Қоғамның басқару құрылымының
саясаттық жағдайда, құқұқтық және
әлеуметтік- экономикалық реформасын
оптимизациялау.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам
өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым,
мәдениет және т.б. жағдайына байланысты
анықтайды.Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды
мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай,
бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын
айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі
саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді
олардың болған уақыт мезгілін еске ала
танып-білуді талап етеді.Салыстырмалы
әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды
салыстырып, олардың жалпы жақтарын және
жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік
береді.Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды
басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде
қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік
өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен,
басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.Бихевиористік
әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін,
белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың
өздерін өздері қалай ұстауын талдауға
негізделеді.Құрылымдық-функционалдық
әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар
субъектілерінің қызметін сараптау жолымен
саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция
арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні,
қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі
лайықты түрде анықталады.
Қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
Қоғамдық пікір - қайшылықты қоғамдық-саяси,
мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде
қалыптасқан бұқаралық сананың
өзекті күйі, адамдардың ірі топтарының
осы жағдайларға қатынастарын бейнелейдібір
нәрсе немесе біреу жөнінде қоғамда
көпшілік адамдарда сол бір сәтте қалыптасқан
пікір. Қоғамдық пікір мен қоғамдық пікіртерім:Қоғамдық
пікір мен қоғамдық пікіртерім – қоғам
мүшелерінің ағымдық істер, не саяси мәселелер
бойынша позициясының көрсеткіші. Қоғамдық
пікірді зерттеу мен коршаған орта жайлы
дұрыс ақпарат алу үшін пікіртерім әдісі
қолданылады. Пікіртерім алғашқы әлеуметтік
ақпарат жинаудың бір әдісі. Сұраудың
екі негізгі әдісі бар: ауызша - анкета
(сауалнама), жазбаша - интервью алу. Қазіргі
кезде пікіртерім әлеуметтануда кең таралған
әдіс болып табылады, барлық қоғамдық
салада әлеуметтік пікірді зерделеу үшін
қолданылады.
ҚР-ғы әлеуметтендіру институттардың
даму жағдайы
Әлеуметтік институттар-жеке
адамдар мен топтардың әрекет
ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік
бақылау құралдары мен топтардың
әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік
өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін
білдіреді.Мазмұны жағынан әлеуметтік
институттар-бұл жеке адамдардың белгілі
бір жағдайларға тікелей бағытталған
тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік
институттар арқылы қоғамның белгілі
бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін
іске асырады. Көптеген халықтар әлеуметтік институттар
арқылы жоғарғы білім алатыны күмәнсіз.Екіншіден,
құралған әлеуметтік институттарды жаңарту.а)
құралған әлеуметтік институттарда көбінесе
дамуы ішкі дифференцияция арқылы өтеді,
байланыс функцияларын мамандандыру,
мекемелерді. Ескі институттарды дифференциациялау
арқылы жаңа институттар тууының біз куәгері
болып келеміз. Осының арқасында жалпы
соттық жүйеден жеке институт болып Конституциондық
сот дамыды. Осымен қатар наркоманиямен
күресу жеке институты пайда болды. б)
Институализденген әлеуметтік байланыстарды
қайта регуляциялау басты мақсат болып
келеді. Осындай жағдайда осы байланыстың
басты қатысушылары институттарды сақтап
қалуға тырысады, және оны кардиналды
өзгерту. Әлеуметтік институттарды қайта
регуляциялау-бұл күштердің кері күресуімен
жүретін, драмалық қиын процесс. Әлеуметтік
институттар-бұл нақты тәсілмен ұйымдастырылған
тірі адамдардың практикалық қарым-қатынасы.Мазмұны
жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке
адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей
бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы.
Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның
белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін
іске асырады.Әлеуметтік институттарды
шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі.
Әлеуметтік институттарға өндіріс және
міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер
жатады.Саяси институттар-билікке күресумен
оны іске асырумен, бөлумен айналысатын
мекемелер. Әлеуметтік институттардың
дамуы келесі басты варианттарда білінеді.
Бірінші, жаңа әлеуметтік институттардың
пайда болуы. Бүгін, бұрынғы СССР халықтарында
мынадай маңызды институттар пайда болады:
әскер, қаржы, дипломатия .Социологияның
негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу
үшін, алдымен, отбасына көңіл бөлу керек
деп есептеді.Ол қоғамды индивид бағыну
мен басқаруға үйренетін кішкене қоғам
деп есептеді. Отбасы, О.Конттың пікірінше,
оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі
элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп
есептеді.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы
әлеуметтік демографиялық құрлымы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымында
елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық
«өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар
құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық
және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек
территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы
мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі
мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық
құрылым бұл – туу, өлу, некелесу,
ажырасу, қала мен ауыл мекендері
арасындағы тұрғындардың миграциялық
алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық
параметрлері болып белгіленеді. Нақтылы
өмірде «халық» деген ұғымның
екі мағынасы бар: 1) Оның біріншісінде,
халық кең мағынадағы ұғымды береді,
яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек.
2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы
таптық және топтық, құрамы, жыныс, жас
шамалары алуан түрлі болып келетін,
тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік
үлкен топтардың бірлігі. Бұл
ұғымға кіретін таптар мен топтар
өзінің объективтік жағдайына қарай
қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін
міндеттерді шешіп отыруға қабілетті
болып келеді. Халық, сайып келгенде
жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, материалдық
және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат
тарихын жасаушы, қоғам өмірінде
түбегейлі өзгерістер жасаушы күш.
Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші
рөлін жоққа шығарып келген теріс,
ғылыми емес, адамдарды тобыр деп
есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың
«қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану
әр уақытта әшкерелеп отырады. Халықтың
тарихтағы орнын тұңғыш рет айқындап
берген марксизм тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдардың,
топтардың, таптардың, ұлттардың, әр түрлі
нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады,
олар әр түрлі қоғамда әр түрлі
орын алады, қызмет атқарады, бір жерден
екінші жерге көшіп – қонып
жүреді, ол туады, өседі, азаяды, т.б. процестер
ұдайы болып жатады. Халықтың ішінде
бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан
құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың
арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты
бір, іс – қимылдары ұқсас келетін
топты айтамыз.ұлт деп діні бір,
тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға
болады. Бұл жерде біз басқа
халықтар, тіпті көршілес елдер туралы
айтпай – ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың
жеке хандығы құрылған кезден бастап
күні бүгінге дейінгі демографиялық
дамуын әңгіме етсек жөн болар
еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал
болғанымен оның өсіп өркендеуінде орасан
зор зиянды зардаптарды басынан
өткізеді. Олар: Жоңғар шапқыншылығы, 1919
– шы жылғы ұлт - азаттық көтеріліс,
азамат соғысы, Голощекиндік геноцид,
Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы,
Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан
оқиғалары, т.б. Иә, шындығында, қазақтар
мың өліп, мың тірілген халық. Міне,
қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік,
бостандық алып дамудың жаңа сатысына
көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық
даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі
ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан
қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге
ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр. Еліміздің
белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ
әлемі» («Қазақтың саны қанша?») Алматы,
1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының
саны, қазақ ру -тайпалары, олардың сандары,
орналасуы туралы қызықты деректерді
келтірген. М. Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан
республикасында 7 млн. 777 мың (ылғи 7) қазақтар
тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында
1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында
2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында
– 3 млн. 587 мың қазақтар орналасқан, ал,
шетелдерде – 4 млн 244 мың (35%) қазақтар
тұрады екен. 1995 – ші республикадағы сараптамалық
бағалау бойынша, қазақтар еліміздің барлық
обылыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың
ішінде қазақтардың көп орналасқан обылыс
– аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Қызыл – Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау,
Талдықорған, Батыс Қазақстан обылыстары.Халықтың
өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің
ауруларынан өсіп отыр, барлық тіркелген
өлімнің жартысынан астамы осы аурудың
еншісінде. Қазіргі кезеңде халықтың,
ел – жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды
бәсендету немесе болдырмау тікелей экономикалық,
әлеуметтік объективті факторларға байланысты.
Ең бастысы өндіріс, шаруашылық орындарының
жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін
арттыру және осындай жолдармен халықты
жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың
материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы
жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін
тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің
жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып,
жақсарту қажет.
Қазіргі Қазақстандықтардың
саяси мәдениеті: әлеуметтік талдау
.
Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам
тұлғасының рухани өміріне бір жақты
әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани
өмірінің дамуында екі үлкен бағыт
(тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі,
жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық
құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын
көрсетеді және жалпы адамзат
құндылықтары адамның іс-қызметімен
тығыз байланысты. Адамдардың рухани
мүмкіншілігі тоқырау уақытындада
бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта
іске асырылуда.Екінші бағыт, ел-жұрттың
белгілі бір бөлігіне ғана тән.Бұл
бөлікбұрынғы идеологиялық құндылықтардан,
ережелерден қол үзгеннен кейін
адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып
қалды. Ал, адамның рухани өмірінің
осындай жағдайда болуы адамдардың
қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия)
немесе керісінше, ойға келмейтін олардың
тым белсенділігін туғызып отыр.
Соған орай осындай жағымсыз, теріс
құндылықтарды болдырмау үшін жалпы
адамзатқа ортақ құндылықтарды
терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды
әдет-ғұрыптарын жаңғыртып дамыту,
оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға
емес, ымырластыруға шақыратын жағымды
құндылықтарды насихат құралына
айналдыру керек. Бұл әлеуметтік
және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы,
«басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды
жоюға көмектеседі.Мәдениетті жалпы әлеуметтанудыңарнаулы
териясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді.
Ол мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің
заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық
жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын,
әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық
әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін,
ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін,
өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында
мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің
жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с
зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен
бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік
институттары (білім,ғылым,этикалық жәнк
көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің
(театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын
болжап, жоспарлайды.Мәдениет әлеуметтануы
қарыштап дамып келе жатқан жеке дара
ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты.
Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан
ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы
мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді
зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы,
мәдени-тарихи процесс, әр түрлі мәдениеттердің
бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени
әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік
маңызына, алатын орнына және нақтылы
әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне
басқа көңіл аударады. Бұл мәселелрді
мәдениет теориясы зерттемейді.Ғылыми
әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы
бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде талдап
зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын,
анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік
тәсілмен байланыстырады.Жоғарыда көрсетілгендей,
мәдениет әр уақытта адамның әлекметтік
қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы
мен оның қалай іске асырылатынын көрсетеді.
Мұның өзі екі негізгі түрде болады:*
Адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі,
оның шығармашылық мазмұны;*
Адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі
өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің
затқа айналу процесі ретінде көрінеді.
Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі
ескерткіштер мен мәдени құндылықтар
арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы
нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал
ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория
түрінде болып бір уақытта материалдық
зат түріне (яғни, техника, станок, алуан
түрлі құралдарға,т.б) саяси қозғалыс,
әлеуметтік революцияға айналады.Мәдениет
әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің
ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын
қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің
шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда
жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды
мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі
мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың,
яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің
(жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа
көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер
түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты
орындауға қандай факторлар кедергі жасап
отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе
жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар
береді.Мәдени әлеуметтану қоғамдағы
алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық
топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын,
олардың мәдениетке қандай талғамы барын,
талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың
тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы
мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы
қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино,
музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б
жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп
жүр,адамдардың, олардың алуан топтарының
талап-тілектерін қанағаттандыра ала
ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б
міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.Мысалы,
қазіргі уақытта театрларға көптеген
адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды
тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары
ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.Театр
туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға
да, денешынықтыру мекемклеріне де (әсіресе,
стадион) қатысты.Мәдениеттің мәні мен
мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал,
оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал,
оның құрылымы күрделі болғандықтан әр
түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады.
Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең
бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын
қызметі таным, яғни таңба – символдық
элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде»
деп босқа айтылмаған.
Қазіргі заман қоғамының
жүйесі: Тенденциялары мен перспективалары
Саяси жүйе - билікті жүргізуші
әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар
мен мемлекеттер арасындағы өзара
қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық
пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар,
мекемелер мен институттар жиынтығы.
Оның негізгі элементтеріне мемлекет,
саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси
ұйымдар және т.б. жатады. Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне
қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын
саяси институттардың, ұйымдардың, топтар
мен жекелеген адамдардың жиынтығыБұл
барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде
айқын саяси бағыты бар партиялар мен
қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса
да, мемлекеттің саясатына манызды әсер
ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік,
діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ
өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді
(мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын
барлық мекемелер.Кейбір саясаттанушылар
қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген
идеялар, принциптер, идеологиялар моральды,
сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген
адамдардын қызметін қосады.
ҚР-ғы әлеуметтендіру институттардың
даму жағдайы
Қоғамның таптық теориясы.
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік
теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның
заңды құбылыс ретінде мәнін
түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының
маңызы зор.Қоғам адамдарын страталарға
жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар.
Осы аталаған жіктеудің үш типіне байланысты
стратификациялық жүйе ашақ және жабық
жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің
статустары мен әлеуметтік жағдайларын
өзгерулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік
құрылым ашық стратификациялық жүйе деп
аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын
қоғам жабық стратификациялы жүйе деп
аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында
орын алған касталық жүйені жатқызуға
болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза)
деген мағынаны береді. Бұл жүей 1900 – шы
жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында
қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері
касталарға жіктелген және соған байланысты
әлеуметтік статус ата – аналарынан балаларына
беріліп, ол өмірлік статусқа айеалып
отырған.Қоғамда қалыптасқан діни наным
мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі
каста адамдарының араласуларына, қарым
– қатынастар жасауларына қатаң тыйым
салынған. Драхмалық діни наным бойынша,
әр адам құдайдың берген тағдырына көніп,
өмір бойы сонымен келісімде болу керек.Қазіргі
кезде де Үндістанның кейбір аймақтары
мен селолық жерлердегі адамдардың мінезі
– қылықтары және өмір салттарында касталық
жүйенің қалдықтары сақталған.Сословиелік
жүйелер – феодалдық қоғамдарда орын
алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл
қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі
сословиелерге бөлінген. Сословиелік
статустар атадан балаға мұра ретінде
беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворияндар,
дін иелері, ал, төменгісословиеге – қолөнершілер,
шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталаған
жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту
шектелмеген, олардың арасында кейбір
жағдайда некенің орын алуы және төменгі
сословие адамдардың сіңірген еңбектеріне
байланысты билік тарапынан оларға жоғары
сословиелік статусты сый ретінде беру
сияқты жағдайлар орын алған.«Тап» деген
ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді.
Әсіресе, ХХІІІ – ХІХ ғасырларда Батыс
Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл
ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың
бар екендігін мойындау болды. Бастапқы
кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны
баса айтылады. Тек кейін К. Маркс және
М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық
жіктелудің экономикалық себептері мен
астарларына терең назар аударыла басталды.
Сонымен қатан К. Маркс қоғамда негізгі
және негізгі емес таптардың болатынын
атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы
өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатанастарының
түрінен туындайды.Негізгі емес таптар
өткен дәуірден қалған немесе жаңадан
қалыптасып келе жатқан қоғамдық – экономикалық
формацияның таптары.К. Маркс қоғамда
негізгі және негізгі емес таптардан басқа
әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді.
Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін
бойына толық сіңіріп қоймаған аралық
топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүектерін алсақ
олардың жұмысшылардан артықшылықтары
бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы –
меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты
өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
Қоғамдық прогресс өлшемдері
және қарама қайшылықтар, қоғамның
қызметі.
Қоғамды дамытудың қозғаушы
күштері.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы
мәселенің принципті маңызы бар,
Өйткені бұл проблеманы шеше отырып,
біз қоғамның ілгері дауының басты
қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың
саналы жасампаздық қызметінің басты
ынталандырушысы неде, олардың көріністері
қандай деген сұрақтарға жауап іздеймізҚоғам
дамуының объективті қозғаушы кұштері
өздерін терең түсінуді, білуді қажет
етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын
қалыптастырады. Қоғамның данму процесі,
оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы
күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер,
әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері
арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада
қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік
топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам
дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес
нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты
толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды
шешуге бағытталған. Марериалдық – экономикалық
мүдделерден басқа рухани мүддерлерде
бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық
адамгершілік діни мүдделері – оның білімге
мәдениетке, оқуға үмтылуы.Мүдделердің
өзгеру негізіне объективті болмыс және
адамның материалдық дүниеде өмір сүруі,
адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі
жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру
қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады.
Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу
заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.Қоғамдық
болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы
қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта
– ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.
Қазіргі отбасының мәні
мен құрылымы
Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан
зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы
адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы
адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне
баса назар аударады. Осыған сәйкес
отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің,
жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар
өздерінің туыстарымен қатынасының
жиынтығы ретінде қаралады. Ерлі-зайыпты
адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу
(үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі
тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын
жазалау шараларының жиынтығы арқылы
реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы
еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды
реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің,
олардың арасындағы міндет пен құқықтың
жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде
дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз
етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет
пен құқық ережелері құықтық сипатта болады.
Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер
арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық
ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке
иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын
және бір-бірін материалдық қамтамасыз
ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені
бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар
моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде
болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың
бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері,
некені және некелік тәртіпті сұрыптап
алу, отбасындағы билікті және міндетті
бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы
бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді.
Отбасы қатынастарының басқа да түрлері
бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б.
қатынасу. Ережелер мен салт-дәстүрлер
отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты
әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі
мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді
құндылықтар мен ережелердің бөлініп
отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын
ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде,
әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың
көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі,
мысалы, діни наным айырмашылықтарына,
көзқарастарға байланысты болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның
дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне,
мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты
өзгеріп отырады. Отбасын әлеуметтік институт
ретінде зерттеудегі талдау оның қандай
мәселелеріне көңіл аударуды анықтап
береді: қоғамның некелік қатынастарға,
тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін,
әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық
жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы
құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады,
отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік
тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б.
айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен
талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің
(түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес
еместігі, т.б. жатады. Отбасын әлеуметтік
институт ретінде зерттегенде мынандай
жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік
қатынастардағы қоғамдық қажеттілік,
талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының
әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы
ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр
түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп
үлгілері, т.б. Отбасын кіші топ ретінде
зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана
адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы
әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен
тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық
қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық
процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды
зерттеу барысында отбасы кішігірім топ
ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты
ададамдардың арасындағы қатынастардың
серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл
олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды.
Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың
айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі.
Зерттеу барысында адамдар арасындағы
қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер
мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен
тығыз байланысты болатынын естен шығармау
қажет.