Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б
32.Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. Қазақ топырағында Абайға шейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылар деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» деп мәселені нақты қоймаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім - діни қағида, таным - гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл Абай - Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,— деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Рас деген - заттың құбылыстық мәнін әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат келе-келе рас емеске айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де ықтимал. Демек, растың бір-ақ мәні бар, ол - оның растығы. Бұл - «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші қырына келсек, онда оның растығын тану мәселесіне тірелеміз. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады? Онда Алланың барлығына сенуден басқа амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде қарастырған. Абай өлеңінің екі жолында «расты» үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. Ақылың бар, сана-сезімің бар, ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай растық бар? Абай расқа үшінші жағынан келген. Ол - оның тарихи мәнділігі. «Алланың өзі де рас» осылай өткен тарихта да болған, қазір де солай, болашақта да солай бола бермек. Рас - бұл мәнінде мәңгіліктің өлшемі. Алла рас демек, ол мәңгілік шындық, оның растығы мәңгілігінде. Растың төртінші қыры. Рас мәңгіліктің өлшемі дедік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар емес пе? Олардың барлығы да рас деме, «рас» дегенде, біз мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның өткіншілігін мойындамасқа болмайды. Сонда бүгінгі «рас» болған нәрсе ертең «рас» емеске айналуы мүмкін бе? Жоқ, «рас» емеске айналатын нағыз растың өзі емес, ол - адамдардың «рас» пен «рас еместі» ажырата алмағандықтарынан туған, жалған нәрсені «рас» деп қателесулері. Рас, әманда рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған (рас емес) болуы мүмкін емес. Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ - біздерді де Алла туралы сәл-пәл жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес» дейтіні сондықтан. Абай ұғымында ол - «ақылға сыймас шындық», сондықтан ол Алла мен адам арасындағы жалғастырушы күш - махаббат деген тоқтамға келген. Алланың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болған, оның «махаббатсыз – дүние дос» дейтіні де сондықтан, яғни махаббатсыз адамның Алламен ісі жоқ, ол дүние - байлықпен ғана дос. Сонымен, жалған болмайтын рас не дегенде, Абай ол - Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнінде «рас» - болмыстың синонимі. Әлемдегі рас, ол - болмыс. Болмыс ешуақытта жалған болмақ емес. Абай дүниетанымында Алла - шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз. Ол рас болса, онда Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау - Алланы мойындау. Бұл - Абай (гуманизмінің) көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға адамшылықпен қарау. Алла ішімді айтқызбай біледі ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распен таласпа, мүмин болсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма! Үшінші жолдағы «Распенен таласпа...» деп отырғаны - ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені, себебі Алла жолына түссең, адам атыңды жоймайсың. Алла жолында болсаң, адамдықты жоймайсың. Абай сонымен Алланы абсолют шындық ретінде ұсынып, ал оның сөзін жеткізушілер туралы өзгеше пікірде болады. Ол: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгермек, оларға кез-кезімен нәби (пайғамбар) келмек»,- дейді. Міне, осы тұста Абай өзі айтқан Алла жолы мен пайғамбар жолының айырығына келеді. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла - мәңгілік. Нәбилердің келіп-кетуін Абай қалыпты жағдай деп түсіндірген. Өзгермейтін бір Алла - OJI абсолют. Өзгеретін - оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын - Алла емес, адамдар. Енді «Алланың сөзі де рас...» деген мәселеге нәбилерге қатысты тоқтала кетсек, Алла «еш жерде өзгермейтін» мәңгілік рас қалпында қалса, онда неге бірінен соң бір нәбилер келмек? Алланың сөзі ешқашан өзгермек емес, бірақ замана, шаруа, мінез өзгереді. Сол өзгерістерге сай «өлшемді сөзбен» кез - кезіне орай нәби келеді. Егер әр пайғамбар сөзі мәңгілік болса, ол нәби емес, Алла болғаны. Нәбилер - Алла сөздерін жеткізушілер, олардың сөздерінде бір-бірімен қайшылық бар, себебі, тағы қайталаймыз, пайғамбарлар сөзі де шектеулі. Мөлшерсіз, өлшемсіз, шектеусіз тек Алла сөзі, қалғандардың сөздерінің бәрінде белгілі мөлшер бар. Байқайсыз, ба ақын: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», - дейді. Алла туралы оның растығынан өзге сөз айтудың еш қажеті жоқ. Ол мінсіз, әңгіме осымен аяқталуы керек. Пайғамбарға мұндай мінездеме беруге болмайды. Абай оны «хақ» дейді, себебі ол Алла сөзін сөйлеуші, бірақ ол да өз кезегімен, Алла әмірімен келген, олай болса, оның да өзгеге кезек беруі ғажап емес. Бұл - Алла, нәби туралы Абайдың тол дүниетанымы. Ол ешкімді қайталап отырған жоқ, оқыған - түйгендерін өлең сөзбен өз ой елегінен өткізіп, санасында салмақтап, халқын ау сынып отыр. Мұндай ойларды айтудағы жауапкершілікті Абай жақсы білген, ол Алла туралы сөз жеңіл деп отырған жоқ, қайта улы тақырыпқа тереңдеп, жаңаша ойлау жүйесін жасауға талпынған.
33.ХХ ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Екі ғасыр арасында қазақтың
ұлттық санасының оянуына үлкен
әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан
Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей
ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың
жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси
партиясының басшысы, қазақтың бірінші
ұлттық үкіметі — Алашорданың
көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы
қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың
рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің
қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы
туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ
эпосы мен фольклоры жөнінде
әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің
ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер
жазды. Солардың ішіндегі құндысы —
1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында»
жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды»
аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның
бұл жерде көтеріп отырған
мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің
бай мұраларына байланысты. Аталған
аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі
тәңірілік түсініктердің қарым-
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса.
Яғни, басты мәселе — ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек. Ӏзін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы — ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы». Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.
34.ХХ ғасырдағы
Батыс философиясы, позитивизм және
оның түрлері. Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың
соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы
айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет
дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше
түсіндірілген неше түрлі бағыттарға
толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың
соңынан бастап Батыс философиясында
философияның жаңа, классикалық емес типі
қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда
қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм,
позитивизм, постмодернизм, структурализм
және тағы басқа бағыттар кіреді. Позитивизм –
қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты.
О негізін қалаушы – француз философы
Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше,
«болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға,
страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі
философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе
немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген
позитивті, жағымды білім ғана ақиқат,
нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға
жақын философия ғана ақиқат философия.
Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған
мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның
міндеті – объективті өмір сүруші материалдық
дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді
қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің
екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.
2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы
ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің
сезімдік негізін, психифизиологиялық
формаларын сараптауы тиіс деп есептеді,
яғни субъективтік идеализмге көбірек
бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық
физик Э.Мах.
3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың
ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын
анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс
Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және
т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі
принциптері ретінде верификация, фальсификация
және конвенция принциптерін ұсынды.
35.ХІХ ғ. Орыс ой
кеңістігіндегі славяншылдық
ХІХ ғасырдағы Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П . Я . Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П . Я . Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде кұруы керек. Славянофилдік-помещиктік- либералдық идеология тұрі. Славянофилдіктің басты өкілдері: А.С.Хомяков (1804-1860),К.С. Аксаков (1817-1856), Ю.Ф. Самарин (1819-1876).Славянофилдердің философиялық көзқарастары. Олардың Шеллинг пен Гегель философиясына берген бағасы. Славянофилдердің әлеуметтік (утопиясы) қиялы. Этикалық қөзқарастары. Ресейлік және батысевропалық тарихи процесс талдаулары. П.Я.Чаадаевтің (1794-1856) әлеуметтік-саяси және ағартушылық қызметі. Оның «философиялық хаттардың» Ресей философиясы тарихындағы алатын орны, маңызы. Шеллинг, Гегель, Славянофилдер философиясы қатынасы.Чаадаев этикасы. Н.В.Станкевич (1813-1840) дворяндар ағартушысы. Философия міндеттері тұсінігі және Гегель мен Фейербах философиясына қатынасы. Т.Н.Грановский (1813-1855),оның тарихи және әлеуметтік ойдың дамуына қосқан үлесі. XIX ғ. Бірінші жартысындағы жаратылыстанудағы философиялық идеялар. XIX ғ. Бірінші жартысындақы алдыңқы қатарлы жаратылыстану ғылымдарының басты өкілдері: Н.И.Лобачевский М.Г. Павлов, И.Е.Дядьковский, И.Т. Глебов, К.М. Бэр, К.Ф. Рулье т.б. Оларда материя мен сана туралы сұрақтардың қойылымы. Кантшыл, шеллингшіл және идеалистік натурфилософия сыны.
36.Марксизм философиясы. XX – ғасыр
философиясындағы аса күрделі кезең –
“қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің
дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен
оған объективті жағдай әсер етті. Егер
Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға
дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің
проблемаларына жауап іздеген болса, В.
И. Ленин копитализмнің империалистік
дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар
еңбек пен капитал арасында ғана емес,
капиталистік елдер арасында да пайда
болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі
дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм
Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де
таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы
дамыған ел болмаса да, онда революция
жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық
– демократиялық революцияның жетекші
күші пролетариат болатыны айқын байқалды.
Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың
басында жаратылыстану ғылымдарында,
әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды.
Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның
ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін,
электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті
одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен
қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп
отыратынын көрсетті. Міне, бұл жағдай
материалист философтардан байсалды тұжырымдар
күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты
ірі философ материяның жойылуы мүмкін
еместігі туралы пікір айтудан жалтарды,
тіпті байқамаған сыңай танытты.
37.Парменидтің болмыс
Әлбетте, әлемді бұлайша түсіндірудің ғылымға үлес қоса алмайтыны анық. Егер әлем дегеніміз алдамшы болса, онда әлем жайында бас қатырудың қажеті қанша?
Ол
заманда философия бәрін
38.Гуссерльдің