Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Бизнес стратегиясын жоспарлау кезінде банктің корпоратив стратегиясымен сай келуін ескеріп, нарыққа және шығынға талдау жүргізу, нәтижелігін бағалау. Әр банкке харекет нәтижесін бағалайтын өз жүйесінің болу қажет.Бұл жүйе арқасында:

  • харекет нәтижесін жоспармен салыстыру;
  • тәуекелге бақылауды орнату;
  • капиталды тиімді бөлуін қамтамасыздандыру;
  • іске асырылып жатқан стратегияларды талдау;

Харакет нәтижесін өлшейтін жүйенің мақсаты мен міндетін анықтау маңызды.

Банктің харакетін бақылау мен басқарудың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы әр түрлі жақсарту бағыт бойынша жүргізіле алады: клиенттерге қызмет көрсету деңгейін артыру, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату, әрекет ететін саланы кеңейту, актив сапасын жақсартып, банк қуатын толық пайдалану және қаржылы тәуекелділікті азайту. Бұл тәсілдің барлығы банк пайдасы мен рентабелділігінің өсуіне әкеледі.

Банк харакетінің басты көрсеткіштерінің бірі банк рентабелдігі болып табылады. Өйткені бұл көрсеткіш харакет нәтижелілігін көрсетеді және экономикалық үрдіске қатысушылар үшін де маңызды.

Банк құрылтайшылары рентабелділіктің артуына мүдделі, себебі көрсеткіш инвестицияның табыстылық деңгейін сипаттайды. Банк рентабелділігінің өсуі салымшыларға да, кредиторларға да пайдалы, өйткені қосымша қалыптасатын резерв ретінде каптиалдың өсу көзі болып харакеттің кеңеюіне, қызмет көрсету сапасының жақсаруына жағдай туғызады.

Банк қарызгерлеріне де жанама болсада банк пайдасының артуы пайдалы, себебі берілетін несие капитал көлемі мен құрылымына байланысты.

Экономикалық үрдістің қатысушылар мүддесін қамтамасыздандыра отырып, банктер пайдалылық пен табыстылылықты басқаруға үлкен көңіл бөлуде. Пайдалылықты басқару банктік рентабелділіктің тұрақтылығына және өсуіне мүмкіндік беретін жалпы табыстылықтың өсуіне және бүкіл шығысына қатаң бақылау орнатуға көңіл бөлуді талап етеді.

Пайдалылықты басқарумен қатар банк табыс пен шығыс ағымдарын реттеп отыру керек. Өйткені экономикалық жағдайлар өзгерістері банктік харекеттің нәтижесіне үздіксіз әсер етеді. Банктік тәуелділіктердің өсуі банк рентабелділігін басқару мен бақылаудағы бірінші кезекті мәселе болып табылады.

Банк табыстылығы мен рентабелділікті бағалау қажеттілігін анықтайтын факторларға мыналар жатады:

  • банк активтерінің өнімділік мүмкіндіктерін білуге;
  • капиталды өсіруге;
  • даму мен өсу қажеттілігі;
  • инвесторлар мен несие берушілердің сенімін арттыру үшін;
  • жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін;
  • дивиденд көлемін жоғарлату мақсатында;

Банк табыстылығы мен рентабелділігін бақылауының негізгі мақсаты төмендегілер:

  • банк басқаруын оптимизациялау;
  • банк қызметкерлер жұмысын ынталандыру;
  • табыс пен рентабелділікті басқару жүйесінің тиімділігін сендіру;

Бұл бағыттардың әр қайсысы өзіндік міндеттерді шешеді. Бірақ жиынтық ретінде банк харакетінің нәтижесін жақсартады. Рентабелділікті басқарумен бірге жауапкершілік орталықтарын пайдалану әр функциялы бірліктің үлесін анықтауға мүмкіндік береді; клиенттерге көрсететін қызмет рентабелділігі негізгі клиенттерден түсетін табыс деңгейін бағалауға; жеке банктік өнім мен қызмет түрінің рентабелділігі әр банктік өнім мен қызметтің өзіндік құны жөнінде ақпарат береді.

Жалпы алынған ақпарат негізінде табыс көздері мен банк шығындарын анықтауға және бұлар арқылы бүкіл банк негізінде табыстылылық пен пайдалылықты арттыру бағытындағы басқару шешімдерін орындау мүмкіндік береді. Қазіргі кезде банк харекетін талдауда банктің жалпы нәтижесін бағалау жеткіліксіз болғандықтан, клиенттердің, өнімдердің сипатына байланысты рентабелділік деңгейін бақылау маңызды орын алады.

Ұйымдастырушылық бөлімшелер деңгейіндегі банк рентабелділігін басқару жауапкершілік орталықтар басқаруы деп аталады.

Жауапкершілік орталықтың басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде келесі маңызды сұрақтарды шешу қажет:

  • банк бөлімшелерін жауапкершілік орталықтарына байланысты бөлу;
  • басқару есебіне шот жоспарын құру;
  • табысты тарату тәртібін белгілеу;
  • ішкі қаражат аударым тәсілдерін анықтау;
  • жауапкершілік орталықтардың харекетін бағалайтын көрсеткіштер мен басқару есеп түрлерін анықтау;
  • жауапкершілік орталықтар бойынша шығындар таратылуын қамтамасыз ету;

Бірінші сатыда жауапкершілік орталықтардың қайсысы құрылатынын анықтау қажет; орталық харекеттерін белгілеп, оларды басқару концепциясын қабылдау.

Жауапкершілік орталықтарына екі анықтама беруге болады: 1) бұл бір қызмет немесе өнім өндіретін құрылымдық бөлімше; 2) жауапкершілік орталықтар – бұл нақты белгіленген жеке мақсаты, бюджеті және есебі бар басқару бірлігі;

Банк харекеті кез – келген кәсіпорын секілді бірнеше бөліктен құрыла алады. Бұл бөліктер төменде келтірілгендермен байланысты болу мүмкін:

  • банк басқаруымен;
  • қамтамасыз үрдісімен және банктік бизнесті қолдау үрдісімен;
  • банктің ағымдық жоспарын орындаудаға операциялармен және басқа қызмет түрлерінің харекеттерімен, яғни бизнес үрдісімен;

Сол себепті жауапкершілік орталықтарын басқару жүйесі табыс пен шығынды есептейтін шоттар жоспарын белгілеу мен жауапкершілік орталықтар бойынша жалпы шығынды бөлу кезінде қадағалап отыру қажет.

Банк бөлімшелерін жауапкершілік орталықтар бойынша бөлгенде төмендегі жағдайларды ескеруді талап етеді:

  • бөлімшені қалыптастыратын ақпараттық ағымдарды;
  • өндірілетін және тұтынылатын өнімдер мен қызметтер;
  • бөлімшелерден өтетін ақша ағымдарының тұтынылуын немесе топтастырылуын анықтау;
  • бөлімше өндіретін өнім мен қызмет түрінің тұтынушысын анықтау;

Банк бөлімшесінің функциясы мен тұтынылатын өнім мен қызметтер түрлеріне байланысты банк бөлімшелері пайда орталықтары (бизнес орталықтар), қамтамасыздандыру және қолдау орталықтары, банкті басқару орталықтары деп топтастырылады.

Пайда орталықтары - бұл клиенттердің банктік өнімге қажеттілігін қанағаттандыруға және пайда әкелуді қамтамасыз ететін бизнес бірлігі.

Қарастырылған бизнес бірлігі дегеніміз бизнес – үрдісі мен белгілі функцияны орындауға ұйымдастырылған адамдар мен техникалық құралдардың жиынтығы.

Банк бизнесін қамтамасыздандыру бөлімшесі – банк харекетін қамтамасыздандыратын бухгалтерлік, методологиялық, ақпараттық, материалды техникалық, заңгерлік функциялармен байланысты бизнес – бірлік типі.

Бизнесті қолдау бөлімшесі – бизнес үрдісін атқару кезінде нормативтік заң шығармашылық талаптардың орындалуын, сонымен қатар тәуекелділікті бақылауға жәрдемдесетін бизнес – бірлік типі.

Банктің басқару бөлімшесі – банк басшылығы қабылдаған жоспарларды, ішкі бақылауды, мониторингті, инжинирингті, банк харекет жоспарын түзетуді іске асыру бизнес – бірлігінің типі.

Әр орталық өнімдер мен қызмет көрсетуге қажет ресурстар (материалдфқ, қаржылық және т.б.) көздері болады. өндірілген өнім басқа орталықтың немесе банк клиенттерінің тұтынуына жұмсалады.

Басқару мақсатында пайдаланатын ресурстардың құндық сипаты болу керек. Құндық ақпараттан қосымша басқа мәліметтер болу қажет. Оларға бағалау мен есептеуге қиын қызмет көрсету сапасы келетін және банк қызметкердің мамандық деңгейі.

Жауапкершілік орталықтардың типін анықтау критерияларына төмендегілер жатады:

  • сыртқы және ішкі тұтынушыларға өнім мен қызмет көрсету түрлерін ұсыну;
  • тіке табыстарды алу;
  • бір технологиялық тізбекті құрайтын өзара байланысты немесе ұқсас операциялар мен қызмет көрсету кешені;
  • орталық басшысының орталықтың ақша түріндегі табыс алу мен шығынды қалыптастыру бойынша жауапкер болу мүмкіндігі;

Жауапкершілік орталығы шығарған өнімдерді сыртқы ортаға сатылуы бухгалтерлік есепте табыс ретінде қабылданады. Сонымен бірге жауапкершілік орталық өнімдердің өзара алмасуы табыс түрінде бағалануыда, бағаланбауыда мүмкін. [15, 225 б].

Егер жауапкершілік орталық басшысы өнімнің ақша түрінде сыртқы шығарылуына жауап беретін болып, бірақ қалыптасатын шығынға жауап бермесе, онда жауап орталығы табыс орталығы деп аталады.

Егер басқару есеп жүйесі жауапкершілік орталығында пайда болған шығынды өлшейтін болып, өнімді табыс түрінде бағаламаса бұл жауапкершілік орталық шығын орталығы деп аталады.

Банктің алдына қойылған мақсаттарға байланысты кейбір шығын орталықтары ретінде қарастырылып, трансферттік бағанықолдануды талап етеді.

Пайда орталықтар басшыларының харекеті алынатын пайдамен өлшенетін болуына байланысты, банк тұтынылатын ресурстар мен шығарылатын өнім санының көбеюіне ынталы, өйткені бұлар өз кезегінде пайданың артуына әкеледі.

Ірі компаниялар мен банктердегі пайда орталығы концепциясын қолдану пайда бойынша жауапкершілікті децентрализациялаудың негізгі құралы болып табылады.

Жауапкершілік орталықтың пайда орталығына айналу үшін мына жағдайларға сай болу керек:

  • орталықтың табыс пен қалыптастыратын шығынды анықтайтын бухгалтерлік есепті көбейтіп бөлшектеу;
  • орталық басшысына көрсетілетін қызметтің сапалық және сандық шараларды немесе өнім санының шығынға қатынасын қабылдауға артықшылық беру. Сонымен қатар орталық басшысы өнімнің кіру мен шығаруына бақылау мүмкіндігі болу керек.

Пайда орталығы банктің қаржы құрылымында маңызды орын алады, себебі кез – келген кәсіпорын секілді банкте өз харекетінде пайда табуды көздейді. Көбінесе банктерде бірнеше пайда орталықтары болады: несиелендіру, есептік – кассалық қызмет көрсету; қазнашылық; бағалы қағаздармен операциялар және т.б.

Шығындар орталықтарына жоғарыда айтылып кеткендей басқару жүйесіндегі орталықта пайда болып шығындарды есептеумен айналысатын бөлімше. Әр бөлімше өзіне жүктелген жұмысты атқарады, бірақ көптеген жағдайда шығындарды анықтауға мүмкін емес. Мысалы, жоспарлау мен талдауды басқару, заңгерлік басқару немесе ішкі банктік бақылау бөлімшесі.

Бизнес орталықтың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық орталықтарды шығын орталықтарына жатқызуға болады:

  • бизнесті қолдау орталығы;
  • банк харекетін қамтамасыздандыру және қызмет көрсету орталығы:
  • жалпы басқару орталығы;

Банкті қолдау орталықтары белгілі бір банк операцияларды жүзеге асыру кезінде заң шығармашылық және нормативті актілерге сай болуын, нарықты зерттеугемен, клиенттерді тартумен айналысады.

Қамтамасыз ету мен қызмет көрсету орталықтары банк харекетіне материалдық, техникалық, ақпараттық қызметтермен қамтамасыздандыруға бағытталған бөлімшелер тобы.

Жалпы басқару орталықтары басқару, бақылау және жалпы банктік есеп функцияларын атқаратын банк бөлімшелері.

Банк бөлімшелерінің жауапкершілік орталықтар тобы бойынша бөлу банк жарлығымен бекітіледі.

 Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

  • ссудалық бизнес;
  • дисконттық бизнес;
  • сақтау бизнесі;
  • банктік кепіл беру қызметі;
  • бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;

 - салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;

  • басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;

- дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

 Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

 Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1) сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз және 2) факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

 Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін емес осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаража жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары