Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка
Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.
Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар: а) іс - әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.ә) қарым – қатынас, бұл – адамдардың бір – бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс - әрекет етуі жатады. Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс - әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым – қатынас жасауды іске асырады. Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс - әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керсінше, индивидтің іс - әрекетке белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыру арқылы іске асады.Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын, іс - әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез – құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін - өзі тану қабілеті жетіледі.Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы оның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес, т.б. болуы мүмкін.Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең.
Заң шығару, құқық және әділ соттың нәтижелілігі жөнінде қоғамдық пікір.
Заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.Федерациялық принцип бойынша құрылған мемлекеттерде және бір орталықтан басқарылмайтын кейбір унитарлық мемлекеттерде заң шығарушы органжалпы ұлттық заң шығарушы органжәне аймақтық (респ., облысы, т.б.) заң шығарушы орган болып бөлінеді. Мысалы, Ресей Федерациясында Федералдық жиналыс және Федерация субъектілерінің өкілетті органдары (Татарстанда Жоғарғы Кеңес, Пеньза обл-нда заң шығарушы жиналыс, Мәскеуде қалалық Дума) заң шығарушы орган болып табылады. Кейбір парламенттік монархияларда (Ұлыбритания, Канада) мемлекет басшысы (королева, президент) жалпы ұлттық заң шығарушы органның құрамдас бөлігі саналады.Қазақстанда заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілдікті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 – 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.
Зерттеудің стратегиялық жоспары.
зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Интернет жүйесінің әлеуметтік мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралық хаттама.TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады
Ислам дініндегі санкциялыќ жүйенің әлеуметтік мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Дінде зорлау жоқ деген сөзден дінде тәртіп жоқ, әркім өз ойына келген нәрсені істей береді деген мағна шықпауы керек. Зорлау иман етуде, сенімде жоқ, бірақ әр қоғамда әр заң жүйесінде болғанындай, қоғамдық тәртіпті, елдің тыныштығын, азаматтардың мал-жан амандығын сақтау секілді мәселелерде, әрине, санкциялық шаралар қолданылады; мәселен, мұсылман қыздардың намысына дақ келтіретін әрекеттерге рұқсат етілмейді т.т.Сахабалар мен олардан кейінгі мұсылмандардың хақ дін Исламның шартарапқа мәлім болуында, адамзаттың жүрегінің тағына қонуында орасан зор еңбегі болды. Олардың адамгершілігі, парасаттылығы, сабырлылығы, көрегенділігі, тазалығы, мархаматтылығы, ибалылығы т.т. бәрі де Ұлық Пайғамбардың тәрбиесінің жемісі еді. Олар мың кісінің ішінен жекеленіп, дараланып тұратын жарық жұлдыздар еді. Олардың жүрген жерінде бейбітшілік, құт-береке дарушы еді. Егер олай болмағанда, Исламға дейін Арабыстанның ұшы-қиыры жоқ шөлдерінде ауып-көшіп жүрген бір уыс арабтың қолынан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан осы ұлы өркениет келмес еді. Тарих беттері тасқын судай ағып келіп, сіңіп, жоғалып кеткен ағымдарды айтып тауыса алмайды. Исламды зорлықшыл деп танытушылардың шын мақсаты өз зорлықшылығын жасыру ғана. Алайда, нағыз зұлымдыққа душар болғандар мұсылмандардың өздері; шармық (айқыш) жорықтарынан бастап (1095-1396), кешегі Ауғаныстан, Палестина, Босниа және оты жалындап тұрған Чешеністан трагедияларын айтсақ жеткілікті. Құдұсты жаулап алған соң шармық жендеттері Ақса мен Омар мешіттерінде 70 000 мұсылманды қырып, йаһұдилерді синагогаларға қамап, тірідей өртеген.
Ислам діннің әлеуметтік нормалыќ болмысын ашыңыз.
Ислам діні басқа сенім-нанымдағы
адамдардың зорлықпен, күшпен дінге
кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат)
бермейді. Исламмен танысқан адамдар
оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде
толық еркіндікке ие болады. Үйткені,
тағы да бір рет айталық-кім, дін
дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің
сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам
баласы егер шын жүрегімен қаласа
ғана сенеді, керегін жасайды; шын
жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны
мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған
мойындатпалар сүреңді
Кәмелеттік жасќа толмаған жастардың ќылмыстыќ әрекетіне барудың әлеуметтік алғы шарттарын аныќтаңыз және оның салдарына баға беріңіз.
Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы
қылмыстың алдын алудың аса маңызды
аспектісі. Қазақстан Республикасында
кәмелетке толмағандардың арасында
құқық бұзушылықтың алдын алу
және балалардың қадағалаусыз және қараусыз
жүруінің алдын алу жөніндегі
заңнаманы қалыптастыру және дамыту
жұмысы қолға алынған. Егеменді
де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңіне
өрге бастар жас жеткіншектер екені
бәрімізге белгілі. Қазіргі жағдайда
жасы кәмелетке толмағандар