Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

 Азық-түлік қауіпсіздігі-қажетті,  тіпті жеке адамның материалдық  жағдайы жеткіліксіз болса да, кез - келген адамдар тобы мен  қоғам түгелдей оның функциясы  мен даму мүмкіндігін - демографиялық,  экономикалық, саяси, мәдени, интелектуалды  т.б. анықтайды. 

Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі  жер өңдеу және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.

Әлеуметтік реформалар мен төңкерісшілер  адам қоғамын жетілдірудің козсіз идеясының  әсерімен ХХ ғасырдағыреформа мен техникалық төңкерістің тәжірибесі дәлелдегендей  кез келген радикалдлы экономикалық түрлендірудің мүмкін шегі конструктивті  және деструктивті әсерінің қоғамға  тигізер күші зор- тұрғындар, физикалық  және рухани денсаулық, білім беру кешені, экономика, оның ішінде ауыл шарушылығы, жеңіл және тамақ өндірісі, көлік және энергетиканы қайта өндіру.

Осыған байланысты қауіпсіздік  мәселелерінің әр түрлі аспектілері  туындайды, яғни адам, қоғам, мемлекеттің  эономиклық және саяси түрлендірулер  кезеңінде маңызды мүдделерін қорғау мәселелері туындайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін экономикалық және ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды  құраушысы ретінде құрастыру  қажет.

Ғылыми әдебиеттерде қауіпсіздіктің әр түрі ерекшеленеді: геосаяси, қорғаныс, қоғамдық, экономикалық, демографиялық, экологиялық, ақпараттық, интелектуалдық, ғылыми – техникалық, азық- түліктік.

Теориялық алғышарттар негізінде  азық-тілік қауіпсіздігінің экономикалық мазмұнына анықтама беру қажет.

Алғаш рет «Азық-түлік қауіпсіздігі»  ұғымы өз бетінше дамып, тәуелсіздік  жолына түскен елдерде өмірлік аңызды мәнге ие болды. Азық-түліктің жетіспеуі 70- жылдарда әлемдік дағдарысқа себеп болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1974 жылы «Әлемде азық-түлік қауіпіздігін жабдықтау бойынша халықаралық міндеттеме» қаулысын қабылдады, және ол нақты түрде азық-түлік қауіпіздігінің мәнін анықтады. Сол кезде көптеген елдердің азық-түлік мәселелерін шешудің дамыған елдер «көмегімен» импортқа шығару концепциясын орнату жылдам әрі тиімді жағы болды. Бірақ азық-түлік тауарларын өткізу қатаң монополиялық нарыққа айналған соң, көптеген елдер 70 жылдары «өз күштеріне сену» концепциясын өтуге мәжбүр болды, әрине ол жүзеге асқан жоқ.

Тез арада әлемдік банк айналымға  «азық-түлік қауіпсіздігін уақытша  және ұзақ түрде жою» ұғымын енгізді. Тұрақты түрде азық-түліктің жетіспеуі  мемлекеттің валюта табысының деңгейі  төмен болғанда, сыртқы нарықтан азық-түлік  сатып ала алмағанда пайда  болады. Мерзімді жетіспеушілік банк бағалауы бойынша әлемдік бағаның  өсуінен болуы ықтимал. АҚШ-дағы 80- жылдардағы жағдай тағы бір азық-түлік  жетіспеушілігінің басы болды. Елдің  жер қоры түгелдей пайдаланылғанда, дәнді дақылдар алқабы өспегенде, ірі  қара жайылымнан жендеуге көшірілгенде, 2030 жылы АҚШ тұрғындары 95 млн адамға арту күтілуде, су жетіспегенде, шаруашылық тиімсіз жүргізілгенде осындай  қуатты елде азық-түлік қауіпсіздігі дабыл қағады.

БҰҰ 1996 жылы ауыл шаруашылық халықаралық  азық-түлік ұйымы ФАО берген анықтама бойынша, «азық-түлік қауіпсіздігі – барлық дам барлық уақыта белсенді және дені сау өміріне қажетті  физиололгиялық тұтынымы мен талғамын қанағаттандаруға жеткілікті, қауіпсіз және нәрлі азық-түлікке экономикалық қол жеткізуі».

Азық-түлік қауіпсіздігінің ұғымның  жалпы теориясы батыс авторлары  Л. Бери, Е. Барбер, Б. Портилла, Г. Конвей еңбектерінде кеөздеседі. Олардлың көзқарасы  «азық-түлік қауіпсіздігі- белсенді, дені сау, өмір сүріге қажетті азық-түлік  барлық тұрғындарға қол жетімді  болатын экономика жағдайы» деген  оймен дәл келеді. Бұл кезде  жоғарыда келтірілген авторлар азық-түлік  қауіпсіздігінің маңыздылығы  сұрақтарын жеткілікті түрде ашпайды және оны  шешу тәсілдерін анықтамайды.  Азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету иедясы негізгі азық-түлікті мемлекет ішінде өндіру үшін материалдық, қаржылық, еңбектік және әлеуметтік – экономикалық жағдайларды ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жасау, сондай-ақ отандық және импорт өнімдерінің оптималды ара қатынасын анықтау.

Шетелдік экономикалық әдебиеттерде «азық-түлік қауіпсіздігі», «азық-түлік  тәуелсіздігі»  ұғымдарына анықтамалар  кездеседі. Бірақ, екінші жағдайда елді азық- түлікпен өзі қамтамасыз ету деңгейі анықталады. Тұрғындар тұтынымын тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ішкі өндіріс елдің өзін - өзі жабдықтау көрсеткіші, азық- түлік тәуелсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қамтамасыз етілуінің қажетті шарты. Осы мәселелерді шешуг поляк ғалым экономистері А. Бушковский, Г. Войцеховский, А. Воев, З. Колодзеяна, А. Клявс, С. Лоявский, И. Точна т.б. едәуір үлес қосты. Олардың күшімен мемлекеттің экономикалық және шикізатпен жабдықтауының маңызы туралыкілттік теориялар тұжырымдалды, ол азық-түлік қауіпсіздігінің фундаменталды негіздерінің бірі. Олардың ойынша экономиканың өзін өзі жабдықтау тағам өнімдерінің сыртқы сауда айналымын балансқа келтіру арқылы жетіледі. Бірақ бұл өте қауіпті, себебі халықаралық жағдалар үнемі шиеленісіп отырады. Экономикалық өзін-өзі жабдықтауға ішкі жағдайлар және климат әсер етеді. Шикізатпен озін өзі жабдықтау сол кезде болады, егер тағамдану деңгейіне рационалды (тиімді) әсер ететін өндірісі үшін азық-түлік шикізаты өз елінде өндірілсе. Өндіріс үнемі ауытқып отыратындықтан тұрақты түрде азық-түліпен жабдықтау қиын. Мұнда бір адамға 1000 кг мөлшерде дән есептелуі тиіс. Сонымен олардың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі кең көлемде айтылады. «азық-түлікпен» жабдықтау ұғымында біріңғай түсінігі жоқ. Әр елдің азық-түлікпен жабдықталуы әр түрлі. Егер азық-түлік тұтынымын қанағаттандыру халық шаруашылығы қабілеттілігін минимал деңгейде өсіру деп қабылдасақ, онда өзін өзі қамтамасыз етудің үш категориясын аныықтауға болады дейді поляк зерттеушілері.

Абсолютті өзін - өзі қамтамасыз ету - сыртқы саудадағы ауылшаруашылық өнімдерін сату айналымы нөлге тең  болғанда өзін өзі жабдықтау.

Салыстырмалы өзін - өзі қамтамасыз ету, сыртқы сауда айналымы баланста болғанда жүзеге асады. Оны ел тұрғындарының  азық-түлік тұтынымын кешенді  қамтамасыз ету деп анықтайды, ол кезде ауылшаруашылығы экспорты мен шикізат импорты шығындары  түгелдей жабылуы тиіс (нетто). Мысалы, Польшада бұл мүмкіндік 39 млн халық  үшін күндік рационы адамға 2755-3200 калория  деп анықталған.

Оптималды өзін өзі қамтамасыз ету үнемдеу  принципін қолдану нәтижесінде, белгілі құралдарды қолдана отырып, экономиклық жүйеде өндіріс факторларын  дұрыс орналастыру арқылы максимал нәтиже алу. Бұл жүйе мақсатының функциясының көзқарасы бойынша максимал экономикалық тиімділікке кепілдеме береді.

       Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету – бұл ең алдымен белгілі  бір кезеңде елдің азық-түлік  қауіпсіздігінің потенциалын қамтамасыз  етуге қабілетті, өзара қатынастың  ұйымдық-экономикалық жүйесі. Ол  тауар өндірушілерден соңғы тауарды  тұтынушыларға дейінгі отандық және импорттық азық-түлік тауарларының қозғалысын қамтамасыз етуге қабілетті желіні ұйымдастырудан тұрады.

Әлем  қауымдастығының азық-түлік мәселелеріне деген көзқарасы келесі тенденциялар мен факторларға байланысты қатты  өзгерді: біріншіден, әлем халықтарының, әсіресе дамушы елдердің басым (800 млн. адам) бөлігі ашаршылықта өмір сүруде; екіншіден, көптеген шет елдерде  ауылшаруашылық өндірісіне кері әсер ететін климаттық өзгерістер болуда; үшіншіден, егіс алқаптары қысқаруда, сумен қамтамасыз ету мәселелері қиындай түсуде, экологиялық қауіптер өсуде.

Сонымен, «Азық-түлік қауіпсіздігінің» экономикалық мазмұны жоғарыдағы шетел зерттеушілерінің көзқарасы бойынша немесе жеке елдердің ерекшеліктерін есепке алмай жаһандық масштабта қарастырылды немесе оның негізін анықтауға біржақты қадам  жасау ретінде қарастырылды. Әлемдік  қауымдастықта «Азық-түлік қауіпсіздігінің» шетелдік нормативтік құжаттарда жиі  кездесетін, кең тараған анықтамасы, бұл экономиканың «барлық халықтарға, кез-келген уақытта, қанша қажет  болса, соншалақ халықтардың салауатты, белсенді өмір сүруі үшін қажетті  азық-түлікке қол жетімділікпен  қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге  кепілдік берілетін» жағдайы.

ТМД елдерінде «Азық-түлік қауіпсіздігінің» негізделген категориялары экономикалық реформаларды жүргізу және меншік түрлерін қалыптастыру салдарының нәтижесінде  пайда болды.

Нарықтық  экономикаға өту көптеген мәселелерді  туындатты, оның бірі елді азық-түлік  қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Нарықтық экономикаға көшудің басынан  бастап-ақ бұл мәселені шешу ерекше мемлекеттік міндеттердің біріне айналды, бірақ оны шешу процесі өте  ұзақ және ауыр болып шықты. Оған себеп, ғалым-зерттеушілер мен маман-басшыларда ғылыми категория ретінде азық-түлік  қауіпсіздігінің мәнінің бірдей тісінігінің жоқтығы.

       Осы мәселе бойынша оқымыстылардың жұмыстарын талдай отырып, алғашқы әдістемелік-теоретикалық аспектілерді жасаған ресей зерттеушілері екендігін анықтадық, атап айтқанда: И. Оболенцев, М. Карнилов, А. Гардееев, Ю. Хромов және т.б. Олардың көпшілігі азық-түлік қауіпсіздігін «халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін деңгейде, қажетті азық-түлік өнімдерімен қанағаттандыруға мемлекеттің кепілдік беру қабілеттілігі ретінде» қарастырады. Бірақ, бірқатар зерттеушілер ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің екі салыстырмалы өзіндік компаненттерін, яғни оның халықтарының теңгермелі тамақтануы және өзін-өзі қамтамасыз ету принципін бөліп қарастырады. Бірақ, олардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін «халықтың жеткілікті және тұрақты тамақтануын мемлекеттің қамтамасыз ете алу қабілеті» деп санауға негізделді.

Азық-түлік қауіпсіздігі теориялық  аспектісінің анықтамасына айтарлықтай  үлес қосқан Ресей зерттеушісі Р. Гумерев болды. Оның ойынша, «азық-түлік  қауіпсіздігі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі- әлеуметтік-экономикалық –  мемлекеттің өз халқын негізгі тамақ  өнімдерімен қамтамасыз етуге қабілеттілігін сипаттайды. Екіншісі-саяси-экономикалық – халықтарды өз өндірісі есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру  үшін және соның нәтижесінде экономикалық және саяси тәуелсіздікпен кепілдендіру үшін елдің агроэкономикалық потенциалын және ішкі ресурстарды мобилизациялауға мемлекеттің қабілеттілігін сипаттайды.

Ресей Федерациясының тұтынушыларды  қорғаудың Ұлттық Қоры, әртүрлі зерттеушілердің  ойларын жинақтай отырып, келесідегідей  толық анықтама ұсынды: «Азық-түлік  қауіпсіздігі – бұл азық-түлік  ресурстарымен, потенциалмен, кепілдіктермен қамтамасыз етілген сыртқы және ішкі жағдайлардан және қауіп-қатерлерден  тәуелсіз мемлекеттің ел тұрғындарын  түгелдей және жекелей азаматтардың қажеттіліктерін тамақ өнімдерімен, ауыз сумен және басқа да тамақ  өнімдерімен белгілі бір көлемде, сапада және ассортиментте жеке тұлғаны  физикалық және әлеусметтік дамыту үшін қажетті және жеткілікті, ел тұрғындарын  кең өндіріс және денсаулықпен қамтамасыз ету.

Көптеген  ғалым – экономистер, аграрлық қатынасы дамыған мемлекетте азық-түлік қауіпсіздігі жағдайының қасиеттері келесілер болып  табылады деп есептейді:

- жергілікті  ауылшаруашылық өндірісін және  ауылшаруашылық кешенінің басқа  да салаларын өмірлік маңызы  бар тамақ өнімдерімен қамтамасыз  ету;

- халықтардың  қажеттіліктерін максималды деңгейде  қанағаттандыру үшін елдің барлық  азаматтарының қажетті тамақ  өнімдеріне қол жетімділігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  адам өміріне маңызды азық-түліктерді  қажетті көлемде, ассортиментте  және сапада өндіру;

- ауылдың  әлеуметтік мәселелерін шешумен  бірмезгілде экологиялық тепе-теңділікті  бұзбай өндірісті дамыту;

- елдің  сыртқы сауда қызметіне оң  төлем балансына бағдарлана отырып  белсенді қатысуы.

Сонымен, осы мәселе бойынша зертеушілердің жоғарыдағы айтылғандарының ішінен ең маңызды «азық-түлік қауіпсіздігі»  категориясының теориялық негізділігі  келесілерді білдіреді:

- негізгі тамақ өнімдерін қолданылатын стандарттар мен мөлшерлерге сәйкес тұтыну;

- халықтың негізгі тамақ өнімдеріне қол жетімділігі (экономикалық және физикалық) және жан басына шаққандағы азық-түліктің қажетті көлемі, ассортименті және сапасымен қамтамасыз ету;

- азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге қол жетуізу;

-  мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайларға немесе қауіп-қатерлерге тәуелсіз түрде ел тұрғындарын толығымен және жекелей азаматтарды тамақ өнімдерімен, ауыз сумен және тағы басқалармен қанағаттандыруға қабілеттілігі.

Бірқатар  зерттеушілер елдің азық-түлік қауіпсіздігі – бұл елдің денсаулығы мен  өмірін сақтау үшін жеткілікті деңгейде, негізінен өз өндірісі есебінен халықтарды сапалы тамақ өнімдерімен үзіліссіз  жабдықтау деп санайды. Азық-түлік  қауіпсіздігінің маңызды қасиеті  отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып  табылады. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер  әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Толық қамтамасыздық- мемлекет өзін-өзі өз күшімен қамтамасыз ете алады, жартылай- кейбір азық-түлік түрлері жетпеген жағдайда басқа елдердің мүмкіндіктерін пайдалану есебінен нарықты толықтыру, қарым-қатынастық- азық-түлік нарығын елдің басқа аймақтарының көмегімен толықтыру, тартымдылық- тек басқа елдердің өнімдерінен тәуелді болу (азық-түлік импортына толық тәуелділік). [6]

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде  елдің азық-түлік қауіпсіздігін  топтау түрлері 1- кестедегідей көрініс  табады.

 

Кесте 1 Елдің азық-түлік қауіпсіздігі түрлерін жіктеу

 

Жіктелу қасиеттері

Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі  түрлері

Халықтардың аймақтық қауымдастығы

- әлемдік

- континенттік

- мемлекетаралық

- ұлттық

- аймақтық

Азық-түлікпен қамтамасыздық кезеңдері

- өткен

- ағымдағы

- алдағы

- болжамды

Азық-түлік ресурстарының құрылымы

- азық-түлік түрлері

- шикізаттан пайдалы заттарды ажыратып алу деңгейі

- алынған шикізаттың әртірлілігі

- ауылшаруашылығында өндірілген дайын өнім түрлері

Сандық бағалау

Құндық  (доллар, теңге)

Натуралды (масса, дана, шартты бірлік)

Ұлттық қаматамасыздық деңгейі

- толық

- жартылай

- арақатынастық (аймақтар арасында)

- тартымды (импорт)

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету