Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 19:16, реферат

Краткое описание

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру. Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады. Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы

Вложенные файлы: 1 файл

шпоры касипкерлик.doc

— 291.00 Кб (Скачать файл)

Тәуекел дәрежесін төмендету немесе тәуекелді басқарудың мынадай әдістерін бөліп көрсетуге болады:

  • әртараптандыру (диверсификация);
  • лимиттеу;
  • хеджирлеу,
  • секьютеризация;
  • өзін – өзі сақтандыру,
  • сақтандыру.

        Әртараптандыру (диверсификация) инвестицияланатын  қаражаттарды бір – бірімен  өзара тікелей байланысты емес  бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Әртараптандырудың мақсаты сәтсіздіктің алдын – алу немесе сақтандыры болып табылады. Яғни, бірмезгілде бірнеше операциялар бойынша сәтсіздікке қарағанда бір операция бойынша сәтсіздіктің ықтималдылығы ж/е одан болатын жоғалтулар әлдеқайда төмен болады. Әртараптандырудың мысалы ретінде әр түрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.  Лимиттеу тәуекелді операцияларда пайдаланылатын ресурстардың мөлшеріне шектеулер қоюды  білдіреді. Осылайша кәсіпкерлік қызметте тәуекелден болатын қауіпті зияндардан сақтанады. Мысалы, несиеге берілетін қаражаттар көлемін шектеу, менеджерлерге белгіленген мөлшерден жоғары қаражаттарға иелік етуге тыйым салу   Хеджирлеу кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелді (толықтай немесе ішінара) кооперацияға қатысушы әріптестермен бөлісуді білдіреді. Мұнда кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі кооперацияға қатысушы әріптестерге тікелей байланысты болады. Сондықтан хеджирлеу тәуекелді әрекеттің салдарлары үшін жауапкершіліктің бір бөлігін әріптеске жүктейтін қарама – қарсы міндеттемелерді құруды көздейді. Мысалы, өңдеуші к/ода табысты толық көлемде ала алмау тәуекелін оған шикізат жеткізуші к/омен бөлісу.Секъютериазция екі банктің арасында несиелеу тәуекелдерін бөлу, оның бірі несиелеу келісімшартын әзірлейді жәен дебиторлық келісімшартқа отырады, ал екіншісі дебиторларға несие берумен айналысады.   Өзін – өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын құруын айтамыз. Мұндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарларын тез арада жоюға мүмкіндік береді.  Сақтандыру тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Ол тәуекелмен байланысты зиян шеккен жағдайда жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Мұнда зиян шеккен тұлғаға алдын – ала енгізген ақшалай жарналары есебінен төлем жасау жүзеге асырылады. Сақтандыру осы мақсатта арнайы құрылған кәсіби ұйымға тәуекелдің бір бөлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.


Информация о работе Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі