Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

 
Мазмұны

 

     Кіріспе                                                                                                              6

  1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің

теоретикалық негіздері                                                                                    9                          

    1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы                                         22
    2. Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы

теориялық-әдіснамалық негіздері                                                                  28               

    1. Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері                                   38  

2   Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің

      экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі                  39

2.1 Павлодар  облысының әлеуметтік экономикалық  дамуы                            51

2.2 Павлодар облысы бойынша  өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз

      етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау                                                           58

    2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік  кешенде 

          кәсіпкерліктің  даму мәселелері                                                                     60

    3    ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  мемлекет

          тарапынан  қолдау және реттеу шаралары                                                   61

    3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі 

          бағыт-бағдары   және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері              68

    3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі

          қаржылық менеджмент стратегиясын  жетілдіру                                         70                

    3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері

          мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау                                        74

          Қортынды                                                                                                        77

          Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                     79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі  орталық мәселелердің бірі болып  табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді  қамтамасыз етпейінше бір де бір  ел басқа мемлекетке тәуелділіктен  құтыла алмайды.  Қазақстан экономикасының тұрақтануы  және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық  өсу  90-жылдары туындаған  дағдарыстың салдарын жойып жіберді  деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды  жасауға  республиканың азық-түлік  қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік  нарығының  шынайы даму  тенденциясы,  оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы  өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі  аймақтарындағы  халықтардың әлеуметтік жағдайы  мен төлем қабілеттілігі  жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен  қамтамасыз етудің қажетті шарты  – ұлттық шаруашылықтың  көптеген салаларымен қарым-қатынаста  болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың  өзін-өзі  қамтамасыз етуі ( азық-түлік  тәуелсіздігі)  болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің  дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер  мен импорт арасындағы оптималды  арақатынасты анықтау үшін  азық-түліктің негізгі бөлігін  материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен  ел ішінде өндіру.

Кез келген елде  азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің  деңгейі мен  сапасы  ауыл шаруашылық жағдайы  мен агроөнеркәсіптік  кешенге  байлынысты салалардың жағдайына  тікелей  байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей,  ауыл-шаруашылық өндірісінің  келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік  өнімдері жағдайларының  нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен  айналысудың өнімділігінің  төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің  қысқаруы және т.б.

Елдің  азық-түлік қауіпсіздігі  мәселелерін зерттеу,  ғылыми негізделген  нормалар бойынша  негізгі тамақ  өнімдеріне  деген халықтардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатында, ел ішіндегі аграрлық  өндірістің тиімділігін  көтеруге бағытталған іс-шаралар  кешенін жасау  зерттеу тақырыбының  өзектілігін  және оның елдің  азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі  ғылыми-практикалық маңыздылығын анықтайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету отандық және шетелдік  авторлардың  зерттеулеріндегі көзқарас бойынша  республикадағы агроөнеркісіптік өндірісті  дамытудың теориялық және практикалық  аспектілерін  талдау және оның  потенциялы мен  мүмкіндіктерін бағалау, зерттеліп отырған тақырып толық  ашылмағандығын және де концептуалды шешімдерді іздеу деңгейінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік оқымыстылардың ғылыми жұмыстары талданған.

Жұмыстың мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін анықтау үшін Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігінің баға берудің  теориялық және әдістемелік аспектілерін жасау.

Жалпы мақсаттар негізіндегі келесідегідей  нақты міндеттер анықталады:

  • азық – түлік қауіпсіздігі категориясының мәнін нақтылау, азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштерін, негізгі критерийлерін және квалификациялық ерекшеліктерін анықтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономиканың агроөнеркәсіптік секторының жағдайын қарастыру, азық-түлік тауарларына  қол  жетімділікке баға беру, республикадағы азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеделдік әдістерін жалпылау және оның облыс жағдайына адаптациялану мүмкіндіктерін анықтау, азық-түлік қауіпсіздігін  болашақта да нығайту жолдарын анықтау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру  бойынша іс-шараларды негіздеу.
  • Зерттеу пәні облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды қалыптастыру процесінде пайда болатын экономикалық  қатынастар кешені болып табылады.

    Зерттеу обьектісі ретінде облыс экономикасының агроөнеркәсіптік секторы алынған.

    Ғылыми - зерттеу жұмысының теориялық  және методикалық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің теориялық концепциялары, ғылыми ой жетістіктері, экономикалық реформа бойынша үкімет құжаттары, заңдық пакеттер және заңдық актілер көрсетеді.

    Зерттеудің ақпараттық базасы облыстың заңдық актілері, Жамбыл облысыСтатистика Агенттігінің нақты статистикалық мәліметтері, ауылшаруашылығы Министрлігінің, Жамбыл облысы бойынша ауылшаруашылық Департаментінің мәліметтері, монографиялар, мерзімдік баспа және интернет басылымдардың материалдары болып табылады.

    Қорғауға азық-түлік қауіпсіздігінің  және оны қамтамасыз ету бойынша  ұсыныстардың экономикалық мазмұны  туралы теориялық жағдайлардың жиынтығын  көрсететін ғылыми өңделімдер шығарылады.

     Зерттеу барысында ең маңыздылары болып табылатын  тұжырымдамалар мен ұсыныстар қалыптастырылды:

    - азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық категория ретіндегі авторлық трактовкасы көрсетілді және теориялық аспектілері нақтыланды;

    - азық- түлік қауіпсіздігінің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігіне және жиынтық экономикалық потенциалға шарттастырылған көрсеткіштері, түрлері мен критерийлері негізделді;

    - жіктеу қасиеттері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін құрайтын топтамалар жасалынды;

    - Қазақстан экономикасының аграрлық секторын дамытудың қазіргі деңгейіне автор қолдануға тырысқан, халықаралық тәжірибеде қолданылған, азық-түлік қауіпсіздігінің бірқатар теориялары;

    - Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2012 жылға дейін өндіріс және негізгі тамақ өнімдерін тұтыну бойынша болжамдық есептеулер жасалынды.

    Зерттеу жұмысының тәжірибелік  мәнділігі оның нәтижелерінің келесідегідей мүмкіндіктерінен тұрады:

    - азық-түлік тауарларының өндірісін дамыту бойынша Қазақстандағы мемлекеттік саясат үшін ғылыми негізделген шешімдерді қабылдау;

    - ауылшаруашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтау кезінде 2012 жылға дейінгі болжамдық мәліметтерді пайдалану;

    - аймақтық ауылшаруашылық бағдарламаларын, сондай-ақ ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметін жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау кезінде ескеру және т.б.

    Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде 81 бетте баяндалды, 20 кесте, бар; кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан, 35 пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

     

     

      1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теоретикалық негіздері 

     

     

      1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы

     

     Азық-түлік қауіпсіздігі – барлық экономикалық жүйеге тән экономикалық категория. Азық- түліксіз ешбір этнос өмір сүрмейді, және тірі қалмайды. Содықтан бұл зерттеу азық-түлік қауіпсіздігінің жұмысымен байланысты, жалпыметодологиялық сұрақтар кешенін қарастырады.

    Бұл кешенге келесі сұрақтар енеді:

    • «азық-түлік қауіпсіздігі» жалпы ма, әртүрлі экономикалық жүйеге әсер ете ме, жоқ па: оң қорытынды жасалса, азық-түлік қауіпсіздігінің қызметі барлық сатыда сипатталады және нарық қатнастары жағдайында бұл категорияға сандық және сапалық баға беріледі;
    • Азық-түлік қауіпсіздігі бұрынғы экономикалық жүйелерден қалған ба, немесе өтпелі кезеңдегі факторлар әрекеті ме ;
    • Азық-түлік қауіпсіздігінің нарық жағдайында жалпы мазмұны сақтала ма;

    Азық-түлік қауіпсіздігіне арналған экономикалық әдебиеттерде бұл сұрақтар қарастырылмаған, егер қарастырылса да бір-бірінен алшақ. Қоғам танымы терең және толық болған сайын  әлеуметтік – экономикалық категориялар қолданылған сайын әлеуметтік- экономикалық тиімділігі жоғары болатындығы белгілі. Сондықтан қойылған сұрақтардың  жауаптарының ғылыми мәнділігі зерттеу  бөлігінде ғана емес , нарық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігінің рөлі мен функциясы, оның әрекетінің механизмін түсінуді ашу, жабдықтардың өте тиімді түрлерін іздеу бағыттарын құру. Бұл  жазықтықтағы зерттеу мемлекет құрған кешеннің жағдайын, талаптарын, құқықтық нормаларын, экономикалық нормативтерін, инструкция мен директиваларын тамаша анықтауға мүмкіндік береді, және мемлекет экономикасына төнетін  ішкі және сыртқы экономикалық қауіптерден  қорғауға кепілдеме береді, әрі қамтамасыз етеді.

    Жаңа ұғымдар мен категориялардың  туындауы немесе экономиканың мазмұнының өзгеруі және « ескі » бағыт  қызметі экономикалық теория дамуы  мен жаңа объективті нақты құбылыстың бейнесінің нәтижесі.

    Экономикалық категориялар қандай экономикалық жүйеге тән болса да, оның жалпылығын ашатын бірдй ерекшелігімен  анықталады. Мұнадай ерекшіліктер экономикалық категориялардың мәнін қолданудың барлық сатысында терең сипаттайды. Жалпы категориялар мазмұнын талдау әрбір экономикалық жүйе үшін жалпы  және арнайы даму кезеңдерінің біріңғай екі жағын көрсетеді.

    «Азық-түлік қауіпсіздігін» экономикалық категория ретінде қарастыру  Р. Нельсон мен С. Уинтердің классикалық  еңбектерінде енгізілген эволюциялық  теория принциптерін қолданады:

    - адаптивті принципі- азық-түлік  қауіпсіздігін камтамасыз еті  жүйесінің сыртқы орта озгерісіне  бейімділігі. Адаптивтік деңгейі  жоғары болған сайын, жүйе қызметінің тиімділігі жоғарылайды.

    - өзгеру принципі- азық-түлік қауіпсіздігін  жабдықтау жүйесінің уақыт бойынша  өзгеруге қабілетігі. Бұл өзгерістер  экономикалқ орта мен өндірістік  күштер мен қатынастар дауының  эволюциялық жолымен даму мумкіндігі  және революциялық, өндірістік күштер  мен қатынастардың тез өзгеруімен  анықталады.

    - біртектілік принципі- экономиканың  даму деңгейі, әлеуметтік және  мәдени ерекшіліктері, дму тарихымен  байланысты жүйенің алғашқы элементтерінің  қасиетінің әртүрлілігі. Нарықтық  ортада жүйенің біртекті еместігі  ауылшаруашыфлық кәсіпорнының бәсекелестігі,  сауда, қоғамдық тамақтанудан  көп тәуелді.

    - жүйелілік принципі. Субъект және  әлеуметтік-экономикалық орта бір  бүтінді немесе жүйені құрайды,  оның элементтері белгілі байланыс  пен шектеулер арқылы өзара  әсерлеседі.

    - шектеулілік принципі- ресурстардың  шектеулігіне байланысты ( табиғи,        қаржы, адам, т.б.)    анықталатын  өндірістік қатынастар сипаты. Шектеулілік  қауіп тудырады, және азық-түлік  қауіпсіздігін, сонымен бірге  ол жай қозғалыс көзі.   

    Азық-түлік қауіпсіздігі тауар- ақша қатынастары бар барлық экономикалық жүйелерге тән экономикалық категория  оның дамуы азық- түлік қауіпсіздігінің  маңызды ерекшеліктеріне тарайды, әр экономикалық жүйенің тарихи мерзімінің барлық қызмет ету сатысында сипатталады. «Жалпы» және «арнайы» белгілерінің әртүрлі бағытта дамитындығынескеру қажет.

    Азық-түлік қауіпсіздігі жалпы  категория ретінде әкімшілік  басқару жүйесінде дамуының ең жоғарғы  нүктесіне жетті, ал қазіргі дамуы  төмен.  Нарықтық қатынастарға тән  жаңа мазмұны ары қарай дамуда. Мұндай позиция оның тұқымдық белгілерінің түп белгілерінен ажырату емес, біріншісі  көруге міндетті және екіншісінің спесификасын анықтайды. Мұнда олардың жалпы  ерекшелігін анықтайтын тура байланыс байқалады. Нарық жағдайында азық-түлік  қауіпсіздігін қолдану шекарасы мен механизмі, функциясы жаңа мазмұнда көрінеді, ал түрі өзгерістерге ұшырайды.

    Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету