"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

 

Еуропалық ағартушылық  дәуірдегі саяси идеялар. (Томас  Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо).

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің  бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің  бірі ағылшын философы және саясаттанушысы, либерализмнің негізін салушылардың бірі Джон Локк (1632-1704 жж.) еді. Ол өзінің қоғамдық-саяси ой-пікірлерін «Басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде тұжырымдалған. Дж. Локк адамдардың еркіндігі мен теңдігін шексіз құндылық деп санады. Ойшыл «адам, басқа да адам тәрізді немесе әлемдегі кез келген адамдар тәрізді, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құқықтары мен привелегияларын шексіз пайдалану құқығына ие болып туылады, және ол табиғат бойынша, өз меншігін, яғни, өз өмірін, бостандығы мен мүліктерін басқа адамдар тарапынан болатын зиянкестік пен шабуылдан қорғау билігіне ие...», - деп атап көрсетті. Демек, оның ұсынған қағидасы – мемлекеттік құрылымдағы адамдардың еркіндігі, олардың іс-әрекетіне және мүліктеріне иелік жасауына толық теңдіктің берілуі, адамдардың жеке меншікке құқығының болуы.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, коғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге кажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсак буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теқдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халық билігін  ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық  қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын  халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талал етті.

 

 

Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары

Әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1021-1075 жж.) «Құтты білік» («Құтадғу білік» немесе «Бақыттылық жайлы ілім») еңбегі - мемлекетті орталықтандыру мен басқару, оның бірлігі, адамның тағдыры, оның мемлекеттік құрылымдағы орны мен рөлі және т.с.с. көптеген көзқарастар жинақталған трактат болып табылады. Сонымен қатар бұл шығармада өмірдің мән-мағынасы, ондағы әділ заңның болуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, адамды бала кезінен адамгершілік, әдеп ережелерін, сондай-ақ, білім-ғылымды меңгеруге баулу қажеттігі және т.б. мәселелерге басым көңіл бөлінген.

Түрік халықтарының ұлы ойшылы және гуманисі – Қорқыт ата (VIII-IX ғғ.) тұлғасының, оның қалдырған данышпандық мұрасының маңызы өзгеше. Қорқыт ата туындыларындағы дүние мен адам туралы толғаныстар, адамның өмір сүру ұстанымдары мен мақсат-мұраттары, оның дамуы мен жетілуі, әлеммен үйлесімділікте болуы мәселелері, адам ретінде үздіксіз тіршілік етуі, оның өтпелілігі мен мәңгілігі турасындағы қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақсы үйлесім тауып отыр.

Ұлы ойшыл «Қорқыт ата кітабындағы» «Доқа Қожанұлы Дели Домрул әңгімесінің  баяны» жырында» Домрулдың әрекеттері негізінде адам өз тіршілігінде түбегейлі  еркін бола ала ма, адамның өз мүмкіндігін іске асыруының шегі неде, адамға нендей іс-қимылдарды жасауға  болады немесе болмайды деген мәселелерді  қозғайды.

Қазак халқы ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи  (1093—1157) жатады. Оның басты шығармасы "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы"). Ол еңбегінде  әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.

"Ғаріп пақыр, жетімдердің  көңілін көтер,

Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер", — деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

"Көніл бөлмей дүниеге адамдықтан  кешіндер,

Хақты сүйген адал кұлдар халайықпен бір болар", - деп адал  басшы  халқымен бір болып, соның тілегін  тілеу керектігін баса айтады.

"Ей, мұсылман, тағат  қылсаң, танбағын,

Ғазиз жаның — аманаты  Алланың.

Харамдықпен, ұқ, жиған  мал — жалғанын,

К,арыш атты жылан қылар  малыңды",

— деп дүниеқорлык, байлық соңына түспеуді, арамдықпен мал жимауды уағыздайды, паракор әкімдердің о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.

 

Коммунистік идеология.

Коммунистік (латынның коммунис –  жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін  салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары  келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм  орнататын бірден-бір құрал  - социалистік революция. Оны жасай  алатын бірден-бір күш – жұмысшы  табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология  революциялық және реформистік болып  екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар  немістің  социал-демократы Э. Бернштейн  еңбегінде дамытылды.

 Коммунистік (латынның коммунис  – жалпы деген сөзінен) идеялар  XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге  келген. Негізін салғандар К. Маркс  (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар  жаң-жақты дамыған, еркін адамды  қалыптастырғылары келді. Ол үшін  тап күресі жүргізілуі, жұмысшы  табы буржуазияны құртуы керек.  Олардың ойынша, социализм орнататын  бірден-бір құрал  - социалистік  революция. Оны жасай алатын  бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің  социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

 

Консервативтік  идеология.

Консерватизм (консерватиус - латын тілінен қорғаушы деп аударылады) идеологиясы тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі.

Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы  Француз революциясының (1789ж) саяси  идеялары мен оқиғаларына жауап  ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны  олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен  күйзелістің себебі деп санады. Бірақ  ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін  қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам  қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих  фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық  құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын  қайта түлетуге тырысты. Өмірде әдет—ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.

 

КР саяси көшбасшылық  институты мен саяси элита.

 

Саяси іс әрекетті жүзеге асыруда  саяси жетекшілердің, саяси көшбасшылардың, серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін , бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді  жия білетін адам жатады.Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің күш жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады.соңғы  кезде бұл атаудың  мағынасы кеңейе түсті.

Элита – (француз тілінен ең жақсы, ерекше, таңдаулы деп аударылады) басқарудың жоғары сапасына ие, таңдаулы топ деген  мағынаны білдіреді. Элита – халық  бұқарасынан белгілі бір ерекшеліктерімен және қабілетімен дараланатын, қоғамның әлеуметтік құрылым иерархиясының  биігінде тұратын, саяси билікке  маңызды ықпал ете алатын немесе оны жүзеге асыратын индивидтер тобы.

Элита – кез  келген әлеуметтік құрылымның құрамдас бөлігінде жоғары деңгейде тұратын  топ немесе басқару қызметін, ғылым  мен мәдениеттің дамуын, көпшілік бұқарасын басқаруды жүзеге асырушы  топтың болуы қажеттігін пайымдайтын  элитарлық теорияның ортақ түсінігі. Ал, саяси элита – саяси биліктің маңызды бөлігін қолына шоғырландырған, интеграцияны қамтамасыз ететін, саяси  маңызды ойларды жүзеге асыру  механизмін анықтайтын азғантай әлеуметтік топ болып табылады.  

Элита ұғымы саясаттану ғылымына енгенге  дейін ерекше тауарлар мен заттық ұғымдарға қолданылды.

 

Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.

Саясат пен діннің, зайырлы және рухани биліктің арасындағы тиімді қатынастар секуляризация процесін аяқтайтын  шіркеуді мемлекеттен бөліп алу  жолымен құқықтық мемлекетте орнайды. Сонымен қатар теократиялық жүйенің  және діннің жалпы және саяси модениеттегі рөлін томендету мен жоққа  шығару ғана емес, «ұлы ілім» деп  жарияланған идеологиясына қайшы  келетіндіктен дінді тікелей  қудалау орын алатың тоталитаризмның  пайда болуының алғышарттары жойылады.

Қазіргі уақытта діни конфессиялардың  өздерінің қарым-қатынастары да, әсіресе Қазақстандағы тәрізді  поликонфессионалды қоғамда өте  өзекті болып отыр. Біздің еліміздің  екі үлкен әлемдік дін —  ислам мен христиандықтың бейбіт түрдегі ынтымақтастықта қатар  өмір сүріп отырған ел екендігін  ескере кеткеніміз абзал. Екі негізгі  діннің сүхбаты біздің қоғамымыздың тұрақтылығының сақталуының бірден-бір  механизмі болып отыр.Бұл —  дінде, оның ішінде ислам дінінде  ешқандай экстремизмның жоқтығын айғақтап тұр. Бірақ, егер діни догматтарды саяси  мақсаттарға пайдалансақ, діни дүниетанымның  бастапқы принциптеріне әртүрлі  түрдегі сілтеме жасау арқылы экстремизмді дәйектеу болатындығы  даусыз. Фундаментализмде де ешқандай экстремизм жоқ, принциптердің ортодоксалдық  тазалығы туралы қамқорлығы қауіпті  емес, ал осы қамқорлықты бетке  үстаған экстремизм қауіпті.

 

Қазақстан қоғамын, саяси  жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі.

Қазіргі  заманда «саясаттану»  деген термин  ғылымда кең көлемде  қолданады, саясат әлемін, мемлекеттердің, саяси партиялардың   билік  жөніндегі  қатынастарын зерттейтін пән ретінде.

«Саясаттану»  (политология) гректің  «polis» және «logos» деген сөздерінен шыққан, мемлекет және саясат туралы ғылым  деген мағынаны білдіреді.

Саясаттану Х1Х ғасырдың екінші жартысында  өз алдына жеке пән ретінде  қалыптасты, ал бірінші ғылыми орталықтары  ретінде АҚШ –тың Колумбиялық  және Йелль университетері болды. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия коллежінде (кейін  Колумбия университетіне айналған) профессор  Френсис Либер «Тарих және саяси  білім» деген кафедра ашты. Соның  негізінде  онда  1880 жылы  саяси  ғылымының  жоғары мектебі құрылды.  Сонымен бірге тұнғыш  Саяси  және әлеуметтік ғылымдар Академиясыда сол АҚШ-та  1889 жылы ашылды, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы   құрылды.

Саясаттану бірқатар қызметтерді (функция - functio ұғымы латын тілінен аударғанда «исполнение, осуществление – жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді) атқарады. Оған ең алдымен танымдық-теориялық қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси ғылым қоғамдық құбылыстар мен процестерді танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге, саяси институттарды құру жолындағы әлемдік және ұлттық тәжірибелерді жинақтап, оны жүзеге асырудың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан қоғамының саяси  өмірінде коғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

Қоғамдық-саяси ұйымдар көпшілік партияларды құру жолындағы алғашқы  саты болуы мүмкін. Көбіне олар стихиялы түрде пайда болады. Қоғамдық-саяси  ұйымдар адамдардың мүддесін іске асырудың құралы ретінде негізделеді. Қазіргі заманда ондай ұйымдар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Сонымен, қоғамдық-саяси ұйымдар дегеніміз – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, өзін өзі басқаратын адамдардың бірлестігі. Саяси жүйенің қызметіне қоғамдық қозғалыстар да ықпал етіп отырады. Олар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық құрылысқа деген көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Қазір Қазақстанда «Әділет», «Табиғат», «Аттан», «Елім-ай» және т.б. қоғамдық қозғалыстар жұмыс жүргізуде. Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының, жастао одақтарының, діни ұйымдардың да өзіндік ықпалы бар. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, жеке тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.

 

 

Қазақстан Республикасы сырткы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.

Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъектілермен халықаралық аренда өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мәселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, дүниежүзілік және аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-қатынасқа түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалдарына негізделеді.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы