Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа
Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Будда ілімінде этика мәселелер
Бір-біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.
5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
Осыдан бес мың жыл
бұрын қалыптасқан қытай
6. КОНФУЦИЙДІҢ ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Конфуций (б.з.б. 551– 479 ж.ш.) –
Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы,
мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік
діні – конфуцийшілдіктің негізін
салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік
оқу орнының негізін қалаушы.
Конфуцийдің мектебінде төрт пән
– ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет
оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс
болғаннан кейін мемлекеттік
идеологияға айналған шақта ол “он
мың ұрпақтың ұстазы” деп жариялап,
кейін қасиеттілер, әулиелер қатарына
қосты. Конфуций өзіне тән төл
ілім жасамаған деген пікір
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс.
Өз өмір–тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1.Бос қиялға салынбау.
2.«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
3.Қасарыстық көрсетпеу.
4.Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәріненде бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен.
Конфуцийдің аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың мінез-құлқына, олардың салт-дәстүрлері мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға кеңес береді. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен жұртты білмеймін деп қынжыл» - бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз. Адамгершілік Конфуцийдің пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз – адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген» адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға тиіс.
7. Ежелгі грек
натурфилософиясының (
Алғашқы грек даналарын
«стихиялық немесе аңғал материалистер»
деп атауға болады. Өйткені олар
бастапқы мән ретінде атаған стихияларға
(атомдар, гомеомериялар) материалды сипат
тән. Ал кейбірін «аңғал идеалистер»
деп атауға болады: олар болмыстың
түпнегізі ретінде идеалды
Ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңіне – натурфилософияға космоцентризм тән. Яғни философияның орталық мәселесі ретінде Космос, оның құрлымы (космология) және шығуы (космогония) қойылды. Космостың шығуы туралы сұрақ болмыстың бастапқы түпнегізі туралы түсінікпен тікелей байланысты еді.
Алғашқы кезең философиясының еңбектерінен бізге бірде – бір шығарма толық жеткен жоқ – кейінгі антикалық авторлар арқылы цитата түрінде жекелеген фрагменттер ғана белгілі.
Ежелгі грек философиясының
пайда болуы мен алғашқы даму
кезеңдері Ионияда – Кіші Азияда
басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс
арасындағы сауда жолдарының қилысында
орналасуы грек философтарының түрлі
Шығыс ілімдерімен танысуына
жағдай тудырды. Ионияны парсылықтар
жаулап алғаннан кейін философия
дамуы тоқтап, грек философтары
Жерорта теңізінің батыс
Философия дамуының екінші географиялық орталығы – ұлы Грекия атанған Оңтүстік Италияның аудандары мен Сицилия аралдары болды. Қазіргі кезде грек философтарының алғашқы кезеңінің барлық философтарын «Сократқа дейінгілер» деп атау қабылданған.Ежелгі Грециядағы алғашқы, натурфилософиялық кезеңіндегі Сократқа дейінгі философиялық мектептер б.д.д. VII-Vғасырларда қалыптасу үстіндегі ежелгі грек полистерінде пайда болды.
Пифагор және пифагореизм
Негізін қалаушысы – Пифагор. Пифагореизмнің кейінгі дамуы – ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңінде пайда болып, антикалық дүниенің соңына дейін өмір сүрген пифагорейлік одақтың әрекетімен байланысты болды.Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы Самос аралында туылып, Египет пен Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп өз мектебін – Пифагорлік Одақты – ғылыми –философиялық және саяси қауымдастықты құрған ежелгі грек философы.Пифагорға «Пифагор теоремасының» дәлелін тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымнан теориялық ғылымға айналдыру
Философиялық көзқарастары. Пифагорды Ежелгі Грецияның ең бірінші идеалисі деп санауға болады. Өйткені болмыстың түпнегізі ретінде ол идеалды мәнді – сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды. Сандар арасындағы пропорциялар Әлемдік Гармонияны құрайды. Пифагорға бұл ойдың келуі туралы аңыз бар: бірде шеберхана тұсынан өтіп бара жатқан ол салмағы әртүрлі балғалардың төске ұрылғанда түрліше дыбыс шығаратынын байқайды. «Әрбір балғаның көлемі мен салмағы, демек, барлық байланыстар сандар арқылы өлшенеді. Олай болса сандар – нәрселер мен заттарға иелік етеді, сандар дүниені басқарады» деп шешеді Пифагор. Сандар геометриялық фигуралармен байланысты. Барлық материалды денелерді құрайтын бес стихия да санмен байланысты. Мысалы, Жер – кубтық формадағы бөлшектерден құралады;
Пифагор философиясында
бұрын мифологияда айтылмаған
бесінші стихия – Эфир туралы
түсінік бірінші пайда болды.
Пифагор Эфир бөлшектері –
додекаэдрлерден құралғанына
сенді. Орфиктер сияқты, Пифагор
да жанның алмасуына – денеден
денеге көшетініне сенді.Пифагор
пікірінше, дүниенің ортасында
Жер тұр. Эфирдегі басқа аспан
денелерінің барлығы Жерді
Элей мектебіМектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының атымен аталады. Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс» «қозғалыс» - филосиялық ұғымдарын қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын ғана баян еткен болса, элеаттықтар алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік, тәндік дүниенің «елес» екндігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне – ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.