Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка
Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік стратификация ұғымына анықтама беріңіз.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:• касталар; • сословиелер; • таптар.Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе:Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде цастұс (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:• брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын; • кшатрийлер (әскери адамдар); • вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын; • шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.
Әлеуметтану заңдары - қоғамды зерттей
отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік
байланыстар мен қарым-
Әлеуметтанудың деңгейі, құрылым категориясы және қызметі.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады. Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады. Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады. Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді. Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар: 1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді. 2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді. 3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесіндк алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар. 4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері: а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны; ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы; б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы; 5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қортындылар; 6. Қоғамның жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді. Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар: а) жалпы әлеуметтану теориясы; ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану; б) орта деңгей теориялар. Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
Әлеуметтанудың пәні мен мәні.
Әлеуметтану пәні - бұл әлеуметтік
шындық суреттелетін және эмпирикалық
зерттеулер тақырыбын болып табылатын
негізгі түсініктер мен мәселелер
жиынтығы.Кез келген ғылымды зерделеу
алдымен оның объектісін, пәнін,басқа
ғылымдар жүйесіндегі және қоғам
өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан
басталады. Әлеуметтану ғылымының
осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің
қазіргі кездегі пікірталасына
және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне
назар аудара отырып қарастырамыз.“Әлеуметтану”
термині екі сөзден құралған: латынның
societas-қоғам және гректің logos –сөз, түсінік,
ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық
тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам
туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім”
дегенді білдіреді. Бірақ бұл
біршама абстрактілі ой, өйткені
адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен
көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні
болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану
пәнін қандайда бір басқа қоғамдық
ғылым пәнінен бөлек қарауға
болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың
объектісі менпәнінің ара жігін
ажыратып алған жөн.Ғылыми таным
объектісіне зерттеу қызметі
бағытталатынныңбәрі, оған объективті
шынайылық ретіндегі қарсы
Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым.
әлеуметтанудың объектісі – қоғам.
Әртүрлі социологиялық
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт.
Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт
тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның
нақты мәселелерін зерттеуге
мүмкіндік берді Жиырмасыншы
ғасырдың басында әлеуметтік ойдың
дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм
(1858- 1917) мен неміс зерттеушісі
М.Вебермен терең ықпал етілді.Дюркгейм
(басты еңбектері- «қоғамдық еңбек
бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел
ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды.
Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер
жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік
шындық ретінде қарастырды. Осы
фактілерді зерттеу әлеуметтану
пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді
статистикалы түрде зерттеу ұсынды.
Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді,
дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм
пікірі бойынша, барлық адам көріністері
тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы
елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер
мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның
бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің
орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма
жүйесі ретінде белгілеуі жатады.
Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда
бір тәртіп ережелерімен реттеледі.
Анатомия концепциясына негізделіп,
ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді.
Зерттеу нәтижесі негізінде келесі
қорытындыларға келді, дағдарыс немесе
айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін
өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі
өседі.Неміс социологы М. Вебер
де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес
қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен
бір уақытта өмір сүруіне қарамастан,
көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм
мен Маркс жетекшілікті қоғамға
бағыттаса, Вебер жеке адамға және
қоғамның даму себебіне әлеуметтік
құндылықтарды жатқызды. Вебер
бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға,
мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми
айналымға «рациональдылық», «идеалды
тип» түсініктерін еңгізді. Вебер социологиясының
негізі болып идеалді түрлер жөнінде
ілім болды. Идеалді түр – бұл
объективті эмпирикалық ақиқатты емес,
ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін
бейнелейтін теориялық
Әлеуметтік ақпараттардың тәсілдері мен алғашқы жиыны.
Социологиялық зерттеу - методологиялық,
методикалық және ұйымдастырмалы –
техникалық процедуралардың логикалық
жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен
ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу
құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет
алу және оны әлеуметтік басқару
тәжірибесінде қолдану.