Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Білім беру әлеуметтануының  АҚШ пен Франциядағы даму бағыттары.

Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан  оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда  ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.Бұрынғы КСРО-да,оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштен қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуын зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және мәдени белсенділігі әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 28 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100 % (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан төмен.Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз.Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды.»(Бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация)технологияны жаңарту,т.б); Ал,жапондықтар капиталды «адамға жұмсау » жолын таңдады.(Бұл адам тұлғасының шығармашылық және кәсібиқабілетін дамытып жетілдіру) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығн көрсетті.Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы – ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобының өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым – әрбір қоғамның мақтанышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.

Білім беру әлеуметтануының  ТМД мен Қазақстандағы дамуы.

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам  дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі  өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн. Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар. Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин «Мұғалім - мектептің жүрегі»,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі

Білім беру әлеуметтануының ( ХХғ басы) пайда болуының алғы -шарттары.

XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім  берудің жүйесіндегі әлеуметтік  жұмыс теориясының қалыптасуы  қазіргі әлеуметтік жұмыстың  негізі болып табылады.Қоғамда  болып жатқан әлеуметтік мәселелер  осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор. Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары) Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік,жан ашу,қиыншылықта бірге болу,ниеттестік,жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады.Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі.егер құрылысшы үй салса,жөндеуші машиналарды жөндесе,ал әлеуметтік қызметкер «адамды»құрады.Ол өзінің адамымен(клиентімен) әңгімелеседі,оның психикалық стресін кетіреді,оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді.Үйінен шыға алмайтын адамдарға дүкеннен азық-түлік алып келуге көмек береді.Әлеуметтік жұмыс-бұл өз бетімен өмір сүре алмайтын,өзінің өмірлік мәселелерін шеше алмайтын,адамға көмек ретінде бағытталған іс-әрекет.Әлеуметтік көмектің обьектісі болып: мүгедектер,қарт адамдар,көп балалы отбасылар,жетім-жесірлер, жалғыз басты аналар болуы мүмкін,кейде балалар нашар топқа түсіп,есірткі сатушылардың торына түсіп қалуы мумкін.Осы жағдайлардың оң шешімін табуда әлеуметтік жұмыстың орны мен дәрежесі зор.Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әр түрлі факторлар динамикасы жатады.Біз әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік саналылығына қызмет ететін мамандықпен байланыстырамыз, әлеуметтік жұмыс сферасының жылдан жылға кеңеюде, дегенмен, бүгіннің өзінде әлеуметтік жұмыскердің қызметі әр түрлі орындарды қамтуда: үкіметтік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептері, денсаулық сақтау орталықтары, отбасын және баланы қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс түзету орталықтары. Әлеуметтік қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік – экономикалық деңгейіне, дініне байланысты кішкентай баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға өз қызметін ұсынады. Адам өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарды реттеуде, одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленеді:- Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс теориясын кешенді талдау,оның елімізде қалайша қолға алынып жатқандығын ашып көрсету;- Әлеуметтік жұмыс теориясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып әлеуметтік модельдері мен ерекшеліктерін қарастыру;- Әлеуметтік жұмыстың теориясының мазмұнын ашу, оның барлық әдістері мен модельдерінің еліміздегі даму дәрежесін анықтау; - Әлеуметтік жұмыстың, оның ішінде әлеуметтік теорияның мәнін ашып, оның қоғамдағы рөлін анықтау;

Білім берудің әлеуметтік рөліне деген Н.Уорд, Э.Дюргейм, Дж.ДЬЮи

Бақылау және құжаттарды талдау

Бақылау — зерттеу не тексеру  әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша  жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты  мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары  дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде  шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу  жұмысының нәтижелі болуына игі  әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін  педагогикалық құбылысты дұрыс  әрі дәл жазып алуды талап  етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты  мен мазмұнына қарап, Бақылауды  жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады, Құжаттарды талдау - алғашқы мәліметтер жинаудық тәсілі, мұнда құжаттар ақпараттын қайнар көзі ретінде қолданылады

Бүгінгі  ер балалардың әскери борышын өтеуден жалтаруының  әлеуметтік факторларын анықтаңыз

Әскери борышын өтеу – әрбір  ер-азаматтың Отан алдындағы ең үлкен  парыздарының бірі. Әскери өмір ер-жігітті  патриоттыққа тәрбиелеп, жас күнінен  бастап халық алдындағы міндетін сезінуіне мүмкіндік береді. – 18 жас – нағыз патриотизмді бойға сіңіретін уақыт. Бұл жаста балалардың ерлік жасауға, Отанға қызмет етуге қызығушылығы артып, күш-қуаты кемеріне келіп тұрады. Сондықтан 18 жастан бастап әскерге қабылдау дұрыс деп есептеймін. Біздің батыр бабаларымыз қанша жастарында жерді қорғап, өлермендік танытып, ерлік көрсеткен? 16-17 жастарында Қарасай, Райымбек батырларымыз Алашқа аты мәшһүр батыр болған. Ал осы батырлардың ұрпақтары неге 18 жастарында Отан қорғауға бармауы керек? Әскери борышты өтеу деген не? Бұл – Отанын, жерін қорғауға дайындалу деген сөз. Егер өрен он сегіз жасында халқын қорғауға әзір болмаса, ол сонда қай уақытта дайын болады? Ауған соғысынан өткен, қанды қырғынды көрген әскери адам ретінде айтарым – 18 жаста бала барлық әскери борышын өтеуге дайын болады. Баланың денесі қатпаған, бұғанасы бекімеген, жыныстық жағынан жетілмеген деген жай сөз. Мұндай сөзді айтатын адам ең әуелі өзі әскери парызын өтеп көруі қажет. Әскери өмірді түсінгенде ғана адам сол өмір туралы пікір айта алады. Ұлы Отан соғысы кезінде аталарымыз қанша жастан бастап соғысқа қатысты. Осы 18-19 жас емес пе? Бұл соғысқа қатысқан қанша аталарымыз жасына қарамай ерлік көрсетті. Сіздің ойыңызша, егер өрендерімізді 18 жастан бастап әскерге қабылдамасақ, қай жастан бастап қабылдауымыз керек? Жиырма жастан өткеннен кейін, мысал үшін айтайын, 25-26 жасында жігіт әскери борышын өтеуге қаншалықты құлшынып тұрады? Жігіт бұл жаста отбасын құрып, жеке тіршілігімен айналысып кетпей ме? Екіншіден, 25-26-дағы жігіт ересек саналады, бұл жаста оның бойына патриоттық қасиеттерді сіңіру қиын. Сондықтан бала мектепті бітіре сала әскерге алу қажет. Бұл оның болашақ өмірі, келешегі үшін жақсы. Егер бала жастайынан әскери өмірге үйреніп, қатал тәртіпті көретін болса, ол болашақта отбасында да, жұмысында да әрқашан тәртіпке бойсұнады. Жалпы, әскерге барған азамат пен бармаған азаматтың арасында үлкен айырмашылық бар. Мұны күнделікті өмірден де көріп жүрміз. Кейде тепсе темір үзетін жігіттердің араққа салынып, өзіне, отбасына ие бола алмай жүргенін көрсең жанын ашып, жүрегің ауырады. Ал осындай тағдыр тауқыметін тартатын азаматтардың көбі әскери парызын өтемегендер, яғни қатал тәртіпті көрмегендер. Қазір жігіттеріміз әскери парызын бір-ақ жыл өтейді. Бұл уақытты сәл ұзартып, 1,5-2 жылға созу керек. Себебі әскерде біраз болған, әскери өмірдің дәмін татқан адам ғана тәртіпке үйренеді. Тағы бір айтарым, бізде мектепте бастауыш әскери дайындық деген пән бар. Бұл сабақ оқушыларға дұрыс жүргізілмей келеді. Егер осы пәнді дұрыстап қолға алатын болсақ, яғни жеткіншектерді мектептен бастап әскери тәртіпке үйретсек, онда сіз айтқан 18 жас туралы ойланып көруге болатын еді.

Бүгінгі Ќазаќстанда ұрпаќтар арасындағы сабаќтастыќ байланысќа көзќарасыңызды білдіріңіз.

Адам өмірі келу мен кету, шығу мен кіруден тұратыны белгілі. Бірден келу мен кетудің алмасуында өмір кешкен соң, оны орнымен, опық жемей  өткізуге тырысатынымыз рас. Ал енді адам болып жаратылған соң, ұрпақ  жалғастыру міндет. Жалғастырған соң  жаныңа жара салмайтын, халқың мен ұлтыңның ұлттық үрдісін үлгі тұтатын, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу тағы бір міндет.Ұлт  болып қалыптасу – ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты бола тұра, бүгінгі  таңда оны санамыздан мүлде шығарып  алғанымызды түсінбейтініміз өкінішті. Отарлаушы елге ұлттық сананың қарсы  келетіндігі сонша, олар ең әуелі  жаулаған халқының санасынан ұлттық тәрбиені өшіруді көздейді. Бір кездегі  мықты қаруланған идеология мен  оны қорғаушы өктем саясаттың  кесірі бізді – ұрпақтарымызды ұлттық тәрбиеден айыруды көздеді және сол мақсаттарына жетті де. Инабатты қыздарымызды төгілген бұрымынан айырып, ұлағатты ұлдарымызға маузер ұстатып, салт-дәстүрімізге қарсы қойған бөгде  саясаты дөрекілігіне қарамастан, бойымызға  әбден сіңіп алды. «Жастардың тәрбиесі бөлек» деп сын айтамыз да, сол  «бөлек тәрбиенің» қайдан келіп, қасиетті төрімізге орнап алғанына мән  бермейміз. «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек»  деп ән саламыз. Бірақ сол тамсана  жырлайтын «үкілі кәмшат пен бүрмелі  көйлекті» кез келген ана қолдан жасап, қыздарымызға кигізе алмаймыз. Қайшы ұстаған қолымыз көйлек пішуден гөрі шаш кесуге епті. Келте  шашты мойнымыз, келтелікке тартқан  санамыз кеңінен ойлап, алыстан  толғайтын ұлттық санаға жар бермейді. Ұлттық сана, ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, ұлттық ибағат деп айтқанымыз болмаса, жүрген жүрісіміз, айтар тәрбиеміз  ұлттығымызға сай келмейді. Ұлттығымызға сай емес тәрбиеден нәтиже де шамалы. Қалалы жердің кез келген көшесінде малдасын құрып алып, омырауын салақтатып, бір қолымен баласын емізіп, бір қолымен қайыр сұрап отырған сығандарды жиі көреміз. Көрген жерден сыған екендігін айтқызбай-ақ танып, мүсіркесек садақа беріп, жақтырмасақ «бұл сығандар...» деп күбірлеп өте береміз. Бірақ біздің мүсіркеуіміз де, күбірлеуіміз де әлгі сығандардың бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетіп жатады. Дүниенің қай бұрышында жүрсе де, өзгелерге өздерінің сыған екендігін танытпай қоймайды. Құрыштай берік ұлттық менталитет, ұлттық тәрбие деген осы. Ал, біздің бір кездегі оқымысты аналарымыз қой қосақтап сауатын тамаша салтымызды надандыққа, артта қалғандыққа балады. Саба пісіп, құрт қайнатуды жабайылыққа балады. Есесіне сан ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиелік мәні зор ұлттық салт-дәстүрлеріміз санамыздан өше берді. Ойлап қараңыз, тоғыз жолдың торабында отырып, шаңға көміліп, қайыр сұрау – көк жайлауда қой қосақтап сауудан артық дейсіз бе?! Есесіне бала тәрбиелеу қасиетінен айрылып, көкірегін кемірген қайғыдан арылу үшін жүз грамм арақ ішу үшін қайыр сұрап тұрған қазақ әйелінен гөрі әлгі сығанның отырысы анағұрлым шынайы да сыпайы. Еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл болса да, ұлттық тәрбиеміз әлі күнге тәуелді қалпында келеді. Ұлттық тәрбие негіздерін құрайтын толыққанды энциклопедиямыз, қала берді бір оқу құралымыз жоқ. Балабақша, бастауыш сыныптар секілді тәрбиелік мәні зор оқу-тәрбие орындарында қолданылатын оқу құралдары тұтастай алғанда, анадан-мынадан құралған құрақ көрпе іспетті. Көрер көзге әдейі дайындап қойған әжелер алқасы, ақсақалдар алқасы дегендеріміз бар. Олар да сол алқа деген атауға сай келгені болмаса, шын мәнінде ұрпақ тәрбиесіне берері шамалы. Сахнада киген сәлделі бөркін, сахнадан түсе бере басынан жұлып алып, шашын үрпитіп бара жатқан әже, бүлдіршін қызға үлгі бола алмасы белгілі. Қателігіміз - тәуелсіздікті ұлт болып қалыптасу, ұлттық тәрбиеден үлгі алу деп түсінбеуімізде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді кәрі-жасымыз түгелдей айтамыз. Бірақ сол қаңқа бесіктің жабдығын түзеуге, оны нақты ұлттық бесік етуге келгенде көп жағдайда неден бастау керек екендігін түсінбейміз, әуелі білмейміз. Біздің ойымызша мұндай тәрбиенің бастауы ешқандай қоспа-қосындысыз, тек қана бір ұлттың бірегей тәжірибесінен құралған толыққанды, жан-жақты зерттелген, кешенді ұлттық тәрбиенің концепциясы болуы керек. Жиырма ғасырға жеткен ұлттық тәрбие, бас-аяғы 70 жылда ұрпақ жадынан өшіп, құрып кеткені өкінішті! Өкініштің орнын толтыру үшін, әуелі қабырғасы қайыспас ұлт болып қалыптасуымыз қажет-ақ! Теңіздің тамшыдан құралатыны секілді, ұлттық тәрбиенің де әрбір қадам, әрбір отбасынан құралатыны шындық.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"