді Төле би.
Қаз дауысты Қазыбекті «Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым», - деп атаған ТӨле би.
Міне осындай ұшқыр оймен, қызыл тілдің күшімен жауға қарсы күш біріктеді білген, мына бір дана сөздері ержүректілікке, елінің туын берік ұстауға, ерлік намысын қорғауға, ерлік рухта тәрбиелеуге шақырады.
«Уа, көсіле шабар жерің бар
Ту көтерген ерін бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорын бар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар ?»,- деп толғайды Төле би.
Қазақ билері өз ұрпағын ата – баба рухында тәрбиеленген, ата салтын қастерлеуге, құйма құлақ жастарға сеңіруге, шыққан тегін жатқа білуге баулап отырған.
«Балам атын кім ? дейді.
Атым Қазыбек, әкем Қелдібек би,
Ұлтым қазақ, руым Қаракесек» - дап жауап берген бала Қазыбек.
Ұлттық мәдениеттің шешендік арнау, толғау создерін қазіргі қазақ мектептерінде оқу – тәрбие жұмысында кеңенен қолдау, тіл мәдениетін, еліне деген қуштарлығын арттырып, ұшқыр қиялы, сана – сезімі, ой - өрісін өсіруге, рухани байлығын дамыта түсуне әсер ету әбден мүмкін:
Қазіргі жастарды Отан сүйгішттікке тәрбиелеу, өз еліне, өз жеріне тәу етуі, ұлт ішіндегі бірлікке, ынтымақтастыққа, ел тарихына сезімтал жүрекпен қарауға қазақ билерінің даналық, кеменгерлік, елшілік, тапқырлық қасиеттерінің тәрбиелік құндылығы зор.
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер
Қазіргі кезде оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басқаны түсіну,біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінезқұлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі. Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейрімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Шешеннің адамды жақсы мен жаман деп тану да олардың міне-құлық, қасиеттерін халықтық таным тұрғысынан саралауы. Қазбек шешеннің жақсы мен жаманның қандай екенін танытқан болжамдары адамгершілік идеяларын насихаттайтын даналық нақылға айналған. Шешен адамгершілік идеяларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып та, оларды жеке-дара саралай отырып та сабақтайды. «Өнерің мен өнегең азбасын» дейтін сөзінде: «Жақсы деген кісінің алды-арты бірдей жарық болар, Жақсы деген ісіңнің бас-аяғы бірдей анық болар»-дейді. Бұл өмірде сан мәрте жолығатын жақсы мен жаманның қандай екені, олардың ісінің қандай екені жайлы бұрыннан таныс таным-түсінік немесе жалаң да қасаң сөз емес, шешеннің образды ойлауы нәтижесінде жақсы мен жаман күтпеген қырынан көрінеді. Қазбек шешен жақсы мен жаманды, олардың ісін саралай келіп, тыңдаушысына ақыл-кеңес те береді:«Жаман істі қостама, жаман кісіні бостама. Жақсы істі тастама, Жақсы кісіні жасқама». Расында, бұл ақыл-кеңес қана емес, адам өмір бойы жадында ұстап жүруге тиіс даналық нақыл екені даусыз. Шешен бұл ақыл-кеңесті орындаудан болатын кесір-кесепаттардан да сақтандырады: «Жаман істі қостасаң, қарың талады, жаман кісіні бастасаң, жағың талады. Жақсы кісіні жасқасаң, өнегең азады».Сөздің соңында шешен тыңдаушысына үміт арта сөйлеп, «Қарың мен жағың талмасын, өнерің мен өнегең азбасын»-,дейді [20].
Сондай-ақ, Қазбек шешен балаға айтқан ақыл сөздерінде адамгершілік қағидаларын ұлттық ұғымдармен де ұштастырды. Мәселен, ұлттық ұғымымызда жеті-киелі сан. Бөлтірік шешеннің «Жеті жетіні білгенді адам дейді»дейтін сөзі оның өмір шындығын жете біліп, жіті тексеруінен туған. Ол «Жеті жетіні» адамгершілікке бастайтын сара жол ретінде танытады.
«Жеті атаңды біл,
Жеті руды біл,
Жеті жарғыны біл,
Жеті құбыланы біл,
Жеті жақсыны біл,
Жеті жаманды біл,
Жеті жетімді біл»
Қазбек шешен ұғымында, бұл жетіні білу-адамгершілікке бастайтын жол, оны білмеу, адамгершілікке қарамка-қайшы іс. Сондықтан, шешен:
«Жеті атасын білмегенді жетесіз дейді,
Жеті руды білмегенді жер көріп, ел танымаған ессіз дейді,
Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз дейді,
Жеті құбыланы білмегенді көкірек-көзсіз дейді,
Жеті жақсыны білмегенді жаман дейді,
Жеті жаманды білмегенді надан дейді,
Жеті жетімді білмегенді арзан дейді,
Жеті жетіні білгенді адам дейді»-деген. Бұл сөзінде шешеннің балаға ең алдымен айтқаны-жеті ата ңды білу. Бұл шынында жеті атамыздан, ежелгі бабаларымыздан қалған өсиет сөз. Шешеннің бабалар өсиетін балаға ақыл-кеңес етіп ұсынуының мәнәсі тура мағына деңгейінде-адамның, ең алдымен, өзіне-өзі тануы, шыққан тегін-жеті атасын білуі. «Жеті жарғы» әдет заңында жеті атаға дейін неке қиылатын болса, күйеу мен қалындық өлім жазасына кесілуге тиіс болған.Жеті атаға дейін қыз алыспау-ата-бабаларымыздың тұқым салауаттылығын ойлау мақсатынан туған. Міне, «жеті атаңды біл»-деудің түпкі мәні де осында. Сондай-ақ, шешен бұл өсиет сөзіне мұсылман танымында киелі саналған жеті санын қазық ете отырып, «жеті әдеттік құқықтық жүйеден(жер дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамассыз ету) тұратын қоғамдық қатыныстарды реттейтін заңдық күші бар аса құнды құжат-«Жеті жарғыны» білуді де міндеттейді.Алайда, бұлқұқықтық құжаттың әрбір бабаның талаптары мен реттеу функцияларын білу кез келгеннің қолынан келебермейтін өнер екені шешенге де аян. Дегенмен, шешеннің балаға айтпағы- көзі ашық, ата заңынан хабары мол, ел тізбегінін ұстайтын адамзат болуға ұмтылу. Бұдан кейін, шешен баланы әлем, табиғатқұбылыстарын танытуға меңзейді, Оның жеті құбыла деп отырғаны-төрткүл дүние. Бұның сырлары-балаға жұмбақ. Дүние жұмбақтарын шешу-даналық жол. Сондықтан, шешен баланы даналыққа үйретуге құштар екені танылады.
Қазбек шешен айтқан сөзде жақсы мен жаман туралы халықтық қағидкны ескере отырып, балаға жақсы мен жаманды білмекті де өсиет етеді. «Жеті жақсы» дейтін белгілі сөзінде адамға тән жеті жақсы қасиеттің сипатын ашады. «Ақылсыз адым баспайсың, ақылыңа сай талабың болмаса, жалғыз ақылың алысқа аспайсың»-дейді. Шынында да, шешен адамға қажетті нәрсенің алғашқы-ақыл дей отырып, оның талаппен бірлігін құптайды.Сондай-ақ, адам қоғамына қажет бірлік пен тіршіліктің сүйеніш ететін нәрселерін көрсетеді. «Білімсіз бірлік жоқ, малсыз тірлік жоқ»-дейді. Олай болса, білім мен мал да адамның өмір тіршілігіне қажетті жеті жақсының санатында екенін түсінеміз.
Адам баласының бойынан табылатын бұл жеті түрлі жаман қасиетті саралай отырып, баланы одан сақтандырады. Әрине, шешен бұл қасиеттердің баршасын өмір тәжірибесінде бетпе-бет келгендіктеғн ғана емес, олар жөніндекемел ақыл, сұңғыла сезім шеңберінде ой түю нәтижесінде таниды. Сондықтан , адам бойындағы кісітанығыштық, көргендік қасиет те көз бен көілдің көргенін ойда елеп, екшей білудің-даналықтың белгісі. Расында, бұл сөзде адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бет-пердесі ашылады. Соның бірі-күншілдік. Қазбек шешеннің: «Ақылы жеткей кейбіреу, ақылдыға қас болар», деуі де күншілдікті әшкерелеуі. Күншілдік-адамбойында қызғаныш пен көре алмаушылықтан туытын дерт екені белгілі. Көне түркі данышпаны Ж.Баласағұнда: «Күншілдік –көп емдейтін дерт»-дейді. Шешеннің адам бойынан тапқан жері және жаман қасиеті-кекшілдік. Бұл да ақыл-ойдың саяздығынан, жүректің қаталдығынан болатын мінездегі кемшілік. Сондықтан халық даналығы «кекшіл болма, көпшіл бол»-дейді [21].
Шешен баланы астамшылдықтан мүде шошындырып: «одан алыс жүр», -дейді. Оның бұл ойының мәнісін «Бес жаман» сөзінен табуға болады. Қазбек бұл сөзінде көпшілік ортасынданда байлығы мен барлығын мақтан етіп, өзіне іліп-шалып, тиісе берген төре мен оның төрт «жақсысының» астамшылығын құдайсыздықпен теңгеріп, «Құдайсыз адам имансыз, имансыз болсаң сол жаман»-дейді. Қазбек шешен сол жаман міне-құлықтың өзгеге ғана емес, адамның өз басына кеселі тигізетінін балаға орынды ескертеді. Қазақ шешендерінің сөз сайыстарында берілетін дәстүрлі сауалдарының бірі-«Дүниеде не жетім?». Мұнда Қазбек шешеннің балаға жеті жетімді біл деуінің мәнәсі басқаша. Шешеннің ойынша,бала ел тізгінін ұстайтын азамат болса, дүниедегі жеті жетімдібіліп қана қоймай, сол жетімдікті туғызбайтын себеп-шарттарды да жете ұғыну тиіс. Сондықтан шешен «Жеті жетім» сөзінде ел мен жердің т.б. азып-тозып, жетімдік күйге түсуінің салдар –себебін былайша толғайды:
«-Аспаннан жауын жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім,
Елінен айрылған ер жетім,
Аққу қазсыз көл жетім,
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған тон жетім.
Замандассыз қалған шал жетім».
Қазбек шешеннің балаға жеті жетімді біл деуінің мәнісі мынада: жаңа талап, жас баланың ел мен мұңын ойлайтын ер-азамат болып өскен жақсы деген [22].
Қазақ шешендері дүниедегі қилы құбылыстардан туатын жаманшылдықты жетім, ғаріп деген бейнелі сөздермен танытып, олардың жайын толғауды тәлім-тәрбие деп айтқан екен.
Қазбек шешен балаға тәлім-тәрбие берудің халықтық жеті жүйесі деп таныған «Жеті жетінің» мән-мағынасын «Жеті жақсы», «Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Жеті жетім», «Өнерің мен өнегең азбасын» т.с.с.. сөздерін де саралап-салмақтай түсіндіреді.