Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б
46.Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара сәйкестілігін көрсетеді. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады. Сонымен қатар салыстырмалы ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлігі де. Егер салыстырмалы ақиқат ғылыми сипатта болса, оның құрамында ақиқаттың белгілері де болмақ. Яғни, абсолют ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтық көрінісі де. Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір жағдайда тәуелді кезеңдік қырларын бейнелейтін болса да, ол әрбір құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу аясын ой елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады. Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абсолют мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абсолют мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолют ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұлама діндарлар пікірі бойынша абсолют ақиқат табиғаттан тыс абсолют күш, абсолют рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолют ақиқат құралады және көрініс табады. Абсолют ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат ғылыми таным-түсініктерді бұлжымайтын қағидаға айналдырудан сақтандырады, білімнің даму сабақтастығына жол ашады, зерде-зейінді әлемдік өзара байланыстарды тануға шоғырландырады.
47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон қолдап әрі қарай дамытты. Сөйтіп, бұл өнер өзінің бастамасын сонау ертедегі Грекиядан алып, күні бүгінге дейін жоғары бағаланады.Диалектика даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды ілім, теория болуымен қатар барлық ғылымдар үшін, практикалық қызмет үшін сол теорияға негізделген бірден-бір философиялық әдіс, зерттеу әдіснамасы да қызметін атқарады.Диалектиканың құрылымы:диалектиканың негізгі прициптері, заңдары(метапринциптері), диалектиканың каегориялары (негізгі емес заңдары).Диалектиканың прициптері:1)жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің- өзара байланыстылығын,өзара тәуелділігін білдіреді.Байланыс түрлері: Сыртқы және ішкі (ең кең таралған түрлері); Тікелей (тура) және жанама; Генетикалық және функционалдық; Кеңістік және уақыттық; Кездейсоқтық және заңдылықты. 2) Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар. 3) Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері,құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар.Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады.Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі
бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.
48.Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер. Сана - адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанyарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист Р. Авенариус. Сананың негізі - рух немесе жан. Философтар жанның үш деңгейін анықтайды.
Сананың негізгі иесі ретінде
жан ағзаның функцияларын да орындайды.
Идеалист философияның қайсысы болсын
сана, идея, рух материядан тыс, дербес
өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол
материяны билейтін, оның қозғалысын,
дамуын қарастыратын күш деп түсінді.
Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған
ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі
гректің hule – материя, zoe –
тіршілік деген екі сөзінен құралған.
Сана - материядан мүлде өзгеше сапа, рухани
құбылыс. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық
даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен
шығармашылық процесс. Өйткені сана обьективті
дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы)
емес. Сана тек негізгі принцип бойынша,
шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан
ғана өмірден туындайды. Сана тек бейнелеу
емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас.
Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді)
мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады.
Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм)
дәлелдей отырып, оның аржағында сана
тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық
санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі
құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі - «ол»
(id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен»
(ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд,
оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд
өзі «id»-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан
З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан,
оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды
демекпіз.
Сананың пайда болуы екі факторға байланысты:
бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Тілде бірден
пайда болған жоқ. Оның алдында алғашқы
адамдар бір-бірімен түрлі дыбыс, қимыл-әрекеттер,
ымдасу арқылы ұғысқан. «Алдымен еңбек,
одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл –
дейді Ф. Энгельс.
Сана белгілі бір дәрежеде – сана-сезімге
айналады. Сана –сезім - өзін-өзі сезініп,
ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғары
сатысы. Сана-сезім дегеніміз - адамның
өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін әрекеттенетін
субьект ретінде түсіне бастауы. Сонымен
сана-сезім - философия, социология, этика,
психология, педагогика, этнография сияқты
бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін
құбылыс. Өзіндік сана - адамның өзін саналы тіршілік
етуші ретінде түсіне білу, өзіне деген
сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай
білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен
тығыз байланысты. Рефлексия – тұлғаның
өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің
тылсым қатпарларынана үңілуі. Сонымен қатар адамның рyхани
дүниесi тyралы дiни ағымдар бар.Яғни, джайнизм –б.д.д.. V ғ. діни
ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы
– Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді:
Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене
терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның
басты мақсаты – қасірет деп түсінген,
өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде
жасаған келеңсіз қылықтарының теріс
салдарын осы өмірде жеңуге болады.
49.Сана бейнелеу және іс-
50.Адам философиясы:
өмірдің мәні. Философия тарихында мыңдаған
Уақытында ұлы Аристотель
Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы:
нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;
адам табиғаттың бір бөлшегі
адам материалдық пен
адам философиясының басты мәселесі болу керек
табиғат мәңгі және шексіз
бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі
идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі.
Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі.