Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 19:16, реферат

Краткое описание

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру. Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады. Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы

Вложенные файлы: 1 файл

шпоры касипкерлик.doc

— 291.00 Кб (Скачать файл)

Корпоративтік көшбасшы дегеніміз не? Бүгінде “ҚазМұнайГаз”  – бұл корпоративтік көшбасшы. Оның корпоративтік басқару жүйесі – батыстық тұрпатты. “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазатомпром” ұлттық компаниясы, Еуразиялық ө/п ассоциациясы, “Теңізшевройл”, “МаңғыстауМұнайГаз”, “Миттал Стил Теміртау” – бұлар корпоративтік көшбасшылар. Бір жарқын мысал келтірейін. Қазір Оңтүстік Қнда еркін э/қ аймақта мақтаны себуді, жинауды, тазалауды, жіп, маталар, мақтадан тігілген киімдер ө/сін қамтитын тоқыма кластері салынуда. Осынау кешен жеңіл ө/п саласында сөзсіз корпоративтік көшбасшы болатыны анық. Немесе аса ірі “Пилкингтон” ағылшын компаниясының Қызылордада құрылыс әйнектері зауытын салуды бастауын алайық. Қасында кварцтық құмды байыту ж/е әйнек алу жөніндегі фабрика болады. Жобаның құны – 200 миллион еуро. Бұл соманың жартысынан астамын инвестициялық қор, қалғанын – ағылшын компаниясы инвестициялайды. Кешен 1500 жұмыс орнын талап етеді. Бұл да корпоративтік көшбасшы. Қазақта “жаманнан жақсы шықпайды, құмнан алтын шықпайды” деген мақал бар. Қызылорданың құмынан біз жаңағы жерде алтын шығарайық деп жатырмыз. Корпоративтік көшбасшылар бағдарламасының мақсаты – тиімділік. Айталық, бұл жылы Еуразиялық тобы Павлодарда алюминий зауытын іске қосады. Бұл да корпоративтік қошбасшы. Бұл Атырауда салынып жатқан төрт миллиард АҚШ долларына дейін күрделі қаржысы бар мұнай химиясы кешені ж/е “ТШО” екінші кезек үшін салып жатқан алып зауыт та. Барлық аталған компаниялар – бұл шағын ж/е орта к/одармен өсе түсетін көшбасшылар, мұның өзі бүкіл Қн бойынша мультипликативтік зор тиімділік туғызады. Осынау 30 көшбасшы әлемдік рынокқа, содан кейін Қнның қор рыногына шығады, сөйтіп ел азаматтары бұл компаниялардың акцияларын сатып алып, дивидендтер ала алады.

ҚР-ның  «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік  бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты:Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты ж/е теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу ж/е жаңаларын құру.

Міндеттері:Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған  ө/стерді қолдау.

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның  басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат  емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік  қолдау мыналарды қамтиды:

жобаларды іске асыру  үшін банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау;

банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

ө/стік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

бизнесті жүргізуді  сервистік қолдау;

кадрларды даярлау, жастар практикасы ж/е әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Банктердің  кредиттері бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын  субсидиялау жаңа инвестициялық  жобаларды, сондай-ақ ө/сті жаңғыртуға ж/е кеңейтуге бағытталған жобаларды  іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын  субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі  кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен  
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан  кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы  субсидиялау банктердің сыйақы  ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:

Банктердің  кредиттері бойынша кепілдіктер  беру

Ө/стік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

Ө/стік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

Ө/стік (индустриялық) инфрақұрылымның  дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады ж/е ө/стерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар  үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар  үшін де әрі ө/п алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаражат бөлу тек мынадай  инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға  бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, жылумен  жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

Ө/стік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі

Бизнес жүргізуге  сервистік қолдау көрсету

Сервистік қызметтер  Бағдарламаға енгізілген жобаларды  іске асыруды қолдау үшін, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігін жалпы  қолдау үшін  көрсетіледі.

Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру

Екінші  бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат  емес секторының к/одарын сауықтыруға  бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы ж/е жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік  желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

борышкерге бюджетке төленетін  салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

қаржы-э/қ сауықтыру  жоспары шеңберінде к/одарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қндық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Салық ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

Екінші бағытты  іске асыру тетігі

1. Уәкілетті орган  мен Қн қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан  
әрі – ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.

2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса берілед:

Үшінші  бағыт:Экспортқа бағдарланған ө/стерді қолдау

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде  бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. 

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын  өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын  кәсіпкерлер қатыса алады:

тау-кен өнеркәсібі;

минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын ж/е Қн Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің к/одары.

ҚР даму институттарының  даму ерекшеліктері. Даму институттарының мақсаты – қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры, экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту, өңірлердегі жұмысты белсендіру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту бойынша мәселелерді жылдам шеше отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша көмек көрсетуге арналған. Қордың негізгі мақсаты, ұзақ мерзімді құндылығын көбейту және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабылеттілігін арттыру үшін, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзінің меншік құқығына тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.  
Қордың және компаниялардың қызметінің негізгі бағыты – ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жетілдіру және диверсификациялау. Қор, әсіресе:мұнай-газ секторы;электр энергетикасы;металлургия;химия, мұнай химиясы;инфрақұрылым сияқты экономиканың басым секторларында, белсенді инвестициялық қызмет жолымен өз миссиясын жүзеге асырады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ     «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – инвестициялық жобаларды және лизингтік мәмілелерді орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым секторларында экспорттық операцияларды саудалық қаржыландыруды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық даму институты.  
Банктің қаржыландыруы көмегімен 01.01.2011 ж. жағдай бойынша жалпы құны $3,3 млрд. жоғары және $1,6 млрд. мөлшерінде Банктің қатысуымен 62 жаңа және жетілдірілген кәсіпорын мен инфрақұрылым объектілері пайдалануға енгізілді.

Миссия;өндіруші  өнеркәсіптен басқа, өнеркәсіптің түрлі салаларына ұзақ мерзімді қаржы және өзге де қаржылық қызмет беру арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне және дамуына ықпал ету;өнеркәсірке инвестициялар тарту саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру;Қазақстанның экономикасына шетелдік және ішкі инвестицияларға ықпал ету;өнеркәсіп инфрақұрылымын және шикізатты қайта өңдеумен айналысатын (мұнай және газды барлаумен және өндірумен байланысты емес) өңдеуші өнеркәсіп салаларын ынталандыру және дамыту. 

ҚДБ міндеттері :экономикаға тікелей инвестициялар тарту;экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру.

Құралдар:инвестициялық жобаларға арналған қарыздар (несиелер): 5 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома $5 млн.;қаржылық лизинг: 3 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома $1 млн.;экспорттық мәмілелерге арналған қарыздар (несиелер): 1 жылдан 3 жылға дейін, ең аз сома $1 млн.;жобалық қаржыландыру;кепілдіктер шығару;мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.капиталға қатысу;мезониндік қаржыландыру;банкаралық несиелеу;айналымдық капиталды қаржыландыру. 

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ .Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабылетті өндірістерді құру бойынша жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға көмек көрсету. Қаржы салатын компанияның акционерлік капиталына тікелей қатысу мақсатты іске асыруға арналған негізгі құрал болып табылады.

Қордың міндеттері:  
1. Шикізатты және материалдарды тереңдетілген қайта өңдеуден өткізетін, жаңа технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабылетті өнімді шығаратын, сондай-ақ өнеркәсіпте өз қызметін жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін, жаңадан құрылатын, сондай-ақ қолданыстағы ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция құюды жүзеге асыру;  
2. Қордың инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыруы (ұйымның жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобалармен басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру;  
3. Толықтыратын, шектес өндірістерді дамытып жатқан отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жатқан инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру көмегімен шетелде қазақстандық ұйымдардың белсенділігін арттыруға ықпал ету.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ .«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады. Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған. Агенттік қызметтің негізгі бағыттары:инновациялық үрдістерінің ақпараттық-аналитикалық қолдауы;коммерциализация жүйесін дамыту;инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту;инновациялық қолдауының сервистык құралдарын басқару;инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау;инновациялық қызметін көпшілікке тарату.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ .«Даму» Қорының миссиясы – Қазақстанның шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ықпал ету. «Даму» Қорының негізгі стратегиялық мақсаттары:  
1)  Даму әлеуетіне ие барлық шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің санын және жұмыс орындарының санын арттыруға ықпал ету;  
2)  Экономиканың шикізаттық емес секторларында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;  
3)  Шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсібилігін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» Қорының негізгі  құралдары – екінші деңгейлі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық ставкаларды субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микрокредиттік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім беру, консалтинг, ақпараттық-сараптамалық қолдау). «Даму» қоры елдің кәсіпкерлігін дамытудың негізгі мемлекеттік институты болып табылады және Қазақстанның барлық 14 облысында және Астана және Алматы қалаларында өңірлік филиалдары бар.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ.Қазына Капитал Менеджмент, қазақстандық компаниялар үшін қаржыландыру көзі болып табылатын, тікелей инвестициялар қорларын қалыптастыру үшін Қазақстанның экономикасына шетелдік капиталды тарту мақсатында құрылды. ҚКМ тікелей инвестициялар нарығының дамуына және Қазақстанда активтерді басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізуге ықпал етеді. 

Мақсаттар:Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларында жеке меншік отандық және шетелдік капиталдардың инвестициялық белсенділігін арттыру және бәсекеге қабылетті өндірістер құру;Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын, кәсіби басқарушы компаниялардың индустриясын институционалдық дамыту;жеке бизнестің мүдделерін есепке ала отырып мемлекеттік саясаттың міндеттерін шешу үшін жүйе түзуші және инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту.

Информация о работе Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі