Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

  1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
  2. оларды нарықта сату;
  3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: 1) өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан; 2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия. [12, 89 б]

  Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкәлетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банк үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

 Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

 - комиссиондық сыйақылар:

 1) шот ашқаны үшін;

 2) шотты жүргізгені үшін;

 - белгілі бір мерзім ішінде белгеленген комиссия (ақша белгісінде);

 - айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу):

 3) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;

 4) шотты жабу үшін;

 5) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін.

 - банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы;

 - дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

 Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

  1. пайыздық табыстар;
  2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
  3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасында айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және таға сол сияқты.)

 Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.

 Ссудалық пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Ссудалық пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

  • несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және тағы сол сияқты;
  • несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;
  • ссудалардың мерзіміне қарай: қысқа мерзімді сссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз;
  • ссудалардың түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы;
  • операциялар түрлеріне қарай: қарыздар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;
  • есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және тағы басқа.
  • Комиссия – банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.
  • Табыс көздері екіге бөлінеді:
  • Тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;
  • Тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Коммерциялық банктің табыстылығы банктің барлық саладағы шаруашылық-қаржылық және коммерциялық іс-әрекеттердің оңды жиынтық көрсеткіші болып табылады. Банк табысы арқылы дивиденд деңгейінің көлемін арттыруға, барлық ағымдық шығындарынды жабуға, соның ішінде әкшілік-басқару шығындарын, пассив пен актив операцияларын дамытуға болады.

Банк табыстылығын баланс активтері мен пассивтерінің тиімді құрылымы және оны банк қызметкерлерінің сол бағытта мақсатты әрекеттері анықтайды. Банк табыстылығының деңгейіне әсер ететін басқада факторларға банк табысы мен шығыстарының ұтымды құрылымы, пайыз маржасын есептеу мен қарыз операциялар табыстылығының өсу қарқыны жатады. Банк харекетінің табыстық жағдайларының өтімділік және банк тәуекелдіктерін басқару болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген барлық факторлар коммерциялық банктің табыстылығын талдау әдісінің мазмұнына әсер етпей қоймайды.

Коммерциялық банктің баланс құрылымын зерттеу негізінде ең алдымен оның пассивінен бастаған дұрыс, себебі пассивтің көлемі мен құрылымы активтің көлемі мен құрылымын анықтап береді. Пассив құрылымын талдау негізінде алдымен меншікті капиталдың баланс соммасындағы үлесі мен көлемінен бастау керек. Қазіргі таңда коммерциялық банктер меншікті капитал арқасында пассивтің 8-18% құрайды. Ал тартылған қаржылық ресурстар пассив құрылымында 70-80%.

Пассив құрымында талдау кезінде банк қаражатын анықтау үлкен мәнге ие. Меншікті қаражат(брутто) пен меншікті қаражатты (нетто) айыра білу керек. Меншікті қаражатқа (брутто) меншікті қаражаттан (нетто) басқа тартылған қаражаттар кіреді. Меншікті қаражат (брутто) меншікті капитал салымдарынан, меншікті қаражат есебіндегі пайдадан және сақтандыру резервінен тұрады.

Иммобилацияланған қаражатқа капитализацияланған меншікті қаражаттар, басқа ұйымдардың харекетіне қатысуыға бөлінген меншікті қаражаттар, бағалы қағаздарға салынған меншікті қаражаттар, факторингті және қарыздар кіргізіледі.

 Меншікті қаражат(нетто) меншікті қаражат (брутто) мен иммобилацияланған сомманың айырмасы реттінде анықталады. Бұл көрсеткіш баланс құрылымын талдау кезінде басты рөл атқарады. Осы көрсеткіш негізінде Орталық банктердің өтімділік нормативі белгіленеді.меншікті қаражаттың иммобилацияланған капиталы банк операцияларының өтімділік пен табыстылығын түсіреді, сондықтан бұл банк басшылығының үздіксіз бақылауында болу керек.

Меншікті ресурстардың сапалық бағалануы олардың үлестік есептеу негізінде бола алады. Меншікті қаражатындағы құрылтайшылар құрамын талдау банк жұмысындағы негізгі міндеттері мен бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Банк харекетінің көлемділігі жарғылық капиталдың өсу қарқыны бере алады. Бұл көрсеткіш банктік харекетінің даму деңгейі мен банктің жалпы жағдайын сипаттайды.

Тартылған қаражатының құрылымын талдауда ең алдымен жалпы соммасы анықталып, содан кейін келесі топтардың үлес салмағы мен мөлшері анықталады:

  • Мерзімдік депозиттер;
  • Талап етілгенге дейінгі депозиттер: кәсіпорындар мен мекемелердің ағымдық және айырбас шоты, бюджет табысы, кәсіпорындардың капиталдық салымға негізделген пайдаланбаған меншікті қаражаты;
  • Есеп-айырысу қаражаттары: акцепттелмеген төлем-талаптар, лимиттелмеген чек кітапшалар шоттары, аккредитив бойынша пайдаланылмаған қалдықтар;
  • Банкаралық несиелер;
  • Ішкі операциялар бойынша несиелер;
  • Акция мен бағалы қағаздардан түсетін қарадаттар.

Әрбір топтың жалпы соммадағы үлесін анықтау несиелік ресурстарды қалыптастыруда рөлін сипаттайды. Коммерциялық банктің тартылған қаражаттарының құрылмынын талдау кезінде талап етілген дейінгі депозиттер дің үлестік басымдылығы байқалды, әсіресе клиенттердің ағымдық және еңбекақы шоттары, сонымен бірге банкаралық несиелер.

 Алғашқы қаражат көзі көбінесе  банк табыстылық негізінде ең  тиімді деп есептелінеді. Пассив операцияларын талдау процесінде банк саясатын анықтау үшін әртүрлі коэффициенттер пайдалануға болады.

тартылған ресурстардың орташа қалдығының қанша бөлігі несие беруге орналастырылған. Шетел тәжірибесі бойынша бұл көрсеткіш 75% жоғары болса банк саясатының қауіпті екендігін көрсетсе, ал 65% төмен болған жағдайда саясаттың пассив екендігін көрсетеді. Банктің актив операцияларын талдау табыстылық, өтімділік және тәкелелділік жағынан сипатталады. Содан кейін табыс әкелетін активтерінің құрылымын мұқият зерттеледі. Сонымен бірге қысқа, орташа және ұзақ мерзімді қарыздар, банкаралық несиелер, факторингтік, лизинг операциялар үлесі мен көлемі анықталады. Әсіресе тәуекелділік пен табыстылық негізіндегі несие салымдары . Несие тәуекелдігін қарастыру кезінде көлем несиелерді анықтау керек. Осы мақсатта әртүрлі көреткіштер пайдалануға болады.

Банкте табыс әкелетін және әкелмейтін жалпы активтер соммасын анықтайды. Содан кейін қауіпті активтердің жалпы актив соммасындағы үлесін анықталады. Қауіпті активтер соммасына берілген несиелер, сатып алынған бағалы қағаздар, факторингтік және лизингтік операцияларына салынған жалпы сомма жатқызылады. Талдау кезінде банк табысына әсер ететін факторлар анықталып, актив операцияларының қаншалықты рентабелді екендігі есептелінеді.

Жыл аяғында банк қорытынды жасай келе өз жұмысының пайда деңгейін анықтайды. Шыққан қорытындыға қарап банк өзінің дисконттік және несие саясатын белгілейді. Сондықтан банк өз баланс баптарын пайдалана отырып, белгілі мерзім ішінде табыс пен шығысты есептеп отыру керек. Сонымен бірге валюта бағамының өзгеруіне байлакнысты банк табысы бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Банк шаруашылық конъюнтураға қарап мүмкін болатын банк қарыздары мен шығыстар жалпы соммасы болжамдайды. Осындай талдаудың қажеттілігі өте зор, өйткені банктің қаржы нарығындағы орны бәсекелес қабілеттілік перспективасы осы бағалаудың шындыққа жақын болуында.

Банк жұмысының сыртқы көрінісі белгілі мерзім ішіндегі табыс пен шығыс көрсеткіштері көрсетеді.талдау алдында табыс пен шығыс көрсеткіштерін топтау қажеттілігі туады.

Табыс пен шығыс құрылымын талдауды алдымен әр топтың табыс пен шығыс жалпы соммасындағы үлесін анықтаудан бастаған дұрыс. Әсіресе операциялық табыстар 100% жақынға болып, ал өсім қарқыны бірқалқы болуы қажет. Жалпы табыс соммасындағы бір топтың табыс деңгейінің төмендеп кетуі келесі топтың табысымен жабуға болады. Осындай ырғақтылықтың байқалуы банктің актив операциялар басқаруының немесе несие қызмет нарық конъюнтурасының төмендеуін көрсетеді. [16, 301 б].

Банктік емес харекеттен түсетін табыстар көбінесе қалыпты құбылыс ретінде қарастырылғанымен, оны әрдайым тұрақты бақылауға алу керек. Бұл топ табысының өсуі ағымдық табыстар есебінде жүрмеу керек. Банктің жалпы ағымдық шығыстар соммасының өсуі екі жағдайда көрсету мүмкін: банк алатын несие ресурстар нарық конъюнтурасының нашарлап кетуі немесе банк басшылық қызметінің харекеті төмендеуі. Шығыс құрылымын талдау кезінде назарды банк қызметін қамтамасыз ететін шығыстарға, соның ішінде әкімшілік-шаруашылық шығыстары мен банк жұмысындағы тәуекелділікке байланысты шығыстар үлесіне. Пайданың экономикалық дағдарыс пен инфляция әсерінен жеткілікті болмауы банкте әкімшілік-шаруашылық шығыстардың,әсіресе жалақы мөлшерінің өсуіне әкеледі. Экономикалық дағдарыс жағдайында жойылу қауіпінен құтылу үшін банк күдікті және зиянды операцияларды жабуға арналған арнайы резервтер құрылуы тиіс.

Коммерциялық банктің жиынтық табысына қарыз операцияларының, қызмет көрсеткені үшін алынатын төлем көлемінің нормасы және актив мөлшері мен құны әсер етеді. Банктік қызметте қарыз және инвестиция операцияларынан түсетін табыстар банктік табыстың 90 % қамтамасыз етеді.

Баланстық пайданың көлемі төменде көрсетілген негіздерде тексеріледі:

  • банк пайдасының қалыптасуы заңдылыққа сай болуын қарастыру;
  • банк шығысымен байланысты операцияларының мазмұнын талдау;
  • қаржылық резервтер қалыптастыруын бақылау;
  • пайданың қолданылуын және шығыстар шоты бойынша көрсетілу дұрыстылығын салыстыру.

Банктік іс жеке адаммен тікелей қатынасы жағынан жеке сипатты иеленеді. Банк коммуналды қоғамдық кәсіпорындар секілді қоғамдық мүдделерді қоздырады және олардың қызметі үздіксіз болу керек. Банктер басқа саладағы компаниялар сияқты операцияларды тоқтатып немесе қызметкерлер санын тез қысқартып жібере алмайды. Бірақ бұл банк басшылығының банктік шығысты бақылауын реттей алмайды дегенін білдірмейді. Қазіргі таңда банктер ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру есебінен харекет ететін облыс көлемін арттырып және көп жұмыс түрін автоматтандыру арқылы операциялық шығыс төмендеуіне әкелді.

Несие операциясы коммерциялық банк жиынтық табысының негізгі табыс көзі болып табылады. Банк тәжірибесінде қарыз пайызы операциялық табыстың 65% құрайды.

Банктік қарыздың пайыз мөлшерлемесі басқа ақша нарығындағы міндеттемелер мөлшерлемелерінен айырмашылығы мөлшерлеме деңгейі банк пен қарызгердің келісімі арқылы жүзеге асуына байланысты банктер арасында қарыз мөлшерлемелері өзара тең емес.

Мөлшерлемеде әр қарыздың өзіне тән сипаты, сонымен қатар қарыз капиталындағы сұраныс пен ұсыныс қатынастары көрінеді. Мөлшерлеме әр қарыздың түрі бойынша көлемі мен мерзіміне, қарыздың өтелуін бақылау мен дайындауға кеткен шығындарға, кепілдікпен қамтамасыздандыру дәрежесіне және қарызгер депозит шотының жағдайына тәуелді. Сонымен қатар банк пайыз мөлшерлемесіне әдеп – ғұрып пен дәстүр, банк арасындағы бәсекелес деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің максималды нүктесін белгілейтін нормативті актілер, шаруашылықтың даму жағдайын бағалайтын банкирлер мен қарызгерлер болжамы.

Егер банктік несиеге деген сұраныс тұрақты болып, ал нарықтағы ақша – қаражат артса, банктер табыс әкелетін активтерді тарту мақсатында пайыз мөлшерлемелерін түсіре алады. Бірақта банктік несиеге сұраныс өссе түсе, нарықтағы ақша – қаражат тұрақты немесе сұраныспен салыстырғанда жай қарқынмен өссе пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Пайыздық мөлшерлемеге экономикалық жағдай болжам әсер етеді. Егер пессимистік көзқарас белең алса, банкирлер мөлшерлемені түсіруге тырыспайды.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары