Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка
Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.
Әлеуметтанудың пәні және объектісі.
Әлеуметтану пәні - бұл әлеуметтік
шындық суреттелетін және эмпирикалық
зерттеулер тақырыбын болып табылатын
негізгі түсініктер мен мәселелер
жиынтығы.Кез келген ғылымды зерделеу
алдымен оның объектісін, пәнін,басқа
ғылымдар жүйесіндегі және қоғам
өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан
басталады. Әлеуметтану ғылымының
осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің
қазіргі кездегі пікірталасына
және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне
назар аудара отырып қарастырамыз.“Әлеуметтану”
термині екі сөзден құралған: латынның
societas-қоғам және гректің logos –сөз, түсінік,
ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық
тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам
туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім”
дегенді білдіреді. Бірақ бұл
біршама абстрактілі ой, өйткені
адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен
көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні
болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану
пәнін қандайда бір басқа қоғамдық
ғылым пәнінен бөлек қарауға
болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың
объектісі менпәнінің ара жігін
ажыратып алған жөн.Ғылыми таным
объектісіне зерттеу қызметі
бағытталатынныңбәрі, оған объективті
шынайылық ретіндегі қарсы
Әлеуметтанудың қоғамдағы орны.
Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар
жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас
жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға
кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста,
процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі
бір әлеуметтік жүйе ретінде болады.
Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы
объектінің қасиеті мен зерттеушінің
алдына қойған мәселелерінің мақсаты
мен сипатына, оның ғылыми білімінің
деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын
құрал – тәсілдеріне
Әлеуметтану ғылымының дамуы мен негізгі тарихи кезеңдері.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды.
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның
әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының
әлеуметтік құрылымын сөз еткенде
қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей
емес екендігін айтып еткен едік.
Қоғам адамдарының арасында теңсіздік
бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік
жүйедегі алатын орындары да бірдей емес.
Жекелеген индивидтер мен адам топтарының
арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды
жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі,
білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі,
билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің
арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын,
себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі
мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация
теориясының маңызы зор. «Стратта»
деген геология термині жердің құрылымындағы
қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады.
Ал, қоғамға байланысты біздің ана
тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген
ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз
тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән
түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің
тарихи үш типі белгілі. Олар:• касталар;• сословиелер;
Әлеуметтану ұғымы нені білдіреді және нені зертейді?
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Социология әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.
Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт.
Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның нақты мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді.Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М.Вебермен терең ықпал етілді.Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.Неміс социологы М. Вебер де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен бір уақытта өмір сүруіне қарамастан, көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді. Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде ілім болды. Идеалді түр – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).Оның идеалды түрлер жөніндегі ілімі «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін» социологияның пәні болып табылады.Вебердің маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы – бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға бағытталған тенденция саналады.Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.
Білім әлеуметтануы.
шеңберінде білім процесі, адамдардың
ғылым мен әлеуметтік тәжірибе барысында
жинақталған білімдер мен жалпыланған
тәжірибені меңгеру механизмі, осы
білімдерді білім беру және ағарту
әлеуметтік институты арқылы болашақ
ұрпаққа беруі зерттелетін
Білімге функционалды бағыт.
Функционалды тіл білімі — тілдің
қарым-қатынас құралы ретіндегі
қызметін сипаттайтын бағыттар мен
көзқарастардың жиынтығы. Қарым-қатынас
құралы ретінде тілдің қызметіне
басты назар аударатын