"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

Әлішер Науаи Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын. «Саяси мәжіліс», «Әджәм патшаларының тарихы», «Вақфия»атты саяси әлеуметтік   еңбектері бар.

 

Салыстырмалы саясаттанудың  объектісі мен пәні.

 Саясаттану пәні қоғамның  саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,  қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды,  басқаруды, оның құрылысы мен  жұмыс істеуін зерттейді.Ол адамзаттың  демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке  адамның саяси – құқықтық жағдайы,  оның саяси өмірге қатынасу  тәсілдері, саяси өзгерістердің  түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың  мазмұны мен жолдары, қазірігі  замандағы сан түрлі саяси  идеялық көзқарастар, жаңаша саяси  ойлаудың мәні, қазіргі дүние  жүзілік дамудың қозғаушы күштері  туралы түсінік береді.Ол бұрынғы  және қазіргі  саяси жүйелерді,  адамның санасындағы, қөзқарасындағы, мақсат – мүдесіндегі және  мінез – құлық, іс - әрекетіндегі  саяси өзгерістерді қарастырады.  Ол, бір жағынан, жиналған деректерді  қорытады, екінші жағыннан, құбылыстардың  өзара ұқсастығы бойынша болашаққа  болжам жасайды. Қорыта келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс – тәсілдерін  зерттейді.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердін мән – мағынасын түсініп – білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиорристік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

 

Саясаттану ғылым ретінде.

 Саясаттану гректің «politike»  - мемлекетті басқару өнері, «logos»  - ілім, ғылым деген сөздерінен  шыққан. Яғни, саясат туралы ғылым  деген мағынаны білдіреді. 

Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды  демократияландырып, көпшілік саяси  партиялардың қанат жаюына, ақпарат  құралдарының өрістеуіне әкелді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен  міндеттері күрделене түсті. Сондықтан  саяси құбылыстар мен процестерді  арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын  жасауға тура келді. Бұл ретте  Н. Макиавелли, Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, И. Кант, Гегель сияқты көрнекті ғалымдар көп еңбек  сіңірді. Әсіресе саясаттану ғылымының  қалыптасуына мол үлес қосқан ХVI ғ. итальян ойшылы Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) болды. Ол саяси ойды діни-мифологиялық сипаттан, шын мәнінде іске асыруға  болатын, нақтылы өмірден туған  мәселелерді шешуге бағыттады.

Саясаттану ХІХ ғ. ІІ-жартысында өз алдына пән ретінде қалыптасады. 1857 ж. АҚШ – тың Колумбия колледжінде  Фрэнсис Либер «тарих және саяси  ғылым» атты кафедраны ашты. 1860 ж. Джон Берджесстің бастауымен Нью-Йорктағы Колумбия университетінде (бұрынғы  Колумбия колледжі) саясаттану факультеті ашылады. Бұдан кейін осындай  орталықтар Батыс Еуропада пайда  болды.ХХ ғ. басында саясаттану жеке академиялық пән ретінде толық  бөлініп шықты. 1948 ж. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы  – ЮНЕСКО-ның бастауымен Еуропа мен Американың белгілі саясаткерлері  жиналып, саяси ғылым проблемаларына байланысты халықаралық жиын өткізілді. Онда ЮНЕСКО өзіне мүше елдердің жоғары оқу орындарына пән ретінде саясаттануды енгізіп, оқытуды ұсынды

Саясаттану ғылымының халықаралық  мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған саяси ғылымдардың халықаралық  қоғамдастығы зор рөл атқарды. Осы  уақыттан бастап бұл қоғамдастықтың Бүкіләлемдік конгрестері өткізілуде. Оның орталығы Парижде орналасқан, ал хатшы ұйымы болып Осло университетінің  саяси ғылымдар факультеті болып  табылады.

 

Саясаттың функциялары: басқару  және реттеу, қоғамның тұтастығы мен  тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Саясаттану бірқатар қызметтерді (функция - functio ұғымы латын тілінен аударғанда «исполнение, осуществление – жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді) атқарады. Оған ең алдымен танымдық-теориялық қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси ғылым қоғамдық құбылыстар мен процестерді танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге, саяси институттарды құру жолындағы әлемдік және ұлттық тәжірибелерді жинақтап, оны жүзеге асырудың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға және процестерге саяси баға береді.Саясаттану саяси әлеуметтену қызметін атқарады. Ол азаматтардың демократиялық саяси мәдениетін қалыптастырады, саяси әлеуметтенуінің негізін салады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Ол адамдардың саяси өмірде өзін-өзі ұстауын және іс-әрекетін реттеп, саяси дамуды, қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін қызмет етеді.Саясаттану саяси өмірді жетілдіру қызметін де атқарады. Ол саяси институттар мен қатынастарға, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауға теориялық негіз болады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді шешудің жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Саясаттану мәдени қызмет те атқарады. Азамат биліктің, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасының ұстанымдарын, өзінің құқықтарын білуі тиіс. Жеке тұлғаға саяси білім беру арқылы саясаттану олардың саяси өмірге қатысуын қамтамасыз етеді.Саясаттану болжаушылық қызметін де атқарады. Саяси дамудың әлемдік бағыт-бағдарын білу белгілі бір саяси жағдайда озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжам жасауға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да осында.

Саяси биліктің түрлері, құрылымы –билік институттары, функциялары, ресурстары.

Саяси билік  – белгілі бір  таптар мен топтардың мемлекеттің  органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси  үстемдігі. Саяси билік әлеуметтік топтар арасындағы саяси қатынастар болып табылады.

Саяси билік пен мемлекеттік  билікті салыстыратын болсақ, біріншісі  мемлекеттік билікке қарағанда  кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттің  көлемінде ғана емес, сонымен бірге  халықаралық ұйымдар көлемінде  де жүргізіледі. Кез келген мемлекеттік  билік - ол саяси билік, ал кез келген саяси билік - мемлекеттік билік  бола бермейді. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік күрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық  (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық  тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.

 

Саяси болжамның әдістері мен құралдары.

Экстраполяция әдісі - саяси процестердің болашақта жүзеге асуына ойша болжам жасау;Аналогиялық әдіс арқылы өткен  кезеңде болған құбылыстардың ерекшелігін  ескере отыра, сондай процестердің болашақта  да болу мүмкіндігін болжау;Сценарий әдісін қандай да бір аймақтағы немесе дүниежүзінде болуы мүмкін жағдайды болжауға қолданады. Оны бір немесе бірнеше сценарийлер құру арқылы дау-жанжалдардың дамуын көрсетуге, саяси  шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланады.  Эксперттік баға әдісі, яғни, белгілі  бір сала туралы жетік білетін  маманның пікірін ескере отырып, болжам жасау. Эксперттер пікірі сауалнама  әдісін, «мозговой штурмды» (мәселен, алдын ала ойластырылған бағдарлама негізінде ұжымдық талқылау), іскерлік ойынды (яғни, белгілі бір сценарий бойынша эксперттер тобының іс-әрекеті  негізінде болжам жасау) қолдану  негізінде жүргізіледіМодельдеу әдісі  болашақтағы саяси қатынастарды түрлі объектілерді пайдалану арқылы (мәселен, математикалық формула, график, кесте, карта т.б.) болжам жасау.  Бұл  әдістер компьютерлік хабарларды өңдеу  және қайта қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.Саяси болжамның құралдарына анкета алу, қоғамдық ой-пікірді білу үшін жүргізілген сауалнамалар, қоғамдағы саяси өзгерістерді экономикалық, демографиялық, биологиялық, геохимиялық, физикалық және т.б. процестермен байланыстыру негізінде жасалатын болжау жүйелері жатады.

- болжау ақпараттарын жүйелеуге  қазіргі кездегі электронды есептеу  техникалары, арнайы математикалық  аппараттар пайдаланылады.

- саяси болжамды нақтылап ұсыну  мынадай сатылардан кейін ғана  жүзеге асады:

- ақпараттарды құрылымдық талдау;

- мәніне қарай негізгі факторларды  таңдау;

- қоғамдық жүйеге бағыт беретін  негізгі ағымдарды анықтау;

- экстраполяция (болашақты ойша  бағамдау);

- барлық мәліметтерді синтездеу  (байланыстыру);

- саяси жүйенің дамуы туралы  кешенді болжамды құрастыру.

 

Саяси ғылымдардың негізгі  кезеңдері мен қалыптасуы.

. Саясаттану ұғымы гректің «politike» - мемлекетті басқару өнері, «logos» - ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Яғни, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, көпшілік саяси партиялардың қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне әкелді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделене түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Н. Макиавелли, Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, И. Кант, Гегель сияқты көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

ХХ ғ. басында саясаттану жеке академиялық  пән ретінде толық бөлініп  шықты. 1948 ж. БҰҰ-ның білім, ғылым  және мәдениет жөніндегі ұйымы –  ЮНЕСКО-ның бастауымен Еуропа мен  Американың белгілі саясаткерлері  жиналып, саяси ғылым проблемаларына байланысты халықаралық жиын өткізілді. Саясаттану ғылымының халықаралық  мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған саяси ғылымдардың халықаралық  қоғамдастығы зор рөл атқарды. Осы  уақыттан бастап бұл қоғамдастықтың Бүкіләлемдік конгрестері өткізілуде. Оның орталығы Парижде орналасқан, ал хатшы ұйымы болып Осло университетінің  саяси ғылымдар факультеті болып  табылады. Бүгінгі таңда АҚШ –  тың, Батыс пен Шығыстың барлық елдерінің  жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде оқытылып, әлемнің  ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.

КСРО-да 1955 ж. саяси ғылымдар қоғамдастығы құрылды. Алғашқы саясаттану кафедрасы 1989 ж. ашылды. 1990 ж. «саясаттанушы» деген  мамандық енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық орта және жоғары оқу орындарында  саясаттану жеке пән ретінде өтіліп, мамандар даярлануда.

 

Саяси жетекшілік туралы ұғым.

Саяси іс әрекетті жүзеге асыруда  саяси жетекшілердің, саяси көшбасшылардың, серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін , бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді  жия білетін адам жатады.Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің күш жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады.соңғы  кезде бұл атаудың  мағынасы кеңейе түсті.Саяси топ бастаушылар мынадай  қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі  құндылықтарымен арман аңсарлары  негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;Саяси жетекшілік принциптері:

1тарихи принцип,2ықпал ету көлеміне  қарай жалпы ұлттық, аймақтық, қалалық,  аудандық саяси жетекші болып  бөлінеді.3таптық принцип.4қазіргі  әлуметтік  құрылысқа қатынасы  жағынан оны жақтайтын, оған  қарсы шығатындар болып бөлінеді,5қабілеттілігі  жағынан өзінің жеке басының  қасиеттері, дарындылығының арқасында  немесе жағдайға қарай көтерілген  жетекші,6Бастамашы рух беруші  жетекші немесе басталған істі  орындаушы.

 

Саяси жетекшіліктің жіктелуі  және топ бастаушылардың жеке қасиеттері.

Саяси іс әрекетті жүзеге асыруда  саяси жетекшілердің, саяси көшбасшылардың, серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін , бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді  жия білетін адам жатады.Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің күш жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады.соңғы  кезде бұл атаудың  мағынасы кеңейе түсті.Саяси топ бастаушылар мынадай  қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі  құндылықтарымен арман аңсарлары  негізінде әр түрлі топтардың  басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;Саяси жетекшілік принциптері:

1тарихи принцип,2ықпал ету көлеміне  қарай жалпы ұлттық, аймақтық, қалалық,  аудандық саяси жетекші болып  бөлінеді.3таптық принцип.4қазіргі  әлуметтік  құрылысқа қатынасы  жағынан оны жақтайтын, оған  қарсы шығатындар болып бөлінеді,5қабілеттілігі  жағынан өзінің жеке басының  қасиеттері, дарындылығының арқасында  немесе жағдайға қарай көтерілген  жетекші,6Бастамашы рух беруші  жетекші немесе басталған істі  орындаушы.

 

Саяси жүйенің құрылымы.

Саяси жүйенің құрылымы мынадай төрт бөліктен тұрады: саяси институттар, саяси қатынастар, саяси ережелержәне саяси мәдениет. Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жастар, әйелдер, үкіметтен тыс және т.б. ұйымдар, кәсіподақтар жатады.Саяси ұйымдардың ең негізгісі - мемлекет. Ол қоғамда тәртіп орнатып, басқарады, оның саяси-әлеуметтік және экономикалық құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, күштеу органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын жүргізеді.Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар - саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеология мен қоғамдық пікірді, саяси сана мен саяси мәдениетті қалыптастыруға атсалысады.Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Кәсіподақ ұйымы адамдардың кәсіптік мүдделері мен қажеттіктерінің орталығы негізінде құрылады. Кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің еңбекпен қамтамасыз етілуі үшін, еңбек жағдайын жақсарту, денсаулығын сақтауы, демалуы, басқа да әлеуметтік-экономикалық  құқықтар мен мүдделерін білдіріп, оны қорғау үшін құрылып, қызмет етеді. Саяси жүйенің қызметіне қоғамдық қозғалыстар да ықпал етіп отырады. Олар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық құрылысқа деген көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Қазір Қазақстанда «Әділет», «Табиғат», «Аттан», «Елім-ай» және т.б. қоғамдық қозғалыстар жұмыс жүргізуде.Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының, жастао одақтарының, діни ұйымдардың да өзіндік ықпалы бар.Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, жеке тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып әлеуметтік ережелер (нормалар) саналады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Оған Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа да нормативтік актілер жатады.Саяси жүйенің төртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы