Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 19:16, реферат

Краткое описание

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру. Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады. Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы

Вложенные файлы: 1 файл

шпоры касипкерлик.doc

— 291.00 Кб (Скачать файл)

ҚР  кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысандарын жетілдіру

Кәсіпкерлік  н/е iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе олардың топтарының  пайда немесе  басқалай  түрiнде э/қ олжа  табуға бағытталған  кез келген қызметi.

Сонымен, Кәсіпкерлік - нарықтық экономика жағдайында  адамның  пайда табуына, пайда алуға негiзделген  э/қ қызметi.Кәсіпкерлік  адамзаттың  кез келген ойластырған  қызметi ретiнде сендiру негiзiнде болсын, тиiстi мағынасында  ж/е заңдық негiздегi  жасалуы жағдайында  болсын, мемлекетпен арадағы iскерлiкке қатысушылардың э/қ қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етедi. Заңмен бекiтiлген iскерлiк қызметтi  ұйымдастырудың әдiстерi  Кәсіпкерлік тiң ұйымдық –құқықтық формасы деп аталады. Кәсіпкерліктi  ұйымдастырудың ең қарапайым формасы –бұл жеке iскерлiк. Бұл жағдайда Кәсіпкерлік мен  жеке тұлға ретiнде кәсiпорынның, фирманың мәртебесiн  иеленбей-ақ, өздiгiнен, жалғызбасты  болып iсқимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бiр рет қана немесе  кездейсоқ жүргiзiлмей, жүйелi түрде  жүргiзiлетiн болса, онда мiндеттi түрде  мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Әрбiр азаматтың, мысалы, өзiнiң үй iргесiндегi учаскесiнде көкөнiс пен гүл өсiрiп, оны сатуға құқы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке iскерлiк белгiленген  минимумнан асатын  пайда әкелсе, iскер осы пайдадан  салық төлеуi тиiсБiрқатар жағдайларда белглi бiр жеке тұлға Кәсіпкерлік пен  айналысуы үшiн iскерлiктiң  бiрнеше түрiмен айналысуға  құқық беретiн ақылы лицензия алу қажеттiлiгi қарастырылған. Мысалы, дәрiгерлiк  қызмет, бiлiм беру қызметiн көрсету, ал кейде  тiптi  құстың  белгiлi бiр  мөлшерiн  атып  алатын аңшыларға  немесе ау салатын балықшыларға  да әлгiндей  лицензия алуы қажет. Егер жеке  iскерлiк  қызмет белгiлi бiр  салады жүйелi жүргiзiлетiн болса, онда белгiлi бiр мерзiм мен қызмет көлемiне берiлетiн ақылы патент алу қажеттiлiгi туады. Жеке басты iскер өз шығынын  өзi толық көтередi ж/е өз қызметiнiң  нәтижелерi үшiн өзi жауап берiп, бастаған iсiн кез –келген уақытта тоқтата алады. Жеке iскерлiк қызметтiң тағы бiр түрi  жеке кәсiпорын , фирма, шаруа қожалығы  болып табылады. Кәсіпкерлік тiң мұндай формасындағы  мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшiн ол жеке кәсiпорнын тiркеуден өткiзiп, заңды тұлға мәртебесiн алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсiпорын  тек жалғыз адамнан ғана түрмауы мүмкiн.  бұл кәсiпорынның меншiк иесi iскерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде емес, жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады. Жеке iскерлiк кейде отбаслық кәсiпорын түрiнде көрiнедi. Мұндай жағдайда жеке iскерлiктен топтық, яғни ұжымдық iскерлiкке  өту әдiсi байқалады. Жеке Кәсіпкерлік  жаппай көрiнгенiмен тар ауқымдағы қызмет болып  саналады.  Кәсіпкерлік тiң аламат әлемiнде жалғыз басты iскер өте  нәзiк тұлға болып көрiнедi. Оның пайдасы мардымсыз  ж/е ол нарықтың  аласапыранынан жеткiлiктi  әрежеде қорғалмайды. сондықтан да Кәсіпкерлік мендер өздерiнiң  күштерi мен қаржыларын бiрiктiрiп, жалғыз бастылықтан ұжымдық iскерлiкке өтуге бейiмдiлiктерiн жасырмайды.  Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да  бiртұтас кәсiпорын құру кезiнде  жекелеген Кәсіпкерлік меннiң  мүлiкке жекеменшiгi сақталады, тек Кәсіпкерлік мендер  бiртұтас команда  құруға өздерiнiң күштерiн бiрiктiредiӨнд-ті ұйымд-дың 3типі бар: 1.бірлік ж/е жеке,2.сериялық,3.жаппай. Бірлік-өнім өндіру ө/сінде өнімнің жеке бір түрі өндіріледі, соған байл-ты өнд\с жағдайы өнім өнд\у ерекшелігі негізге алынып,ұйымдастырылады. Жаппай ө/сте өнім көптеп өндірілетіндектен қолданылатын маатериалдар, құрал-жабд\р өңдеу тәртібі ұзақ уақыт бірдей болып отырады.Жаппай өндірудің артықшылығына еңбек өнімділігінің жоғ.болуы, жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің көтеріліп отыруы қолданыстағы құрал-жабд\қ, технология, техниканың өзгере бермеуі ж\е т.б.жатқызуға б\ды. Сериялы-ө/с кезінде өндірілетін өнім көлемі шектеулі болып ө/с жағдайы белгілі бір серияға шақталып, бейімделіп үйымдастырылады. Серия саны аз сериялы, орташа сериялы, көп сериялы болуына байл\ты жаппай н\се жеке ө/ске қарай ұмтылуы мүмкін. Серия\қ ө/стің артықшылығына ТЭК\тің жоғары болуы, сонымен қатар ө/стік, циклдік ұзақтығы қысқа болуы еңбек өнімділігінің анағұрлым жоғ. болуы. Сериялық ө/сте келісім бағамен сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен өндіріледі.

Персоналды бағалау  мен басқару әдістемесі. “Персонал” термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал – басшылар және мамандар болып бөлінеді. Персоналды басқару персоналмен жұмыстың бір жүйесі болып табылады. Бұл жүйе кадр саясатын, персоналды таңдауды, персоналды бағалауды, персоналды ұйымдастыруды, оның бейімделуі мен оқытылуын және т.б. қамтиды. Жалпы персоналды басқару – ұйымдастыру мақсатына жету үшін қызметшілерді тиімді пайдалануға бағытталған, кәсіпорында жүретін әрекет түрі болып табылады. Персонал жүйе ретінде еңбек ресурстарының жарығы, персоналдың категориялар бойынша бөлінуі, персоналды басқару концепциясының талдауы, персоналмен жұмыс жүйелерінің өзара байланысын және т.б. сұрақтарды қамтып отырады. Еңбек ресурстарының нарығы – еңбек ресурстарын жалдау, оқыту және пайдалану бойынша әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Персоналмен жұмыс жүйесі – бұл кәсіпорында жұмысшылар мен қызметшілер кадрларын басқарудың принциптері және әдістерінің жиынтығы. Персоналмен жұмыс жүйесін жасақтау үшін бастапқы мәліметтер: адамдар құқықтарының жалпы деклорациясы; ел Конституциясы; елдің азаматтық кодексі; еңбек жөніндегі заңдар кодексі; кәсіпорынды басқару жүйесі; экономикалық және әлеуметтік даму жоспары. Персоналды басқарудың құрамы. Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы ретінде қарастырылады

Ұйымда персоналды басқару  бойынша негізгі құрылымдық бөлім  – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта  даярлау функцияларын атқарады.

Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді  шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару  бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге  қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.

Персоналды басқару  әдістері төмендегіше топтастырылады:

  • ұйымдастырушы - әкімшілік;
  • экономикалық;
  • әлеуметтік-психологиялық.

Ұйымдастырушы-әкімшілік  әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларға еңбек ету керек екенін түсінген саналы себепке (мотивке) бағытталған. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі.

Экономикалық әдістер  қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық  әдістер оның әлеуметтік белсенділігін  жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің ынталандыруы орындалады.

Персоналдың бағалауы жұмысшының бос немесе жұмсалған  жұмыс орнына сәйкестігін анықтау  үшін жүзеге асырылады. Бос орынды жұмсау кезінде жұмысшының потенциалын, яғни кәсіби білім мен тәжірибесін, өмірлік  және өндірістік тәжірибесін, денсаулық және жұмысқа қабілетін және басқа да ерекшеліктерді анықтау маңызды. Потенциалды бағалау нақты жұмыс орнында адамдардың қабілетін қолдану перспективасы жөнінде ойластыруға мүмкіндік береді. Жұмысшының жұмыс орнына сәйкестігінің талдауы белгілі бір уақыт өткенде қажет және еңбек нәтижелерін ескере отырып, шығармашылық потенциал және жеке салымды бірлесіп бағалау жолымен мүмкін.

Тәуекелді бағалау ж/е басқару әдістері

Кез келген к/о өзінің ө/стік, коммерциялық ж/е басқа да қызметтерімен байланысты тәуекел үшін жауапты ж/е кез келген кәсіпкер қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін жауапты болады. Тәуекел факторы кәсіпкерді қаржылық ж/е материалдық ресурстарды үнемдеуге, жаңа жобалардың тиімділігін есептеу кезінде оларға ерекше назар аударуды ж/е т.б. жағдайларды талап етеді. Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі ж/е айқынсыздық жағдайында кез – келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады ж/е қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді,  жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің ж/е кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы несиелеудің қымбаттауы, инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономиканың тұрақсыздығы немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел – бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, э/қ қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара іске аспаған, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру  нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекелдердің  пайда болуына алып келетін мынадай  себептерді алып көрсетуге болады: э/қ дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық ж/е нормативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз) бәсекенің орын алуы ж/е т.б.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел – бұл қандай да бір  зияндарға немесе жоғалтуларға ұшырау ықтималдылығы

    2.  Кәсіпкерлік  тәуекелдің жіктелуі

Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуінің күрделігі олардың көптігіне байланысты. Кәсіпкерлік формалары тәуекелге ағымдық ж/е ұзақ мерзімді міндеттерді шешу барысында барады. Кәсіпкер тәуекелмен өз қызметінің әр түрлі сатыларында қақтығысады. Тәуекелдің келесідей түрлері болады:

  • шаруашылық қызметпен байланысты тәукелдер;
  • кәсіпкердің тұлғасына байланысты тәуекелдер;
  • сыртқы орта жағдайы туралы ақпараттардың жетіспеушілігіне байланысты тәуекелдер.

Кәсіпкерлік тәуекелді  көбінесе ө/стік, коммерциялық ж/е қаржылық деп үшке бөліп қарастырады. Ө/стік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе ө/стік қызмет үрдісінде туындайды. Ө/стік тәуекелдің себептеріне жоспарланған ө/с көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығын, материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер, т.б. жатқызуға болады. Коммерциялық тәуекел өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алумен, т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында ж/е қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау, т.б. жатады. Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым-қатынасы кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфляциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі т.б. себептерге байланысты пайда болады. Қаржылық тәуекел – бұл қаржылық, несиелік ж/е биржалық сфералардағы қандай да бір операцияларды өткізу нәтижесінде, бағала қағаздармен операцияларды жасау кезінде болатын зияндардың болу ықтималдылығы. Оған несиелік тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, алынбай қалған пайда тәуекелі   жатады. Несиелік тәуекел несие үшін аударылған негізгі қарыз бен пайыздарды қарыз алушының төлемеуімен байланысты болады. Пайыздық тәуекел – пайыздық ставкалардың артуы нәтижесінде инвестициялық қорларда, несиелік мекемелерде, коммерциялық банктерде болатын жоғалтулар қаупі. Валюталық тәуекел – сыртқы э/қ, несиелік ж/е басқа да валюталық операцияларды өткізу кезінде шетелдік валютаға қатысты өзгеру қаупі. Алынбай қалған пайда тәуекелі шаруашылық қызметтің тоқтап қалу немесе қандай да бір шараның жүзеге асырылмау нәтижесінде пайда болатын қаржылық зиян ықтималдылығымен анықталады.Пайда болу сферасы бойынша кәсіпкерлік тәуекелдерді сыртқы ж/е ішкі тәуекелдер деп бөледі. Сыртқы тәуекелдердің пайда болу көзі болып кәсіпкерлік фирмаға қатысты сыртқы орта табылады. Кәсіпкер оларға әсер ете алмайды, ол тек қана өз қызметінде мүмкіндігінше оларды болжап алдын-ала көре алады. Осылайша сыртқы тәуекелдерге кәсіпкердің қызметіне тікелей байланысты болмайтын тәуекелдер жатады. Бұл жерде сөз кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамадағы күтпеген өзгерістер туралы, елдегі саяси режимнің тұрақсыздығы туралы, мысалы эмбаргоны енгізудің, әр түрлі забастовкалардың ж/е т.б. жағдайлардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпкердің жоғалтулары туралы болып отыр. Ал ішкі тәуекелдердің көздері болып кәсіпкердің немесе фирманың өзі табылады. Бұл тәуекелдер тиімсіз менеджмент, дұрыс жүргізілмеген маркетингтік саясат нәтижесінде  пайда болады. Ішкі тәуекелдердің негізгілері болып фирма қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерімен байланысты кадрлық тәуекелдер табылады. Уақыт ұзақтылығына байланысты кәсіпкерлік тәуекелдерді қысқа мерзімді ж/е ұзақ мерзімді деп бөлуге болады. Қысқа мерзімді тәуекелдер тобына кәсіпкерге белгілі бір уақыт аралығында кәсіпкерге қауіп төндіретін тәуекелдер жатады. Мысалы, оған көлікті тәуекелді жатқызуға болады. Бұл тәуекел кезінде жүкті тасымалдау уақытында ж/е нақты бір мәселені жүзеге асыру кезінде төлемеу тәуекелі  пайда болады. Ұзақ мерзімді тәуекелдерге аталған географиялық ауданда немесе экономиканың белгілі бір саласында кәсіпкерлік қызметке қауіп төндіретін тәуекелдер жатады. Мысалы, құқықтық жүйесі жетілдірілмеген елдегі төлемсіз тәуекелі немесе сейсмикалық қаупі жоғары аудандағы ғимараттардың бұзылу тәуекелі. Ұзақ мерзімді тәуекелдер сондай-ақ тұрақты тәуекелдер деп те аталады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сонымен қатар сақтандырылатын ж/е сақтандырылмайтын тәуекелдер деп бөлуге болады. Кәсіпкер тәуекелдерді жартылай түрде экономиканың басқа субъектілеріне аудара алады. Басқаша айтқанда, сақтандыру жарналары түрінде белгілі бір шығындарды төлеп, өзін қауіпсіздендіре алады. Осылайша тәуекелдердің кейбір түрлерін, мысалы, мүліктің жойылу тәуекелін, өрттердің, табиғат апаттарының ж/е т.б. пайда болу тәуекелін кәсіпкер сақтандыра алады. Сақтандырылатын тәуекел – пайда болу жағдайында сақтандырылатын оқиғалардың жиынтығы. Сонымен қатар, таза, спекулятивті, абсолютті ж/е қатысты тәуекелін бөліп көрсетуге болады. Таза тәуекелдер нөлдік нәтиже немесе зияндарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Әдетте оларға ө/сітк ж/е инвестициялық тәуекелдерді жатқызады. Спекулятивті тәуекелдер оң ж/е теріс нәтижеге ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Қаржылық тәуекелдер мысалға спекулятивті тәуекелдер болып табылады. Абсолютті тәуекел ақшалай бірліктермен (теңге, рубль, доллар), ал қатысты тәуекел бірлік үлестермен немесе пайыздармен бағаланады. Мысалы, кәсіпкерлікте тәуекелді абсолютті шамамен, қатысты шамамен, яғни тәуекелдермен өлшеуге болады.

  3. Тәуекелді бағалау  әдістері

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қандай да бір шамада тәуекелдің болатыны анық. Алайда тәуекелді  талдау мен оны төмендету әдістерін анықтауға, тәуекелді басқару жүйесін әзірлеуге баса назар аударылуы тиіс. Тәуекелді талдау кезінде бір-бірін өзара толықтырып тұратын екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар сандық ж/е сапалық талдау әдістері.

Сапалық талдау тәуекелдің әлеуетті (потенциалды) облысын ж/е факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Сандық талдау тәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау ж/е салыстыруға бағытталған, тәекелді сандық талдау кезінде әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде едәуір кеңінен тарағаны келесілер:

  • статистикалық әдіс;
  • сараптамалық (эксперттік) бағалау әдісі;
  • талдамалық (аналитикалық) әдіс;
  • к/оның қаржы тұрақтылығын талдау ж/е оның төлем қабілеттілігін бағалау.

                  4. Тәуекелге әсер ететін факторлар

Кәсіпкерлік тәуекелге  әсер ететін факторларды ішкі ж/е  сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға  басшының немесе қызметкерлердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі, өзгермелі  жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды талдау ж/е болашақты болжау мүмкіншілігі ж/е т.б. жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының өзгеруі, салық ставкалары ж/е кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси жағдайлар, елдегі э/қ жағдай ж/е т.б.

             5, Тәуекелді төмендетудің негізгі  әдістері

Тәуекелді басқару к/оды басқарудың маңызды ішкі жүйелерінің бірі болып табылады. Тәуекелді басқару дегеніміз тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) мен талдау әдістерінің жиынтығы. Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөліп қарастыруға болады:

  1. мақсатты анықтау;
  2. тәуекелді айқындау;
  3. тәуекелді бағалау;
  4. тәуекелді басқару әдістерін таңдау;
  5. таңдалған әдісті қолдану;
  6. нәтижелерді бағалау.

Қазіргі кезде елімізде тәуекел-менеджмент түсінігі кең қолдау тауып келеді. Тәуекел-менеджмент –  кәсіпкерлік қызметте тәуекелді басқарудың ғылыми әдістерінің жиынтығы. Ол нақты жағдайда мүмкін болатын жоғары пайданы қамтамасыз ету мақсатында тәуекелді басқарумен айналысады.Тәуекел-менеджментте қарастырылған негізгі мәселелер бюджетті қалыптастырумен, несиелеумен, табыстылықпен, инвестициямен, бәсекелік күреспен байланысты шешімдер қабылдау (әзірлеу) болып табылады. Сонымен қатар нарықтық конъюнктураның өзгеруі, к/оның ұйымдық құрылымның түбегейлі қайта жасалуы, сақтандыру, дағдарыс пен банкроттық жағдайында, сондай-ақ айқынсыздық элементтерін қамтитын басқа да жағдайларды тәуекелмен байланысты шешімдер қарастырылады.Тәуекел-менеджментте басқару объектісі мен басқару субъектісін бөліп көрсетуге болады. Тәуекелді басқару органы немесе субъектісі ретінде тәуекел-менеджерлерді, сақтандыру агенттері ж/е тәуекелді басқарушы басқа да адамдарды айтуға болады. Басқару объектісіне капитал, тәуекел, кәсіпкерліктің тәуекелмен байланысты қаржы-шаруашылық қатынастары жатады.

Информация о работе Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі