Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Қоғам түсінігі.

Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы  өзгерістердің әсерімен, сондай –  ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.

Қоғамның құрылымы мен  тарихи  кезеңдері.

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің  бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері  арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың  түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық  сияқты түрлерін сипаттайды.          Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің  бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам  және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент  – осы элементтер байланысының жиынтығын  білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын  қамтиды, екінші жағынан – мәні мен  сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің  үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін  бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табыладыӘлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір  немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде  біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің  әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері  болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір  өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті  жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер  мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан  территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі  түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен  осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық  импульсына, конформизм элементтеріне  ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер  жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп  атауға болады.Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның  іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар  тіршілік ету үшін белгілі бір  қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу  процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың  терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табыладыСонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді

«Қоғамның әлеуметтік құрылымы»  түсінігі.

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің  бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері  арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың  түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық  сияқты түрлерін сипаттайды.          Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің  бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам  және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент  – осы элементтер байланысының жиынтығын  білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын  қамтиды, екінші жағынан – мәні мен  сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің  үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін  бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір  немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде  біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің  әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері  болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір  өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті  жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер  мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан  территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі  түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен  осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық  импульсына, конформизм элементтеріне  ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер  жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп  атауға болады.Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның  іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар  тіршілік ету үшін белгілі бір  қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу  процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың  терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген  жүйе.Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған - адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары)- әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар. - мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын - олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай "әлеуметтік қауымдастық”, "әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:1) біріккен әрекет;2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);3) топтық бағыттылық пен ережелер.Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады:1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар;2) белгілі бір территорияда - қала немесе ауыл –3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады.

Қазіргі Қазақстан  қоғамындағы  әлеуметтік  стратификация мен  әлеуметтік мобильдену

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды  болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған  уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі  таптар мен әлеуметтік топтардың  өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың  миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда  ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің  бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.Осы жағдайларды  ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады. Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады. 1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

Қазіргі қазақстандық  қоғамның  стратификациялық   құрылымын  көрсетіңіз.

Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы  негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу  үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік  социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне "бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл  қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар  адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу үшін жеткілікті болуы қажет.Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттаржүйесімен анықталады.Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:1) белгілер жүйесі;2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.

Қазаќстандағы білім беру жүйесіндегі кредиттік технологияның әлеуметтік маңызын көрсетіңіз.

Кредиттік–сағаттық жүйе алғаш  рет Америка Құрама Штатында пайда  болған және онда әбден дамыған. Гарвард  университетінің Президенті, белгілі  американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит–сағат» ұғымын енгізді, 1870-1880 жж. Пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық»  жүйесінің екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім комитеті «колледж-мектеп»  топтарын жақсарту мақсатында, оқу  бағдарламаларын стандарттауда  «кредит» ұғымын колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, кредиттік жүйені бағалау көлемінің мазмұны бакалаврлық  бағдарламаның магистрлік және докторлық білім сатысына да таратылды.Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің сыйысымдылығы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау арқылы және білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды. 19 маусым 1999 жылы жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданды, оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді).Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған. Осы заңның 11 бабында 9 п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгілінген.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген, № 66, 22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.Кредит — сенім — оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1,  байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек: міндетті түрде;таңдау бойынша;

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"