Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік  басқарудың  заңдары мен принциптері.

Еңбек ұйымдары қызметінің орталық  осі болып басқару табылады. Басқаруға  деген әлеуметтік көзқарастың негізгі  үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі – мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды  қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы  әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті – әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы², бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар). Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі. Берілген элементтердің оптималды сәйкестігі олардың шекараларын пайдалану мүмкіндіктері мен есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды жою негізінде олардың интеграциясын меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір реттік ықпал ету формасынан ұзақ мерзімді тәртіп формасына көшіруге немесе кездейсоқ реттеуіштерді ұйымның алдына қойылған мақсатына «қосуға» мүдделі. Басқару тәсілдері :Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі. Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады: 1) тікелей (бұйрық, тапсырма); 2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру); 3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.) 4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б.еңбек жағдайларын, статусты өзгерту). Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді: 1) топ құрамының мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жұмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты); 2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану); Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады: а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою); ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы); б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар). Басшылық – бағынушы қатынасы ²Басшылық² ұғымы басқару ұғымына жақын және ұйымдастырушылық қатынастың басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар арасындағы ерекше үш жақты қатынасты талдауды көздейді. Біріншіден, басшылық – бұл түрлі статустар, административті құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас. Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің құқықтық негізін қамтиды. Екіншіден, басшылық – бұл ортақ еңбек процесіндегі жеке жұмыс функцияларының қатынасы: бірі – тым ²жалпы² болса, екіншісі – тым ²жеке². Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру функциялары, екінші жағынан атқару функциялары байланысады. Үшіншіден, басшылық – бұл сонымен бірге жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі. Соңғы жағдайда оның әлеуметтік-психологиялық мазмұны – бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделер қарастырылады. Аталмыш ²басшылық – бағынушы² қатынасының жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты болса да, салыстырмалы дербестікке ие. ²Басшылық-бағынушы² байланысын әлеуметтану жекелілік денгейдегі басқару бойынша жалпы қатынастардың көрінісі түрінде зерттейді. Басшылықтың бағынушыларға ықпал етуі, оларды ұйымның талаптарына сай және өз ойларына сай белгілі бір еңбек тәртібіне итермелеуді мақсат етеді. 

Әлеуметтік  бақылау.

Әлеуметтік сақтандыру –1. әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;2. экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;3. азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:• мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);• әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік  бақылаудың тәсілдері.

Статистикалық бақылаудың түрлері Статистикалық зерттеу тәжірибесінде бақылау бағдар-ламасы жасалынғаннан кейінгі шешуші жұмыстардың бірі – бақылаудың түрін анықтау. Ол бақылауда жүргізудің алдына қойған мақсатына байланысты. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді . Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Оған мысал ретінде халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің ұжымдардың және т.б. белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп отыратын есеп беру формаларын алуға болады. Сондықтан, жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Сондай–ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуына тиіс. Яғни оны жаппай жиынтық қорытындысы ретінде, толық түрінде қолдануға болады Зерттеліп отырған жиынтық бірліктерінің толық қамту мүмкіндігі болмаған жағдайда және шығын құны мен жұмыс көлемін көбейтпеу үшін жартылай бақылау тәсілі қолданылады. Сондай–ақ бұл тәсіл жалпы бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшінде пайдалынады.Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды (монографиялық) және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын–ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелінетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикалық зерттеуде оның атқаратын рөлі (орны) өте жоғары . Жеке ауқымды (монографиялық) бақылау. Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсаттан егжей- текжейлі, жан – жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп атайды. Оның мысалы ретінде озат кәсіпорындармен шаруашылықтармен тәжірибесін тарату кезіндегі мәліметтерді жазба түрінде суреттеуді, көрсете білуді келтіруге болады. Жалпы алғанда жеке ауқымды бақылау бүгінгі күннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктері мен жетіспеушіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады. Басқа тәсілдерімен салыстырғанда бұл әдістің айырмашылығы сонда, ол барлық жиынтықты зерттеуге міндетті емес. Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайдыСтатистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөлінеді . Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады.Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.Сонымен, статистикалық бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жоғарыда көрсетілген уақыт мерзіміне қарай тіркеудің екі түрі де қолданылады. Бірақ, бақылаудың қай түрін қай уақытта қолдану зерттеудің міндеті мен оның ерекшелігіне тығыз байланысты екенін ұмытуға болмайдыҮзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір–ақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.Статистикалық бақылаудың тәсілдеріКеректі мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілі анықтау статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болып табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ – жауап арқылы болып 3 түрге бөлінеді.Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайдыҚұжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп беру формаларын толтыру арқылы жиналады . Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында болып жатқан жалпы өзгерістер толығымен, жан –жақты суреттейді. Сұрақ – жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мүмкіндік болмайды. Ондай кезең керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ- жауап тәсілдері қолданылады.

Әлеуметтік  жүйедегі мәдениет түсінігі

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген  сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын  өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің  ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз  алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің  мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші  табиғат». Мәдениет – жеке адамның  өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде  қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар  өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.Материалдық және рухани мәдениетАдам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.

Әлеуметтану зерттеулердің  әдіс- тәсілдері.Құжаттарды талдау.

Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық  зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді  әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты  әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуі  тереңірек зерттеу болып табылады. Өззінің ерекше әдістерін  басқара  отырып, эмперикалық  социология процестер  мен құбылыстардың  мәнін  теориялық  тұрғыдан тануды  толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмперикалық  сатысы  әр  жақтылық  пен  алуан  түрлілік,  жекелік және кездейсоқтық  сақталатын әлеуметтік  шындықтың  бейнесін  береді.  эмперикалық  талдау теориялық  білімнің  бастаук  көзі  және  негізі  болып  табылады,  ол  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердің  теориялық  тұрғыдан  талдауға  жол  ашады.Социологиялық  зерттеу - нақты  теориалық  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешу  үшін  зерттелетін  объекті  жөнінде  жаңа  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  теориалық   және  эмперикалық  рәсәмдер  жүйесі.Социорлогиялық зерттеуде  ғылыми  қызметтің  мынадай  элементтері бар; а) зерттеу объектісі -  әлеуметтік  шындық  процестері  мен  құбылысы;ә) зерттеу субъектісі;б) социологиялық  зерттеу белгілі - бір мақсатқа  жетуге  және  нақты  міндеттерді  шешуге  бағытталған;в) міндетті шешу  құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.бСоциологиялы зерттеу түрлері мыналарға байланысты:1. Мақсаты және  теорилық бағдары. Мұнда олар: а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи  болуы мүмкін; д) кейбір  таңдамалы оқиғаларды  зертеу мақсатында жүргізілуі  мүмкін ( монографиялық сипаттама). 2. Социологиялық зерттеудің  екінші бір түрлері; материалды  таңдау  әдісі. Мұнда олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың сауалнамасы,  мақсаты сипаттама, объекті туралы  түсінік ); в) талдамалық  ( себептік  байланыстарды сипаттау  және анықтау ) болуы мүмкін. Барлау  арқылы  зерттеу - нақты - социологиялық зерттеудің   ең  бір қарапайым түрі; ол  шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және  ықшамдалған бағдарла  мен көлемі  бойынша сығындалған құралдарға  ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы  және  басқалары ) негізделеді.  Барлау  арқылы  зерттеудің  бір  түрі - экспресс -  сауалнама.Сипаттамалық  зерттеу  нақты - социологиялық  зерттеудің  күрделірек  түрі; ол  зерттелетін құбылыс,  оның  құрылымдық  элементтері  туралы  салыстырмалы  түрде  тұтастай  түсінік  беретін  эмпирикалық   мәліметтер  алуды көздейді.Талдама  зертеу - социологиялық  талдаудың   ең  күрделі  түрі,  ол  зерттелетін  құбылыстың  құрылымдық  элементтерін сипаттап  қана  қоюды  мақсат  тұтпайды,  сонымен  бірге  оның  негізінде  жатқан  себептерді  анықтауды  мақсат  етеді;  бұл  зертеу  айрықша  тәжірибелік  маңызға  ие  болады. 3. Үшінші  түрі  зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: а) бір жолғы,  нүктелік; б) қайталама,  оның  арасында  панельді  деп аталатындар - сол бір топ,  сұрақтар,  бағдарламалар және  әдістемелер белгілі - бір уақыт арқылы; в)  лонгитюдті ( объектіні ұзақ  уақыт кезең -  кезеңмен  бақылау ) .Нақты  социологиялық  зерттеу  арнайы  құжатқа - социологиялық    зерттеу  бағдарламасына сәйкес  жүргізіледі. Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан  және  ғылыми - тәжірибелік зертеу  қызметі рәсімдерінің  ережесінен  тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын  жазу. Құжат -  мәтінді,  таспада, дискетте  және  с.с-да  белгіленген  ақпаратты  беру  және  сақтау  үшін  арнайы  жасалған  зат. Құжаттарды  талдау  кезінде  ресми  құжардың  ресми  емес  құжаттарға  қарағанда  барынша  шынайы; жеке құжаттардың, жеке  емес  құжаттарға  қарағанда  сенімді,  бастапқының  қосалқыға  қарағанда  сенімді  екендігін  есте  сақталғаны  жөн. Құжаттарды талдау  әдістері  былайша бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда: жалпы және арнайы) және  қалыпқа келтірілген ( мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама).Дәстүрлі  талдау  ретінде  «құжатты  белгілі  бір  тұрғыда айтылған  мәліметтерді  түсіндіруге  бағытталған  зерттеушілер  әрбір  нақты  жағдайда  қабылдаған  барлық  ақыл-ой  операциялары  түсініледі... іс  жүзінде бұл  құжаттың  мазмұнын  түсіндірудің,  оны  талқылаудың өзі».Қалыпқа  келтірілген  әдіс -  сапалы  ақпаратты  сандық көрсеткіштерге (қанша,  уақыттың  қандай  кезеңіне) аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік  ақпаратты (газет, хат), фонетикалық  ақпаратты (TV және  радио  хабарлары) сандық  көрсеткіштерге аудару.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"