Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

К.Маркстің  әлеуметтік ілімі.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап  күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл  себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек  бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс  қоғамда негізгі және негізгі  емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп  тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік  қоғамдық-экономикалық формацияның  негізі таптары - құл иеленушілер  мен құлдар; феодалдық қоғамда  – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы  табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның  таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда  феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі  және негізгі емес таптардан басқа  әлеуметтік жіктердің болатынын  ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы –  меншік иесі емес. Олай болса бұл  тапты өз алдына бір тапқа жатқызу  қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны  әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені  бұл топтың да белгілі бір тапқа  ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың  өкілі болуы мүмкін. Сол себепті  К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен  ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін  түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі  дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген  еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

К.Маркстің әлеуметтік көзқарастары

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын  атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы  өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатанастарының түрінен туындайды.Негізгі емес таптар өткен дәуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық – экономикалық формацияның таптары.К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіріп қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүектерін алсақ олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 – шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал – жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудын әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңегіне қанауын айтамыз».Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге;1)      адамдар тобының өңдіріс жүйесінде алатын орнын;2)      олардың өңдіріс құрал – жабдықтарына қатынастарын;3)      еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым – қатынасты;4)      қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;5)      қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

Конфуцийдің этико-саясаттық  ілімінің  әлеуметтік  маңызын  анықтаңыз.

Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды  ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл  болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді  сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы  да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға  сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген  этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын  білдіреді. Ол “текті ерлерді” (цзюнь  цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген. Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

«Класс»  және «Страта» түсініктеріне  тоқталыңыз. Олардың  айырмашылығы  неде?

Класс (class) — қолдаңылатын қасиеттерінің  немесе өңдеу төсілдерінің ортақтылығын сипаттайтын объектілердің жиынтығы.Класс үлгісі (экземпляр класса; class instance) — кейбір класс конструкторы жасаған нақтылы объектіні белгілейтін объектілік-бейімделген программалау термині.Класс үлгісінің класта анықталған немесе түп кластардан мұралық иемденген объекті мен әдіске тән мәліметтерді сақтайтын қасиеті бар. Страта - әлеуметтануда қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әртұрлі қоғамдық топтарға бөлінуі. Мысалы, мүлкіне, кәсібіне, білім дәрежесіне байланысты.

Қазіргі замандағы қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуімен  тез өзгеруі.

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға  негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл  әлеуметтік, яғни басқа адамдарға  бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс  қоғамды байланыстыратын бастауы  болып нормалар мен құндылықтар  табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырдыОсылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын  топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты  жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға  болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі  өндіретін жүйе болып табылады.Қоғамды  зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі  мақсаты — қоғам туралы түрлі  ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі  бір түрде ретке келтірілген  элементтер жиынтығы.Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара  байланысты. Бұл өзара байланыстың  мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар  күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің  тиімді тәсілін меңгереді.Әлеуметтану  ғылым ретінде өзінің зерттеу  пәніне қазіргі жүйелердің жалпы  теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе — өзара  әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде  әкелетін объектілердің жиынтығы деген  сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты  оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше  жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар  болуын жатқызуға болады.Біртұтастылық  – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық  игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері  болып адамдар, сондай-ақ, олардың  нормалары, байланыстары және қатынастары  табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің  негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік  жүйе» деп атауға болатын, шағын  жүйелердің жиынтығы ретінде болады.Жүйелер  не гомогенді, яғни біртекті, белгілі  бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік –  географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді  бола алады.Қоғамды тани отырып, социологтар  ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін  элементтер ретінде қарастырады. Сонымен  бірге, олар танудың басқа да маңызды  ерекшелігін ескеруі керек: шағын  жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану  оны «дифференциацияланған таза»  түрде қарастыруы керекҚоғамның  негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын  қамтамасыз ету.Басқару – қоғамды  реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару  келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты  өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның  нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан  соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру  және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.

Қоғамды  танудың  тарихи  даму  кезеңінің  ерекшеліктері.

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді  талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән  негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам  жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің  табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік  нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас  саяси құрылымның пайда болуы  мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім  мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды  талап етті. Әлеуметтану тарихын  бірқатар кезеңдерге бөледі.Бірінші  кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде  әлеуметтік білімдердің қалыптасуын  мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі  әлеуметтік және саяси оқытулар).Екінші кезең ортағасыр мен Қайта  өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен  дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу  дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының  қалыптасуы).Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы  адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен  қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды  қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст  Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық  зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану  позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану  кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер  қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда  натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі  негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу  әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.Әлеуметтану  түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік  аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне  алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану  жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу  қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін  қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика  мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың  элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі  жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші  күшін айқындайды. Конт мазмұндауында  мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам  өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.

Қоғам  әлеуметтік  жүйе ретінде.

Күнделікті өмірде бұл ұғым кең  түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей  немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат  қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану  ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді.Көп  уақытқа дейін "мемлекет" және "қоғам" ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл үғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам  жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын "қоғам" ұғымынан айырып қарау үшін "stato" деген арнайы термин еңгізді.Бұл  аталған ұғымдардын айырмашылығын  немістін ұлы философы Гегсль теориялық  жағынан негізден дәлелдеді."Мемлекет", "қоғам", "ел" деген ұғымдарды  синоним ретіндс түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық  бар.Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам — бір-бірімен өзара  байланыста, қарым-қатынаста болатын  адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамды басқаратын билік  орғаны; ел — әлгі аталған қоғам  қалыптасып, мекендейтін белгілі  бір территория.Ғылыми әдебиеттерде "қоғамның" мәнін түсіндіруге  бағытталған анықтамалардың саны 150-ден  астам. Әрине, олардын бәрі бірдей "коғам"деген  ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда  ортақ сипаттайтын белгілер бар.Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір  қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен  қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген  жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.Француз  әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға нсгіздслген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға  тән сана деген тұжырымды айтады.Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: "Қоғам — адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" дейді.Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі — ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл — қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:1) әлеуметтік - экономикалық (касталар, сословиелер, таптар);2) әлеуметтік - этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);3) өлеуметтік - демографиялық (жастар, карт адамдар, балалар, ерлер, әйелдср, т.б.); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.); 5) әлеуметтік-территориалық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғыснан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік - экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйтксні қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үщін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Қоғамда бір-біріне қарама-карсы таптардың шығуына басты себен болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен кұрылымындағы өзгерістерге байланысты коғамды басқа - рулың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.Қогам дамуының бұл сатысын "таптық, күрделі қоғам" деп жіктеуге болады.Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктсйді. Олардын басқаша 5 қогамдық - экономикалық формациялар дсп те атайды. Олар мыналар:а) алғашқы қауымдық қоғам;ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;г) коммунистік қогамдық-экономикалық формация.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"