Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б
39.Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту.
1.адам мінез-құлқындағы
2.Фрейд концепциясындағы
З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түсжору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн.
40.Экзистенциалистік
41.Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя- дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз обьективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүниетанымның түпқазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым .Бұл ұғым материалистік ағыммен пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Оьбективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеме жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Сонда қозғалыс дегеніміз не. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мысалға жүгінейік: атомның құрамында ядро мен электрондар өзара байланыста болатыны белгілі. Оң зарядты ядроның төңірегінде түрлі энергетикалық деңгейлерде теріс зарядты электрондар қозғалыста болады. Атомдардан молекулалар олардан түрлі заттар құралады. Тірі организмдер өз құрамындағы молекулалардың, клеткалардың және түрлі органдардың байланысы нәтижесінде өмір сүреді. Кез –келген заттардың құбылыстардың процестердің құрамында үнемі өзгерістер жүріп жатады. Құрамдас бір бөлшектер дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатып, басқа сипаттағы оьбектіге айналады. Екінші бірулері жаңадан пайда болып жатады. Байқағанымыздай қозғалыс, жай ғана заттар мен денелердің кеңістіктегі орын ауытыруымен шектелмейтін кең ұғым. Қозғалыс д\з- кез-келген өзара әсер өзара байланыс кез-келген өзгеріс. Кеңістік пен уақытта қозғалыс сияқты материяның ішкі ажырамас атрибуты, қасиеттері, өмір сүру формасы. «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана өзінен өзі түсінікті қарапайым сияқты көрінеді, ал шын мәнінде ол өте күрделі. Сондықтан да бұл ұғымдарға байланысты матриализм мен идеялизмнің диалектика мен метафизиканың арасында ымырасыз күрес жүріп келеді.
42.Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде. «Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: ontos- болмыс logos ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин 17ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияды «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс»болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуы арқау болған негіздермен юайланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән келтіріп ортодоксальді ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмән келтіретін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны құдайлармен қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден, айырылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сеніп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалылығы мен субьективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы көзқарастардың жойылуына әкеледі.
43.Таным және оның түрлері. Ақыл парасат, сана сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені,табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым қатынасын белгілейді.Таным проблемасы философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнді иеленетін, материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған проблема. Оның басты себебі танымның қайшылыққа толы күрделі процесс екендігіне. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау деп аталады. Оның мәні зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс- эксперимент-ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модульдеу. Модульдерді материалдық және идеалдық деп екі түрге бөлінеді. Материалдық модуль зерттелуге тиіс объектімен физикалық жағынан ұқсас болады ал идеалдық модельдер ой шеңберінде құрылып, түрлі белгілер арқылы бейнеленеді.
44.Ғылыми зерттеудің
эмпирикалық және теориялық
45.Адамның дүниеге
танымдық қатынасының
Таным адамның практикалық іс - әрекетінің
рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары
– табиғат жүйесінің аясында іске асады,
өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен
заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын
сыртқы қабығын алып тастауға тырысады.
Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.
Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен
есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін
ақпараттың жоғарғы деңгейі.
Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған
және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік
процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің
идеалды образдары қалыптасып, олар туралы
білім пайда болады.
Таным теориясы немесе гносеология –
таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері,
шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін
философия ғылымының бір бөлігі.
Таным теориясы туралы термин философия
ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз.
Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені
танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы
мүмкін емес.
Философия тарихында таным теориясына
ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін
анықтаған философ Кант.
Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы
философиялық ілімдермен тығыз байланысты.
Дегенмен, ол жалпы философия теориясының
дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын
сақтайды.
Философиялық таным теориясының ерекшеліктері
оны басқа ғылымдармен салыстырғанда
көзге түседі. Таным мәселесін зерттейтін
ғылымдардың саны көбейе түсуде. Интуиция
дегеніміз – адамның зерттеу нысанын
тікелей, бірден толық тану мүмкіндігі.
Таным объектісін зерттеу немесе анықтау
процесінде адамның оның мәнін, заңдылығын
кенеттен тани кетуі.
Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі
тәсідермен түсіндіру қиын. Шығармашылық
- пайда болған міндеттерді әлдеқашан
белгілі болған тәсілдермен шешу үшін
талап етілетіндердің тысына шығатын
жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде
үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде
көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің
компоненті бола тура, ол шеберлік пен
инициативаның міндетті шарты ретінде
шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін
көтереді. Ақиқат– таным
теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.
Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс,
дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және
тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында
көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің
затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық
қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті
ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат
— салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта
үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп,
түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік
ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным
дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес
мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен
абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста.
Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың
ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы
ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.
Адасу—өзінің пәніне сәйкес
келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы,
мәңгілік қозғалтқыш жасауға тырысу энергияның
айналу және сақталу заңының ашылуына
мұрындық болды. Эфир, жылу тегі идеялары
толқындық оптиканың және электродинамиканың,
сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалық ілімнің шығуының алғышарты
болды. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан
аулақ болу оңай емес. Адамның ақиқатка
тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан
аулақ болу оңай емес, кейде қиындап кетуі
мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның
жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру
ретінде туындайтын нағыздықтың қате
бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді
қиындатады, бірақ одан құтылу мүмкін
емес.