"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

- қоғамдық өмірге партияның  толық бақылау жасай алмауы;

- партия ішінде өзара сынның  күшеюі;

- қоғамда демократиялық элементтердің  біршама өмірге араласуы;

- идеологияның монополиялық сипат ала алмауы және т.б.

 

Фашистік  идеология.

Фашизм (фашизмо – итальян тілінен бірлестік деп аударылады) теориясы қоғам мен адам өмірін қатаң қадағалауды, өз мақсатына жету жолында зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалануды көздеді. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Өз мүддесін іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны шығарды (Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі сенімді болуы үшін оған географиялық жер керек.

Бұл теория бойынша мемлекеттін  емірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді  қарудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде  италияндық және  неміс фашистері  басшылыққа алған. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.

 

 

Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардын түрлері, салдарлары, алдын алу және шешу тесілдері.

Қазіргі саяси жүйенің өзгеше ерекшелігі әлеуметтік серіктестікті, мемлекет пен  қоғам арасында ынтымақтастықты  жолға қою, бірқатар фундаментальды принциптер бойынша негізгі әлеуметтік топтардың келісімі негізінде әлеуметтік қақтығыстарды шешу болып отыр.

Қазіргі демократиялық жүйені бірқатар демократиялық процедуралар анықтайды:

1.  қоғам мен билік органдары  қатынасындағы симметриялық пен  өзаралық (онын ішінде өзара жауапкершілік);

2.  демократиялық принциптер  мен нормалардың сақталуы үшін  әрдайым қоғамдық бақылау жүргізу;

3.  барлық деңгейдегі: билік тармақтарының,  азшылық пен көпшілік, әлеумсттік  топтар, ұлттар, орталық пен региондар  және т.б. арасындағы қақтығыстардың  алдын алудың тиімді механизмдері.

 

Халықаралық қатынастар жүйесі.

Халықаралық қатынастар - бұл әлемдік  деңгейде іс-әрекет жасайтын субъектілер (мемлекеттер, ұйымдар т.б.) арасындағы экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық, әскери, мәдени және т.б  байланыстар және қарым-қатынастардың  жиынтығы. Демек, бұл мамандық иелері осы қатынастарды реттейтін адамдар. Көбінесе біз оларды дипломаттар  деп атаймыз.Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі. Халықаралық  қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту  және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен  халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.

Халықаралық құқықты ұстану халықаралық  құқықтың шеңбері мен нысандарында мемлекеттің және сондай – ақ, ұжымдық  шаралары арқылы қамтамасыз етіледі.

 

 

ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы  саяси ойлар. (Ә. Бөкейхановтың, А, Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқаевтың, М. Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т. Рысқұловтың саяси  ойлары).

Қазак халқының саяси санасының  дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтурсынов, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Мухамеджан Тынышбаев, Мағжан Жумабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмухамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет кұру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек кою, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, демократиялық принциптерді казақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.

Патша өкіметінің отарлау саясатына  қарсы халықтың қарсыласу қозғалысы  арта түсті. Осы кезеңде саяси  тарих сахнасына қазақ қоғамы үшін дербес саяси-әлеуметтік күш қазақ  зиялылары шығып, бұл қозғалысқа ұйымдасқан сипат беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Аталған  кезде «...Бас қосып киргизский интеллигент,

Біздерге халықтың қамын ойлау  міндет», - деп М. Дулатов қазақ  зиялыларын бірлесіп, ұлт азаттығы үшін күресуге үндеді. Нақ осы кезеңде  А. Байтұрсынов, М. Дулатов тәрізді  саяси ойшылдар қазақ елін «Қырық мысал», «Маса», «Оян қазақ!» сынды  отты жинақтары арқылы серпілуге, азаттық  үшін күресуге үндеді. 1909 жылы Уфа қаласында  басылып шыққан М. Дулатовтың «Оян қазақ!»  атты өлеңдер жинағындағы :

 «Көзіңді  аш, оян, қазақ, көтер басты, 

Өткізбей  қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін  нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым енді жату жарамасты», - деген жолдар шығарманың негізгі өзегі болып табылады. Осы «Оян қазақпен» үндес тағы бір жинақ А. Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Масасы». Онда А. Байтұрсынов:

«...Ұйқысын  аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?», - деп қазақ халқын маса болып оятып бостандық жолындағы  күреске шақырады. Сонымен бірге  қазақ зиялылары 1911 жылдан бастап шыға бастаған «Айқап» журналы және 1913 жылдан жарық көрген «Қазақ» газеті беттерінде жалпыұлттық мәселелерді  көтеріп, қоғамдық ойға қозғау салу мен  халықтың саясатқа деген ынтасын  арттырумен айналысты.

1916 жылғы  ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының  саяси тәуелсіздігі үшін ұлттық  мемлекеттік құрылым құру қажеттігін  дәлелдеп берді. 

 

ХІХ- ғасырдағы қазақ  ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев).

Ш.Уәлиханов өмірінің басты мақсаты - халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін қорғау, саяси, құқықтық, рухани, экономикалық және мәдени өркендеуіне ықпал жасау болды. «Сот реформасы туралы» еңбегінде ғалым: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып, өзінің түпкі мақсаты материалдық әл- ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді. Егер реформалар ғылыми негізде тұжырымдалмай, күштеп өндірілсе, оның бүлдіруден, халықты қайыршылыққа жеткізуден басқа берері жоқ. Адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал мұндай мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ», - деп тұжырымдайды.    

Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) мемлекеттік құрылымдағы халықтың білімін көтеруге бар күш-жігерін арнап, адамдарды прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ы. Алтынсарин - өз халқының патриоты. Ол қазақ жастарын прогресс жолымен тәрбиелеу ісіне теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да зор еңбек сіңірген адам.. Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық», «Өнер - білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» деген өлеңдерінде «Өнер, білім бәрі де, Оқуменен табылған», - деп білімнің адам өміріндегі мәнінің зор екендігін айта келіп, қалың жұртшылықты оқуға, өнердің сырын білуге үндеді. Сонымен бірге көзі ашық адамның рухани және материалдық құндылықтарға, айналадағы қоршаған ортаға деген көзқарасы, сан алуан құбылыстар туралы өзіндік ой-пікірі және т.б. қалыптасады деген тұжырым жасайды.

Осы кезеңде қазақ халқының ойшыл-данасы, ағартушы-демократ ақыны А. Құнанбаевтың (1845-1904 жж.) философиялық-әлеуметтік ой-пікірлері қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды. Ұлы Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам. А. Құнанбаев – қазақ қоғамындағы адам проблемасы, оның қоғамдағы мақсат-мұраты жөніндегі қоғамдық-саяси ойдың негізін қалаушы.

Адам мәселесі ұлы ойшыл шығармаларындағы негізгі рухани-әлеуметтік мәселе болып  табылады. Ол адамның жеке тұлға  ретінде саяси-әлеуметтік тұрғыда  жетілуіне ықпал ететін алғышарттардың қатарында - «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды» атап көрсеткен. Толыққанды, жетілген адам - адамгершілігі мол, білімді, еңбекқор, сабырлы, имандылығы мен ұяты жоғары, қанағатшыл болуға тиіс дейді. Ол халықты осындай қасиеттерді  өз бойларына дарытуға шақырып, жалпыадамзаттық  ізгілікке үндеді.

 

ХІХ-ХХ ғасырлардағы саяси  идеологиялар: либерализм, консерватизм.

Либерализм (либералис - латын тілінен еркін, азат деп аударылады) идеологиясының негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704 жж.), Ш.Л. Монтескье (1689-1755 жж.), А. Смит (1723-1790 жж.), И. Кант (1724-1804 жж.), Т. Джефферсон (1743-1826 жж.), А. Токвилль (1805-1859 жж.), Дж. Милль (1806-1873 жж.). Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия ұстанымдарының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.

Либерализмнің негізгі ұстанымдары: адамның еркіндігі шексіз құндылық болып табылады;  жеке тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы; олардың  қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы; адамдардың теңдігі; олардың  өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке құқықтарының болуы; адамдар арасындағы өзара бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің және нарықтық қатынастардың еркіндігі; экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. 

Консерватизм (консерватиус - латын тілінен қорғаушы деп аударылады) идеологиясы тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі.


Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы