Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 19:16, реферат
Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру. Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады. Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы
Міндеттер:отандық және шетелдік инвестициялық қорлардың және жобалық компаниялардың акционерлік капиталында қатысу арқылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;Қазақстанға ірі институционалдық инвесторларды тарту, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларын бірлесіп қаржыландыру үшін отандық инвесторларды ынталандыру;стратегиялық серіктестер ретінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі және тұрақты табыстылық көрсеткіштері бар жетекші халықаралық ұйымдар мен басқарушы компанияларды тарту;мемлекетаралық инвестициялық қорлардың және жобалық компаниялардың капиталына қатысу механизмі арқылы қазақстандық экономика мүдделерінің көзқарасы тұрғысынан жағымды шетелдік активтерді іріктеу.
Қазіргі уақытта «Қазына Капитал Менеджмент» тікелей инвестициялардың 9 қорының акционері болып табылады: Aureos Central Asia Fund, Falah Growth Fund, Kazakhstan Growth Fund, Macquarie Renaissance Infrastructure Fund,CITIC Kazyna Investment Fund, ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund, Kazakhstan Hong Kong Development Fund, Wolfenson Capital Partners, Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры.
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-
Отандық сақтандыру
нарығының сыйымдылығын және қазақстандық
құрам үлестерін арттыру
«Қазақстандық индустрия дамыту
институты» АҚ .Миссия: Ғылыми-
Негізгі міндеттер: индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жетілдіру және диверсификациялау, өнеркәсіптің өңдеуші секторларының бәсекеге қабылеттілігін арттыру және инновацияларды енгізу саласындағы зерттеулер; өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелерді зерттеу;өнеркәсіп салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияларды дамытудың экономикалық факторларын зерттеу, өнеркәсіптегі қайта құрылымдауды және салааралық кооперацияны ынталандыру және қолдау шараларын әзірлеу;өнеркәсіпті дамытудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау және мониторингілеу бойынша әдістемелер және практикалық нұсқаулар жасау;Қазақстанның өнеркәсіп салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйеге шоғырландыру, өнеркәсіптік өндіріс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;өндірістерді оңтайлы орналастыру, кластерлерді дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;өнеркәсіп салаларын дамытудың негізгі мақсаттарын болжау.
Негізгі өнімдер:сараптамалық есептер, ақпараттық-сараптамалық
материалдар, болжамдар және шолулар;бағдарламалық
құжаттарды, инвестициялық жобаларды
сараптамалық бағалау;сараптамалық қорытындылар
және сараптамалар;әдістемелер, практикалық
нұсқаулар және өзге де нормативтік құжаттар;экономикалық-
ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.Холдингтің миссиясы - Холдингтің құрылымдарын бірлесіп тиімді басқару және нәтижелілік, транспаренттілік принциптерінде АӨК индустриялық дамуын ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іке асыру холдингтің миссиясы болып табылады.
Қызметтің стратегиялық бағыттары
1. АӨК еңбек өнімділігінің өсуін индустриялау
және диверсификациялау арқылы ынталандыру.
2. Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және
реттеу көмегімен елдің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қатысу.
3. АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және
іске асыруға ықпал ету.
4. Бірлесіп басқарудың және холдинг қызметінің
мөлдірлігінің сапасын арттыру.
Холдингтің инвестициялық-кредиттік қызметі:Көктемгі-далалық және астық жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру;Ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, құрал-жабдықты сатып алуға несие беру;Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға несие беру;Айналым құралдарын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға несие беру;Объектілер құрылысына, қайта құруға және жөндеуге несие беру;Желі құруға және қолданыстағы сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай қожалықтарын, көкөніс сақтау қоймаларын дамытуға несие беру;Тамшылай суғаруды қолдана отырып, жеміс-көкөніс, техникалық және майлы дақылдардың өндірісін дамытуға несие беру ж/е т.б.
Қн
Республикасында мемлекеттік
Қнның
Бірыңғай кеден одағына кіру жағдайында
кәсіпкерлікті дамытудың
Кеден одағы еліміздің экономикасын дамытуға өрлеу бола алады. 2009 жылы кеден органдарының күші Кеден одағының нормативтік-құқықтық қорын қалыптастыруға, кеден тәртібін оңайлатуға ж/е сыртқы э/қ қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі қабылданды. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды. Оны күшіне енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 16 Халықаралық келісімді ж/е 17 КОК (кеден одағының комиссиясы) шешімін әзірлеу көзделіп отыр. Кеден одағының Кеден кодексіне қатысушы мемлекеттердің заңнамасына 182 сілтемелік норма көзделген. Осыған байланысты, қолданыстағы ұлттық кедендік заңнаманы ретке келтіру талап етіледі. Бұдан басқа, ұлттық кодексті қабылдау, салықпен реттеу, жеке кәсіпкерлік, көлік, ветеринария, денсаулық сақтау, қылмыстық ж/е әкімшілік қудалау саласындағы заңнамаларды біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты еліміздің жаңа Кеден кодексін әзірлеу қажет, онда ұлтаралық заңнамамен реттелмеген құқықтық қатынастарды реттеу қажет. Әкімшілік кедергілерді жою ж/е Қнның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді оңайлату мақсатында Қн Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бірқатар шараларды жүзеге асырды.1- кеден органдарында автомобиль өткізу пункттерінде бақылау функцияларын (көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық ж/е санитарлық-эпидемиологиялық бақылау) беруді көздейтін заң қабылданды. Сондай-ақ, бұл заңда кеден органы беретін құжаттардың санын 3-тен 1-ге дейін қысқарту көзделіп отыр.2ден, зияткерлік меншік нысанына құқықты қорғау кезінде, кеден органдарының өкілеттігін кеңейтуді ж/е кедендік құнды анықтау кезінде қолданылатын ақпараттық анықтамаларды жоюды көздейтін заң қабылданды.3ден, шекараның Қн-Ресей, Қытай, Қырғызстан учаскесінде бірлескен бақылау рәсімі енгізілді. Қн мен ҚХР арасындағы “айналық” статистикада көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілді. Соңғы жылдары кеден статистикасы деректерінің алшақтығы 2006 жылы 1 млрд. 94 млн. АҚШ долларынан 76 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді.4ден, сыртқы э/қ қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайларды жасау ж/е “Doіng Вusіness” халықаралық рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленді ж/е енгізілді.5ден, “Web-декларант” электронды декларациялау кешені жұмыс істейді. Кедендік ресімдеу үшін СЭҚ-қа қатысушының құжаттар пакетін алыс жерден қалыптастыруға мүмкіндігі бар.6-, “Бірыңғай электронды терезені” жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Бизнес-процестер анықталды ж/е осы ақпараттық жүйені жасау тұжырымдамасының жобасы дайындалды. “Бірыңғай терезені” жасау барлық мемлекеттік органдар күштерін шоғырландыруды талап етеді. Мүдделі министрліктер мен ведомстволар санын қысқарта отырып рұқсат беретін құжаттарды беру ж/е бақылау механизмін қайта қарау қажет. Осыған байланысты Үкіметке тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құру туралы ұсыныс жолданды.Жоғарыда көрсетілген шаралар бизнестің операциялық шығындарын қысқартуға ж/е кеден рәсімін оңайлатуға жағдай жасайды. Нәтижесінде, Мемлекет басшысының Қн халқына Жолдауында жарияланған бизнес-ахуалды жақсарту бойынша тапсырмалары жүзеге асырылады.Кеден одағын құру, әсіресе, э/қ дағдарыс жағдайында мемлекеттердегі экономикалық әлеуетті ескере отырып, Қн, Ресей ж/е Беларусь республикалары арасында бірлескен ө/стерді құру ж/е өзара инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету интеграциялау қажеттілігінен туындаған дүние. Қазіргі уақытта Қнда индустриялық-инновациялық дамудың жеделдетілген бағдарламасы іске асып келетіндігін атап өту керек. Осы мақсатта металлургиялық, фармацевтикалық, химиялық, құрылыс материалдары басымдықты салалардың бірі болып табылатынын ескеру қажет. Осы міндетті шешу үшін отандық кәсіпкерлерге технологиялық жағынан жаңа алдыңғы қатарлы жабдықтарды ж/е арзан шикізатты кеден баждарын төлеусіз алу мүмкіндігін сақтап қалу маңызды.Біз шетел өнімдері басып кетеді деген үрейден аулақ болуымыз керек. Өйткені, барлық елге де бәсекеге қабілетті, сапасы жоғары, бағасы қымбат емес, алған өніміне лайықты тауарлар қажет. Ендеше басқа елдердің тауарларымен сапасы жағынан да, бағасы жағынан да бәсекеге түсу біздің тауар өндірушілерді өсіп-жетілуге жетелейді. Біздің отандық өндірушілеріміз бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бір нәрсені ұғынғанымыз жөн, кедендік одақ мәселесі бір күнде іске асқан жоба емес, осы одаққа кіру үшін барлық жақтан терең талдау жасалынған. Әрине, ешкім Кедендік одақ іске асқан күннен бастап елімізге толағай табыстар келіп, басқа елдермен сыртқы сауда айналымы артады деп айтқан жоқ. Кедендік одақтан Қазақ елі үлкен үміт күтеді. Әрине, әу-бастан кейбір қиыншылықтарға тап боламыз. Мүмкін біздің өндірушілеріміз табыс көздерін азайтар. Демек, осы Кедендік одақ арқылы көп табысқа жететінімізге сенім білдіремін.Кеден органдарының қызметі еліміздің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Мәселен, 2009 жылы кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке 575,4 млрд.теңге түсуін қамтамасыз етті. Болжамды тапсырманың орындалуы 105,5% құрады. Пост кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша 95,8 млрд. теңге қосымша есептелінді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,3 есеге көп, 50 млрд. теңге өндіріп алынды. Құқық қорғау саласында да көптеген жетістіктерге жете білдік. Өткен жылы 969 қылмыстық ж/е 10607 әкімшілік іс қозғалды. Олар бойынша шығындарды өтеу сомасы 5,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есеге көп. Есірткі құралдары контрабандасы бойынша 173 факті анықталды. Алынған есірткілердің салмағы 755,8 кг. құрады, соның ішінде героин – 117,9 кг. “Бақылауға алынған жеткізілім” әдісі бойынша 14 жедел іздестіру шаралары өткізілді. Қолданылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар нәтижелерінде кеден органдары өз күшімен
ҚР-да
технологиялық парктерді
Технологиялық
парктер (технопарктер) мен технологиялық бизнес-
2007 жылға дейiнгi кезеңде
технологиялық парктердiң
Қазіргі уақытта мынадай
ұлттық ғылыми-технологиялық парктер
құрылуда: Ақпараттық технологиялар
паркі, Биотехнологиялар паркi, Ядролық
технологиялар паркi, Жаңа материалдар
паркi, Агротехнологиялар паркi ж/е басқалары.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi
дамытудың нақты бағыттарын айқындау,
оларды технологиялық толтыру бойынша
жұмысты ұлттық ғылыми-технологиялық
парктердi құру мен дамытуға жауапты тиiстi
уәкiлеттi орган ұлттық ж/е өңiрлiк технопарктердi
құру ж/е дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi
тiкелей жүзеге асырушы ұйым ретiнде "Инжиниринг
ж/е технологиялар трансфертi орталығы"акционерлік
қоғамымен, сондай-ақ өзге де мүдделi органдармен
бiрлесiп жүргiзетiн болады.
Инновациялық белсендiлiктi ынталандыруда
барынша жалпы ұлттық әсерге қол жеткiзу
үшiн өңiрлiк технопарктердi дамыту саласында
қолданыстағыларға толықтыру енгiзу, мынадай
өңiрлерде төрт өңірлiк технопарк қўру
қажет:
Арнайы э/қ аймақ «Ақпараттық технологиялар
паркі» (АЭА АТП) келесі мақсаттардарда
құрылған:
• ақпараттық технология саласын дамыту,
• Қн Республикасының экономикасының
дүниежүзлік шаруашылық байланыстар жүйесiне
кiруiн активизациялау,
• аса тиiмдi, оның iшiнде жоғары технологиялық
ж/е экспортқа негізделген, қазiргi ақпараттық
технологиялар өндiрiсін жасау,
• ақпараттық технологиялар өнiмінің
жаңа түрiн шығаруды игеру,
• инвестициялар тарту.
АЭА-ның аумағындағы жұмыстың негiзгi
түрлерi болып мыналар табылады:
1. Қазiргi
заманғы АЭА-ның инфрақұрылымын құру,
оның ішінде бизнес-жобаларды өңдеу, жобаның
сметалық құжаттары, құрылыс-монтаждық
жұмыстар, АЭА-ның аумағын сәулеттендiру
жұмыстары;
2. Халықаралық
стандарттарға сәйкес ақпараттық технология
саласында сертификаттары бар, жоғары
бiлiктi мамандарды дайындау ж/е қайта даярлау;
3. Жобалау,
өңдеу, ендiру, тәжiрибелi өндiрiс ж/е программалық
қамтамасыз ету өндiрiсі ж/е деректер қоры
бойынша:
• алдыңғы қатарлы өндiрушiлердiң программалық
өнiмдерiн мемлекеттiк тiлге аудару ж/е
бейiмдеу;
• стратегиялық маңызды салалардағы
математикалық үлгiлеу процесстерi;
• информациялық - телекоммуникациялық
жүйелерге ж/е желiлерге деректердi тарату;
• маңызды салалардағы интранет/интернет-
жүйесіне;
• ақпараттық қауiпсiздiк жүйелерiне;
• өндiрiстегі технологиялық үдерiспен
басқарудағы автоматтандырылған жүйелерге;
4. тәжiрибелi
өндiрiс ж/е ақпараттық технологиялардың
аппараттық құралдарын жобалау, өңдеу,
ендiру, өндiрiсі бойынша :
• GPS (global position system), GPNS (global position navigation
system) негiзде мобильді жүйелер саласындағы
жаңа технологиялар ж/е басқалар
• ақпараттық қауiпсiздiкті сақтау, өңдеу
ж/е мәлiметтiң беру деңгейінде;
• информациялық - телекоммуникациялық
жүйелерге ж/е желiлерге деректердi тарату;
• элементтiк базасына;
• жер аумақтарының дистанциялық барлап
байқау жүйелерiне;
5. жасанды
иммунды ж/е нейронды жүйелер негiзiнде
жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
6. ақпараттық
технологиялардың төңiрегіндегі маркетингтік
зерттеулер;
7. ақпараттық
технологиялар төңiрегіндегi жобаларының
ендіру ж/е ғылыми зерттеулер ж/е тәжiрибелік-конструкторлық
жұмыстарды құру бойынша жұмыстар өткiзу;
8. мәтiндерді
өңдейтін машиналарды, көшiргiш-көбейткiш
жабдықтарды, адрестейтiн машиналарды,
калькуляторлар, кассалық аппараттар,
таңбалағыш машиналар, ақпаратты өңдеу
машиналарын, билет-кассалық машиналарын,
басқа кеңсе машиналарымен жабдықтарын,
электрондық есептеу машиналары ж/е басқада
ақпараттарды өңдеуге арналған жабдықтарды
өндiру;
9. жазу
ж/е дыбыстың көшiрмесiн ж/е суреттерді
қабылдайтын электро ж/е радиоэлементтер,
жiберушi аппаратуралар, қабылдау аппаратураларын
өндiру;
10. тұрмыстық
электр құралдарын өндiру.
Қн Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың мақсаты ж/е міндеттері
Қнның инвестициялық қоры Қнның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қнда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк ж/е бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. ҚИҚ Қнның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру ж/е капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс. Таяу ж/е орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында да жүзеге асырылатын болады.
Қнның Даму Банкi. Қнның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi ж/е орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қнның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi айтарлықтай тәуекелдерге ж/е проценттiк ставкаларды төмендету қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi ж/е төмен проценттi кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi. Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық ж/е жоба үшiн өзге де маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады. Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды, еншiлес маманданған қаржы ұйымдарын, атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн көздейтiн Қнның Даму Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады. Сонымен бiрге Қнның Даму Банкiне Қн Республикасынан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берiлуi мүмкiн.
Инновациялық қор. Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар ж/е басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қн Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы ж/е ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс. Инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi ж/е нарықтық тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс. Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру. Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан Қндағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға ж/е инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс. Қордың негiзгi мiндеттерi: инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын ж/е т.б) құруға қатысу;отандық ж/е әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды құру; құрылатын ж/е жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталдарына жоғары технологиялы ж/е ғылымды көп қажет ететiн өнiм өндiру, жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында қатысу т.б.
Информация о работе Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі