Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Дін әлеуметтануы.

Дін және мәдениеттің арақатынасы  жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия  алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды  жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін  мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады. Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз. Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн. Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына келгенде мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап қалуға тырысады. Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза айт пен Құрбан айт кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні: 1) Қоғамға бағыт-бағдар береді, 2) Қоғамды біріктіреді, 3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді, 4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды, 5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді. Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер: 1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар. 2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді. 3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.

Дін әлеуметтануы ғылыми пән  ретінде.

Елiмiзде дiн социологиясы iлiмдерi соңғы жылдары ғана жандана, негiзделе  бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пiкiрлерiмiздi баяндамас бұрын, алдымен  дiн социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша  айтқанда, дiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie. – Berlin: Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды рөлiн жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс  қоғамдарында дiннiң нормативтiк  күшi шектелген сайын дiни феномендердiң  зерттелуi таза теология мәселесінен  гөрi социология, саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмпирикалық iлiмдердiң зерттеу нысанасына айналған. Сондықтан, дiн әлеуметтiк феномен  ретiнде социологтар үшiн аса  маңызды зерттеу объектiсi ретiнде  қарастырылуда. Дiн социологиясы дiннiң  кейбiр бағыттары бойынша адамдарды  белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн  қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Мәселен, белгiлi бiр дiннiң  яки сектаның (тариқаттың) мүшелерi өздерiнiң дiни нанымдары негiзiнде  белгiлi бір әлеуметтiк іс-амалдарды  жүзеге асырып жатса, белгiлi бiр формада  киiнiп, белгiлi қоғамдық қатынастарға түсiп  жатса, бұл тiкелей дiн социологиясының зерттеу саласына кiредi. Батыста дiн социологиясы мынандай негiзгi зерттеу салаларына бөлiнген: 1-Дiндердiң әлеуметтiк тұрғыдан пайда болуының себептерiн түсiндiру: негiзiнен ХIХ-ғасырдың өзектi зерттеу саласы. Бұл салада Х. Спенсер (Herbert Spencer, 1820-1903), Эдуард Бернетт Тайлор (Edward B. Taylor, 1832-1917), Сэр Жеймс Фрейзер (James Frazer, 1854-1941), Карл Маркс (1818-1883) және Эмиль Дуркгейм (Emil Durkheim, 1858-1917) қомақты еңбектер жазған (Din Sosyolojisi, Der.: Yasin Aktay-M.Emin Köktaş, - Istanbul: Vadi Yayınları, 1998, 130-152 беттер). 2-Шiркеу табының әлеуметтiк һәм дiни өмiрiн зерттеу. Бұл саланың белгiлi зерттеушiсi француз Габриел Ле Брас (Gabriel Le Bras, 1891-1970). 3-Дiн мен зайырлы (светский) қоғам арасындағы ықпалдасушылық. Әсiресе, ХХ-ғасырда қызу зерттеулер жүргiзiлген бұл саланың уәкiлдерi Макс Вебер (Max Weber, 1864-1920), Йоахим Вах (Joachim Wach, 1899-1955) және Г. Меншинг (Gustav Mensching, 1901-1978). Дегенмен, ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң ортақ пiкiрi – дiн социологиясының зерттеу тақырыптарын бұлармен ғана шектеуге болмайды. Ол құрамында «дiн» бар әр түрлi әлеуметтiк феномендер мен олардың себеп-салдарын зерттейдi. Дiндердi зерттеген Батыс социологтары дiннiң эмпирикалық, бiрақ құндылық қоюшы емес ғылымнан, эмпирикалық һәм құндылық қоюшы идеологиядан және эмпирикалық уә құндылық қоюшы емес философиядан парықты қасиеттерi бар екенiн анықтаған. Себебi, адамдардың дiннен туындайтын әлеуметтiк қатынастарында дiн анықтаған «киелi» және «киелiден тыс» ұғымдар, ұстанымдар уә мәмiлелердiң айтарлықтай маңызды әсерi бар. Осы мәлiметтер негiзiнде дiн социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады: этно-социология, әлеуметтiк философия, құқық, дін психологиясы, теология, әлеуметтiк антропология, дiндер тарихы және феноменологиясы. Ендi, дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан дайындалған ғылыми материалдар негiзiнде дiннiң әлеуметтiк сыр-сипаттары жөнiнде тұжырымдар жасалады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны уә ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың (суфи тариқаттары сияқты – М.Б.) ритуалдерi мен жыйналыстарына қатысу және тәжiрибе жыйнақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Жыйналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды дейдi белгiлi зерттеушiлер Эмиль Дуркгейм, Макс Вебер және Б. Малиновски (1884-1924). Дiн социологиясы жөнiндегi материалдарды сонау антикалық дәуiр авторларының еңбектерiнен ұшырастыруға болғанымен, қазiргi ғалымдар бұл саланың ХIХ-ғасырдың бас шенiнде қалыптасқанын атап айтады. Дiн социологиясының негiзiн салушылар Клауд Анри де Сен-Симон (Claud Henri de Saint-Simon, 1760-1825), Август Комте (Auguste Comte, 1798-1857) және Карл Маркс (Karl Marx, 1818-1883) саналады. Дiни iс-әрекеттер екi формада жүзеге асырылуы мүмкiн: бiрiншiден, кейбiр адамдардың яки тұтастай қоғамның белгiлi уақыттарда белгiлi iс-әрекеттердi жүзеге асыруы. Мұндай жағдайда дiни өмiрдi ұйымдастырушы дiни ұйымның болуы шарт емес. Екiншiден, дiни iс-әрекеттердi белгiлi ұйымдардың ұйымдастыруы (діни институт – М.Б.) және олардың мән-мағынасын белгiлеуi. Осы тұрғыдан алғанда дiн социологиясы дiни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтiк тұрғыдан талдауын мына мәселелер бойынша жүзеге асырады: 1-дiни ұйымды сипаттау ,2-дiни ұйымдардың тармақталуы ,3-дiни ұйымдардың типологиясы ,4-дiни ұйымдардың дамуы ,5-дiни жамағатты сипаттау ,6-дiни жамағаттың құрылымдық жүйесi ,7-дiни жамағат мүшелерiнiң дiни ұстанымдары мен әрекеттерi ,8-дiни жамағат пен қоғамның ара қатынасы ,9-дiни сипаттары бойынша қоғамның әлеуметтiк таптарға жiктелуi ,10-әлеуметтiк жiктер жүйесінiң дiнмен ара қатынасы ,11-әлеуметтiк таптардың спецификалық дiндарлығы ,12-дiни көпшiлдiк және әлеуметтiк таптарға жiктелу ,13-дiн және әлеуметтiк динамикалардың ара қатынасы. .Бұларға қоса, әсiресе Макс Вебер «Протестант этикасы және капитализмнiң рухы» атты еңбегiнде дiннiң экономикалық өмiрдегi рөлiн – экономикалық iс-әрекеттердегi дiннiң рөлi, дiн және экономикалық әдiс тақырыптары бойынша зерттеді.

Діннің әлеуметтік  теориясы.

Соңғы ғасырда дiн социологиясы саласында қомақты еңбектер жазған ғалым ретiнде философия ғылымдарының докторы, профессор Хилми Зия  Үлкендi (Hilmi Ziya Ülken, 1901-1974) айтуға болады. Ол Түркиядағы дiн социологиясының  негiзiн қалаушылардың бiрi. Оның ондаған  рет басылған және сала мамандарының басты құралына айналған еңбектерiнен  социологияға қатыстылары мыналар: «İctimai Doktrinler Tarihi» (Әлеуметтiк доктриналар тарихы), «Sosyoloji» (Әлеуметтану), «Sosyolojiye Giriş» (Әлеуметтануға кiрiспе), «Dini Ictimayat» (Дiн социологиясы). Түркияда дiн социологиясы саласында келелi еңбектер жазған ғалымдар Сабри Үлгенер (Sabri Ülgener, 1911-1983), Ерол Гүнгөр (Erol Güngör, 1938-1983), Амиран Билгисевен (Amiran Bilgiseven, ислам социологиясы туралы құнды еңбектер жазған) және Шериф Мардин (Şerif Mardin, 1927- ). Ислами әлеуметтiк антропология саласында Кэмбридж университетiнде iстейтiн пәкiстандық ғалым, профессор Әкбар Ахмед (Akbar S. Ahmed, 1947- ) ағылшын тiлiнде маңызды еңбектер жазған зерделi зерттеушi. Елiмiздегi дiн социологиясы саласындағы зерттеулерде батыстағы ғылыми ағымдардың шылауына түспей, мәселеге шынайы ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал. Батыс ғалымдарындағы басым пiкірият материалистiк-позитивизм уә ұлттық-нәсілдік және діни үстемдікке негізделген алғыойлылық (предубеждение – М.Б.) дiн социологиясына да салқынын тигiзуде. Ұзақ ғасырлар бойы дiн мен ғылымның арасындағы қақтығыстарға сахна болған Еуропада дiн көп жағдайларда ескiшiлдiктiң, артта қалушылықтың белгiсi ретiнде қабылданады. Марксизм сияқты әсіре реалист-материалист жүйелер дiнге өндiрiстiк барыстың вертикалды нәтижесi һәм таптық қоғамға тән мәселе деп қарайды. Шынтуайттап айтқанда, материалист Батыс ғалымдарының пiкiрiнше дiн материалдық өмiр мен қоғамдағы құбылыстардың бiрi. Сондықтан, дiн тек онтологиялық ақиқат ретiнде қарастырылады да онтикалық (жеке және ақырғы шындық болмыс – М.Б.) ақиқат ретiнде қарастырылмайды. Осындай ұстанымдарды Дуркгейм мен Вебердiң еңбектерiнен кездестiру бiздi таңырқатпауы керек. Мәселен, Дуркгеймнiң эволюционист үрдiсi бойынша барлық дiндер әлеуметтiк құрылымдардан туындаған функциялар болып табылады да тотемизмнен (пұтқақұлдық) бастап, монотеизмге (біртәңірлілік) қарай дамиды. Ал, Вебердiң еңбектерi протестант сенiмі маңайында өрбiгендiктен, оның материалдарын басқа дiндерге пайдалануға болмайды. Дiн социологиясын зерттеуде Батыс елдерiнде қолданылып келе жатқан әдiстердiң бiрi – «социография» әдiсi. Бұл әлеуметтiк қарым-қатынас феномендерiн сипаттауға бағытталған әдiс. Осы әдiс бойынша әлеуметтiк өмiрдiң белгiлi бiр мәселесi хақында деректер жыйналады, тәжiрибелер жасалады, санақтар жүргiзiледi және жыйналған мәлiметтер салыстырмалы түрде талданады. Социографиялық талдаулар практикалық тұрғыдан пайдалы болғанымен, терең ғылыми нәтижелерге апармауы мүмкiн. Сонсоң, мұндай қолдан жасалған материалдарды Батыстың тек өз мүддесі үшін пайдаланатынын ұмытпаңыз. Ислам дiнi өзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы монотеизм, яғни «тәухид» қағидасына негiзделген, көптәңірлі (политеистiк) қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамының мәдени үрдiстерiне қарсы бағытта қалыптасқан дiн. Ислам дiнi Меккедегi тәңiрлер (пұттар) пантеонын жойып, оның орнына бас тәңiр емес, бiрегей және бiрлiк ұғымды бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімге, ешнәрсеге құл болмауды, табынбауды бұйырады. Сондықтан, ислам нанымы адамдарға толықтай материалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегi көрiнiстерi пұттарға табынатын яки белгiлi бiр дiни тапқа құлшылық жасататын басқа дiни-әлеуметтiк жүйелерден (христиандық, суфизм т.т.) айырмашылықтары орасан зор. Демек, ислам социологиясы мен мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдiстерінен гөрi зерттеу субъектiсiне тән әдiстердi қолдану тиiмдi болады. Ислам социологиясы туралы зерттеулерде осы дiннiң универсалдылық, күллі ғаламдық сипатын ескерген жөн...

Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары  өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін  салушы француз оқымысытысы Огюст  Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану  тұжырымдамасының негізінде қоғам  дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.

Діннің этностық, саяси, мәдени процесстердің даму тарихындағы  рөлі.

Тарихи жадыға тиеселі адамзат  тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат  тарихын басынан аяғына дейін  толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді  деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі  қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып  сол діндерді ұстанатын халықтардың  мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын  реттеуде болса керек. Өйткені тіпті  «религия», сөзінің этимологиялық  бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру»  дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны  әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды  қасиетті деп танудан тұрады.

Діннің адамның азаматтануы  мен танымдық қабілеттерінің, иманшарттылық  түсініктерінің қалыптасуындағы рөлі.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің әлеуметтік-мәдени прогресте және адамның рухани келбетін қалыптастыруда алар орны зор. Мәдениет діни көзқарастың, дүниетанымның даму нәтижесі. Кез-келген дәстүрдің негізі қасиетті мәтінге сүйенеді, шынайы мәдениетті діннен, адамгершілік құндылықтардан бөліп жара алмайсыз. Дін дағдарысқа ұшыраған кезде қоғамның рухани өмірі  әлсіреп, бұқаралық мәдениеттің жасанды формаларымен толығады.Әлемнің ұлы діндерінің тарихы да бай. Олардың миллиондаған ізбасарлары бар. Бұл діндер түрлі халықтардың тарихы, мәдениеті, рухани өмірі, салт-дәстүрлерімен жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы тығыз байланыста болған. Буддизм, христиандық пен ислам ұлы істерде де, күнделікті қарапайым өмірде де бағыт беріп отырды. Бұл діндер мәдениет пен қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды.«Кез-келген шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Мыңдаған жылдар бойы сенімге негізделген мәдениеттер өзінің тарихтағы сөзін сақтап отырған. Өзінің діни рухын сақтау тұтас халықтардың тарихында қалудың кепілі болады», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде. Белгілі бір халықтың мәдениетін қалыптастырған діннің дәстүрлі деп аталуы кездейсоқ емес.Елімізде діннің қайта жаңғыру кезеңі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды.Қазақстанда ислам мен православие ең ірі конфессиялар болып саналады. Мың жылдан астам уақыт бойы Қазақстан ислам әлемінің бір бөлшегі саналады, ал сунниттік бағыттағы мұсылмандық оның халқының рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Шығыстың мұсылмандық мәдениетіне жақындасудың арқасында Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің серпінді дамуы басталды.Бір жағынан, ескіліктің орнын басқан ислам қазақ халқының адамгершілік тұрғыда өсуіне, интеллектуалдық және мәдени прогресіне оң ықпал етті. Екінші жағынан, ислам мемлекеттілікті сақтаудың, этникалық және мәдени біркелкіліктің негізгі факторларының бірі болды. Түрлі тарихи дәуірлерде Қожа Ахмет Яссауи мен Асан Қайғыдан бастап, Абай мен Шәкәрімге дейінгі қазақтан шыққан ұлы тұлғалар ислам дінін ұстанған.Бүгінгі таңда ислам рухани білім мен тәрбие алудың маңызды факторына айналып келеді. 2009 жылғы 1 қаңтарда елімізде мұсылмандардың 2488 діни бірлестігі тіркелген, соның басым көпшілігі біртіндеп Қазақстанда ислам дінін жаңғыртудың басты құралына айналып келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымына кіреді. Бас муфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған ҚМДБ әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің съездерін ұйымдастыру және өткізуге белсенді қатысты. Мүфтият дінаралық диалог мәселесі бойынша бірнеше ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырды.Көпғасырлық гуманистік дәстүрлер бүгінгі күні де жалғасын табуда. Қазақстандағы Ислам, В.А.Ивановтың айтуынша, «мемлекетпен де, (басқа да конфессиялар орын алған) қоғаммен де бебйітшілікті сақтау, толеранттылық, дін еріктілігі, мұсылмандарға зияны жоқ, диалогқа түсуге мүдделі барлық тараптармен диалогқа ұмтылу принциптерінде қатынасқа түседі».Төрт ғасырға жуық уақыт бойы Қазақстанда мұсылмандар мен православиеліктер қатар өмір сүріп келеді. Бұл екі дін өкілдері арасында басынан бері татуластық қарым-қатынас орнаған. Православие шіркеуінің өкілдері де, мұсылмандар да жалпы азаматтық шараларға бірлесіп қатысады, олар халықты бейбіт өмір сүруге, өзара құрмет көрсетуге және келісімге шақырады.Қазақстандағы православие шіркеуінің қайта жаңғыруы еліміздің тәуелсіздікке ие болуынан кейін басталды. Православие бүгінде дінге бет бұрған халықтың саны жөнінен екінші дін болып табылады.1995 жылы Алматыдағы Вознесен кафедралды соборының православие қауымына қайтарылуы Қазақстанның рухани өміріндегі маңызды оқиға болды. ХХ ғасырдың басында салынған бұл ғимарат сәулет өнерінің туындысы болып саналады.2010 жылғы қаңтарда Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстанға келді. Орыс православ шіркеуінің басшысы Алматы мен Астанада болып, жұртшылықпен кездесіп, шіркеулерде дұға оқыды. Оның Қазақстан елордасындағы Әулие Успен соборын сәулелендіруі сапардың басты оқиғасы атанды.2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орыс Православ шіркеуінің республикада 281 діни бірлестігі болған. 2003 жылдан бері Қазақстанның православ қауымдастығы Орыс Православ шіркеуінің Қасиетті Синоды құрған Митрополия округіне біріктірілді. 2010 жылдан округты Астана және Қазақстан митрополиті Александр (Могилев) басқарады.2010 жылғы қазанға дейін Митрополия округі үш епархиядан тұрды, олардың орталықтары Астана, Шымкент және Орал қалаларында болған. 2010 жылғы қазанда Орыс Православ шіркеуінің Қасиетті Синодының шешімімен орталықтары Қарағанды, Қостанай және Павлодарда орналасатын жаңа үш епархия құрылды.Ислам және православие қазақ және орыс халықтарының өміріндегі басты мәдениетқұрушы компонеттердің бірі болып табылады, сондықтан мемлекет Құрбан айт пен Рождество мерекелерін ресми демалыс күндері ретінде тануы еш таң қалдырмайды.Дәстүрлі діндердің біздің қоғамда алар орны жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «православие мен ислам – Қазақстанның екі рухани діңгегі» деп қысқа да, нұсқа қайырды.2009 жылғы ұлттық санақ мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтардың 70,2% ислам дінін ұстанса, 26,2%-ы христиандар болып табылады. Бұл мәліметтер халық арасында діннің таралуы кең етек жайғанын және олардың көпшілігі дәстүрлі дін формаларын қалайтынын көрсетіп отыр.Қазақстан Рспубликасы бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің нағыз үлгісіне айналды. Ислам мен христиандық, әсіресе православиенің ғасырлар бойы көршілес бейбіт өмір сүруі қазақ, орыс және елімізде қоныстанған басқа да көптеген халықтардың бауырластығын паш етіп отыр. Әр дін өз тілінде жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттайды, қоғамдағы тәртіп нормаларын бекітеді, халықтың сан ғасырлық рухани құндылықтарын сақтаушы рөлін ойнайды.Қазақстан үшін дәстүрлі діндер - ислам және православие – көпұлтты халқымыздың маңызды рухани әрі мәдени қайнар көзі болып табылады. Әрине, мемлекет конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда осыны ескергені жөн.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"