"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

Элитаризм (элита – француз тілінен ең жақсы, таңдаулы, іріктелген деп аударылады) теориясы. Элита – халық бұқарасынан белгілі бір ерекшеліктерімен және қабілетімен бөлінетін, қоғамның әлеуметтік құрылым иерархиясының биігінде тұратын, саяси билікке маңызды ықпал ете алатын немесе оны жүзеге асыратын индивидтер тобы. Элита теориясын жаңғыртып, негіздеген итальян ойшылдары В. Парето мен Г. Моска., сондай-ақ, неміс саясаткері Р. Михельс.

Фашизм (фашизмо – итальян тілінен бірлестік деп аударылады) теориясы қоғам мен адам өмірін қатаң қадағалауды, өз мақсатына жету жолында зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалануды көздеді. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Өз мүддесін іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны шығарды (Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі сенімді болуы үшін оған географиялық жер керек. Саяси жүйе түрі тұрғысында тоталитаризм ХХ ғ. орныққанымен, тоталитаризм ұғымы, оның идеялық бастаулары көне дәуірде пайда болған. «Тоталитаризм» ұғымы латын тілінен аударғанда totalis - толық, бүтін, тұтас деген түсінікті білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологі Дж. Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет ж. итальян парламентінде айтылды. Ал, саяси сөздікте бұл ұғымды бірінші болып өзінің қозғалысын жүйелеп, баяндау мақсатымен 1925 ж. Б. Муссолини қолданған Социал-демократизм идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын ұсынды. Оның негізін салған Э. Бернштейн. Басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Негізгі принциптері: адам құқығы, сөз, баспасөз, ой-пікір бостандығы, діни, білім алу, ұйымдар құру, яғни, саяси өмірді демократияландыру, аралас экономиканы құру бостандықтары, экологиялық қауіпсіздік.

 

Қазіргі Қазақстан саяси  мәдениеттінің ерекшеліктері.

Саяси мәдениет ұғымы кез келген қоғамдық құрылымға тән. Ол қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Саяси мәдениеттің орталық бөлігіне жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтар мен  қабаттардың өз тіршіліктеріндегі  іс-әрекеттерінде қолданатын түрлі  амал-тәсілдер жиынтығы мен оның сипаты жатады.саяси мәдениет - бұл саяси білімдермен, сенімдермен, бағалаулармен және бағыттармен анықталатын тарихи қалыптасқан саяси іс-әрекет түрлерінің тұрақты жиынтығы. Саяси мәдениет - ұрпақтан ұрпаққа берілген дәстүрлердің, ережелердің, мінез-құлық үлгілерінің саяси практикада әбден негізделген тәжірибесі болып табылады. Тұтастай алғанда ол жеке тұлғалардың саясаттағы білімдерінің, сенімдері мен іс-қимыл бірлігін танытады. Іс жүзінде саяси мәдениетті меңгерудің негізінде жеке тұлға өмір сүруші саяси жүйеге бейімделіп, оған белсенді түрде ықпалын тигізіп, саяси өмірдің субъектісіне айналады.Саяси мәдениеттің элементтері:

Саяси бағыттар, идеалдар, көзқарастар, ой-тұжырымдар, сенімдер мен дағдылар.

Саяси ережелер, дәстүрлер, тіл, саяси  өмірдің символдары, құрылымдары.

Саяси мінез-құлық пен саяси  қатысу.

Қоғамдағы саяси қатынастардың  жиынтығы.

Саяси мәдениеттің бірінші түріне олар «патриархалдық саяси мәдениетті» жатқызған Екінші түрі «бодандық саяси мәдениет» деп анықталған. Үшінші түрге «қатысу мәдениеті» жатады..Саяси ғылымда саяси мәдениеттің демократиялық және тоталитарлық үлгілерін атап көрсетеді.Демократиялық саяси мәдениет қоғам мүшелерінің қалыптасқан саяси жүйеге, оның барлық  негізгі құрылымдарына деген іштей бағыттылығын білдіреді.

 

Қайта Өркендеу дәуіріндегі  зайырлы саяси ойлар (Н. Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).

саяси ғылымда Италияның қоғамдық қайраткері, саяси ойшылы, тарихшы, ақын, әскери-теоретик Никколо Макиавеллидің (1469-1527 жж.) орны ерекше. Басқа да Ренессанс тұлғалары сияқты ұлы итальян ойшылы жан-жақты дарынды болды. Он төрт жыл бойы Флоренция Республикасының хатшысы әрі оның бас кеңесшісі болып Н. Макиавелли республикадағы маңызды елшілік және саяси мәселелермен айналысты. Оның негізгі еңбектері «Патша», «Тит Ливийдің алғашқы онкүндігі туралы ой-пікірлер», «Флоренция тарихы». Ол саяси өмірге белсене қатыса отырып, саяси ғылымды өмірлік маңызды мәселелерді шешумен шұғылданатын практикалық ғылым деп санады. Н. Макиавелли саяси ғылымға төмендегідей өз үлесін қосты:

1. Ойшыл саясатты қоғамның өзге  салаларынан (экономикадан, мәдениеттен  т.б.) бөліп қарастырып, оның негізін  қалады. Мазмұны билік болып табылатын  саясаттың қзіндік логикасы болады  деді.

2. Н. Макиавелли саясатты әлеуметтік  шындық ретінде зерттеді. Тарихты  жасаушы адамның, жеке тұлғаның  мінез-құлқына бақылау жүргізе  отырып, яғни, тарихи мәліметтерге  сүйеніп, шынайы фактілер мен  шынайы жағдайды ескере отырып, қоғамдық даму заңдарын түсіндіруге  тырысты. Макиавеллидің саясаттануға  енгізген саяси реализм әдісі  оны діннен біржолата ажыратты.

3. Макиавелли «қоғам» және «мемлекет»  түсініктерінің мәнін айырып  көрсетіп берді. Мемлекетті ол  қоғамдық ұйымның саяси формасы  ретінде қарастырды. Қоғамның даму  жағдайына қарай мемлекет басқару  ағымын өзгертіп тұруы керек  деді.

4. Ойшыл саясатты моральдан бөліп  көрсетті. Республиканы нығайту  жолында барлық әрекет пайдалы  деп есептеп, «мемлекет мүддесі»  принципін (барлық тәртіп түрлеріне  қатысты) бірінші орынға қояды. 

5. Н. Макиавелли «мемлекет» деген  атауды ғылымға бірінші болып  енгізді.

Мор Томас[1] (ағылш. Сір Тһомас Море,тағы ағылш. Саінт Тһомас Море; 7 ақпан 1478, Лондон — 6 шілде 1535, Лондон)) – ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1932 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді

Жан Боден атақты француз саяси  ойшылы. «мемлекет жайлы алты кітап» еңбегінде ол монархияны шексіз егемендігін  қолдады бірақ монарх билігі құдайдан еместігін алға тартты.Ол Макиавелли сияқты саясатты дін мен моральдан  ара жігін ажыратып қарастырды.

 

Қоғамдағы ұлттық және этникалық  қатынастар.

Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі қоғамның саяси  жүйесіндегі билеуші топтың өз алдына айрықша мақсат қоюы;

Қоғамның этникалыққұрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы  теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда  болуын, мәнін мазмұнын, олардың  қоғамдағы әрқайсынының атқаратын  қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды  анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі  олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша  айтқанда, этносоциология этникалық  қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің  әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең  түсінген жөн.

 

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

Саяси қоғамдық ұйымдарға  халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке  кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.Саяси жүйенің қызметіне қоғамдық қозғалыстар да ықпал етіп отырады. Олар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық құрылысқа деген көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Қазір Қазақстанда «Әділет», «Табиғат», «Аттан», «Елім-ай» және т.б. қоғамдық қозғалыстар жұмыс жүргізуде.Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының, жастао одақтарының, діни ұйымдардың да өзіндік ықпалы бар. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, жеке тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып әлеуметтік ережелер (нормалар) саналады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Оған Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа да нормативтік актілер жатады.Саяси жүйенің төртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі  трафигі), дамушы елдердің артта қалуы  мәселелері.

Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап  Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге  ықпал етуші тұрақты факторлардың  біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 20 ғасырдың 70 — 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 — 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас”, “Хезболлах”, т.б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық, ішкі саяси пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді.

Дамушы елдер тобын саны жағынан  көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін  елдер құрайды, олардың барлығы  дерлік Азияда, Африка мен Латын  Америкасында орналасқан. Бұл елдерге  экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық  еңбек бөлінісінде шикізатты  өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер  экономикасының ала-құлалығы, әсіресе  қазіргі заманғы индустриялық елдер  мен әлеуметтік-экономикалық дамуы  жағынан артта қалған мешеу елдер  экономикасындағы айырмашылықтардан  айқын көрінеді. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, экологиялық  жағдайдың асқынуы байқалып, халықты  азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты  проблемалар туындауда. 
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.

 

Либералдық  идеология.

Либерализм (либералис - латын тілінен еркін, азат деп аударылады) идеологиясының негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704 жж.), Ш.Л. Монтескье (1689-1755 жж.), А. Смит (1723-1790 жж.), И. Кант (1724-1804 жж.), Т. Джефферсон (1743-1826 жж.), А. Токвилль (1805-1859 жж.), Дж. Милль (1806-1873 жж.). Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия ұстанымдарының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.Либерализмнің негізгі ұстанымдары: адамның еркіндігі шексіз құндылық болып табылады;  жеке тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы; олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы; адамдардың теңдігі; олардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке құқықтарының болуы; адамдар арасындағы өзара бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің және нарықтық қатынастардың еркіндігі; экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі.  Либерализмнің негізгі ұстанымдары: адамның еркіндігі шексіз құндылық болып табылады;  жеке тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы; олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы; адамдардың теңдігі; олардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке құқықтарының болуы; адамдар арасындағы өзара бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің және нарықтық қатынастардың еркіндігі; экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. 

 

 

Мемлекеттік билік саяси  биліктің жоғарғы түрі ретінде.

Биліктің бірнеше түрлері бар. Біздің тоқталатынымыз: саяси билік пен мемлекеттік билік. Саяси билік  – белгілі бір таптар мен топтардың мемлекеттің органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемдігі. Саяси билік әлеуметтік топтар арасындағы саяси қатынастар болып табылады.Саяси билік пен мемлекеттік билікті салыстыратын болсақ, біріншісі мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттің көлемінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі. Кез келген мемлекеттік билік - ол саяси билік, ал кез келген саяси билік - мемлекеттік билік бола бермейді. Мемлекеттік билік - саяси биліктің бір формасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:Ол белгілі бір территорияда ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік;

Мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппаратына сүйенеді;

Мемлекеттік билік монополиялық сипат  алады.

 

Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи)

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл  маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870—950 жылдары өмір кештіҰлы ойшыл "Рақымды қала тұрғындарының көзкарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетгі адамдардың өз кажетін бірлесіп коғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады.Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін — ақыл-парасат, адамның акыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті тугелімен берекеге толады" деген сөздері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой Бабамыздың "Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап" деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалады.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы