Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік ойлардың қазіргі  таңдағы жаңа бағыттары

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді  талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән  негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам  жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді. Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде  объективті ғылыми білім алу сұранысынан  белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын  айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси  құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім  мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды  талап етті. Әлеуметтану тарихын  бірқатар кезеңдерге бөледі.Бірінші  кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде  әлеуметтік білімдердің қалыптасуын  мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі  әлеуметтік және саяси оқытулар). Екінші кезең ортағасыр мен Қайта  өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен  дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу  дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының  қалыптасуы). Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы  адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен  қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде  ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық  социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде  білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі  ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм  және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда  натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады. Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді. Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады. Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс.

Әлеуметтену процесінде мәдениеттің  ролі.

Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге  келген, адамзат мәдениетін игеруге  бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім  мен білікті бойына жинақтаған тең  құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз  жеке адамның әлеуметтік ортамен  диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан —  адам бойындағы табиғи, психологиялық  өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны  тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру  арқылы оған адами тұлғаға тән  әлеуметтік мәні мол қасиеттерді  сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа  мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде  жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін  иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар  мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы  өзіне лайықты орынды еншілейді  және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып  жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі  социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа  бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.

Әлеуметтік  ғылымның  басқа ғылым салаларымен байланысы.

қоғам өмірімен тығьп, жан-жақты байланысы, қатынасы оньң атқаратын қызметінен айкын көрінеді.Әлеуметтану да басқа  ғылымдар сияқты, ең алдымен таным  функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта  жаңа білімнің, көкжисгін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашагын айтып береді. Әрине, бұл  бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық  зерттеу теориялары, тұжырымдамалары  оған барынша қызмет етеді.Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжыръш мен іс әр уақытта  бірліктс болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік  мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл  тұргыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы; қатарға  шығып, атқарылатын қызметтің басқа  жаңа түрлер белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен  әлеуметтік бақылауды күшейтуде  жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса  әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі  мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі  бірліктер өздерінің мақсаты  саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану  әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ  дамуының бағытын анықтауында. Бұл  жерде біз әлеуметтанудың болжайтын  қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен  апаттардың болашаққа болжам жасап  отыру арқылы ғана алдын алуға  болады. Мысалы, мынандай мәселелерді  болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші  бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің  ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс  пен процестердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс  пен процестердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақа-тыпастары қандай? т.б.Әлеуметтану  қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.), әлвуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек  ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын  жасағанда, ол әлеуметтік зерттеуден алынған  жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатка жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгер-шілік) фупкцияны да атқарады.Әлеуметтанудын басқа ғылымдармен байланыстыратын нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, онын жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қо-ғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардын әдістемесі мен теориясы ретіндс саналады.

 

Әлеуметтік  ғылымның  құрылымын  түсіндіріңіз ?

Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері  мен бөліктерінің іштей өзара  орналасуын айтамыз.Қандай да бір ғылым  болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен  атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Әлеуметтік  топ және жалпылық  ұғымына  анықтама  беріңіз. Мысалдар  келтіріңіз.

Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың  ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін  қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын  белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар  мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы  мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде  таптар, сословиелер, таптар және сословиелер  ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:Кең мағынасында  Әлеуметтік топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін  – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі  түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда  көбіне тар мағынада - қандай да бір  жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды  көздеген өзара әрекеттегі адамдар  жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым  ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа  жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде  мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтік топ  санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып  бөлінеді.1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.

Әлеуметтік  бедел  және әлеуметтік  рөл  түсініктерін  ашыңыз. Олардың  айырмашылығын  көрсетіңіз.

(әлеуметтік бедел)Авторитет - [лат. аұторітас - билік, ықпал] - бағындыруды көздеп, нұсқаулар мен қарарларды, ережелерді енгізуін басқалардың өз еріктерімен мойындауына негізделетін субъектілердің ықпалы. Саясаттануда: 1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі; 2) күш қолданбай ықпал ету құралы; 3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет - қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық- саяси ұйымның- өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Беделді қолдану - қоғамда саяси билік жүргізудің, әлеуметтік реттеудің аса маңызды түрі. Бедел білімге, жоғары әлеуметтік жағдайға, тұлғаның ар- ұждан қасиеттеріне, харизматикалық мінез-құлқына, жұмыс әдістерін ұтымды ұйымдастыру қабілетіне, жас шамасына, дәстүрге, діни сеніміне сүйенеді. Саяси тұлғалардың беделі бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізу нәтижесінде қалыптастырылып немесе асыра сілтеніп, авторитаризм мен жеке басқа табынушылыққа жол ашуы мүмкін. Биліктің беделі - әлеуметтік-саяси тәртіптің маңызды факторы, ал биліктің беделінің төмендеуі - әлеуметтік-саяси тұрақсызданудың көзі.Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"