Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Коммерциялық банктің табыс әкелетін көлемі жөнінде екінші орынды бағалы қағаздармен операциялар жатады. Табыс көлемі бағалы қағаздар портфелінің құрылымы мен табыстылығына байланысты. Банктер бағалы қағаздардан алатын табысты өтімділікке деген қажеттілігіне байланысты қарастырады. Бағалы қағаздарға ақша – қаражат құралдарын банк қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін ғана жұисалады. Инвестициялық операциялардың тәуелді сипаты бағалы қағаздардан түсетін табысты басқаруын қиындатады. [19, 366 б].

Банктің транс бөлімдері жоғары пайдалыда және жоғары шығыстыда болып келеді. Бұл бөлім қызмет көрсеткен кезінде банк актив қаражатын емес, клиент қаражатын басқарады. Сондықтан банктер сенімгерлік операцияларының табысты активімен жұмыс істесе, бөлім әкелетін табыс мөлшері шығыспен салыстырғанда жоғары болу мүмкін. Бірақ транс – бөлімдер банк операциялар үлесінде үлкен алмайды. Банктердің сенімгерлік операциялармен айналысуы клиенттер базасын көбейтіп, барлық банктік қызмет көрсететін мекеме реінде танылғысы келетіндігінде.

Банктік салымдардан келетін шығындарды жабу үшін банктер комиссия алады. Соңғы жылдары депозиттік шоттан түсетін комиссия мөлшері түсіп кетті. Оның екі себебі бар: біріншіден, банктер бәсекелесінің күшеюі депозиттерден алынатын комиссияны түсіруге немесе мүлдем алып тастауға итермеледі. Екіншіден, активтер көлемінің үлкеюі комиссия үлес салмағынада әсер етпей қоймады.

Басқада табыс топтарына көптеген элементтер кіреді: чекті және векселді ішкі айналымда инкассациялау, банктік тратты сату, ішкі саудадағы векселді акцепттеу, аренданы жалға беру, бағалы қағаздар операцияларында делдалдық қызмет, жылжымайтын мүлік пен банктік сейфті жалға беру секілді табыс көздері кіреді.

Ұзақ мерзімді пайдалануда банк шығыстары ауыспалы болып келеді. Банк басшылығы ЕЭМ пайдалану қолдану арқылы көптеген шығыс элементтерінің төмендеуіне мүмкіндік алды. Автоматизациялау бағдарламасы соңғы жылда тез қарқынмен өсіп келе жатқан мерзімді және жинақтау салымдар бойынша шығындарын жабуға жағдай жасады.

Банктік шығыстағы көлемі жағынан үлес салмағы ең ірісі мерзімді және жинақтау салымдары үшін төленетін пайыз шығыстары болып табылады. Соңғы жылдары бұл шығыс түрі тез өсті. Бұның екі себебі бар: біріншіден, банк арасындағы бәсекелестің қатты күшеюі, бос ақша – қаражат тарту мақсатында депозит үшін төленетін пайыздың жоғарлауы және банктік қызмет күндіктілік өмір қажеттілігіне айналуы халықтың банкке салатын ақша – қаражаттың өсуі. Екінші себеп депозиттердің үлес салмағының артуы.

Жалпы және әкімшілік шығыстар банктік шығыстың 10% үлесін құрайды. Бұл шығыстар түріне банктік ғимарат үшін төлем, жөндеу, от қауіпінен сақтандандыру және т.б. жатады.

Табысқа салатын салық банк шығысының үлкен баптарының бірі. Оның шығыстағы үлес салмағы 7% құрайды. Бірақ табысқа салынатын салық әр елде және әр қаржылық институтта әр түрлі болуы банктер арасында бұл шығыстың үлес салмағыда бірдей емес. Табысқа салынатын салық шығыс баптарының ішіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады.

Басқа операциялық шығыстарға жоғарыда айтылмаған шығыстар түрлері жатады. Бұл шығыстар банк жұмысының тиімді жүруін қамтамасыз етеді. Осы шығыс элементтеріне жарнамаға, инвентар мен материалдар шығындары, сақтандыруға салым және екінші деңгейлі салықтар кіреді. Сонымен қатар бұл топқа кеңсе мен бланкке жұмсалған шығындар жатады.

 

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару

 

 Банк активтерінің табыстылығын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді.

Банк активтерінің табыстылығын басқару банк пайдасын басқару арқылы жүзеге асырылады.

Банк пайдасын басқару жүйесі бір бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады:

  • пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау,
  • банктің пайдасын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау;
  • банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәселдерін қолдану;
  • банк пайдасын ағымдағы реттеу әдістерін анықтау.

Банк пайдасын басқаруға біріншіден әртіүрле бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады.

Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің пайдасын бағалау жатады.

Оның тәсілдеріне мыналар жатады:

  • банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;
  • банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау;
  • қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау;
  • банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.

Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады:

  • банк қызметінің көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін және пайдасын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нәтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
  • ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын және негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты және тұрақсыз бөліктерін анықтайды;
  • банк активтерінің сапасын бағалау: банк активтерінің көлемін, құрылымын, және даму ағымын бағалау арқылы табыс әкелетін және әкелмейтін, тәуекелді және тәуекелсіз, өтімді және өтімсіз активтер құрамын анықтау. Мұндай талдау нәтижесінда банктің несиелік, ивнестициялық, активтерді және пассивтерді басқару саясаты жасалады.
  • қаржылық коэффициенттерді, олардың нормативтік мәндерімен салыстыру арқылы, көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал етуші факторларды айқындау, аквтивтер мен пассивтердің мерзімдері мен сомалары бойынша сәйкестік дәрежесін анықтау негізінде банктің өтімділігін бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банктің өтімділігін басқару саласында стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік жасайды.
  • банктің табыстылығы мен пайдалылығын, активтердің тиімділігін, банк табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді есептеу көмегімен банктің балансының мәліметтері және пайдасы мен зияны туралы есебінің негізінде банктің табыстылығын бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк табыстылығын басқару саласында саясатын жасауға негіз болып табылады.
  • серіктес-банктердің қызметін талдау және бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк үшін несиелеу лимиттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар банктер өз қызметінің өзге де бағыттары бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде несиелік портфелді, инвестициялық портфелді, клиенттердің несиелік қабілетін, меншікті капитал жеткіліктігін, пайыздық маржаны, жекелеген операциялар мен бөлімшелердің пайдалылығын, өтімділік көрсетіштерін талдайды.

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.

 Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық қарыздарды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа қарыздарды байланысты болады.

 Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі керек:

  • Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?
  • Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?
  • Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
  • Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз қарыздардың құрылымы қандай?
  • Үмітсіз қарыздарды баланстан шығару. Шығарылған ссудалардың негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
  • Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің жалпы резервтерінің (провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің (провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?
  • Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?

 Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.

Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.

Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:

  • Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?
  • Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?
  • Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып қалуы мүмкін бе?

Табыстылық пен рентабельділік банктің жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Табыстылықты талдауда ең алдымен мынадай факторларды ескеру қажет:

– банкте уақыт өткен сайын өзінің құнын жоғалтатын активтердің (құралдар, негізгі құралдар) амортизациялау тәжірибесі бар ма?

– салық бойынша қарыздың есептелуі дұрыс жүргізіле ме?

– салықты төлегеннен кейін акционерлерге дивидент түрінде төленген сомалардың есеп баптарында көрсетілуін тексеру.

Өйткені дивидент түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банктің пайдасының көп бөлігін өзінің капиталын көбейтуге жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде сақтамағанын көрсетеді. [9, 126 б]

Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMEL жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі. Пайдалылықты талдау мынадай принциптерге сүйенеді (6-кесте).

 Кесте -2.

 Пайдалылықты талдау мынадай  принциптері

Активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық көрсеткіштері

САМЕL жүйесі бойынша рейтингісі

1%-дан жоғары

0,75% -дан 1%-ға дейін

0,50%-дан 0,75%-ға дейін

0,25%-дан 0,50%-ға дейін

0,25%-дан төмен немесе шығындар

1. Тұрақты 

2. Қанағаттанарлық

3. Орташа

4. Шекті

5. Қанағаттанарлықсыз

Ескерту: автормен есептелді


 

Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде есептеледі:

Дивиденттерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда

Активтердің орташа құны

 Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.

 Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.

 Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:

– шығындардың құрылымы;

  • пайыздық шығындардың көлемі;
  • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
  • әкімшілік шығындар;

Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • пайыздық шығыстар;
  • пайызсыз шығыстар;
  • басқа да шығыстар.

Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады.

Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрлерге бөледі:

  • банктің операциондық және түрлі шығыстары: банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың және материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығыстары, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар және капиталдық емес сипатттағы басқа да шығындар;
  • басқару аппаратын ұстау шығыстары: жалақы, сыйлықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығыстар, іс-сапар және кеңсе заттары үшін шығыстар, яғни олар пайызсыз шығыстарды білдіреді;
  • банктің төлейтін айып пұлдар, пенялары және т.б. шығыстары.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары